Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:56, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау;
2. Ақпараттық технологияларды қолдану барысындағы педагогикалық тәжірибелерді салыстыру.
Зерттеудің әдістері:
Озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыру, жинақтау, талдау, байқау, әңгіме, сұрақ – жауап және сауалдама жүргізу.

Содержание работы

Кiрiспе
1 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың негіздері
1.1 Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың мазмұны мен қазіргі жай күйі
1.2 Оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру барысында ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері
1.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың даярлығын қалыптастыру
2 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың бағыттары
2.1 Оқытудың ақпараттық технологияларын құру принциптері
2.2 Ақпараттық технологиялардың оқушылардың іс-әрекетін қалыптастырудығы рөлі
2.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың диагностикасы
Қорытынды

Файлы: 1 файл

9 Туленбаева А.doc.doc

— 275.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Кiрiспе

 

1 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың негіздері

6

1.1 Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың мазмұны мен  қазіргі жай күйі

  

 

1.2 Оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру барысында ақпараттық  технологияларды қолдану мүмкіндіктері 

8

1.3 Ақпараттық  технологиялар арқылы оқушылардың  даярлығын қалыптастыру

18

2 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың бағыттары

28

2.1 Оқытудың  ақпараттық технологияларын құру  принциптері

 

2.2 Ақпараттық  технологиялардың оқушылардың іс-әрекетін  қалыптастырудығы рөлі

39

2.3 Ақпараттық  технологиялар арқылы оқушылардың  сауаттылығын қалыптастырудың диагностикасы

43

Қорытынды

52

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

54


 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының  «Ақпараттандыру» Заңында ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу ақпараттық қызмет көрсету нарқын қалыптастыру   үшін   жағдайлар   қамтамасыз   етуге,   электрондық   құжат айналымы жүйесін дамыту, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану үшін жағдайлар жасауға, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты ақпараттық технологиялар дамуының әлемдік деңгейін ескере отырып, қалыптастыруға және жүзеге асыруға бағытталағанын атап көрсетеді [1].

Дамыған елдердегі  білім беру жүйесінде ерекше маңызды  болып табылатын мәселелердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу  үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде ақпараттық технологияларды барлық деңгейде білім беру үрдісін интенсификациялау қүралы ретінде пайдалану саласы бойынша шешімін табуды тез арада күтіп отырған мәселелер баршылық. Сондықтан заңгерлерді кәсіби даярлау жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңыздылығы мен қажеттілігі уақыт сүранысынан туындайды. Себебі, ақпараттық технологиялардың ғылыми-техникалық прогресс дамуында атқаратын қызметі мен алатын орны ерекше. Олар адам өміріндегі барлық іс-әрекеттерде, соның ішінде білім беру аймағында кеңінен қолданылуда.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияларды  пайдалану, ақпараттық технологиялар  арқылы мамандардың даярлығын жетілдіру бойынша орындалған зерттеулер баршылық. Оларды бірнеше бағыттарға бөліп көрсетуге болады:

-   оқу  орындарында информатика пәнін  оқытуды жетілдірудің әдістемелік  жүйесі жасау (Е.Ы.Бидайбеков, Г.Д.Жангисина,  С.К.Кариев, т.б.) [2];

-  білім   беруді   ақпараттандыру,   оқыту  үрдісінде  жаңа  ақпараттық технологияларды пайдалану (К.Ж.Аганина, А.Ж.Арыстанова, Е.Балапанов, Б.С.Гершунский,     С.Р.Доманова,     Қ.Қабдықайыұлы,     Ж.А.Қараев, Ш.Х.Қүрманалина, Е.И.Машбиц, В.М.Монахов, Г.К.Нүрғалиева, Е.С.Полат, С.С.Тауланов, т.б.).

-  жоғары және арнайы оқу орындарында білім беруді ақпараттандыру арқылы мамандар даярлау сапасын арттыру, болашақ мамандардың кәсіби біліктерін жетілдіру, ақпараттық бағыттылығын қалыптастыру, болашақтағы практикалық іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдалануға даярлау (Б.Әбдікәрімұлы, Г.С.Базарбаева, Б.Т.Барсай, Ж.Ж.Джанабаев, В.В.Егоров, М.С.Мәлібекова,       А.К.Мынбаева,       Л.В.Нефедова,       Қ.А.Сарбасова, Г.О.Тәжіғұлова, А.Э.Титовицкая, Л.А.Шкутина, т.б.) [3];

- ақпараттық  технологиялар арқылы оқушылардың  зерттеу қызметін, болашақ мамандардың  ақпараттық және зерттеу мәдениетін  қалыптастыру (Р.Ч.Бектұрғанова,      Г.Г.Воробьев,      Н.Ғ.Даумов,      Д.М.Джусубалиева, С.Н.Лактионова, Ш.Таубаева, т.б.) ;

-   қашықтан   оқытуды   технологиясы,   электронды   оқу-әдістемелік кешенді   жасау   проблемаларына   арналған   зерттеулер   (Е.Аленичева, М.А.Винницкая,        Е.Г.Гаевская,       Д.М.Джусубалиева,        Е.С.Полат, В.П.Тихомиров, Т.Г.Целуйкина т.б.) .

Бүгінгі күні ақпараттық және бағдарламалық білім беруді қамтамасыз ету жетістіктері негізінде  білім алудың ауқымды мүмкіндіктері  туып отыр. Соның ішінде үздіксіз білім  алу мәселесі де тұр. Кез келген адам білім алу барысында білімнің сапалы болғанын қалайды. Бүл кезекте ақпараттық технологияның атқарар ролі ерекше.

Осы тұрғыдан мәселелерпді қарастыра келе, біз дипломдық  жұмыстың тақырыбын «Оқушылардың  ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру» деп анықтап алдық. Осы тақырып негізінде дипломдық ғылыми зерттеу жұмыстарды орындау барысында алға қойған мақсатымыз:

Зерттеудің  мақсаты: оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың  мақсаты оқу процесіне қатынасушылардың дер кезінде тиянақты білім алуын қамтамасыз ету және  осы үрдісті оқытушы тарапынан басқарудың жоспарланған сапасына қол жеткізу болып табылады.

Зерттеудің  міндеттері:

1. Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау;

2.  Ақпараттық  технологияларды қолдану барысындағы  педагогикалық тәжірибелерді салыстыру.

Зерттеудің нысаны: ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру.

Зерттеудің  әдістері:

Озат педагогикалық  тәжірибелерді салыстыру, жинақтау, талдау, байқау, әңгіме, сұрақ – жауап  және сауалдама жүргізу.

Зерттеу пәні: мектептегі  оқыту процесі.

Диплом  жұмысының құрылымы: Кіріспе, 2 тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімін қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Ақпараттық  технологиялар арқылы оқушылардың  сауаттылығын қалыптастырудың негіздері

1.1 Оқушылардың ақпараттық сауаттылғын қалыптастырудың мазмұны мен  қазіргі жай күйі

Қазақстан Республикасының  «Ақпараттандыру» Заңында ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу ақпараттық қызмет көрсету нарқын қалыптастыру   үшін   жағдайлар   қамтамасыз   етуге,   электрондық   құжат айналымы жүйесін дамыту, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану үшін жағдайлар жасауға, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты ақпараттық технологиялар дамуының әлемдік деңгейін ескере отырып, қалыптастыруға және жүзеге асыруға бағытталағанын атап көрсетеді.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде ақпараттық технологияларды барлық деңгейде білім беру үрдісін интенсификациялау құралы ретінде пайдалану саласы бойынша шешімін табуды тез арада күтіп отырған мәселелер баршылық. Сондықтан оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңыздылығы мен қажеттілігі уақыт сұранысынан туындайды. Себебі, ақпараттық технологиялардың ғылыми-техникалық прогресс дамуында атқаратын қызметі мен алатын орны ерекше. Олар адам өміріндегі барлық іс-әрекеттерде, соның ішінде білім беру аймағында кеңінен қолданылуда.

Бүгінгі күні ақпараттық және бағдарламалық білім беруді қамтамасыз ету жетістіктері негізінде білім алудың ауқымды мүмкіндіктері туып отыр. Соның ішінде үздіксіз білім алу мәселесі де тұр. Кез келген адам білім алу барысында білімнің сапалы болғанын қалайды. Бүл кезекте ақпараттық технологияның атқарар ролі ерекше. Осы негізде оқушылардың сауаттылығын қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын саралап көрсетуге болады:

-  ақпараттық  технологиямен оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпараттарды кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді;

-     ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың  белгілі бір ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау және ғылыми зерттеу жүмысын жылдам жүргізуге мүмкіндік береді;

-   ақпараттық  технологияларды пайдалану белгілі  бір мәдениет иесі болуды талап  етеді, яғни ол мәдениеттіліктің  белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар - мәселелерді айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және түсінікті түрде жазу, қажетті мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау мәселелерін әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логика мен информатика заңдарын білуді көздейді.

Ақпараттық  технологиялардың әлеуеті оқушылардың  ақпараттық сауаттылығын жетілдірудің шынайы мүмкіндіктерін ашып көрсетеді..

Ақпараттандыру  жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оқушылардың  сауаттылығын қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жүмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жүмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық проблемалардың шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді.

 

 

 

1.2 Оқушылардың  сауаттылғын қалыптастыру барысында ақпараттық  технологияларды қолдану мүмкіндіктері 

Бүгінгі таңда  орта арнайы және жоғары оқу орындарында  мамандарды даярлау барысында білім  беру жүйесін ақпараттандыру бойынша  өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен, әлі де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән оқытушыларының бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды тираждау мәселесі нақты шешімін таппаған, компьютерлік сыныптарда көбінесе информатикадан ғана сабақтар өткізіліп, басқа пәндерден ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы сабақтар өткізу шектеулі.

Сондықтан оқушылардың сауаттылығын жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды үйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

1. Оқу үрдісін  дербестендіру. Мәселен, компьютер  оқытуды нақты бір авторлық  бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2.  Нақты әрекетке  негізделген кері байланысты  қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер  арқылы әрбір оқушы өзінің  білімін бақылауға, тексеруге  және бағалауға мүмкіндік алады.

3.      Материалды меңгеру жылдамдығын  арттыруға болады [4].

  Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді жоғары және арнайы оқу орындарында маман даярлау тәжірибесін оқып-үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне ендіру үшін кешенді ақпараттық білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындады. Бұл жүйенің негізін мынадай ақпараттық технологиялар құрайды:

1.   Компьютерлік     және     ақпараттық     сауаттылық.     Компьютерлік  сауаттылыққа оқушылардың электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылық ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.

2.  Оқу үрдісінде  компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік түрғыдан қамтамасыз  етуге де  елеулі  өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мүндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады.   Мүнда  дәстүрлі   баспа  оқулықтарымен  қатар  оқу  процесінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді.  

  Жоғарыдағыларды саралай келе оқушылардың сауаттылғын қалыптастырудағы ақпараттық технологиялардың шынайы мүмкіндіктері

-  оқу үрдісінде  ақпараттық технологияларды іске  асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік  жолын анықтау;

-  оқушылардың практикалық іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

-  оқытушылардың  ақпараттық технологияларды меңгеру  және оқу үрдісінде пайдалану  бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

-   студенттердің   білім,   білік,   дағдыны   меңгеру   үшін   ақпараттық  технологияларды пайдалануға үйрету;

-    оқу орындарының материальдық-техникалық базасын нығайту. Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену объектісі ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, студенттердің маман ретінде қалыптасуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт түрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін үйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Информация о работе Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру