Баланын зейінін тәрбиелеу оны тәрбиелеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2015 в 11:16, курсовая работа

Описание работы

Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу
заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-
салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.

Содержание работы

I.КІРІСПЕ................................................................................................. 3

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Зейін туралы ұғым ..............................................................................4-12
2.2. Зейіннің түрлері, қасиеттері...............................................................13-16
2.3.Баланын зейінін тәрбиелеу оны тәрбиелеу жолдары..................... 16-21

III.Қорытынды........................................................................................... 21-22


IY.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................23

Файлы: 1 файл

зейін құлынгараевам.doc

— 131.00 Кб (Скачать файл)

Зейіннің аударылуы - деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды

әдейі ауыстыруды айтады. Зейін аударудың ауытқудан айырмашылығы, оның саналы түрде болатындығында. Зейін аударғанда адам алдына басқа бір

нәрсемен шұғылдану немесе тынығу мақсатын қояды. Физиологиялық

тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті  көбінесе нерв процестерінің ӛзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа  жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші  біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады.

Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне де байланысты. Зейінді күшті

тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын  оңайлату үшін әрбір нәрсенің қажеттілігі мен қызығуды жандандыру қажет.

Айналысқан істің нәтижелі орындалуы, зейіннің қасиеттерінің бір-бірімен

тығыз байланысты және олардың іс-әрекет кезінде өзара үйлесімді болуына

тәуелді болып отырады.

БАЛАНЫҢ  ЗЕЙІН  ЕРЕКШЕЛІГІ  ЖӘНЕ  ОНЫ  ТӘРБИЕЛЕУ - ЖОЛДАРЫ

Баланың зейін  ерекшелігі және оны тәрбиелеудің негізгі құралы ойын болып табылады. Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде ойынның төрт түрде сипатталуы: сюжетті рольдік, ережелермен ойын, бейнелік-рольдік, режиссерлік. Коррекцияда ойынның үшінші және төртінші түрі қолданылады. Балалармен жүргізілетін түзету жұмысы үш кезең жорамалында. Алдымен балаға бейнелік-рольдік ойын  көмегімен режиссер көзқарасты ұстауға көмектесу қажет, аффектілі мінез-құлықты балалар өздерінің жекедаралық ерекшеліктеріне қарай режиссерлік рольді ойнай алмайды. Олардың енжарлығы ойынды түсінуінің төмен деңгейі заттарды қарапайым ғана басқаруға алып келеді. Сондықтан ойындағы бейнелік-рольге енгізерде балаға қандай көзқарас ұстанатынын айту маңызды, бұл әртүрлі заттармен ойыншықтарды басқаруға көмектеседі. Осы кезеңде баланы сюжет ойлап табуға үйрету қажет. Ойында бала тек рольді ғана алмайды, күшті, әлсіз, батыл, қу адам бейнесіне енеді, бұл рольдер баланы сенімді сезінуіне көмектеседі.

Зейінді  дамытуға  арналған жаттығулар.

Зейіннің ауысу қабілетін дамыту жаттығуларын балаға естіртіп бірнеше сөз тіркестері айтылады. Мысалы: ойынның шартындағы келісім бойынша үстел, төсек, қой, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, торғай, шанышқы, т.б. тәрбиешінің айтқан сөзін зер салып тыңдап отырады. Мысалы: жануарларды білдіретін болса, жануарлардың атын естіген сәтте алақанын шапалақтау керек. Бала қателесіп кетсе сөздерді қайталап анық айтсын. Ойынды екі рет қайталағанда уәде бойынша өсімдікті сипаттайтындай болуы керек.

келесі  вариантында 2 бөлімді қосып өткізуге болады. Яғни жануарлар туралы айтқанда орнынан тұрады. Осы сияқты жаттығулар ұйымдастыру.

Баланың зейінін тез ауыстыруға, жылдам шоғырландыруға, бір мезгілде бірнеше объектіге бөлуге, зейінді дамытуға арналады.

Бала зейінін  түзету бағдарламасы.

1 бөлімінде /дәлелдік –диагностика 5-6 сабақ/.

2 бөлімінде /қалыптастырушы 20 сағат/.

3 бөлімінде /үзбей қуаттаушы 10 сағат/.

Алғашқы екі бөлімінде педагогтардың өздері дайындық ретінде өткізсе, соңғы 3-ші сабақта ата-аналарымен бірлікте өткізеді немесе 3 бөлімінде педагогтар мен психологтар бірлесіп өткізеді.

Әлеуметік жағдайы мен педагогикалық тәрбиеде қараусыз кеткен балардың зейінін дамыту түзету жұмысы екі бағытта өтеді.

Зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту.

Баланың ырықты зейіні арқылы жеке басы мен ерік сапасын қалыптастыру  арқылы зейін қасиеттерін жетілдіру.

1 бөлімде.

Мақсаты:

баланың зейін деңгейін анықтау.

Психологтар мен мұғалімдердің жүргізетін жұмыстарындағы оқушының бастапқы зейінділік деңгейін дәлелді қалыптастыру.

Әр сабақ 20-30 минут ұзақтығы баламен жеке өтіледі.

1 сабақ.

Мақсаты: Бала зейінінің тұрақтылығы көлемі, шоғырлануы алаң болуы сияқты қасиеттерін ажырату үшін жеке бақылау ұйымдастырылады.

Тапсырма:

Бұлшық етті босаңсытуға арналған

«Мен сияқты жаса».

«санайық»

сабақ қорытындысы көңіл-күйге назар аудару.

Зейін қоюды дамыту жаттығулары.

Сабақ өткізу үшін екі жұп суреттер жинағы бір-бірінен 10-15 айырмашылықтары бар және бірнеше анықталмаған суреттер мен мазмұны қисынсыз бейнелерді, жартылай боялған суреттер дайындалады.

1-ші тапсырмада бейнелерді бір-бірімен  салыстыру өзара айырмашылықтарын  тауып беруін талап етесің.

2-ші тапсырмада бейнелерді көрсетіп, не жетіспейді, суреттің қай бөлігі  жетіспейді немесе суреттегі  қисынсыздықты көрсетуін талап етеді.

3-ші тапсырмада жартылай боялған  суреттерді алып, екінші жартысын  тура солай етіп бояу талап  етіледі. Осы үш тапсырманың нәтижесін  бағалағанда айырмашылық тапты, суреттегі заттардың жетңспеген  бөліктерінің жалпы саны қанша, қисынсыз суреттер бар немесе дұрыс боялмаған суреттің жалпы саны да есептеледі.

                                 Жаттығулар.

Оқып, санай алатын балаларға 5 қатар етіп ретсіз жазылған әріптер тіркесін ұсынып, әр қатардағы әріп тізбегінің ішінде кездейсоқ ұшырасқан сөздерді оқиды да оның астын сызып қояды. Бұл сөздер 2-3-4-5 әріптен құралған болуы мүмкін. Әріптер мен сөздерді анық етіп қолмен немесе машинамен жазуға балаларды қызықтыру үшін күлдіргі сөздерді жазуға болады. Нәтижесін қорытындылау сөзді табу жылдамдығына және табылған сөздің санына қарай бағытталады.

           Зейіннің тұрақтылығын дамытуға  арналған жаттығулар.

Бала зейінінің тұрақтылығын дамыту үшін газет-журналдан қысқаша жеңіл балаға түсінікті бір шумақ үзінді алып, әр жолды оқып отырып осы сөйлемдегі «а» дыбысының астын сызып, санап шық деп тапсырма беріп уақытты белгілеп, жазу таңбаларының қанша қате жібергенін қадағалау керек.

Зейіннің бөлінуі мен ауысуына жаттығу жасау үшін берілетін нұсқауда өзгеріс болады. Мысалы: әр қатардағы «а» әрпін сызып тастап, «б» әрпінің астын сыз немесе «а» әрпінің алдында «н» әрпі тұрса «а»ны сызып таста, «а» әрпінің алдында «л» әрпі тұрса «ә» әрпінің астын сыз. Мұнда да жіберген қателігі мен уақыттың ұзақтығы есепке алынады. Мұндай дамытушы жаттығуларды жарыс түрінде өткізу керек.

        Ырықты зейінді дамытуға арналған жаттығулар.

 Балаға бір парақ таза  қағаз бен түрлі-түсті қарындаштар  беріліп, бірінен соң бірі он  үшбұрышты суретін салу талап  етіледі.

 Осы суретті салып біткен  соң балаларға тапсырманы бір-ақ рет беріледі деп қатаң ескертіп айтады да «зер алып тыңда 3,7,9 үшбұрышты жіңішке қызыл қарындашпен жіңішке сызықтар түсір» деп ұсыныс жасап, бала, әрі қарай не істеймін деп сұраса, өзіңнің түсінігің бойынша жаса деп айту керек. Егер бала тапсырманы бірден түсініп, дұрыс орындаса бұдан да күрделірек тапсырманы орындауға болады.

    Зейіннің бөлінуін дамытуға арналған жаттығулар.

Егер бала кері санай білетін болса, 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 деп санай отырып, жалпы дамыту жаттығулары еңкею, отыру, бұрылу сияқты қарапайым жаттығуларды орындату керек. Мұны жылдамырақ орындатуға немесе жаттығусыз санауға болады. Қателік санын уақытты есептеуге болады.

Сан білетін балалар үшін зейіннің бөлінуін жаттықтыру үшін мынадай жаттығу жүргізуге болады. 25 тор көзге ретсіз бірден 35-ке дейінгі сандар жазылған , соның ішінде 10 саны жоқ, бала қарап тұрып, қай санның жоқ екенін тез ауызша айтса, тәрбиеші жазу арқылы санап тұрады.

«Бұзылған телефон» ойыны.

Мақсаты: зейінді дамыту.

Топта балалар  қалауы бойынша бір жүргізуші таңдалады. Жүргізушіге топтағылар теріс қарап тұрады, ешкім оған  қарамайды. Жүргізуші балалардың біреуіне жасырын түрде (оны өзі ойдан шығарады) бір кейіпті көрсетеді де өзі  шетке шығып кетеді. Бала, көрген кейіпін басқа балаға көрсетеді. Осылай жалғасып кете береді. Барлық балаға кейіпті көрсетіп болғаннан кейін, барлығы шеңбер бойына тұрады алдымен ойынды  аяқтаған бала өз кейпін көрсетеді соңында жүргізуші өзінің кейпін, және көрсетеді. Бірінші  кейіп пен соңғысы салыстырылады.

« Түгендеу-шатастыру» ойыны.

Мақсаты:  еріксіз зейінді дамыту.

Жүргізуші сол жерде отырған балалардың аты мен тегін қате айтады. Балалар зейін қойып, мұқият тыңдап отырады. Тек қана атымен тегін дұрыс айқанда ғана алға шығады.

Егер кімде-кім қателессе ойыннан шығады, айыбын төлейді (жұмбақ,жаңылтпаш,әзіл өлең).

«Не өзгерді?» ойыны.

Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

Ойынның шарты:

Үстелдің үстіне бірнеше зат я болмаса кішкентай ойыншық қойылады. Балаға үстелде тұрған ойыншықтарды есінде сақтау ұсынылады, содан кейін «көзіңді жұм» – деп нұсқау беріледі, осы кезде жүргізуші ойыншықтардың біреуін алып тастайды да қай ойыншықтың жоғалғанын табу ұсынылады.

Осы ойынның басқа нұсқасы ретінде; келесі тапсырма  заттардың орналасуының өзгергенін табу болып табылады. Ойыншыларға үстелдегі заттардың қандай тәртіппен орналасқанын есінде сақтау ұсынылады, ал кейін ойынды жүргізуші бірнеше заттың орнын ауыстырады да не өзгергенін табу ұсынылады.

Егер бұл ойын балаларға тым қиын болса, онда сөзбен бірігіп айту тәсілі қолданады.

 “Түймелер» ойыны.

Мақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.

 

Ойынның шарты:

Әрбір ойнаушының алдында бір-бірден  түймелер жиынтығы және ойын алаңы болады. Ойын алаңы тор көзге бөлінген төртбұрыштан тұрады. Төртбұрыштың ішінде тор көздер неғұрлым көп болса, және неғұрлым түймелер көбірек пайдаланылса, соғұрлым ойын күрделі болады.  Ойын төрт тор көзден тұратын ойын алаңы мен үш түймеден басталады. Бірінші ойыншы өзінің ойын алаңында үш түймені қойып шығады. Екінші ойыншы түймелердің орналасуын яғни қайсысы қайда тұрғанын есінде сақтайды, осыдан кейін бірінші ойыншы өз ойын алаңын қағазбен жауып қояды, ал екінші ойыншы өзінің түймелерінің арасынан керектерін таңдап алып өз ойын алаңында тура сондай етіп қойып шығуы қажет. Түймелер саны және ойын алаңындағы тор көздер біртіндеп кемиді.

Балаға ол үшін күрделі міндеттің шешілуін жеңілдету үшін бос төркөздердегі түймелердің орналасуын баламен бірге сөзбен айтып отыруға болады: «Үлкен қызыл түйме – сол жақ бұрышта, кішкентай қара түйме ортасында, ал сары түйме оң жақ бұрышта». Осылай етіп ауызша айту баланың мақсатқа шоғырлануына көмектесіп, оның шешімін табудың жолын ашады.

Керекті құралдар: түрлі түсті 12 түйме, түйме 4,6,9 тор көзден тұратын ойын алаңы.

ҚОРЫТЫНДЫ

          Зейін балалардың оқу үрдісіндегі, қоғамдық жұмыстардағы міндеттердің       орындалуына байланысты барлық  іс-әрекеттің эффективтілігін жоғарлатады. Зейіннің пәні болып табылатын  барлық нәрсе анық қабылданып, меңгеріліп, жақсы есте сақталады. Ол сыртқа бағытталған көрініс сияқты, адамның ішкі жан дүниесіне де бағытталуы мүмкін. Зейін - бұл сананың сол немесе басқа заттарға, көріністерге бағытталуы, шоғырлануы. Атақты педагог К.Д Ушинский зейінді біздің басымыздағы білім қорымызды ашатын есік деп айтқан. Зейін субъективтік және объективтік себептердің бірлігіне негізделген. Осы себептердің әрекетіне байланысты ол еріксіз болуы мүмкін, яғни, адамның саналы, ерікті, бағыттылы ниетінен басқа. Сондай-ақ қызығушылықтың ықпалымен іс-әрекет үрдісінде пайда болатын ырықтыдан кейінгі зейін бар.Бала қабілетті бір уақытта 4-6 әр түрлі объектілерді қабылдайды; толық тұрақтылық 15-20 минут сақталады, 1 секундтың ішінде 3-4 рет зейінді аударуға болады.

Сондықтанда зейін мәселесі тұлға мәселесінің аймағына да қатысты -бұл фигураның фоннан жай ғана бөлінуі, адамдар арасындағы қарым-қатынас тәсілінің сипаты емес.

Зейін материалдық әлемнің қандай да бір спецификалық формасы болып табылмайды, керісінше адамның маңызды психикалық іс-әрекетінің шарты, оның мақсатқа бағыттылығы мен артықтығы ретінде алға басып, адам іс-әрекетінің өнімділігі мен жемісті ағымына себепші болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР

1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. А., 2005,204-216б.

2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.

3. Жұмасова К.С. Психология. Астана, 2006,161-172б

4. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.

5. Джакупов С.М. Психология познавательной  деятельности. А: Изд__

6.Леонтьев А.А. Психология общения М.: 2005. с. 46-67, 159-199,

7.Бодалев А.А. Личность и общение М.: Педагогика1983. с. 21-54.

8.Возчиков В.А, Общение и коммуникация НИЦ БиГПИ 2000.

9.Станкин М.И, Психология общения Воронеж: 2000. с. 304-310.

10.Андреева Г.М. Социальная психология   М.: Аспект Пресс 2004.

 

 


 



Информация о работе Баланын зейінін тәрбиелеу оны тәрбиелеу жолдары