Баланын зейінін тәрбиелеу оны тәрбиелеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2015 в 11:16, курсовая работа

Описание работы

Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу
заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-
салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.

Содержание работы

I.КІРІСПЕ................................................................................................. 3

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Зейін туралы ұғым ..............................................................................4-12
2.2. Зейіннің түрлері, қасиеттері...............................................................13-16
2.3.Баланын зейінін тәрбиелеу оны тәрбиелеу жолдары..................... 16-21

III.Қорытынды........................................................................................... 21-22


IY.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................23

Файлы: 1 файл

зейін құлынгараевам.doc

— 131.00 Кб (Скачать файл)

Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Ӛйткені, осы айтылғанға  біршама ұқсас сыртқы кӛріністерді өмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан да, кейбір мұғалімдер сыныптағы оқушылардың кескініне карап, бір дегеннен  баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі.

2. Зейіннің түрлері.

Зейін ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.

Ырықсыз зейін. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ

біздің назарымызды өзіне тартады. Күшті, ерекше, қатты, күтпеген

тітіркеңдіргіш ырықсыз зейін тудырады. Күтпеген жерден шыққан айғай,

ашық терезеден ұшып кірген кӛбелек, қарсы бӛлмедегі күлкі, кіріп келген адам - мұндай тітіркендіргіштердің бәрі балаларда қозудьң басты ошағының орнын  өктем түрде алып, қалған әсерлердің бәрін ығыстырады да, олар бағынышты  жағдайға түсіп қалады. Міне, 1 сыныптың оқушылары математикалық  мысалдарды шығаруда еңбектеніп отыр дейік, кенеттен дәлізде еденнің қатты  дүрсілдеп, біреудің жүгіріп, қарқылдап күлгені естілді. Оқушылардың зейіні тез  арада жұмыстан ауытқып, көңіл қоюлары бұзылды. Балалар мұғалімнің не  айтып тұрғанын тіпті естімейді де. Оның өздері оқушылардың санасына  жетпейді, қозу туғызбайды да, қабылданбайды. Мұғалім сабақ үстінде дауыс  және сөз екпінін өзгерте отырып оқушыларды ырықсыз зейін тудыра алады.

Тітіркендіргіштің күші, жаңалығы, ырықсыз зейін тудырады. Мәселен,

жаңа маркалы автокӛлік, не қабырға газетінің жаңа нөмірін көріп қалсақ, оған

еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі

кернекті құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған

тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы - ырықсыз зейінді тудырудың қайнар  көзі.

Адамның таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де

ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды

әуенді дыбыстар, хош иісті ӛсімдіктер мен нәрселер. Адамды таңдандырып,

сүйсіндіретін нәрселер де зейінді ӛзіне еріксіз аударады. Көркемөнер

туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып,

танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің

тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына

байланысты.

Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі

түссе, оған мойнын бұрады не полицияның ысқырығына жалт қарайды т. б.

Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-

әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының

нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді.

Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген

қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін

тиісінше орын алып отырады.

Қызығу - ырықсыз зейінді туғызады. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез

ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз

кітапты оқу- ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы  тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда  адам өз ісінен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды,  өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды.Ырықсыз  зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:

а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы

заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың

жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі,

дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.);

ә)адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі

(қызығу, қажетсіну, кӛңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы  әсер етеді.

Ырықты зейін - әрекетті саналы түрде ерік күшін жұмсау арқылы

орындалуынан кӛрінеді. Бұл зейінді ерікті немесе белсенді зейін деп те

атайды. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір

объектіге бағытталуын - ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық  мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен   байланысты. Көлік жүргізуші шофер, есеп шығарушы есепші, тәжірибе  жүргізуші ғалым алдын ала мақсатын белгілеп, оны орындап шығу үшін соған  саналы әрекетін бағытгайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже  шығара алмас еді.

Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейінін

қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді. Бұл үшін оқу әрекетін

балалардың шама-шарқына орай қызықты етіп ұйымдастырылуға тиісті.

Талпынысының нәтижелі болуы - баланың өзіне деген сенімін арттырады.

Сабақты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі  әрекет жасатып, ырықсыз зейінін ырықты зейінге аударып отыру

ерек.Мысалы, сабақ үстіндегі артық сөз, қимыл белсенді жұмыс істеп отырған  оқушының көңілін бөледі.

Жұмыс орнының қолайлы болуы - ырықты зейіннің тұрақты болу

шартының бірі. Жұмыс орнында кісінің көңілін бөгде тітіркендіргіштер

алаңдатпауы керек. Мысалы, сабақ үстінде айтылған артық сөз баланың

белсенді жұмыс істеп отырған кӛңілін бөледі. Ырықты зейінді дұрыс

ұйымдастырудың маңызды шарты - адамның психикалық күйі. Шаршап-

шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады. Адамның сырқаты, жан

қинайтын бөгде ойлар т.б. ырықты зейіннің сапасын нашарлатады. Ырықты

зейінді күшейту үшін сөз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты

тұрақтандыруға болады. Әр қилы жағдайларда жұмыс істей білу мен адамның  әдеттері де ырықты зейіннің тұрақты болуына ықпал етеді.

Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып

отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа

жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады;

1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу

үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.

2)Үйреншікті жұмыс жағдайын  жасап алып, алаңдататын нәрселерден

бойды аулақтатқан жӛн.

3)Орындалатын істің мәнісін, маңызын  түсіну үшін білімге шын

ықыласпен берілген дұрыс.

4)Түрлі қолайсыз жағдайларда  да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен,

көңілді алаң қылатын бӛгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-

гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді

шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы  болып табылады.

5) Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда,

ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.

Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты

зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы  алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін  сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін  қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті  бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің  пайда бола бастағаны.

Зейіннің үшінші түрі - үйреншікті зейін. Үйреншікті зейін - адамға

табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.Үйреншікті  зейін ырықты зейіннен кейін жасалады. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның  тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай  нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына  айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті  зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс- әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер, адам жұмысқа өздігінен беріліп

істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей

беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи

ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан,

адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті

зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.

Зейіннің мұндай түрін де еріксіз, бірақ «екінші» зейін деп атайды (Э.

Титченер, С. Л. Рубинштейн) Бұл орайда кейбір авторлар Н. Ф. Добрыниннің

ұсынысы бойынша, үйреншікті зейінге «еріктіден кейінгі» зейін деген

терминді пайдаланады. Бұл атауды енгізуге негіз болған жағдайлар адам ӛзін

жұмылдыру үшін әуелі күш салып, кейін келе ӛз қызметіне беріле кірісетін,

енді бастапқыдағыдай ерік күшін жұмылдырусыз-ақ жұмыс істейтін жағдайлар. Алайда мұның өзі бір жағдай ғана. Ӛйткені адам әдетте қызықты әнгімеге, оқылатын кітапқа, көретін суретке бірден ден қояды, бұл үшін оған алдын ала  ешқандай «әзірліктің» қажеті болмайды. Жоғарыда қарастырылған зейіннің үш  түрі де бір-бірімен тығыз байланысты.

3. Зейіннің қасиеттері.

Зейін мынадай қасиетімен сипатталады: кӛлемі, бӛлінуі, шоғырлануы,

тұрақтылығы, ауысуы. Зейіннің көлемі – бұл адамның бір мезгілде қабылдаған  обьектілердің саны. Егер столдың үстіне, мәселен, марка, қағаз қыстырғыш, тиын, әріп секілді таныс 10-12 ұсақ затты жайып, оларды жауып қойсақ, кейін  бұл қағазды 5-10 секунд ашып барып, қайта жауып тастасақ, ересек адам әдетте  6-7 затты жадында сақтайды. Бірақ бұлар оған бейтаныс болса және бір-біріне өте жақын жатса немесе керісінше, шалғай, бытырап жатса, зейін көлемі күрт тарылады.

Баланың зейінінің көлемі едәуір тар. Сондықтан, егер оған екі жаңа

әріптің немесе цифрдың таңбасымен (сабаққа келмей қалуы себепті), екі ұқсас  суретпен немесе мағьнасы жағынан мазмұндары ұқсас тақпақтармен бірден  танысуға тура келетін болса, қабылданылатын объектілерді «шатастыру» байқалады. Бұл орайда әрбір әріптің немесе ұқсас цифрлардың (3 пен 5, 6 мен 9,1 мен 7) ерекшеліктері жеткілікті түрде айкын көрінуі үшін, салыстыру әдісін  енгізу өте-мөте орынды болады.

Зейіннің бөлінуі деп - адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше

объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығынан кӛрінеді. Бір мезгілде өлең  жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалмен есеп шығарып көрсек, мұның  оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндай бір әрекет екінші әрекетке кедергі  болды. Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі оның  физиологиялық негізі - ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының  жалғыздығы. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам ӛзінің зейінін бөле  білуді жетілдіріп, тәрбиелеу қажет. Ал ӛмірде іс-әрекет зейінді үнемі әр  нәрсеге бӛлуді талап етеді. Зейінді бөле білуге дағдылану керек. Бәрімізге мәлім, жас ұстаз сыныптағы оқушыларды жекелеп кӛре алмайды, кейде сабақ  айтып тұрып қателеседі, оқушылардың жауабындағы қателерді де байқамай қалады. Кейін мұғалім бірнеше обьектіге зейінін бөле білуге дағдыланады.

Зейіннің шоғырлануы адамның жұмылу күшін сипаттайды және жаңа

тітіркендіргіштің бұрынғы доминантаны ӛшіріп, жаңасын жасау үшін қажетті

күшімен анықталады. Бала үйде қолдан жасалатын ұшатын аппарат

құрастырумен шұғылданып отыр дейік. Оның ата-анасының сөйлескені де,

інілерінің ойын-шуы да, теледидар да ештеңе алаңдатпайды. Оның зейінінің

жұмылу күшінің шоғырлануы көп. Мектептің кішкентай оқушыларында бұл

сирек болатын құбылыс. Оларда жұмылу күші көбіне аз болады.

Шоғырлану обьектінің зейінді тартып алуынан кӛрінеді. Зейіннің

шоғырлануы оның аумағы мен бӛлінуімен тығыз байланысты. Зейін тартатын

нәрсе неғұрлым аз болса, зейін көбірек шоғырлануына мүмкіндік туады, ал

зейін түсетін нәрсе соғұрлым көп болса, зейін аз шоғырланып, жан –жаққа

шашырап кетеді.

Зейіннің тұрақтылығы деп - оның объектіге ұзақ уақыт бағытталуынан

айтады. Тұрақтылыққа қарсы қасиет- алаң болушылық. Зейіннің бұл қасиеті

көптеген жағдайларға, нерв процестерінің күшіне, әрекеттік сипатына, іс-

әрекетке деген қатынасқа, қалыптасқан әдеттерге т. б. байланысты болады.

Зейіннің тұрақтылығы көп уақытқа дейін құбылып, өзгеріп отырумен

байланысты қасиет. Егер адамның зейіні тұрақты болмаса, ол бастаған

жұмысын аяқтап, түбіне жеткізе алмас еді. Кейбір зерттеулерге қарағанда 3 – 4 сыныптарда оқитын оқушылардың зейіні 30-40 минутке дейін тұрақты болады. Алаң болушылық - зейіннің толқуынан көрінеді. Зейінде толқу болып отырады. Бірақ зейіннің толқуы көп уақытқа созылмайды, ары кетсе 2-3 секундтқа қана созылады. Зейіннің әрлі-берлі сәл ауытқуы күрделі, қызықты істі атқару кезіндегі зейін тұрақтылығына онша кедергі бола қоймайды.

Информация о работе Баланын зейінін тәрбиелеу оны тәрбиелеу жолдары