Учет и аудит заработной платы в БТА

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2012 в 20:42, дипломная работа

Описание работы

Целью написания данной дипломной работы является исследование учета и анализа заработной платы в банковском секторе, а так же исследовать опыт и теорию организации аудита.
Для достижения поставленной цели необходимо решить следующий круг задач:
- рассмотреть теоритическую основу при исследований оплаты труда;
- исследовать учет расчета по оплате труда;
- рассмотреть удержание с фонда заработной

Содержание работы

Кіріспе
1 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 7
Еңбекақының мәні мен маңызы және нормативтік-құқықтық реттеу 7
Еңбекақының нысандары мен жүйелері 13
БТА АҚ есеп саясаты, құрылымы мен экономикалық сипаттамасы 21
БТА АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ЕСЕБІ 28
БТА АҚ еңбекақы есебін ұйымдастыру ерекшеліктері 28
БТА АҚ еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі 36
Еңбекақыдан шегерімдер мен ұсталымдар 42
БАНКТІК СЕКТОРДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ АУДИТІ МЕН ТАЛДАУ ӘДІСІ 48
Еңбекақы қорының аудиті мен талдауының ақпарат көздері 48
3.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті 56
3.3 Еңбекақыны талдау және маңызы 62
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79
ҚОСЫМШАЛАР 81

Файлы: 1 файл

изменение 8.docx

— 231.01 Кб (Скачать файл)

3) Мансаптық өсу перспективалары.

Іске асыру нысандары:

- кадрлардың резервін қалыптастыру жүйесі;

- қызметкерлердің əлеуметтік қорғалуы;

- қауіпсіз жəне жайлы еңбек жағдайларын жасау;

- нормаға келтірілген жұмыс күнін ұйымдастыру;

- ұжымда жұмыс істеудің қолайлы жағдайлары. Бейімделу жүйесі;

- кері байланыс жүйесі;

- корпоративтік мəдениет құндылықтарын тарату.

- мақтау хаттармен, грамоталармен, мемлекеттік наградалармен марапаттау.

Материалдық ынталандырулар арттыру жағына тұрақты түзетуге ұшырайды, мұны практикада ескеру қажет. Нəтижесінде расталмаған, бір күні аяқ асты асыра сілтенген сыйақы асыра сілтеу сыйақысын күтуді қалыптастыруға жəне ынталандырудың жаңа ең төменгі шегінің туындауына байланысты қызметкерді дəлелдеуге теріс əсер етеді.

1) Саралық. Саралық персоналдың түрлі топтарын жəне жекелей алғанда қызметкерлерді ынталандыруға жеке көзқарасты білдіреді.

2) Икемділік пен жеделдік. Икемділік пен жеделдік ұжымда жəне жекелей алғанда əрбір қызметкерде болатын өзгерістерге байланысты ынталандыруларды тұрақты қайта қарауда көрінеді.

3) Кешендік. Моральдық жəне материалдық, ұжымдық жəне жеке ынталардың бірлігін білдіреді [11].

 Қызметкерді жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын бұйрықпен (өкіммен) ресімделеді. Жұмыс беруші бұйрығының (өкімінің) мазмұны жасалған еңбек шартының мазмұнымен сәйкес келуі тиіс.

Жұмыс берушінің жұмысқа  қабылдау туралы бұйрығы (өкімі) еңбек  шартына қол қойылған күннен бастап үш күн ішінде қызметкердің қолын  қойдыра отырып, таныстырылады. Қызметкердің талабы бойынша жұмыс беруші оған бұйрықтың (өкімнің) расталған көшірмесін беруге міндетті.

«БТА Банк» АҚ жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртібімен, қызметкердің атқаратын міндеттеріне қатысты ішкі нормативтік құжаттармен және ұжымдық шартпен таныстыруы керек.

Жеке құрам бойынша  бұйрықтар басқару құжаты ғана емес, сонымен бірге бастапқы есептік  құжат та болып саналады. Өйткені  ол азаматты жұмысқа қабылдау, ауыстыру немесе босату фактісін белгілейді және оған еңбекақы есептеуге негіз болып  табылады.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық ұйымға қызметке алынған әрбір адамға шығарылады. Жұмысқа бірнеше қызметкерді  бір мезгілде алған кезде, әсіресе  уақытша және маусымдық жұмыстарға қабылдағанда, барлығына арнап бір  бұйрық шығаруға да болады.

Бұйрықты ресімдеу кезінде  ұйымның құрылымдық бөлімшесі, мамандық немесе лауазым атауы, егер қызметкерді  жұмысқа қабылдау кезінде тексеруден өткізу белгіленсе, сынақ мерзімі, сондай-ақ жұмысқа қабылдау шарты мен алдағы жұмыстың сипаты (екі қызметті қоса атқару, басқа ұйымнан ауысу тәртібі, уақытша болмаған қызметкердің орнына алу, белгілі бір жұмысты орындау  және т.б.) көрсетіледі. Бұл деректер еңбек шартынан алынады. Бұйрықта міндетті түрде қызметкердің жұмысқа кіріскен күні көрсетілуі тиіс.

Басшысы және қызметкер қабылданып жатқан құрылымдық бөлімшенің басшысы бұрыштама қояды. Материалдық жауапкершілікпен байланысты лауазымға еңбек шартын жасаған кезде, оған міндетті түрде бухгалтер, сондай-ақ заң бөлімінің бастығы бұрыштама қояды.

Басшы қол қойған бұйрық тіркеліп, үш күннің ішінде қызметкерге  таныстырылады. Әдетте бұйрық бір данада дайындалып, кадр қызметінде сақталады. Егер ұйымның бухгалтериясы бұйрықтың  түпнұсқасын есепке алатын болып  белгіленсе, онда жеке құрам бойынша  бұйрықтар екі дайындалып, қол  қойылады. Басқа бөлімшелер үшін көшірмелері  дайындалады. Бұйрықтың негізінде жеке карточка толтырылады. Бухгалтерияда қызметкердің жеке шоты ашылады және еңбек кітапшасына жазба жасалады.

Еңбекақы есептеуде ХҚЕС 19 «Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» бойынша 4 санаттағы сыйақы есептеледі.

Қызметкерлерге берілетін  сыйақыға:

1) Жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін еңбекақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар, жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауруына байланысты ақылы демалыс, пайда және сыйлықақыларға қатысу (егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленетін болса), сонымен қоса осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін ақшалай емес нысандағы сыйақылар сияқты (медициналық қызмет, үймен және көлікпен қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер сияқты) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;

2) Зейнетақы, зейнетке шыққаннан кейін берілетін басқа сыйақылар, еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;

3) Жұмыс өтілі ұзақ қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе ақы төленетін шығармашылық демалыс, мерейтойларға арналған, еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімді жәрдемақылар, сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысуға, егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылса, қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар;

4) Шығу жәрдемақылары.

Ағымдағы айдың еңбек  төлемі бойынша есеп айырысу үшін және жұмыс істеп жүрген адамның  өткен кезеңдердегі еңбекақысы  туралы  мәліметтер алу үшін бухгалтерия әр бір қызметкерге «дербес шот» немесе «бет есеп» толтырады. Дербес шот  немесе бет есебі өткен кезеңдердегі еңбек төлемі туралы мәліметтер, өндірімдер мен орындалған жұмыстардың және тқлемнің әр алуан түрлеріне арналған құжаттардың негізінде қалыптасады [12].

 

 

    1. БТА АҚ еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі

 

 

«БТА Банк» АҚ қызметкерлермен (персоналдармен) еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу жөніндегі деректердің жиынтығы әр бір ұйымда ай сайын бірнеше есеп айырысу төлем тізімдемелері жасалады, оларды жинақтап байланыстыру қажет. Бұл үшін «Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу жөніндегі деректерінің жиынтығы» деп аталатын әзірлік кестесін пайдаланады. Онда қызметкерлермен есеп айырысу бойынша ай бойындағы қалдықтары; есептелген, берілген, қайта есептелінген, есепке алынған және ұсталынған сомалары, сондай-ақ айдың аяғындағы берешегі, қалдықтары көрсетіледі.

«БТА Банк» АҚ шығынының көп бөлігі басқару аппаратын ұстау шығындары құрайды. Еңбекақы есептеу төмендегі шоттар мен бухгалтерлік есепте көрсетіледі:

5721 - «Басқарма әкімшілік шығындары»

5722 - «Қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу шығындары»

5723 - «Жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу шығындары»

Ұлттық Банк осы шоттар бойынша және екінші деңгейлі бас  банктер шығындар мөлшерін әрбір  филиалға бекітеді. Еңбекақы айына бір немесе екі рет беріледі. Айдың алғашқы жартысында еңбекақы төлегенде:

Дт 5721-5723 еңбекақы бойынша шығындар

Кт 1001 кассадағы ақша

Айдың екінші жартысында еңбекақы есептеген кезде бір-ақ төленбеген несиеге алынған тауар үшін еңбекақыдан ұстаулар, аударуға дейінгі жеке сақтандыру және берулер 2854-ші шотта есептеледі.

Бұл кезде келесі өткізбе  құрылады:

Дт 5721-5723 еңбекақы бойынша  шығындар

Кт 2854 банк қызметкерлерімен есеп айырысу

Табыс салығы еңбекақыдан ұсталынғанда:

Дт 5721-5723 еңбекақы бойынша шығындар

Кт 2851 салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу

Басқа да еңбекақыдан ұстаулар:

Дт 5721-5723 еңбекақы бойынша шығындар

Кт 2854 банк қызметкерлерімен есеп айырысу

Табыс салығын аударған кезде:

Дт 2851 салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу

Кт 1051 ҚР Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот

Еңбекақыдан басқа да ұстаулар аударған кезде:

Дт 2854 банк қызметкерлерімен есеп айырысу

Кт 1051 ҚР Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот

Айдың екінші жартысына еңбекақы төленген кезде:

Дт 2854 банк қызметкерлерімен есеп айырысу

Кт 1001 кассадағы ақша

5721 - 5723 шоттары бойынша Бас кітапқа жазылатын қалдықтарын алу; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру және т.б. қаражаттар есебінен берілетін төлемдердің соммаларын жинақтау; еңбек төлемінен алынатын ұсталымдар бойынша қорытынды деректерді алу; депоненттелген жалықыны дер кезінде, әрі толық бақылау; төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есеп беруді жасау; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру органдарына және зейнетақы қорына тоқсан сайын беріліп отыратын әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыруға бөлінетін қаражат бойынша есеп беру; әлеуметтік салығы бойынша декларациясын алу үшін жинақ есебі пайдаланылады [13].

Орташа айлық еңбекақыны айқындаудың барлық жағдайлары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндері есеп айырысу кезеңінен алынып тасталады. Орташа еңбекақыны есептеу кезінде есеп айырысу кезеңінен жұмыс істелмеген уақыт және осы кезеңде Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерге орташа еңбекақысы төленген немесе сақталған кездегі жұмыс істелмеген уақыт үшін есептелген сомалар алынып тасталады.

«БТА Банк» АҚ ұжымдық шартында орташа еңбекақыны есептеу үшін қызметкерлердің жағдайын нашарлатпайтын өзге кезеңдер көзделуі мүмкін.

Бес күндік, сондай - ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық еңбекақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) еңбекақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі. Орташа еңбекақыны есептеуде қосымшаға сәйкес тұрақты сипаттағы емес төлемдер ескерілмейді.

Қызметкердің орташа еңбекақысы орташа күндік (сағаттық) еңбекақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.

Орташа күндік (сағаттық) еңбекақы барлық жағдайларда есепті кезеңде есептелген еңбекақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына бөлу жолымен анықталады.

Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, онда орташа күндік (сағаттық) еңбекақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген еңбекақының сомасын осы жұмыс істеген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына тиісінше бөлу жолымен анықталады. Егер есеп айырысу кезеңінде қызметкерге еңбекақы есептелмеген болса, онда орташа күндік (сағаттық) еңбекақыны есептеу есеп айырысу кезеңінің алдындағы он екі айдағы жұмысы, не есеп айырысу кезеңінің алдындағы осы жұмыс берушіде нақты жұмыс істеген уақыт кезеңі үшін есептелген еңбекақы сомасын жұмыс істелген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына тиісінше бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Қызметкер жұмысқа орналасқан кезде оқиға орын алған жағдайда есептелген еңбекақы сомасы болмағанда, не оқиға алдындағы 24 ай бойы қызметкердің еңбекақысы болмаған жағдайда, орташа күндік (сағаттық) еңбекақы қызметкердің күндік (сағаттық) тарифтік ставкасын (лауазымдық еңбекақысын) негізге ала отырып есептеледі.

Лауазымдық еңбекақы арттырылған жағдайда орташа еңбекақыны есептеу арттыру коэффициентін ескере отырып, мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) Егер арттыру есеп айырысу кезеңінде жүргізілсе, арттырудың алдындағы әрбір ай үшін орташа еңбекақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі;

2) Егер арттыру есеп айырысу кезеңінен кейін оқиға болғанға дейін жүргізілсе, есеп айырысу кезеңі үшін орташа еңбекақы арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі;

3) Егер арттыру оқиға кезеңінде жүргізілсе, орташа еңбекақының бір бөлігі лауазымдық еңбекақы (ставка) арттырылған күнінен бастап көрсетілген кезең аяқталғанға дейін арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі.

Арттыру коэффициенті оқиға  басталған айда белгіленген лауазымдық еңбекақыны (ставканы) арттыруға дейін белгіленген лауазымдық еңбекақыға (ставкаға) бөлу жолымен есептеледі. Қызметкерді бір лауазымнан екіншісіне ауыстырған кезде арттыру коэффициенті қолданылмайды.

Өткен жылдың жұмыс қорытындысы  бойынша төленетін жылдық сыйлықақыларды, сыйақыларды қоспағанда, тұрақты  сипаттағы және жұмыс берушінің  еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген  сыйлықақылар мен еңбек нәтижелері үшін төленетін басқа да ынталандыру  төлемдері орташа еңбекақыны есептеу кезінде есептелген уақыты бойынша қосылады.

Жұмыс берушінің еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру жүйесінде  көзделген жұмыс қорытындысы  бойынша төленетін тоқсандық, жарты  жылдық сыйлықақылар тиісінше есеп айырысу  кезеңінің әрбір айына тиісінше 1/3, 1/6 мөлшерінде есептеледі; айлық  сыйлықақылар есеп айырысу кезеңінің  әрбір айы үшін біреуден аспауға  тиіс.

Информация о работе Учет и аудит заработной платы в БТА