Учет и аудит заработной платы в БТА

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2012 в 20:42, дипломная работа

Описание работы

Целью написания данной дипломной работы является исследование учета и анализа заработной платы в банковском секторе, а так же исследовать опыт и теорию организации аудита.
Для достижения поставленной цели необходимо решить следующий круг задач:
- рассмотреть теоритическую основу при исследований оплаты труда;
- исследовать учет расчета по оплате труда;
- рассмотреть удержание с фонда заработной

Содержание работы

Кіріспе
1 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 7
Еңбекақының мәні мен маңызы және нормативтік-құқықтық реттеу 7
Еңбекақының нысандары мен жүйелері 13
БТА АҚ есеп саясаты, құрылымы мен экономикалық сипаттамасы 21
БТА АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ЕСЕБІ 28
БТА АҚ еңбекақы есебін ұйымдастыру ерекшеліктері 28
БТА АҚ еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі 36
Еңбекақыдан шегерімдер мен ұсталымдар 42
БАНКТІК СЕКТОРДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ АУДИТІ МЕН ТАЛДАУ ӘДІСІ 48
Еңбекақы қорының аудиті мен талдауының ақпарат көздері 48
3.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті 56
3.3 Еңбекақыны талдау және маңызы 62
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79
ҚОСЫМШАЛАР 81

Файлы: 1 файл

изменение 8.docx

— 231.01 Кб (Скачать файл)

Нормативтік-кұқықтық реттеу дегеніміз - бүл аудиторлық тексеру  жүргізу объектісінің жұмыс істеуін  заңда, нормативтік кұжаттарда, ережелерде (ішкі тэртіп, міндетгерді бөлу жөне т.б.) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу [18].

250 "Каржылық қорытынды  есепке аудит өткізу кезінде  зандар мен нормативтік актілерді карастыру" деп аталатын Халықаралық аудит стандартында былай делінген: "Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті. Субъект қызметінің белгілі бір заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қызметін тоқтатуға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғастыру қабілетінің күмэнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы, ондай ықпал етуі субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рүқсат қағаздарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде мүмкін болады". Бұл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден әдейі бас тарту, жалған қүжаттарды салып қою, сөз байласулардың салдарынан елеулі бұрмалаушылықтар орын алуы мүмкін.

"Аудиторлық қызмет  туралы" заң Қазақстан Республикасында  ауди-торлық қызметті жүзеге асыру  процессінде мемлекеттік органдардың,  занды және жеке тұлғалардың,  аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың  арасында туындайтын қатынастарды  реттейді.

Банктік ұйымдағы еңбекақыны ұйымдастыру механизмі қызметкердің қызмет ету қабілетінің еңбекақыға айналу процесін бейнелейді. Бұл оның осы заманғы нарықтық шындыққа қаншалықты дәрежеде жанасатыны өзінің негізгі функцияларында  еңбекақының соншалықты орындалуына байланысты. Еңбекті ұйымдастыру және оның төлемі жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы қарым-қатынасқа ықпалын тигізеді.

«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 70-бабы бойынша жұмыс беруші заңға, жеке еңбек келісімшартына, ұжымдық келісімшартқа сәйкес қызметкердің еңбекақысын төлеуге міндетті екендігін және өндіріс пен құрылыста, халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы ессептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны қолданылатынын жоғарыда қарастырған бөлімдерде айтып өткен едік. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі міндеті - еңбекақы төлеуде нормативтік - құқықтық актілердің сақталуын бақылау, еңбекақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады.

«БТА Банк» АҚ бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 5721 «Еңбекақы төлеу бойынша шығыстар» шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекақы төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар (мысалы, жұмыс істеген уақыт есебі табелі мен нарядтар) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемді есептеу, нормативті құжаттар, бұл операцияны реттейтін Қазақстан Республикасы «Еңбек туралы» заңы, Қызметкерлердің еңбегі мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және тағы басқа басшылыққа алынады.

Тексеруді бастамас бұрын, аудитор  шаруашылық операцияларының қолданыстағы қандай да бір нормативтік - құқықтық актілерге, бухгалтерлік есеп стандарттарына, есеп саясатының ережелеріне және тағы басқа сәйкес орындалатындығы мен бухгалтерлік есепте көрсетілгендігін есте сақтау керек. Ол құжаттар мына төменде берілген 8 кестеде көрсетілген.

 

Кесте 8 - Банктегі қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысулардың аудитін реттеуші негізгі нормативтік – құқықтық құжаттар

Құжаттардың аты

1.

ҚР Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлігі) 47-тарау  «Зиян келтірудің салаларынан туындайтын міндеттемелер» №409-1, 1999ж

2.

«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы » ҚР заңы. 15.05.2007ж. №251-II

3.

«Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексі 1.01.2009ж.

4.

ҚР Қылмыстық кодексі (Ерекше бөлігі), 3- тарау «Адамдардың және азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандығына қарсы қылмыстар» №167-1, 16.07.1997ж.

5.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» (ерекше бөлік): Қазақстан Республикасының Кодексі 30.01.2001 ж., № 155-Я, 2- бөлім , 10- тарау «Жеке тұлғаның құқығына озбырлық жасалынатын әкімшілік құқық бұзушылықтар».

6.

 Қазақстан Республикасында   «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы 20.06.1997 ж.


Ескертпе. Кесте 17 әдебиет көзі негізінде жасалған.

Бақылау процедураларын зерттемес  бұрын аудиторға  өзі тексеруді жүзеге асыруға негіз болатын ақпараттарды білу қажет. Негізгі ақпарат ретінде төмендегі 9 кестеде келтірілген құжаттар пайдалынады. 

 

Кесте 9 - Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысулар аудитінің негізгі ақпарат көздері

Нысандардың №

Құжаттың аты

1

 

Есеп саясаты және Кадр саясаты

2

 

Қаржылық есеп беру нысандары


                                                                                                                       9 - кестенің жалғасы

Нысандардың №

Құжаттың аты

3

 

Бас кітап, бухгалтерлік есеп регистрлері

4

 

Ұжымдық келісім шарт

5

 

Жұмысшыларға сыйақы беру және оларды марапаттау туралы ереже

6

 

Штаттық кесте

7

 

Азаматтық- құқықтық сипаттағы  келісім- шарт, контракт

8

 

Кадрды есепке алу жеке парағы, беттік карточка

9

 

Жұмыс уақыты есебінің табелі

10

Т-1

Есеп айырысу ведомосі

11

Т-2

Төлем ведомосі

12

 

Наряд, рапорт, маршруттық қағаз, жол қағазы

13

 

Өнімділік нормасы (мөлшері), өндіру  (жасау) ведомосі, кесімді  еңбек ақы бағамы

14

 

Орындалған жұмыстардың  актісі

15

 

Еңбекке жарамсыздық қағазы

16

 

Орындау қағазы


Ескертпе. Кесте 17 әдебиет көзі негізінде жасалған.

Жалпы «Аудиттің масштабы және оны жоспарлау» өнеркәсіптік өндіріс  кәсіпорындарында  қызметкерлермен  еңбекақы бойынша есеп айырысулар аудитін  жүзеге асыруға негіз болатын  болжамды аудит бағдарламасы келтірілген  болатын. Онда тексеру жүргізу мақсаты  қойылған, ішкі бақылау тестілерін өткізу мен объектіге қатысты  тексерулердің сипаты берілген. Аудиттің айқындалған мақсатын ашу үшін қаржылық қорытынды есеп баптарының дұрыстығы  категориялары бойынша басшылықтың  пікірлерін қарастырамыз: бар болуы, толықтығы, дәлдігі, тапсыру және ашып көрсету.

Ішкі бақылау жүйесіне тексеру жүргізу кезінде аудитордың негізгі мақсаты- елеулі қателердің жоқтығына көз жеткізу үшін оның мықты жағын айқындау. Егер бақылау  бірдей болмаса, елеулі қателерді болдырмауға  қандай жыл сайынғы процедуралардың  қажет екендігін анықтап алу  үшін оның осал жақтарын бағалау талап  етіледі. Операциялардың реттелгенін  зерттеу және бағалау үшін аудиторлар жалпы процедуралармен, міндеттердің бөлінуімен және ішкі бақылау жүйесімен  таныс болуы керек. Еңбекақы төлеу  шығындарын құжаттау үшін блок схемаларды сұрақтар тізімін пайдалануға болады.

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша  есеп айырысуды тексеру кадрлар  бөлімінде әңгімелесуден басталады. Еңбекақы төлеуге бақылау жасау жүйесінің тиімділігін бағалаудың ерекше маңызы жоқ. Себебі көптеген кәсіпорындарда еңбекақы төлеу бойынша қаржылардың қозғалысына қатысты операциялар жеткілікті түрде жүргізілген және де бақылауға алынған. Еңбекақы есебіне бақылау жасау жүйесі міндеттердің бөлінуіне негізделуге тиісті.

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша  есеп айырысулардағы негізгі кемшілік - міндеттердің бірдей бөлінбеуі. Егер цех бастығының міндеттері шектен тыс  көп болса (мысалы, жұмысшыларды қабылдау және жұмыстан босату, ставкаларды  бекіту және жұмыс уақытының есебінің табеліне қол қою), тізімде жоқ жұмысшылардың, жалған жұмыс уақытының немесе төлемнің көтеріңкі ставкасының есепке алынуы мүмкіндігі ықтимал.

«БТА Банк» АҚ бұл операциялар бойынша құжаттарды аудиторлар ішінара тексереді. Мұндай кезде аудитордың жетекшісі бақылау тиімділігі жеткілікті деңгейде жоғары деген шешім қабылдай алады.  Кейінгі аудиторлық процедуралар барысында бұл бақылаудың қаралаған құжаттарда бейнеленгендей жұмыс істейтіндігі туралы мәліметтер жинау керек. Керісінше бақылаудың әлсіздігі ( оның жоқ болуы немесе бірдей еместігі) болуы мүмкін елеулі қателердің қаржылық есеп беру ақпараттарына әсер етеді деген көз қараспен бағалау қажеттілігін туындатады. Мұндай жағдайлардағы жыл сайынғы аудиторлық процедуралар елеулі қателіктерді болдырмауға бағытталуы керек.

Жұмысшылардың өндіріс тиімділігін  және жұмыс сапасын көтеруге деген  материалдық қызығушылығын күшейту  үшін сый ақы төлеу, бір жылдағы  жұмыстың қорытындысы бойынша марапаттау жүйелері және басқа да материалдық  қолдау көрсету нысандары енгізілуі  мүмкін. Осы позицияға тексеру  жүргізу кезінде оларды төмендегідей бөлуге болады:

  • еңбекақы төлеу жүйесінде қарастырылған марапаттау ретіндегі ағымдағы сый ақылар;
  • ерекше көзге түскен жұмысшыларды еңбекақы жүйесінен тыс марапаттау ретіндегі бір жолғы сый ақылар;

Сыйақылар төлеу көрсеткіштері мен шарттары, сый ақының мөлшері (әрбір кәсіптің, лауазымды қызметтің түрі бойынша), жеке еңбек келісім шартында, ұжымдық келісім шартта және жұмыс берушінің актілерінде қарастырылады. Мұндай кезде кәсіпорындар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйрығымен (12.05.2000ж., №111-П) бекітілген жұмысшыларға еңбекақы төлеу мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алуға тиісті.

Орташа еңбекақыны есептеу  әдісін пайдалануды тексеретін болсақ, «Қазақстан Республикасындағы еңбек  туралы» Заңының 78-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін, еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктілік пен босану жөніндегі жәрдемақыларды және басқа да төлемдерді есептеу үшін ұйымдар қызметкерлердің орташа еңбекақысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген. Қазақстан Республикасы президентінің қаулысымен (29.12.2000ж., №1942) бекітілген «Жұмысшылардың орташа еңбек ақысын есептеу тәртібі туралы»  Ереже нұсқауға сәйкес орташа еңбек ақыны есептеу барлық жағдайда жүзеге асырылатындығына көз жеткізуміз тиіс. Бұл нұсқаулықпен, орташа еңбекақыны есептеудің заңнамамен арнаулы тәртібі белгіленген жағдайларды (зейнетақыны, азаматтардың еңбектік міндетін орындауы кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды өтеу сомасын есептеу) қоспағанда оның сақталуына кепілдік берілетін барлық жағдайларда ұйымдардың қызметкерлерінің орташа еңбекақысын есептеу тәртібі регламенттелген. Аталған нұсқаулыққа ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 657 қаулысымен (бұдан әрі қаулы) толықтыру енгізілді, ол арттыру коэффициентін ескере отырып орташа еңбекақыны есептеу тәртібін мынадай тәртіпте нақтылайды:

1) Егер арттыру есепті кезеңде болса, арттырудың алдындағы кезең үшін есептелген орташа еңбекақы есепті кезеңнің әрбір айының коэффициентіне өсіріледі;

2) Егер арттыру оқиға басталғанға дейін есепті кезеңнен кейін орын алса, коэффициентке есепті кезең үшін есептеп шығарылған орташа еңбекақы арттырылады;

3) Егер арттыру уақиға кезеңінде орын алатын болса, орташа еңбекақының бір бөлігі лауазымдық қызмет ақының өскен күннен бастап аталған кезең аяқталғанға дейін коэффициентке ұлғайтылады.

Бұл ретте арттыру коэффициенті уақиға басталған айда белгіленген  лауазымдық қызметақыны арттыруға  дейін белгіленген лауазымдық қызметақыға  бөлу арқылы есептеп шығарылады.

Еңбекақы төлеу жүйесінде  қарастырылған ынталандыру сипатындағы сыйақылар және басқа да төлемдер орташа еңбекақыны есептеу кезінде қосылады.

Қосымша және үстеме төлемдерді есептеудің дұрыстығының аудиті. Жұмыс  орындарының тапсырма - нарядтарға, маршруттық қағаздарға және басқа құжаттарға сәйкес шикізаттармен, материалдармен, жабдықтармен, құрал-саймандармен және т.б. толық қамтамассыз етілуі жұмыстың нормалы (әдеттегі) болып есептеледі. Егер бұл жағдайлар орындалмаған болса, жұмысшыға қосымша уақыт жұмсауына тура келеді, яғни осы уақытты және оған төленетін ақыны есептеу керек.

Еңбек ақыдан ұсталымдардың  дұрыстығының аудиттеуде аудитор жұмысшыларға есептелген еңбекақыдан ұсталымдардың  толықтығы мен олардың өз уақытында  жүзеге асырылуына зерттеу жүргізеді, яғни төмендегілер тексеріледі:

  • жеке табыс салығы;
  • зейнетақы қорына аударымдар;
  • бұрын берілген аванстар бойынша борыштардың сондай-ақ арифметикалық қате жіберу арқылы артық берілген сомалардың қайтарылуы;
  • есебі берілуге тиісті сомалар бойынша борыштардың жойылуы;
  • жұмысшының кінәсінен ұйымның шеккен материалдық зиянның орнын толтыру;
  • орындау құжаттары бойынша.

Еңбекақыдан басқадай ұсталымдар тек жұмысшының келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Жеке табыс салығы 12 желтоқсан 2008 жылы қабылданған ҚР Салық Кодексімен және ҚР Қаржы Министрлігінің салық комитеті төрағасының «Жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережелерін бекіту туралы» бұйрығымен белгіленген тәртіп және мөлшер бойынша ұсталынады.

Зейнетақы қорына ұсталымдар ҚР Үкіметінің «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және жинақтаушы зейнет ақы қорларына аудару ережелері» жөніндегі Қаулысына (15.03.1999ж., №245) сәйкес 10% мөлшерінде жүзеге асырылады [19].

Орындау қағаздары бойынша  ұсталымдар тек ол қағаздар болғанда ғанан жұмысшының жеке өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Информация о работе Учет и аудит заработной платы в БТА