Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:56, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау;
2. Ақпараттық технологияларды қолдану барысындағы педагогикалық тәжірибелерді салыстыру.
Зерттеудің әдістері:
Озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыру, жинақтау, талдау, байқау, әңгіме, сұрақ – жауап және сауалдама жүргізу.

Содержание работы

Кiрiспе
1 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың негіздері
1.1 Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың мазмұны мен қазіргі жай күйі
1.2 Оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру барысында ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері
1.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың даярлығын қалыптастыру
2 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың бағыттары
2.1 Оқытудың ақпараттық технологияларын құру принциптері
2.2 Ақпараттық технологиялардың оқушылардың іс-әрекетін қалыптастырудығы рөлі
2.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың диагностикасы
Қорытынды

Файлы: 1 файл

9 Туленбаева А.doc.doc

— 275.00 Кб (Скачать файл)

-    адамның   адамға,   қоғамға,   қоршаған   ортаға  қатынасын  реттейтін  этикалық және қүқықтық нормаларды  біледі, экологиялық және  әлеуметтік  жобаларды әзірлеу кезінде оларды  ескере алады;

-   тірі   және өлі табиғат қоғамдық өмірдегі үрдістер мен қүбылыстар туралы бүтін үғымы бар , кәсіби қызметтерін орындау кезінде пайда болатын міндеттерді шешуге    қажетті деңгейдегі танымдық әдістерді түсінеді және игерген;

- шет тілдік  ортада оқуын жалғастыруға және кәсіби қызмет жүргізуге қабілетті;

-  салауатты  өмір салты туралы ғылыми түсінігі  бар, дене тәрбиесі тұрғысынан  өзш-өзі жетшдірудщ машықтары  мен дағдыларына ие;

-  ойлау мәдениетіне  ие, оның жалпы заңдарын біледі, оның нәтижелерін жазба және  ауызекі сөйлеуде дүрыс (логикалық) рәсімдеуге қабілетті;

-    өз  еңбегін ғылыми негізде үйымдастыра  алады, өзінің кәсіби қызметі  саласында қолданылатын ақпаратты  жинаудың, сақтаудың және өңдеудің  компьютерлік әдістерін игерген;

-  ғылымның  дамуы мен өзгермелі  әлеуметтік практика жағдайында жинақталған тәжірибені қайта бағалауға өзінің мүмкіндіктерін сараптауға қабілетті, қазіргі заманғы білім беру технологияларын қолдана отырып жаңа білімдер алуды біледі;

-  өзінің  болашақ кәсібінің мәнін және  әлеуметтік маңызын, өз қызметінің нақты саласын анықтайтын пәндердің негізгі мәселелерін түсінеді, білімдердің түтас жүйесіндегі олардың өзара байланысын көре біледі;

-   кәсіби   салада   жобалық қызметке   қабілетті,   жүйелік   сараптау  принциптерін біледі, түрлі күбылыстарды сипаттау және болжау үшін үлгілерді қүра және қолдана, оларға сапалық және сандық сараптауды жүзеге асыра алады;

- кәсіби қызметін  жүзеге асырумен байланысты мақсаттар  қоюға және міндеттерді   қалыптастыруға   қабілетті,   оларды   шешу   үшін   оқылған ғылымдардың әдістерін қолдана алады;

-      жұмыс жөнінде үжымдағы   әріптестерімен   бірігуге дайын, басқару әдістерімен  таныс, орындаушылардың жүмысын  үйымдастыра, қарама - қарсы талаптар  жағдайында басқару шешімдерін  таба және қабылдай алады; педагогикалық қызмет негіздерін біледі.

  Қазақстанның  тарихи тұлғаларын білу;

-   Қазақстанның  тарихи өткеніне қүндылық қарым-қатынас  мәселелері бойынша өз көзқарастарын  айта және негіздей білу.

Философия саласында:

-  дүниенің  философиялық, ғылыми және діни бейнесі, адам өмірінің мәні, адам   санасының   формалары   мен   оның   қазіргі   коғамдағы   көрінісінің ерекшеліктері туралы, рухани және материалдық қүндылықтардың арасалмағы, олардың адам өміріндегі, коғамдағы, өркениеттегі рөлі туралы үғым болуы;

-  тұлғаның  қалыптасу жағдайлары,  еркіндік  пен өмірді, мәдениетті, қоршаған  табиғи ортаны сақтау жауапкершілігі  туралы үғым болуы;

-   ғылым,  ғылыми сана мен оның қүрылымы, формалары және әдістері, ғылым,  техника  және  технология  жетістіктерінің  дамуы  және  оларды қолданумен байланысты әлеуметтік және этикалық проблемалар туралы үғым болу.

Қазақ (орыс) тілі саласында:

-      тіл мен сөйлеу арасындағы  айырмашылықтарды, ойды қалыптастыру  мен жеткізу қүрамы ретіндегі  тілдің қызметін білу;

-   қазақ  (орыс) әдеби тілінің нормаларын, жазба және ауыз екі сөйлеу ерекшеліктерін, әр түрлі іскер жанрлардағы мәтіндерді мүңдау ережелерін білу;

-     өз сөзін тілдік коммуникативтік  және этикалық нормаларға сәйкес  қүра білу;

-   нормалық, орындылық және мақсатқа лайықтының түрғысынан өз сөзін сараптай,    өзінің   жазбаша   және   ауызша   сөзіндегі   қателіктер   мен жетіспеушіліктерді жоя білу;

-     қазақ (орыс) тіліндегі сөздіктерді  колдана алу. Шетел тілі саласында: 

- шетел тілінде  қарым-қатынастың қарапайым дағдыларын игеру.

Информатика саласында:

-     қазіргі әлемдегі информатиканың  орны мен рөлі туралы үғым  білу;

-      ЭЕМ көмегімен есеп шешудің  басты кезеңдері, ақпаратты жинау,  өңдеу,

-   сақтау, беру және жинақтау әдістері  мен қүралдары туралы үғым  білу;

-   ептеу  техникасын бағдарламалық және  аппаратты қамтамасыз ету туралы, компьютерлік желілер және ақпаратты  өңдеудің мәлім технологиялары  туралы, ақпаратты қорғау әдістер  туралы ұғым болуы;

-    ақпаратты  автоматты өндеудің басты үғымдарын  білу, жеке ЭЕМ мен есептеу жүйелерінің жалпы құрылымы мен құрылымы туралы білу;

-   базалық  жүйесі бағдарламалық өнімдері  және қолданбалы бағдарламар  пакетін білу;

-     оқылған қолданбалы бағдарламаларды  пайдалана білуі тиіс. Дене тәрбиесі  саласында:

-   адамның  жалпы мәдени, кәсіби және       әлеуметтік дамудағы дене тәрбиесінің ролі туралы үғым білу, салауатты өмір сүрудің негіздерін білу;

-   дене  тәрбиесі - спорттық қызметті денсаулықты  нығайту, өмірлік және кәсіби  мақсаттарға жеткізу, дене тәрбиесінде  өзін-өзі анықтау үшін пайдалана білу.

  Педагогикалық әдебиетте рефлексия әр түрлі бағытта қарастырылады. Рефлексия - субъектінің психикалық акты мен күйлерді өзінше талдау және

тану процесі. Рефлексия индивидтің өз санасындағы  өзгерістер туралы ойлану процесі деген  түсінік философияда қалыптасты. Рефлексия бірде индивидтің өз ойларының мазмүнына шоғырландыратын қабілетпен теңестіріледі [Р.Декарт], бірде оны ішкі тәжірибемен, білімнің ерекше көзімен теңестіріп, түйсіктен, сыртқы дүниеден бөле-жара [Дж.Локк] қарастырады.

Рефлексия әлеуметтік психологияда әрекеттегі субъектіні басқа  индивидтер мен қауымдастық қалай  қабылдайтынын, бағалайтынын үғынудың түрі іспеттес. Рефлексия адамның  өзі туралы білім және түсінік  қана емес, өзгелердің өзіне деген  көзқарастарының қандай екенін анықтау. Бірлескен қызметтің мазмүны туралы түсініктер үйлесіп жатса, онда рефлексияның ерекше түрі - заттық-рефлексиялық қатынастар қалыптасады. Соңғы күрделі жағыдайда рефлексияның мынадай белгілері білінеді: субъекті кім деген нақты сипат; субъектінің өзін-өзі байқауы; субъектінің біреулерге көрінуі.

Сонымен рефлексия  деп біз заңгердің өзін кәсіби іс-әрекетін оның субъектісі ретінде  ой елегінен өткізудегі санасының бағыттылығын айтамыз. Рефлексиялық компонент кәсіби рефлексиялық сапаларды дамыту негізі болып табылады, оған өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тану, өзін-өзі бақылау жатады.

 Рефлексия жақсы дамыған. Өзіне сын көзбен қарай алады. Өз іс-әрекетіне дұрыс баға бере біледі. Өзін танып-білуге, өзін көрсетуге, өз мүмкіндігін танытуға ынтасы жоғары.

Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ заңгерлерді кәсіби іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру деңгейін жалпы біз былай анықтайтын боламыз:

-      қалыптаспаған (егер бір көрсеткіш  төмен деңгейде болса);

- орташа деңгейде қалыптасқан (көрсеткіштер орташа деңгейге сәйкес келеді);

-    жоғары  деңгейде қалыптасқан (көрсеткіштері  жоғары деңгейде).

 

 

2 Ақпараттық  технологиялар арқылы оқушылардың  сауаттылығын қалыптастырудың   бағыттары

2.1 Оқытудың  ақпараттық технологияларын құру  принциптері

 

Бүгінгі таңда  білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану, ақпараттық технологиялар арқылы мамандардың даярлығын жетілдіру бойынша орындалған зерттеулер баршылық. Оларды бірнеше бағыттарға бөліп көрсетуге болады:

-   оқу  орындарында информатика пәнін оқытуды жетілдірудің әдістемелік жүйесі жасау (Е.Ы.Бидайбеков, Г.Д.Жангисина, С.К.Кариев, т.б.) [13];

-  білім   беруді   ақпараттандыру,   оқыту  үрдісінде   жаңа  ақпараттық технологияларды  пайдалану (К.Ж.Аганина, А.Ж.Арыстанова, Е.Балапанов, Б.С.Гершунский,     С.Р.Доманова,     Қ.Қабдықайырүлы,     Ж.А.Қараев, Ш.Х.Қүрманалина, Е.И.Машбиц, В.М.Монахов, Г.К.Нүрғалиева, Е.С.Полат, С.С.Тауланов, т.б.) [14].

- жоғары және арнайы оқу орындарында білім беруді ақпараттандыру арқылы мамандар даярлау сапасын арттыру, болашақ мамандардың кәсіби біліктерін жетілдіру, ақпараттық бағыттылығын қалыптастыру, болашақтағы практикалық іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдалануға даярлау (Б.Әбдікәрімүлы, Г.С.Базарбаева, Б.Т.Барсай, Ж.Ж.Джанабаев, В.В.Егоров, М.С.Мәлібекова,       А.К.Мынбаева,       Л.В.Нефедова,       Қ.А.Сарбасова, Г.О.Тәжіғүлова, А.Э.Титовицкая, Л.А.Шкутина, т.б.) [15];

- ақпараттық  технологиялар арқылы оқушылардың зерттеу қызметін, болашақ мамандардың ақпараттық және зерттеу мәдениетін қалыптастыру (Р.Ч.Бектұрғанова,      Г.Г.Воробьев,      Н.Ғ.Даумов,      Д.М.Джусубалиева, С.Н.Лактионова, Ш.Таубаева, т.б.) [16];

-  қашықтан   оқытуды   технологиясы,   электронды   оқу-әдістемелік кешенді   жасау   проблемаларына   арналған   зерттеулер   (Е.Аленичева, М.А.Винницкая,        Е.Г.Гаевская,       Д.М.Джусубалиева,        Е.С.Полат, В.П.Тихомиров, Т.Г.Целуйкина т.б.) және т.б.

Аталған мәселелер  оқытудың ақпараттық технологияларды құру принциптерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.

1-Кесте  - Ақпараттық технологияларды құру принциптері

Оқытудың  ақпараттық технологияларын құру принциптері

Ақпараттық  технологиялар мазмұнын таңдап алу  принциптері

Ақпараттық технологияларды  құру принциптері

1. Көрнеклік

1.Бағдарламалық  оқыту принципі

2. Жүйелілік  пен бірізділік

2. Оқу материалын шағын бөлімдерге бөлу

3. Түсініктілік

3. Орындалған жұмыстың нәтижесін дер кезінде шығару

4. Беріктік

4. Оқыту қарқынын  дербестендіру

5. Саналылық  пен белсенділік

5.Қиындықтың  біртіндеп өсуі

6. Ғылымилық

6. Білімді жеке  бекіту

7. Теория мен  практика байланысы

7. Құрал-жабдықтармен  оқуды

ұйымдастырудың бірегейлігі


 

 

  

Электронды  оқулықтың автоматтандырылған оқу  процесі, ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа қүралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әртүрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, үсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі. Электронды оқулықтар бүл дәстүрлі оқулықтардың мәртебесі мен ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін біріктіретін жаңа буын әдебиеттері болып табылады.

Электронды  оқулықтың жетістіктері мыналар  болып табылады:

-    шүғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;

-   дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін қажетті ақпаратты тез табуға көмектеседі;

-   гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;

- қысқа мәтіндермен қатар - көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т.с.с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);

- әрбір студентке дербестік түрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

- белгілі бір  бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады [18]. Сонымен бірге олардың студештердің өзіндік оқу іс-әрекетін дамытуда

атқаратын ролі ерекше, атап айтсақ:

-  оқу жүйесін  жобалауда, сабақққа дайындалу  барысында және оқытудың мақсатына сәйкес оқу материалын таңдап алуда, дидактикалық материалдарды қүрастыруда оқу еңбегін жеделдетеді және оңтайландырады;

-  оқу іс-әрекеті студенттер үшін қызықты, әртүрлі ойын түрінде (іскерлік, бақылау-тесті, т.с.с.) іске асырылады;

- студенттердің ақыл-ой күшінің неғүрлым аз жүмсалуын көздейтін эргономикалық талаптар қамтамасыз етіледі;

-   нақты объектілерді машина арқылы имитациялау мүмкіндігі туады;

-  ақпаратты    гипермәтіндер    мен    мультимедиялар    арқылы    беру пайдаланылады;

-   достыққа   негізделген    интерфейсті    қүру,    оқушылардың   дербес ерекшеліктерін есепке алу арқылы жүмыс істеуге қолайлы жағдай жасалады;

-   көлемді  ақпараттарды сақтаудың қарапайымдылығы  қамтамасыз етіледі;

-  экологиялық талаптар іске асырылады.

Сонымен бірге электронды оқулықтар оқу үрдісін үйымдастыруда қолайлы болып табылып, оқулықтың авторы мен оны пайдаланушы студенттердің арасында өзара тығыз байланысты орнатуға мүмкіндік береді. Студенттер үшін олар өздігінен білім алудың қайнар көзі болып табылады, әрбір студент дербес компьютер арқылы кез келген уақытта білімін өздігінше толықтыруға, өзін-өзі бақылауға, білімін тексеруге және аралық, кезектегі, қорытынды бақылауларға дайындалуға мүмкіндік алады.

Бүгінгі таңда  оқу орындарында электронды оқулық мақсаттан нәтижеге жетуде автоматтандырылған оқыту процесі ретінде, ал, екінші жағынан - ашық әдістемелік жүйе ретінде қолданылады.

Біраз жылдар бүрын  электронды оқулықтар педагогика ғылымында  жаңа қүбылыс болып есептелінген. Ал бүгінгі күні ақпараттық педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану көптеген ғалымдардың зерттеу пәні болып, білім беру жүйесінде электронды оқулықтар, электронды-білім бағдарламалары, электронды-педагогикалық жүйелер (Г.Б.Ахметова, Р.Ч.Бектүрғанова, Ө.З.Иманғожина, Ш.Х.Қүрманалина, Ф.Лагедер, Г.Қ.Нүрғалиева,), электронды кітаптар (В.А.Каймин, Т.Дубнищева, А.Мицель, М.Веретенников) , электронды картотекалар (М.В.Жайворонок) , гипермәтіндік жүйелер (Л.Д.Орлова, А.Н.Дрога), мультимедиа кеңістігіндегі электронды оқу курстары (Н.И.Лобова, В.О.Николаев, О.Околелов, Т.М.Полякова, Д.С.Суслов), on-line режимі кезіндегі оқыту процесі (Н.А.Полянских және т.б.)  кеңінен қолданылуда.

Информация о работе Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру