Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 14:01, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б. игеріледі.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................6

1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының теориялық негіздері.....................................................................10
1.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарының психологияда зерттелуі...............................................................10
Мектеп жасына дейінгі дарынды балалардың интеллектуалды және шығармашылық компоненттерiнiң байланысы ...........................................19
Мектеп жасына дейінгі балаларда дарындылықтың әр түрін
анықтаудағы әдістемелік тәсілдер.......................................................................34

2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу...............................................................................................47
2.1 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелері..........................47
2.2 Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу әдістемелерінің қорытындылары......................................55

Қорытынды............................................................................................................61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................65

Файлы: 1 файл

Мектеп жасына дейнг дарынды балаларды окыту және тарбиелеу багыттары.doc

— 490.50 Кб (Скачать файл)

Гилфордтың  жұмысынан кейін шетел әдебиетінде шығармашылық дарындылық тестісі. Мағынасында «дивергентті ойлау» терминін қарастыру тенденциясы көпке дейін қлыптасады.

Қабілет диагностикасы  аймағындағы белді маман Торранс  ең алдымен Гилфордтың тестісі көмегімен  креативтілікті оқып үйренді. Одан кейін ол көптеген тесттер тобын жасады.

Гилфордтың сонымен  бірге Торндайк, Волах сияқты оқымыстылар ұсынған тәсілдерге, қарсы пікір білдіргендер Гилфордтың, Торранстың және т.б. оқымыстылардың  тесттеріне талдау негізінде, креативтіліктің класикалық тесті интеллектінің коэфициент тестісіне қарағанда артық ештене қоспайтынын айтқан. Шамамен 30 жыл бұрын басталған бұл дау әлі де аяқталған  жоқ.

Көптеген зерттеушілер жоғары дамыған интеллекті мен креативтіліктің  жоғары көрсеткішіне бір мезгілде ие адамдарды ғана дарынды деп есептеуге болатынын, ал басқалары интеллектуалды және шығармашылық дарындылығын дифференциалдауды ұсынды.

Шығармашылық  дарындылықты  анықтауға бағытталған  тесттер құрамына  мыналарды кіргізуге  болады:

- Гилфорд және  оның әріптестері жасаған балаларға арналған креативтілік тесттері, дивергентті қабілетті бағалауға бағытталған;

  • бейнелік – шығармашылық ойлауға арналған Торранс тестісі; 5 жас және одан жоғары жас аралығындағы балалардың шығармашылық қабілетін бағалауға арналған; «Суреттерді құрастыру», «Суреттерді толықтыру» және «жолақтар» сияқты тапсырмалар кіреді;

-  С.Риммнің  таланттардың көрінуі үшін топтық  бағалау тестісі, мұнда шығармашылық  қабілет мынадай категорияларда  бағаланады: «Білім құмарлық»,  «Тәуелсіздік»,  «Тұрақтылық», «Икемділік», «Қызығушылықтың кеңдігі»;

- С.Римм жасаған  қызығушылықты анықтауға бағытталған  топтық бағалау тестісі; мұнда  көрсетілген категорияларға «Тәуекелге  бейімділік» және «Қалжыңбастық  сезімі» сияқты толықтырулар  енгізілді;

- Т.Рукидің шығармашылыққа бағытталған пенсельванттік тесті; мұнда шығармашылық қабілеттер мынадай категорияларда талданады: «Өзіндік бағыттылық», «икемділік», «табиғилық», «нақтылық» және «ойлаудың жылдамдылығы», «тәуекелге бейімділік»;

- Р.Хофнер және  Ю.Хеменвейдің креативті потенциалды тестісі, мұнда «табиғилықтың», «икемділіктің» ойлаудың «нақтылығы» мен  «жылдамдылығының», көрсеткіштері үш субтесттің + «сөзді жазу», «суреттегі декларациялар» және «сөздер кестесі» көмегімен анықталады; тесттің теориялық негізі креативтіліктің гилфордтік концепциясы болып табылады.

Біздің елімізде шығармашылық қабілеттің  диагностикасы үшін отандық әдістердің қатары жасалған: Д.Б.Богоявленскаяның әдісі, А.Г.Азаряннің  экспресс-әдіс және басқалары.

Отандық тәжірибеде шетел әдістерінен көбінесе Торранс пен Гилфордтың тесттері қолданылады, мұнда орыс тілінің ерекшеліктері мен еліміздің әлеуметтік мәдени талаптарына адаптацияны талап етеді.

Торранстың  шығармашылық-бейнелілік ойлау тестісіне  адаптацияны И.С.Аверина және Е.И.Щебланова  жасады [37].

Осымен бірге  дарындылықтың тағы да бір түрін  көрсетейік, қарым-қатынас шеңберіндегі дарындылық және оның диагностикалық әдістері.

Зерттеушілер дарындылықтың қарым-қатынас  шеңберінде  көрінуін интеллектінің  маңызды түрімен байланыстырады. Оны «әлеуметтік интеллект»,  «жеке тұлғалық интеллект» деп атайды. «Интеллектуалды дарындылық» және «шығармашылық дарындылық» терминдерін көптеген авторлар қолданады, сонымен бірге түрлі теориялық позицияда тұрған «әлеуметтік дарындылық» термині жалпы қабылданған болып табылмайды. Дарындылықты қатынас шеңберінде көрсету үшін «әлеуметтік қабілеттілік», «әлеуметтік дарындылық», «шығармашылық басшылық», «интеллектуалды басшылық» және басқа түсініктер қолданылады.

Зерттеу кезінде  интеллектінің жоғарғы дәрежеде дамуы әрқашанда әлеуметтік қабілеттің жоғарғы дәрежесімен үйлеспейтіндігі анықталды, интеллектуалды – дарынды балалар қатынаста қиыншылыққа кездеседі -   «әлеуметтік дисбаланс» феномені. Вербальды интеллект вербальды емес интеллектке қарағанда қатынастың табысты болуына әсер етеді.

Қарым-қатынас  шеңберіндегі қабілет диагностикасының әдістері, интеллектуалды, академиялық  және шығармашылық  дарындылықтың  көрінуінің психометрикалық тәсіліне қарағанда аз мөлшерде қарастырылған. Тесттердің көпшілігі коммуникативті қабілеттер қатарына кіретін – олардың вербальды, вербальды емес, мотивті аспектінің нақты компоненттерін зерттеуге бағытталған.

Бұрыңғы кезде кеңес мектебi жалпыға бiрдей орта бiлiм беретiн мемлекеттiк оқу жоспарын жүзеге асыратын, бiрдей оқулықтармен, бағдарламалармен жұмыс жасайтын оқу ордасы болып табылды. Ал балалар – сан алуан. Өйткенi, олардың қабiлетi, икемi, қызығу, тiптi алдына қойылған мақсаты мен денсаулығы да, дамуы да, ой-өрiсi мен сөйлеуi де, сыртқы бейнесi де әр түрлi.

Ал осы қасиеттер мектеп жасына дейінгілерде көп байқала бермейдi, байқалса да оның орнын әр түрлi үйiрмелер, сыныптан тыс жұмыстар мен жеке оқушымен жұмыс жасау арқылы толтыруға болады. Жоғары сыныптарда құрамы әр түрлi балалармен жұмыс iстеу, әрине, қиын. Ал кеңестiк кезеңде де оқу-тәрбие үрдiсiндегi жеке баланың қабiлетiн ескерiп жұмыс жасау «саралап оқыту» деп аталды.

Бүгiнгi күнде өткендегiнiң бәрiн жоққа шығару, қаралау өрiс алып бара жатқандай, ал ол мектептiң де көптеген жақсы жақтары болды. Мысалы, оқушыларды  «А», «Б», «В», т.б. топтағанда да оқушылардың дарынын саралау болатын.

Кеңестiк дәуiрде белгiлi  университеттер жанында Мәскеу, Новосiбiр, Киев, Ленинградтың ғылыми академиялық орталықтарында «дарынды балалар» орталықтары болды.

Әрине, әр түрлi байқаулар, мемлекеттiк емтихандар, олимпиадалар белгiлi бiр пәннен оқушының бiлiм, бiлiк дағдысының жиынтығын  ғана анықтайды, ал бiрақ тума талант пен туа бiткен дарынды емес. Ендеше жақсы тәсiлдермен дарынды, талантты балаларды дұрыс тандап алдық дейiк, олай болса, бүгiнгi проблема «Дарынды, талантты балаларды қалай оқыту керек?» деген мәселе төңiрегiнде болу керек [38].

«Қалай оқыту керек» деген мәселеге жауап беру үшiн дүние жүзiндегi елдердiң практикасына назар аударған жөн. Мәселен, З.А. Мальковтың «Современная школа США» кiтабында оқушының жеке қабiлетiн анықтау үшiн интеллектуалдық «ай-кью»  деген тестiнiң мектепке алғашқы қабылдаған күнi жүргiзiлетiнi жазылған. Бұл тест көптеген тапсырмалардан тұрады, оны белгiлi бiр уақыт iшiнде орындау керек. Тапсырманы дұрыс орындау үшiн әр баланың  сөздiк қоры, дамыған сөйлеу тiлi, айналадағы табиғи және қоршаған ортадағы құбылыстарды айыра бiлуi, т.б. қасиеттерi болуы тиiс.

Материалдық жағдайы толық бала (ойыншықтары, әр түрлi кiтаптары болса, саяхаттарға шықса, ата-анасы баланы тәрбиелеумен айналысса) бұндай тестiнi дұрыс орындайды, ал материалдық жағдайы жоқ бала ондай тестiнi дұрыс орындай алмайды.

«IG» тестiсiнің қорытындысымен балалар 3 топқа бөлiнедi:

- қабiлеттi балалар;

- орта деңгейдегі қабілетті  балалар;

- қабілетсіз балалар.

1-9 сыныптарда бұл бөліну көп байқала бермейді, барлық балалардың оқитын пәндері бірдей, ағылшын тілі-ана тілі ретінде, математика, жаратылыстану, т.б. Ал қабілетті балалармен сабақ  жауапкерлішікпен, жоғары талаппен жүргізіліп, бұл балалар бірінші күннен колледжге оқуын жалғастыру үшін дайындалады. Ал бірдей жеңілдеу бағдарламалар дайындалған.

АҚШ-та саралап оқыту  одан әрі жалғасады, кәсіптік бағдар беру 2-ге бөлінеді: академиялық бағыт  және академиялық емес бағыт. Академиялық  емес бағыт жалпы, өндірістік, коммерциялық және ауыл шаруашылық болып бөлінеді, оқушылардың 75 проценті осы бағытпен қамтамасыз етілген. Ал академиялық бағыт жоғары оқу орнына түсуге бейімделген, онда физика, химия, алгебра, геометрия, шетел тілдері яғни қазіргі кезеңдегі дамушы елдердің орта білім беру бағдарламасы толығымен қамтылған.

Францияда гуманитарлық пәндер, жаратылыстану-математика пәндері, техникалық пәндер болып оқушылардың  қабілетіне қарай бөлінген [39].

Гуманитарлық пәндерге француз, латын, ағылшын тілдерін білу ерекше ескеріледі, әр осы топтағы оқу жоспары бір-біріне ұқсамайды, сондықтан бір топтан екіншіге өту іс жүзінде мүмкін емес.

Қазақстан Республикасында  соңғы бес жылда қолға алынып, жүйелеуден өтіп жатқан “Дарын” бағдарламасының  педагогтар алдына қойып отырған  мақсаты – тұлғаның жалпы қабілеттерін дамыта отырып, белгілі бір саладағы ерекшелігін танытуына жан-жақты әдістемелік және психологиялық қолайлы жағдайлар тудыру.

Оқушылар “Оқушылардың Кіші Ғылыми академиясында”, Республикалық Ғылыми Практикалық “Дарын” Орталығының мектебінде әр түрлі бағытта жұмыс жасай алады.

“Сорос – Қазақстан” қайырымдылық қорының “Дебат бағдарламасы”  да кең қолдануда. Бұл қордың негізін  қалаушы – белгілі қаржыгер, филантроп  Джордж Сорос және АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы “Ашық қоғам Институты”. Бұл коммерциялық ұйым емес, оның басты мақсаты – дамыған демократиялық ашық қоғам құру.        

 

2 Мектеп жасына  дейінгі дарынды балаларды оқыту  және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу

 

 

2.1 Мектеп жасына  дейінгі дарынды балаларды оқыту  және тәрбиелеу бағыттарын зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістемелері

 

 

Біз оқу-тәрбие барысында мектеп жасына дейінгі дарынды балалардың дамуына, оныњ µзгерістеріне єр т‰рлі єдістемелер арќылы зерттеулер ж‰ргіздік. Б±л зерттеулерге мектеп жасына дейінгі балалар ќатынасты. Тәжірибелі – эксперимент жұмысы Қарағанды қаласының «Тілек» мектепке дейінгі ұйымының мектепке даярлық тобында  жүргізілді. Зерттеуге 12 бала қатынасты.

 

“Равеннің прогрессивтік мартицалар” әдістемесі

Берілген әдістеме біздің зеррттеу жұмысымызда мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға қолданылған. Ол зерттелушінің зейін шоғырлануының, бейнелі ойлау қабілеттілігін, перцепциясы қандай дәрежеде дамығанын, логикалық ойлау деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. “Равеннің прогрессивті матрицалары” әдістемесі бойынша алынған зерттеу нәтижелері биік сенімділік білдіреді және олар интеллект коэфициентіне айналуы мүмкін.

 

Е.Е. Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі  шығармашылық ойлауды зерттеу әдістемесі

Мақсаты: Шығармашылық ойлаудың түрлі көрсеткіштерін  -  сөздік-шығармашылық ойлау,  көрнекі-бейнелік ойлауды бағалау,  дарындылықтың негізін анықтау.

Шығармашылық ойлау  бағасының көрсеткіштері:

· ой жүйріктігі  (жеңілдігі,  өнімділігі)  -  бұл шығармашылық ойлаудың жүйріктігін сипаттайды.

· ой икемділігі  -  тез ойлауға көшуге сипаттайды.

·  ой ерекшелігі  -  ойдың даралығын білдіреді.

·  ойдың нақтылығы - шығармашылық ойлаудың логикалылығын,  бірдйлігін,  дұрыс шешімге келуді білдіреді.

Алынған нәтижелер сандық және сапалы талдауға,  математикалық-статистикалық өңдеуге дайындалды.

 

“Он сөзді жаттау” әдістемесі

Әдістеме мақсаты: Он сөзді жаттау әдістемесі көмегімен естің негізгі  амалдарын:  есте қалдыру,  есте сақтау және қайта жаңғыртуды зертетуге  болады.

Бұл әдістемені А.Р. Лурия ұсынған.

Жабдықталуы:  мазмұны  жағынан  байланысы жоқ он сөзден тұратын  сөз қатары.

Сөз қатарының үлгісі:

    1. Нан,  бала,  терезе,  бал,  үй,  мысық,  орман,  су,  саңырауқұлақ,  орындық.
  1. Түтін,  ұйқы,  шар,  мақта,  бұта,  сағат,  мұз,  түн,  еден, қалам.
  1. Су,  лақ,  қап,  ожау,  қағаз,  күн,  қыс,  гүл,  терезе,  өшіргіш.

Зерттеудің жүргізілу жолы:  Алдымен зерттеуші сыналушылардың зертетуге қаншлықты дайын екендіктерін,  көңіл-күйлерінің шамасын байқайды.  Зерттеу әр баламен жеке жүргізіледі.  Сыналушылардың алдағы орындайтын жұмысы келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі:

“Мен қазір,  сіздерге он сөз  оқимын,  мұқият тыңдаңыздар!  Мен  оқып болған соң,  естеріңізде қалған сөздерді кез-келген ретпен қайталаңыздар”.

 

 

 

2.2 Мектеп жасына дейінгі  дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттарын зерттеу әдістемелерінің қорытындылары

 

 

“Равеннің прогрессивтік матрицалар” әдістемесінің қорытындысы

ЕРЖАН А.

Зерттеу мәліметтерін талдағанда, зерттелушінің  зейіні, кеңістіктік қиялы, бейнені  қабылдауы т.б. жақсы дамыған деп айтуға болады, өйткені, жоғары нәтижелер алынды (52 ұпай). Ержан ең күрделі Е сериясында қателер жіберді. Бұл серияның шешімінде фигураларды элементтерге бөлшектеу заңдылықтарын орнату керек еді.

Зерттелушіде вербальды емес интеллекті, ұқсастықтарды, заңдылықтарды  орнату қабілеттілігі  дамыған. Зейінін шоғырландыра алады, талдау және жүйелеу қабілеттіліктері бар. Ойлау тәсілдері (операциялары) жақсы дамыған.

 

ТЕМІРТАС А.

Қиындықтарды көбейту  әдістемесі бойынша жоғары нәтижелер алынды (55 ұпай). Сондай маңызды емес қателер жіберілді. Зерттелушінің салыстыру және негізін бөліп алу,  өрнекті қайта құру қабілеттіліктері жақсы дамыған. Ойлау ептілігі тез, бейнені түйсіктеу және кеңістіктік  елестету  қабілетіліктері  бар. Ақыл-ой білімділік деңгейі жоғары. Зейін тұрақтылылығын, шыдамдылығын, еңбекке қабілеттілігін, ойлау жылдамдығын  дамыту қажет.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары