Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................6

1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының теориялық негіздері.....................................................................10
1.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының психологияда зерттелуі...............................................................10
Мектеп жасына дейінгі дарынды балалардың интеллектуалды және шығармашылық компоненттерiнiң байланысы ...........................................19
Мектеп жасына дейінгі балаларда дарындылықтың әр түрін
анықтаудағы әдістемелік тәсілдер.......................................................................34

2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу...............................................................................................47
2.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелері..........................47
2.2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу әдістемелерінің қорытындылары......................................55

Қорытынды............................................................................................................61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................65

Файлы: 1 файл

Мектеп жасына дейнг дарынды балаларды окыту және тарбиелеу багыттары.doc

— 490.50 Кб (Скачать файл)

1) биологиялық – бас миының негізгі құрылымы және функциялары;

2) психометрикалық – танымдық мүмкіндіктер (IQ);

3) әлеуметтік – ақпараттарды сыни өңдеу, стандарттарды құрау.

Дарындылық  мәселесіндегі өзекті сұрақ: индивидтің  интеллектісі түрлі дәрежеде көрініс  бергенде бірдей бола ма?  Ақылды адам – барлық жағдайда да ақылды ма? Ақыл-ой қабілеттілігі жоғары оқушы  кез-келген оқуда алға шыға ма? Немесе осы оқушының кейбір жағдайда қабілеті жеткіліксіз бола ма?  Бұл  «жалпы» және  «арнайы» қарама-қарсылыққа негізделген ертеден келе жатқан дау.

Сонымен дұрыс жауап – келіспейтін пікірлер (немесе-немесе)  арасындағы таңдау емес, ол әрбір көзқарастың салыстырмалығын түсіну. С.Л.Рубинштейннің және Б.М.Тепловтың көрсеткеніндей,  интеллектінің жалпы және арнайы сәттері іс-әрекетпен бірлесіп дамиды.

Мектеп жасына дейінгі бала интеллектісіндегі жалпы қасиеттер елеулі көрінеді.  Мысалы, мектеп жасына дейінгі блаларына грамматика, математика  және т.б. бір-бірінен алшақ пәндерді  оқытқан кезде бір мектеп жасына дейінгі баланың барлық сабақтар бойынша ортақ белгі көрсеткен, яғни ойлау жұмысының ырғақтығы  және шапшаңдылығы. Сонымен бірге осы жаста миға бағытталған арнайы ақыл-ой мүмкіндіктерінің айрықша белгілері көрінеді.

Есейе келе ақыл-ой қасиеттерінің бағыты көп жағдайда нығайады.  Баланың жетістіктері  қандай да бір оқу түрінде (математикада немесе тарихта) көрінуі мүмкін және мұндағы алғы шарт интеллектінің жеткілікті жағдайдағы жоғары дәрежесі. Дарындылықтың белгісі бар балалар педагогикалық ақыл-кеңестермен танысады, сонымен бірге интеллектідегі «жалпы» және «арнайы» белгілерді ажыратып, олардың арасындағы байланыстарды есепке алып айыра білу керек.

Интеллектілері бойынша ажыратылатын адамдардың дара ерекшеліктері өтпелі кезеңде дайындалып және қалыптасатынын ескерте кету керек.

Бір  шеңбердегі білімді меңгерген әр үрлі адамдардың ойлауында, ақыл-ойының дамуында түрліше қозғалыстарды тудырады.

Бұл талданған  қорытынды – қабілетпен, яғни бір  талаптан басқасына, бір мәліметті  екіншісіне тасымалдаумен байланысты. Интеллекті дәрежесінің көрсеткіші ретінде тасымалдау кеңдігі алынуы мүмкін.

Интеллектінің өте жоғары дәрежеде дамуының біртұтас  көрінісі ретінде Б.М.Тепловтың интеллектуалды ерекшеліктер мен ерік-жігер қасиетінің  бірлігі көрсетілген ұлы қолбасшылар  туралы зерттеуін атауға болады.  Б.М.Теплов ойлаудың нақтылығы, жылдам шешім қабылдай алу, болжамдау, байқай алу қабілеттері сияқты ақыл-ой белгілеріне толық тоқталып өткен. Мұнда ақыл-ой қабілетінің өзіндік диалектикасы сақтанған, немесе нақты айтатын болсақ қарама-қарсы ойлау қасиеттерін біріктіру керек: шапшаңдық және шыдамсыздық, икемделушілік  және тұрақтылық.    Б.М.Тепловтың еңбегі ақыл-ой дарындылығының жарқын үлгісімен таныстырады.

Интеллектінің дара ерекшеліктері оның біліктігі  және дәрежесі бойынша ажыратылмайды. Интеллектінің өзіне тән айырмашылығын білу  үлкен мағынаға ие болады.

Мұны ақыл-ойдың  динамикалық жағынан көріну, мысалынан  білуге болады. Психиканың мазмұндық  жағына байланысты айырмашылығынан  басқа, психикалық процестердің шапшаңдылығына және ырғақтылығына, жылдамдығына және тұрақтылығына реакциялық күш ретінде қолданылатын сипаттамалар да белгілі. Мұндай көрсеткіштердің негізіне жүйке жүйесінің табиғи типтік құрылымы жатады. Жүйке жүйесі құрылымының әрбір полюсының (күштілік-әлсіздік; ептілік-селқостық; белсенділік-белсенділіксіз) жетістігі мен шектеуі бар. Мұндай дара өзгешеліктер – жүйке әрекетінің жетілгендігімен ерекшеленбейді, ол өзіне тән өзгешеліктермен ерекшеленеді.  Мұнда  интеллектінің динамикалық ерекшеліктерін сипаттайтын дара жұмыс стилі көрініс тапқан.

Интеллектінің өзіне тән дара ерекшеліктерінің екінші жағы  «көркемдік» немесе «ойлану» типіне жатады. Кейбір адамдарда ойлау процесінде басты рольды бейнелі көрнекілік  елестету, ал басқаларында – жалпы идеялар, түсініктер атқаратыны анық. И.П.Павловтың теориясы бойынша мұндай айырмашылықтар   «бірінші сигнал жүйесі» (сезім мүшелеріне әсер ететін бейнелер) мен «екінші сигнал жүйесі» (сөздер, түсініктер) арасындағы байланысқа негізделген. Бас миының оң жақ және сол жақ екі жарты шары тек қана дублерлар ғана емес, сонымен бірге олар бір-бірін толықтырып, түрлі функцияларды атқарады. Сол жақ жарты шар – талдау, бөлу, сөздік-логикалық ойлау функцияларына жауап береді; оң жақ – тұтас, нақты қабылдауына және әрекетке, сезімнің өтуіне жауап береді. Ми бүтін, тұтас жұмыс істейді, бірақ жарты шардың бірі басты орында болуы мүмкін. Бас миының жарты шардың біреуінің басым болуы көбінесе психикадағы бейнелі эмоционалдық және түсініктіліктің қатынасымен байланысты. Сондықтан мынадай дара – психологиялық даму дарындылықтың өзіне тән бейнесін сипаттайды.

Жетілу кезеңінде  өсіп келе жатқан адамның танымдық стилі, проблемасын шешуде өзіндік  жоспары басқалардікіндей емес екендігі жиі кездеседі. Дәрежесі ғана емес, сонымен бірге интеллектінің  өзіне тән ерекшелігі – бұл  шығармашылық мүмкіндіктің алғы шарты екендігін айтуымыз керек.

Ақыл-ой дарындылығы интеллектімен үйлесімсіз екендігін атап өтуіміз керек. Интеллект – маңызды құраушы, бірақ бұл барлық ақыл-ой дарындылығы емес.

Дегенмен, iс-әрекеттiң әр алуан саласында ұлы жетiстiктерге жету үшiн интеллектi емес, психиканың одан да күрделi ерекшелiктерi: жаңа, ұшқыр ойлар мен идеяларды туындату және қисыны көп, стандартты емес есептердiң шешiмiн таба бiлу қабiлетi болуы керек. Мұны психологияда креактивтiлiк деп атайды.  

ХХ ғасырдың 50-60-жылдары «креативтiлiк» ұғымы «интеллект» ұғымының дарындылықты сипаттаудағы монополистiк құқығынан толығымен айыра бастады. Сонымен жоғарыда қарастырып отырған мәселе бойынша ойымызды қорытындыласақ, дарындылық –тұлғаның жалпы, интегралды қасиетi екендiгi анық көрiнiп тұр. Тек қана бiр салада ерекше қабiлеттi болып, ал өмiрдiң басқа жақтарынан дәрменсiз болу табиғатта сирек кездесетiн құбылыс. Атақты суретшiлердiң көпшiлiгi өлең жазған және керiсiнше, ақындардың бiразы сурет, қолөнермен қосымша шұғылданып, жақсы туындыларымен халқын тамсандырған.

Күнделiктi тұрмыста қабiлеттi деген ұғымды бiз талантты, дарынды деген сөздермен шатастырып жатамыз. Бұл дұрыс емес. Қабiлет – iс-әрекеттiң белгiлi бiр түрiн ойдағыдай, нәтижелi етiп орындауда көрiнетiн адамның жеке қасиетi. Қабiлеттiң өзi жалпы және арнаулы болып екiге бөлiнедi. Қабiлеттiң дамуында адамның  туыстан берiлетiн анатомиялық-физиологиялық белгiсi орын алады. Iс-әрекеттi шығармашылықпен орындау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ететiн қабiлеттiң жоғары түрiн дарындылық деп атайды. Қабiлеттiң қандай түрi болсын өлшеусiз ерен еңбектен туындайды. Маңдай тер төгiлмейiнше, ешқандай қабiлет өз мәнiне ие болмайды. Қабiлеттiлiк - адамның өз бейiмдiлiгi арқылы, шығармашылықпен жұмыс iстеу арқылы қалыптасатын қасиет.

Қабiлеттiлiктердiң дамуының табиғи негiзiн құрайтын нышандардың жинағы – дарындылық. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа бiткен қасиетiмен тығыз байланысты. Адамға белгiлi бiр қызметтi ойдағыдай атқару мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ететiн қабiлеттердiң ерекше қиысуын қызметтiң сол саласында талант деп атайды.

Батыс психологтары дарындылықтың  мынадай параметрлерiн келтiредi. Мысалы, ерекше қабiлет, интеллектуалдық қабiлет, үздiк оқуға деген қабiлет, өнер саласындағы орындаушылық қабiлет, психомоторлық қабiлет, адамдар арасындағы қатынаста көш бастаушылық қабiлет, т.б.

Ғалым Ж.С. Рензулли [21] осыған орай өзiнiң мынадай баламалы анықтамасын ұсынады. Ол үш бiрдей қасиеттi бiрiктiредi: интеллектуалдық қабiлет, шығармашылық бап және табандылық. Әлемдiк психологияда дарындылықтың бiртұтас концепциясын Дж. Рензулли үш сақина теориясы арқылы көрсеттi. Бұл концепция дарындылықты үш түрлi адамзат сапаларының бiр-бiрiмен өзара әрекеттесуi деп суреттейдi. Яғни олар: орташа деңгейдi жоғарлататын интеллектуалды қабiлеттер, тапсырмаларды орындаудағы жоғарғы берiлгендiк және креативтiлiктiң жоғарғы деңгейi.

1) интеллектуалды компонент (зейiн, ес және ойлау процестерiнiң даму деңгейлерi);

2) креативтiлiк және шығармашылық (шығармашылық, қиялдың даму деңгейi,оның бiрегейлiгi және нәтижелiлiгi);

3) мотивациялық компонент (танымдық және зерттеу белсендiлігi).

Осы үш түрлi компоненттердiң қалыпты да жоғары деңгейде үйлесуiнен баланың қабiлетiндегi сапалық ерекшелiктердi айқын көрсетiп бередi, яғни дарынды баланың ерекшелiгi көрiнiс бередi.

Америка психологы М.Карне [22] қоғамның басты интеллектуалды потенциалын құрайтын шын дарынды балалар көлемi өте аз санымен көзге түседi деп байқаған және түсiндiрген: «Мектеп жасындағы ондай балалар саны барлығы 3-5% болады және олар қажеттi көмектен айырылған. Ал дарынды балалармен айналысу өте қажет». АҚШ-та дарынды балаларды дара ерекшелiктерiмен, дербес қабiлеттерiмен, дарындылығымен, өзгешелiгiмен санаса отыра, ерте кезеңде бiлу, оқыту және тәрбиелеу маңызды мiндет болып табылады. Дарынды балаларды таңдау, 90 жыл iшiнде дайындалған тесттер арқылы iске асырылады. Дарынды балаларды оқытудағы педагогиканың басты принциптерiнiң бiрi - оқушыларды дербес тәсiлдермен оқыту принципi (оқыту әдiсi) - оқудың тұрақты жағы, бұрлаусыз өзгермейтiн, принциптiң бұзылмауы және педагогиканың екiншi принципi – баланы дифференциалдық дербестiк жолдарын таңдап оқыту принципi  (оқыту түрi) – оқытудың қозғалмалы жағы, дербес амалдар принципiн бұрмалаусыз сақталуында түрленедi; оқытудың мазмұны – оқудың қозғалмалы жағы, бұрмалаусыз түрленедi, егер әр оқушыны дербес жолмен оқыту принципi және дифференциялды оқыту принципi сақталса, яғни оқушыларды дербес жолмен оқыту әдiсi оқудың мазмұнын анықтайды.  Өзара байланыс: оқыту әдiсi – оқыту түрi - оқудың мазмұны баланы оқыту және тәрбиелеуде заңды болады, соның iшiнде ой қабiлетi жоғары дарынды баланы да.

Педагогика принциптерiнiң бiр iзгiлiктiгiнiң бұзылуы әсер еткен объекттiң, яғни баланың, және, әрине, мектеп бiтiрушiнiң интеллектуалдық және  практикалық iс-әрекетiне дайындығының танымдық және мотивациялық қасиеттерiнiң деформациясына әкеледi, сондайлық қоғамдағы, мемлекеттегi және ересек адамның өмiрiндегi деформациясына ұшыратады.

Айтылған педагогика принциптерiнiң бiрiздiлiгiнiң өзара байланысы шетел мектептерiнде iске асырылған.

Баланың мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн психологиялық-педагогикалық зерттеулер, алдымен ақыл-ой мүмкiндiктерiн және баланың оқуға дайындылығын бiлуден, iшкi құрылымы дербес өзгешiлiктерiн: физикалық, психологиялық, эмоционалдық, жiгерлiк т.б. тауып бiлуден басталады, сонымен қатар ой дамуындағы жас ерекшелiктерi ескерiледi. Швеция ғалымы, психолог Жан Пиаже [23] баланың ойлау және сөйлеу қабiлеттерiнiң қалыптасуы туралы өз еңбектерiнде; баламен туған түйсiк және шартсыз рефлекстер жиынтығы  және ақыл-ойдың жұмыс iстеу тәсiлi, яғни генетикалық болашақ «техникасы» сондайлық интеллектiң қалыптасуында маңызды болады деп көрсеткен.

Берiлген проблема бойынша  психологиялық-педагогикалық зерттеулерде, Ж.Пиаже дайындаған «интеллектiң дамуының негiзгi кезеңдерi» қолданған. Ол:

1) туғаннан бастап 1,5-2 жылға дейiн - сенсомоторлық, сөйлеуге дейiнгi, практикалық ақыл-ойының (интеллектiң) жұмыс iстеуi және қалыптасуы;

2) 1,5-2 жылдан бастап 7-8 жылға дейiн - бұл интуитивтiк және алғашқы ұғымдың ойлау кезеңi;

3) 7-8 жастан 11-12 жасқа дейiн - нақтылы қимыл - әрекеттер операциялар кезеңi;

4) 11-12 жастан кейiн - түрлi логикалық ойлаудың қалыптасуы басталады.

Иллиноис штатының университетiнде  дарынды балаларға әлеуметтiк, психологиялық және педагогикалық көмек көрсету бойынша арнайы бағдарламаларды басқаратын, М.Карненiң басшылығымен жүргiзiлген зерттеу нәтижелерi, дарынды балларға арнайы оқыту бағдарламалар жасап шығаруға мүмкiндiк бердi.

Нью-Орлеан университетiнде  бiлiм беру факультетiнiң профессоры К.Абромс [24] 1977 жылдан бастап дарынды балалармен зерттеу және практикалық жұмыстар жүргiзуде, талантты баланың әлеуметтiк даму проблемасына, дарынды балалармен жґмыс iстейтiн кәсiпкерлерге көмек көрсету, дарынды балаларға арналған оқыту бағдарламаларымен танысу, көптеген зерттеу орталықтардың қызметiне, дарынды балаларға әлеуметтiк және психологиялық көмек көрсетуге арналған ғылыми еңбектерiнде зерттеу нәтижелерi белгiленген.

М.Карненiң зерттеуiнде, К.Тэкэкс дарындылық проблемасына арнаған өзiнiң жұмыстарында дарындылықты бiлу әдiстерiн көрсеткен, дарынды балаларды табу және оларды әрi қарай бақылауға жауапты, әлеуметтiк қызмет пен агенттiктердi толық суреттеген. АҚШ-та дарынды балалармен жұмыс iстеуде жалпы ұлттық және бiр қатар аймақтық бағдарламалар қолданылады. Бұл бағдарламалар көп санды кәсiптiк қызметкерлерi бар бiр қатар әлеуметтiк қызметтер жүйесiн қаржыландырады. Дарынды балаларды тауып бiлу қызметi қалай жұмыс жасайды, диагностиканың психологиялық тәсiлдермен дарынды баланы әдiстiк немесе техникалық  жолмен қалай таңдауға болады, сонымен қатар дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалiмдердi таңдау және даярлау жөнiнде мәлiмет берiлген. Мұғалiмға қажеттi қасиеттер арасынан авторлар қайырымдылық пен тiлектестiктi, өзiнiң интеллектуалды дамуының жоғарғы деңгейде болуын, диагностикалық мiнез бен әзiл-оспақты түсiне бiлуiн, позитивтiк  «Мен» концепциясын, жетiлуi мен эмоционалды тұрақтылығын бөлiп шығарады.   

1972 жылы АҚШ бiлiм беру комитетi келесi ұғымды басып шығарды: тәжiрибелi мамандардың бақылауы бойынша, қайсылары көрнектi қабiлеттiлiктерiнiң күшiнен жоғары жетiстiктер көрсете алса, сол балаларды дарынды және талантты деп айтуға болады. Олар арнайы  оқу бағдарламаларын қажетсiнедi. Ондай балалардың келешегi олардың жетiстiктер деңгейiмен және бiр немесе бiрнеше  сферадағы (көрiнiстегi) потенциалды  мүмкiндiктерiмен анықталады.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары