Баланын зейінін тәрбиелеу оны тәрбиелеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2015 в 11:16, курсовая работа

Описание работы

Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу
заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-
салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.

Содержание работы

I.КІРІСПЕ................................................................................................. 3

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Зейін туралы ұғым ..............................................................................4-12
2.2. Зейіннің түрлері, қасиеттері...............................................................13-16
2.3.Баланын зейінін тәрбиелеу оны тәрбиелеу жолдары..................... 16-21

III.Қорытынды........................................................................................... 21-22


IY.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................23

Файлы: 1 файл

зейін құлынгараевам.doc

— 131.00 Кб (Скачать файл)

 

МАЗМҰНЫ

I.КІРІСПЕ................................................................................................. 3

 

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Зейін туралы ұғым ..............................................................................4-12

2.2. Зейіннің түрлері, қасиеттері...............................................................13-16

2.3.Баланын  зейінін  тәрбиелеу оны тәрбиелеу  жолдары..................... 16-21

 

III.Қорытынды........................................................................................... 21-22

 

 

IY.ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

КІРІСПЕ

         Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу

заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-

салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның  даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген  жері ежелгі Грекия.

Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым»,

«ой» деген гректің екі сөзінен тұрады.

Қазіргі кезеңде психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларымен сәйкес болуға тиіс. Еңбек іс-әрекетінің нәтижелігі, білім беру, өнімінің дамуы, денсаулық сақтау және қарым-қатынас жүйесін жақсарту сияқтылардың барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді, Тұлғаның даралық ерекшелігі бағдарламаның білім беру жүйесіндегі бір бағыты.

       Баланың зейін ерекшелігі  қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы балалардың оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік психология мен жалпы психология аймағында қарым-қатынас және зейін проблемасы жан-жақты қаралады.

А.А. Леонтьев «Қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекетке    теңейді. В.А. Кан-Калик қарым-қатынасты адамгершілік құндылықтармен байланыстырады. Әйгілі ғалым И.Н. Ланге зейінді объективтілік актісімен байланыстырды, Т.А. Рибо өзінің ерікті зейін мен қиялдың қозғалыс теориясында зейіннің түрлерін зерттейді.

В.Вундт сана мен зейінді байланыстырады. Дегенмен, әлі де жеткіліксіз жақтары көп. Әсіресе қарым-қатынас пен зейін қасиеттерінің байланыстары қаралмаған.

Зейін өзіндік психикалық процесс болып саналмайды, ол тек адамның психикалық іс-әрекетінің компоненті ретінде болады. Зейінді іс-әрекетте әр түрінен зерттей отырып біз оның бірліктегі мазмұны мен формасының шоғырлану құрылымын түсінеміз.

Іс-әрекетте зейіннің мазмұнды болуының нәтижесінде оның қасиеттерінің динамикалық - ерекшеліктері мен функцияларының көпжақты байланыстары пайда болады.

Зейін - бұл адамдардың іс-әрекет процесі мен олардың өзара қатынасының шоғырлануына бағытталғак.

Өз көріністерінде қарым-қатынас айналадағылармен байланысқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады.

Қарым-қатьнас - екі немесе оданда көп адамдардың қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.

                                         НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

             Психикалық құбылыстардың ішінде зейіннің алатын орны ерекше. Ол

дербес психикалық процесс болып табылмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның іс-әрекетіне, таным процесіне қатысады.

Зейін – психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар, ғасырлар бойы

жалғасып келеді. Ғалымдардың бірқатары «зейін тәуелсіз процес ретінде ӛмір

сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық процестің немесе адам іс-

әрекетінің бір жағы ретінде кӛріну» деп тұжырымдайды. Басқалары зейінді

тәуелсіз процес, өзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физиологиялық өзін басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным процестерінің міндетін атқаруын, динамикасын және психикалық ахуалдың ерекшеліктерін  қарастырғанда маңызы бар екенін айтады. Зейін – сезім мүшелері арқылы бір  ақпаратты іріктейтін, басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) процесс.

 

 

         Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын

көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бӛліп алып, соган психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикадан есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.) Оқушы есептің

шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп

шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.Осындай түрлі кезеңдере бала  психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның

нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай ете алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».

Зейінсіз айналадағы нәрсені қабылдау, түйсіну мүмкін емес. Өйткені

адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді,

бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жӛнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардан дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, санадағы ерекше сипаты болып табылады.

Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте

түсуге не оны бӛліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды

сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал кӛрші кластан естілген ән-күй сабақ

тыңдап отырған баланың зейінін тӛмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де

зейінге түрліше әсер етіп отырады.

Зейіннің физиологиялық механизмі ӛте күрделі. Оның негізі - нерв

жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми

қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп

аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық

формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді

сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады.

Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі. Ми алаптары жұмысының  реттеліп (қозып, тежеліп) тұруы нәтижесінде әр қилы психикалық әрекет жүзеге  асады.

Әр түрлі импульстер жоғарыдан (ми қабығынан) төменгі ми алаптарына

(ми бағанасы т.б.) келіп, оларды  ӛзіне бағындырады. Бұл - төмендеуші

ретикулярлық формация деп аталады. 1958-1960 жж. АҚШ ғалымы Г.Мэгун,

Италия ғалымы Моруций импульстардың тӛменнен жоғары ми алаптарына

жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеді. Мұны - өрлеуші

ретикулярлық формация дейді.

Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің

өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.И. П. Павлов, егер ми

қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәсерлер туралы ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).

Физиолог, ғалым А.А.Ухтомский ми қызметінің заңдылықтарын зерттей

отырып, доминанта принципі жӛнінде ілім жасады. Сыртқы дүниенің көптеген  тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға кӛбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған.

      Доминанта - латынның доминанс деген сӛзі, қазақша үстемдік ету деген

мағынада. Бұл принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір

алабындағы қозу күшейіп, өзге алаптардың қызметіне үстемдік етеді. Сӛйтіп

жаңадан пайда болған қозу ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды ӛзіне

бағындырып, нерв жұмысын күшейте түседі. Мидың осы күшті қозғыш алабы  қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін ӛзіне тартып альп отырады. Осыдан  мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле  оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Доминанта  принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын  адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен кӛруге болады.

Зейінділік сондай-ақ адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір  нәрсеге зейін салғанда қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол  нәрсеге қарай бағытталады.

А.А.Ухтомский өзіне дейінгі ашылған нерв орталықтарының жұмыс

принциптері рефлекторлық реакция орталықтары ара қатынасының

үйлестік маңыздылығын түсіндіре алмайтындығын айтты, себебі олардың

мазмұнында реакцияның таңбалық бағасы, яғни таңбалы процесті бейнелейтін  жүйенің тарихының жоқтығы. Ағзаның жұмыс қабілетін нақ сол таңбалы  реакциялар жоғары және тұрақты қамтиды: жаттыгулар, белсенді демалыс, ойлау, шығармашылық әрекет содан көрінеді. Осы айтылған доминанта  ілімінің аумағы ешқандай авторлардың назарында болмаған, ал А.А.Ухтомский  құрған еңбек физиологиясы лабораториясында осы мәселе тәжірибе жүзінде  және теориялық тұрғыда дамытылып келді. Ол доминантаны жалпы маңызы  бар жұмыс принципі ретінде қарастырды. Соның нәтижесінде доминанта  жүйесін қарастырушы фактор ретінде А.А.Ухтомскийге көптеген күрделі  сұрақтарды: мидың интеграциясын және тұтастығын ғана емес, қылықты да, жеке адамның рухани өмірінде, жалпы адамзатты тұтастай - психология және  социология денгейінде шешуге кӛмектесті. Осы айтылғандар  А.А.Ухтомскийдің жекелік сапасында өзінің зерттеулерімен  қызығушылықтарын жалпы адамзат міндетімен ұштастыратынын  дәлелдейді.

А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың

"Қозудың оптимальдық  алабы" дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.  И.П.Павловтың оптимальдық козу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын  физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.

А.А.Ухтомский доминантаның психологиясы мен физиологиясының

ара қатынасын тӛмендегіше түсінді: бір жағынан сана өз әрекетін кортикалдық  доминанта негізінде орындайды, ал басқа жағынан сананың жемісті жұмысын   қамтитын рецепциялардың, әсерлердің бағыттылығын, сипатын өңдейтін  доминанталарды тәрбиелейді. Доминанта - орталықтар арасындағы теңдіктің  бұзылуын көрсетеді. Ол өзінің бағыттылығымен ағзаны жаңа мүмкіндіктермен  толықтырады.

Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені

онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай»

жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап - ми қабығының

творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жӛнінде

И. П. Павлов былай дейді: «Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды

байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда

болатын жері жаркылдап кӛрінсе, біз ойлап отырған саналы адамньгң ми

сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз

жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін  алып жатқан азды-көпті қара кӛлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді». Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта  келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің  күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы  болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың баска  бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.

Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған

объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал

жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми

қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп

отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта

болатынын жақсы көрсетеді.

Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың,

көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т. б.) жақсы көрінеді.

Информация о работе Баланын зейінін тәрбиелеу оны тәрбиелеу жолдары