Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:56, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау;
2. Ақпараттық технологияларды қолдану барысындағы педагогикалық тәжірибелерді салыстыру.
Зерттеудің әдістері:
Озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыру, жинақтау, талдау, байқау, әңгіме, сұрақ – жауап және сауалдама жүргізу.

Содержание работы

Кiрiспе
1 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың негіздері
1.1 Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың мазмұны мен қазіргі жай күйі
1.2 Оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру барысында ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері
1.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың даярлығын қалыптастыру
2 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың бағыттары
2.1 Оқытудың ақпараттық технологияларын құру принциптері
2.2 Ақпараттық технологиялардың оқушылардың іс-әрекетін қалыптастырудығы рөлі
2.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың диагностикасы
Қорытынды

Файлы: 1 файл

9 Туленбаева А.doc.doc

— 275.00 Кб (Скачать файл)

Қазіргі таңдағы  электронды телекоммуникациялық конференциялар гипермәтінге немесе Web-тің басқа да технологияларына альтернативті болып есептелінбейді, тек оларды пайдаланудың ерекше тәсілі болып табылады. Бүгінде Web-тің барлық ең жаңа технологияларын, әсіресе динамикалық гипермәтінді беттерді қүру технологияларын табысты пайдалану арқылы конференцияларды өткізу технологиялары пайда болуда. Сондықтан бүл мәселелер бірін-бірі жоққа шығармайды, керісінше толықтырады.

Сондықтан оларды пайдаланудың мынадай артықшылықтарын атап өтуге болады:

-   әрбір  студенттің өздігінен білім алуының  меншікті траекториясын қамтамасыз  ететін білім берудің ашық  жүйесін қүрайды;

-      ақпаратпен жүмыс істей алу  білігін қалыптастырады және  қатынас жасау қабілетін дамытады;

-    таным  процесін үйымдастыруды оны жүйелі  ойлау жағына жылжыту жолымен  түбегейлі өзгертеді;

оқу   процесінде    студенттердің   танымдық   іс-әрекетін   қолайлы ұйымдастыруға  мүмкіндік туғызады;

-  жаңа таным  құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды;

-     білім беруді ақпараттық-әдістемелік  тұрғыдан қамтамасыз етеді. Жалпы,   ақпараттық   телекоммуникациялық   оқыту   технологияларын

пайдаланудың  болашақ заңгерлердің өздігінен  дамуын іске асырудағы мынадай бағыттарын бөліп көрсету қажет:

-   қоғамды  ақпараттандырудың қазіргі жағдайында  маманның тұлғалық қасиеттерінің  даму қарқынын жетілдіру және  дербестендіру арқылы ой-өрісінің  кеңеюіне мүмкіндік туғызу;

-    өз  бетінше білім алу біліктерін  қалыптастыру және дамыту;

-   болашақ  заңгердің санаткерлік дамуын  қамтамасыз ету.

 

1.3 Ақпараттық  технологиялар арқылы оқушылардың  даярлығын қалыптастыру

«Даярлық» мәселесінің  өзі бірнеше жыл бойы психологиялық-педагогикалық  зерттеулердің арқауы болып келе жатыр, мүны өзі оның үнемі дамып отыратын үғым екендігін дәлелдейді.

С.И.Ожеговтың  сөздігінде «даярлық» барлығы жасалған, бір нәрсе үшін барлығы дайын  жағдайды білдіреді (логикалық түрғыдан «дайындық» деген сөзді білдіреді) [8]. Іс-әрекеттің әртүріне даярлық проблемасы өткен ғасырдың 50-жылдарының аяғынан бастап жан-жақты зерттеле бастады (B.C. Ильин, В.Ф.Райский, С.А.Рубинштейн, Н.К.Сергеев, В.В.Сериков және т.б.) , бүгінгі күні оның мәні мен қүрылымын ашып көрсететін қомақты материалдар жинақталған. Даярлық проблемасына арналған зерттеулерді талдау бүл үғымды анықтауда әртүрлі көзқарастың бар екендігін көрсетеді, дегенмен де олардың барлығы даярлықты кәсіби іс-әрекетті орындаудың маңызды шарты ретінде түсіндіреді.

Қазіргі психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде қандай да болмасын іс-әрекетті орындауға «даярлық» үғымы іс-әрекетті табысты орындаудың шарты, іс-әрекетке жарамдылықтың мәнді белгісі, іс-әрекетті реттеуші, іс-әрекетке қабілеттілік (Ю.К.Васильев, К.М.Дурай-Новакова, Ю.И.Янотовская [8] және т.б.), түлғаның қасиеттерінің жиынтығы, оның мақсатқа бағытталған көрінісі ретінде қарастырылады (М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович, В.А.Крутецкий және т.б.) [9]. Даярлық үғымының мәнін ашып көрсетуде М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович, В.А.Крутецкий және т.б. зерттеулері ерекше мәнге ие болады. Олар даярлықты кез келген іс-әрекетті табысты орындаудың бастапқы негізгі шарты ретінде қарастырады. Даярлық қүрамына әртүрлі саналы түрде және саналы емес түрде ойластырылған нұсқаулар (орналастырулар) ғана емес, сонымен бірге саналы түрде ойластырылған міндеттер, ақиқат мінез-қүлықтың моделі, іс-әрекет тәсілін анықтау, алда тұрған қиындықтарға сәйкес мүмкіндіктерді бағалау, сонымен бірге белгілі бір нәтижеге жету қажеттелігі кіреді [10]. Бүл авторлардың пікірі бойынша, іс-әрекетке даярлықтың пайда болуы қажеттіліктер мен мотивтер негізінде мақсат қоюдан басталады. Содан кейін болашақ әрекеттің нүсқауы, моделі, сүлбасы жасалады. Соңғы саты заттық іс-әрекеттерде пайда болған даярлықты жүзеге асыру, белгілі бір қүралдар мен іс-әрекет тәсілдерін қолдану және алынған нәтижелерді іс-әрекетттің қойылған мақсатымен салыстыру болып табылады.

Сонымен даярлық  ұғымының мәнін түсінуде нүсқау бойынша  жүргізілген зерттеулер ерекше мәнге  ие болады, психологияда Д.Н.Узнадзе  және оның шәкірттері жасаған нүсқау (орналастыру) теориясы болып табылады. Бүл түжырымдама бойынша нүсқау белгілі бір бағыттағы белсенділікке даярлық болып табылады, оның пайда болуы мына шарттарға байланысты: осы ағзадағы қажеттілік, осы қажеттілікті қанағаттандырудың объективті жағдайы. Нүсқау, авторлардың пікірі бойынша, адам іс-әрекетіндегі ең маңызды компонент болып табылады және субъект белсенділігінің негізінде белгілі бір сипат пен бағыттылыққа ие іс-әрекет пайда болатын күйді сипаттайтын түтас қүрылымды білдіреді. Біз осы көрсеткіштерді заңгерлер даярлығын қалыптастыру механизмін қүруда пайдалануға болады деп санаймыз.

Қазіргі психологиялық-педагогикалық  зерттеулерде іс-әрекетке даярлықты  екі түрғыдан қарастырады: функциональдық (М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович, В.А.Сластенин  және т.б.) және түлғалық (В.С.Ильин, Е.С.Кузьмин, В.С.Мерлин, В.В.Сериков, В.А.Ядов және т.б.). Функциональдық түрғыдан алып қарастырғанда, даярлық - бүл белгілі бір функциональдық жай-күй, адамның мінез-қүлқын сипаттайтын қатынастың психологиялық және әлеуметтік нүсқауы. Мүнда іс-әрекет үшін маңызды процессуальлды сапалар пайда болады. Түлғалық түрғыдан алып қарағанда, даярлық түлғалық мәнді және кәсіби сапалардың бірлігін білдіреді, мүнда кіріктіруші рольді белгілі сәйкес іс-әрекетке бағыттылықты білдіретін түлғалық сапалар (В.С.Ильин, В.В.Сериков, Е.А.Крюкова және т.б.). Сондықтан маман моделін қүру проблемасы көп жағдайда маман түлғасының моделін қүруды көздейді.

Сонымен даярлықты  бағалау бойынша әртүрлі көзқарастар  болғанымен, көптеген авторлар оны  белгілі бір психикалық жай-күй ретінде қарастырады. Даярлық психологиялық (М.Я.Виленский, Р.С.Сафин), жалпы және арнайы (Б.Г.Ананьев), психологиялық және практикалық (Ю.И.Васильев, Б.Ф.Райский) [11] болып жіктеледі.

Психикалық  жай-күй ретінде даярлық студенттің оқыту жағдайында белгілі бір міндеттерді шешу мүмкіндігін сипаттай алады. Мүның өзі психологиялық жай-күйдің бірнеше рет қайталануы негізінде студенттің түлғалық сапалары қалыптасатынын көрсетеді. Егер психологиялық еңбектерде даярлықтың жай-күйі мен іс-әрекет тиімділігінің арасындағы байланысты, тәуелділікті орнатуға көңіл бөлінсе, ал педагогикалық түрғыдан зерттеушілер еңбектері белгілі бір сапаны дамыту мүмкін болатын шарттарды, факторларды, дидактикалық және тәрбиелік құралдарды айқындауға бағытталған.

М.Я.Дьяченко, Л.А.Кандыбович, А.М.Столяренко [12], тұлғаның белсенділігі іс-әрекетке араласу барысында әртүрлі уақытша сипаттарға ие болатынын көрсете отырып, оны жағдаяттық және ұзақ мерзімді даярлық деп бөлуді ұсынады. Жағдаяттық (үздіксіз, бірминуттық) даярлық — нақты міндеттерді соған сәйкес жағдайларда шешуде маман психикасының шоғырланған, функциональдық жай-күйі. Жоғары өзгермелілігімен, қозғалмалығымен және әрбір нақты жағдайда көптеген факторларға әсерлілігімен сипатталады. Үзақ мерзімді (алдын-ала, өз уақытындағы, әлеуетті) даярлық арнайы бағдарланған іс-әрекеттің нәтижесінде қалыптасады. Жағдаяттық даярлықтан айырмашылығы, ол үнемі әрекет етеді және табысты іс-әрекеттің маңызды алғышарты болып табылады. Маманның бүл даярлығы жеткілікті деңгейде берік, статистикалық компоненттер мен психикалық қүрылымдардың - кәсіби іс-әрекеттің білім, білік және дағдыларын, түлғаның кәсіби маңызды қасиеттердің, қүндылықтардың, олардың қатынастарының, жетістіктерінің және т.б. жүйесін қүрайды. Педагогикалық түрғыдан алып қарағанда, үзақ мерзімді даярлық неғүрлым тиімді болып табылады, себебі осы жай-күй қалыптастып, белгілі бір жағдайда дами алады. Беріктікке ие бола отырып, бүл даярлық іс-әрекетте түрақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Кәсіби даярлық» маманның кәсіби іс-әрекеті тиімділігінің негізгі шарты болып табылады (М.И.Дьяченко, В.С.Мерлина, В.Н.Мясищев, К.К.Платонов және т.б.). Бүл даярлық кәсіби іс-әрекеттің жалпы принциптері - іс-әрекет пен сананың бірлігі, ішкі және сыртқы жағдайлардың өзара байланысы (С.Л.Рубинштейн), түлға мен іс-әрекет бірлігі (К.К.Платонов, А.А.Леонтьев, В.Н.Мясищев) , мақсатқа бағытталған іс-әрекеттегі белсенділіктің жетекші ролі (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, А.А.Леонтьев, В.Н.Мясищев және т.б.) принциптері негізінде қарастырылады. Болашақ кәсіби іс-әрекетке маманның даярлығын В.А.Сластенин үш деңгейде қарастырады: түлғалық, теориялық және технологиялық (операциялық-әрекеттілік). Маманның түлғалық сапаларды бойына сіңіруі оның жоғары оқу орнында алған білімдері мен біліктерін іс-әректетің қандай саласында іске асыратынына байланысты болады. Кәсіби даярлықты көптеген зерттеушілер даярлық процесі нәтижелігінің өлшемдерінің бірі, түлғаның интегративті сапаларының, қасиеттерінің жүйесі және болашақ іс-әрекетіне нүсқау ретінде қарастырады (Н.К.Сергеев, В.В.Сериков және т.б.) .

К.К.Платоновтың  пікірі бойынша, кәсіби даярлық - түлғаның қандай да болмасын бір кәсіби іс-әрекетке қабілеттілігін және дайындығын сезінуі, оны орындауға талаптануы. Од кәсіби іс-әрекетке даярлықты еңбек тәрбиесінің, кәсіби оқытудың, психикалық дайындықтың нәтижесі, негізін арнайы кәсіби білім, білік, дағды қүрайтын түлғаның интегративті қасиеті ретінде қарастырады .

В.П.Каширин, Ю.В.Прошунина  маманның кәсіби даярлығын күрделі, көпдеңгейлі, жүйелі психикалық қүрылым, ең алдымен кәсіби қүзыреттілік пен кәсіби шеберліктің сәйкес деңгейі бар, сонымен бірге сәйкес іс-әрекетке өзін- өзі икемдейтін, өзін-өзі бағыттайтын қабілеттер, өзінің кәсіби (рухани, тұлғалық және дене күші) әлеуетін нақты жағдайларда қойылған міндеттерді шешуге шоғырландыра білетін адамның тұлғалық қүрылымы болып табылады .

«Кәсіби даярлыққа» өзінің және ұжымның еңбегін ғылыми түрғыдан ұйымдастыра білу, даму келешегін  көре білу қабілеті, өз бетімен жұмыс  істей алу сияқты маңызды қасиеттер жатады [13, 10].

М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович кәсіби даярлықтың күрделі динамикалық қүрылымы бар екендігін айта келіп, оның төмендегідей компоненттердің жиынтығы екендігін көрсетеді:

-    мотивациялық (міндеттерді орындауға жауапкершілік,  борыш сезімі);

-  бағыттылық (іс-әрекеттің ерекшеліктері мен шарттарын, оның жеке түлғаға қоятын талаптарын білуі мен түсінуі);

-   операциялық  (әрекеттілік) іс-әрекет тәсілдері  мен жолдарын игеру, қажетті  білім, іскерлік және дағдылардың  бар болуы;

-    еріктілік  (өзін-өзі бақылау, өзін-өзі жүмылдыра білу, өз әрекетін басқара алуы);

-     бағалаушылық (өз дайындыға баға бере білу) .

Н.Д.Хмель түтас  педагогикалық процестің мәнінен  туындайтын даярлықтың мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық және процессуалдық компоненттерін бөліп көрсетеді .

Е.П.Белозерцев кәсіби даярлықты жеке түлғаның іс-әрекетке мотивациялық-қүндылық қатынасын білдіретін жеке түлғалық және ғылыми-теориялық білім мен кәсіптік іскерліктер кешенінен түратын процессуальдық компоненттердің көп жақты қүрылымы ретінде қарастырады.

А.Л.Денисов даярлықтың мотивациялық, теориялық, практикалық пен креативтивті компоненттерін (шығармашылыққа даярлық) бөліп көрсетеді .

Кәсіби даярлықты  қалыптастыруға байланысты ғылыми зерттеулерге талдау және заңгерлерді кәсіби даярлау  тәжірибесіне сүйене отырып, біз өз зерттеуімізде ақпараттық технологиялар арқылы заңгерлерді кәсіби іс-әрекетке даярлау қүрылымына мынадай компонештерді жатқызамыз: мотивациялық, мазмұндық-операциялық, рефлексиялық. Осы компоненттердің жиынтығы болашақ заңгерлердің кәсіби іс-әрекетке даярлығының мәнін ашып көрсетеді.

Мотивациялық  компонент түлғаның кәсіби бағыттылығын мен іс-әрекетке ынтасын анықтай  отырып, заңгердің маман ретіндегі  негізгі түлғалық сапалары мен қасиеттерін  қүрауға негіз салушы болып табылады. Мотивациялық компонент қүрамына табысқа қол жеткізу мотивтері, танымдық мотивтер, аффилиация мотивтері, кәсіби бағдар мотивтері жатады.

Табысқа қол  жеткізу мотивтері түлға белсенділігінің  детеминанттары ретінде қарастырылады, танымдық іс-әрекетте болмайтын мақсаттарға  қол жеткізу қүралы болып табылады (кең әлеуметтік мотивтер, сыртқы мотивтер, табысқа қол жеткізу мотивтері). Табысқа қол жеткізу мотивациясының негізін нәтижеге жетуге деген үмтылыс пен сәтсіздіктерден аластау қүрайды. Жүргізілген зерттеулер табысқа қол жеткізу мотивациясының деңгейі мен адамның өмірі және кәсіби іс-әрекеттіндегі жетістіктер арасында тығыз байланыстың болатындығын дәлелдеді. Табысқа қол жеткізу мотивациясы жоғары деңгейдегі адамдар өз ісінің табыстылығына неғұрлым сенімді болады, соған қажетті ақпаратты белсенді түрде іздейді, жауапты шешімдер қабылдауға дайын және ерекше жағыдайларда шығармашылық таныта алады (В.П.Каширин, Ю.В.Прошунина, В.А.Сластенин).

Танымдық мотивация  оқу мотивтерінің ішінде неғұрлым әрекет ететініне жатады, мүнда белгісіз жаңа білім танымдық іс-әрекет мақсатына сәйкес келеді. Танымдық мотивация кәсіби мотивация мен болашақ маман түлғасының кәсіби бағыттылығын дамытудың басы болып табылады.

Х.Хекхаузен  аффилиацияны күнделікті және фундаменталды  сипатқа ие әлеуметтік өзара әрекеттің  анықталған класы ретінде қарастырады. Генри А.Мюррей аффилиация мотивінің мақсатын адамдардың бір-біріне қуаныш сыйлауы және өзара ынтымақтаста болуы деп түсінеді. Сонымен заңгер іс-әрекетіндегі аффилиация мотивтері халыққа қүқықтық көмек көрсету және заң түрғысынан қолдау көрсетуге деген ынтаның болуы.

Кәсіби бағдар мотиві мамандыққа деген қатынас, оны  таңдау мотивтері өте маңызды  факторлар болып табылады, өйткені  олар кәсіби оқытудың табыстылығын қамтамасыз етеді.

Сонымен ақпараттық технологиялар арқылы заңгерлерді кәсіби іс-әрекетке даярлаудың мотивациялық компоненті ақпараттық технологияларға қызығушылықтың, дүрыс қатынастың болуымен, олардың кәсіби даярлықты қалыптастырудағы қажеттілігін түсінумен сипатталады.

-     Тарихи өткен құндылық қатынасқа қатысты мәселелер жөнінде өз пікірін білдіре және негіздей алады;

-   гуманитарлық  және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар  саласындағы негізгі ілімдермен  таныс, әлеуметтік маңызды мәселелермен       үрдістерді ғылыми сараптауға  қабілетті, түрлі кәсіби және  әлеуметтік қызметтерде осы ғылымдардың әдістерін қолдана біледі;

Информация о работе Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру