Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2015 в 08:51, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................... 3

І Тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.

1.1. Мазасыздану мәселелерінің Oтандық психологияда зерттелінуі................ 7
1.2. Mазасыздану феноменін шет елдердің ғылыми мектептерінде қарастырылуы......................................................................................................... 11
1.3. Мектептегі мазасыздану мәселелерін қарастыру......................................... 17

ІІ Тарау. Бастауыш сынып жастағы балалардың құрбыларымен өзара
іс - әрекет ерекшеліктері

2.1. Өзара іс - әрекет стратегиялары және олардың біріккен әрекеттің белсенділігіне әсері.................................................................................................................... .…25
2.2. Коммуникативті компeтенттілік................................................................... 31
2.3. Коммуникативті компетенттіліктің байланыс және құрбылас топтағы
орнына қанағаттанбауы......................................................................................... 37

ІІІ Тарау. «Бала - бала» жүйесінің әсер етуімен мазасыздану деңгейін төмендетуге бағытталған, арнайы ұйымдасқан коррекциялық жаттығулардың, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті үйренулерінің қалыптасуына әсер ететін эксперименттік зерттеулер.

3.1. Бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің көрінісіне бағытталған психодиагностикалық зерттеу (белгілеу эксперименті)............... 41
3.2. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі
(қалыптастырушы эксперименті).......................................................................... 46
3.3. Коррекциялық – дамытушылық жұмыстың анализі
(бақылау эксперименті).......................................................................................... 56

Қорытынды............................................................................................................ 59

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................

Файлы: 1 файл

Филипс Айнур.doc

— 843.50 Кб (Скачать файл)

ІІІ кезең құрылымдық.

3. Сабақ.

Мақсаты: қатысушылар арасында кернеуді түсіру өзін таныту.

Уақыты: 40 минут.

Бірінші ойын «Сиқырлы сөз».

Ойын барысы: жүргізуші: Рахмет, өтінемін, сыпайы болыңыз, сіз сондай сыпайысыз, сіз сондай тамашасыз, сияқты айтылулар мен «сиқырлы сөздердің» маңыздылығын қатысушылардың естеріне салады. Қатысушылар естеріне салынған «сиқыры сөздерді» қолданып, дөңгелек бойынша бірін – бірі қарсы алып сәлемдесулері қажет.  

Уақыт: 4-5 минут.

2. Менің “Менімнің” бөлшектері ойыны.

Материалдар: қағаз, фломастерлер.

Жүргізуші балаларға, жағдайға байланысты әр түрлі кезеңдерде олардың қандай болғандарын естеріне түсіруді ұсынады. Мұнда өзімен іштей диалог жүріп, өз «менінің» әр түрлі кескіндерін салуға тырысады. Оны символикалық түрде де істеуге болады. тапсырманы орындап болғаннан кейін қатысушылар сонымен қоса жүргізуші де, кезегімен суреттерін көрсетіп, онда не бейнеленгенін айтады. Балалар тапсырманы орындау қиын болды ма деген сияқты пікірлерімен алмасады. Жүргізуші суреттерді қатысушылардың немесе мұғалімдердің ешқайсысына   көрсетілмейді деген шартпен жинап алады.

3. «Паравоз» ойыны.

Ойын барысы: балалар  тұрып бір – бірінің иықтарынан ұстайды. Паравоз вагондарымен түрлі кедергілерді жеңіп, балаларды апара жатыр.

4. «Хоровод» ойыны.

Ойын барысы: қатысушылар шеңбер бойынша тұрып, қолдарынан ұстап, бір – бірінің көздеріне қарайды және    жай ғана жымиып күледі.

4. Сабақ.

Мақсаты: басқаның әрекетіне деген зейінді дамыту және кері байланысты алуға деген қабілеттілік.

Уақыт: 40 минут.

1. Ойын тренинг «Таможня».

Ойын барысы: жүргізуші: басқа адамның мінез - құлығын  талдауға, бақылауға, оның жөнін күйін түсінуді, үйренуге тәжірибе жүзінде көруге ұсынамын. Сонымен, біздің топ ұшақ рейсіне кетіп бара жатқан пассажирлер. Олардың бірі – контрабандист. Ол мемлекеттен өте құнды бұйымды алып өтпекші. (контрабандалық ретінде кішкене кәдімгі ілмек пайдаланылады). Сонымен, кімнің таможник болғысы келеді? Бұл ролді өзіне алған адам шығады. Топтағы қатысушының  бірі қалауы бойынша ілмекті жасырып содан соң таможникті кіргізеді. Оның жанынан бір – бірлеп пассажирлер өте бастайды, ол кімнің контарбанданы әкелетінін анықтауға  тырысады. Тапсырманы жеңілдету үшін, оған екі немесе үш мүмкіндік беріледі. Кейіннен таможниктің ролінде 2 – 3 қатысушы болғаннан соң жүргізуші олардан контрабандисті анықтау неге бағдарланғандарын  айтып беруді сұранады.

2. «Ассоцияция» ойыны.

Ойын барысы: жүргізуші (топ қатысушылары бұл ролге өз қалауларымен шығады)  шығады, басқа топ қатысушыларынан қалған біреуді ойланып қояды. Жүргізуші құрама одақ, яғни ассоциация бойынша топтың ойланып жасырғанын табу қажет. Ойын басталар алдында, жүргізуші, табушы, жүргізушіге оның сұрақтарының барлығы бірдей болуы керек немесе кімге ұқсайды. Жасырылған адам былайша түсіндіреді.

  • тәуліктің қай мезгіліне,
  • жылдың қай мезгіліне,
  • қандай ауа райына,
  • апта қай күніне, 
  • кемпір қосақтың қай түсіне және т.с.с.

Тапрсырманы жасырылған адамның намысына тимейтіндей, намысын жерге таптамайтындай, ренжітпейтіндей етіп орындау керектігін ерекше есіне салу қажет.

3. «Хоровод».

Ойын барысы: қатысушылар шеңбер бойынша тұрып, қолдарынан ұстап, бір – бірінің көздеріне қарайды және    жай ғана жымиып күледі.

5. Сабақ.

Мақсаты: басқа адамның қадірі туралы түсінікті дамыту және өз эмоциялық күйін шығару қабілеттігі.

Уақыт: 40 минут.

1. Ойын «Маңызды адамдар».

Ойын барысы: жүргізуші топ қатысушыларына өздеріне ең маңызды   адам туралы айтып беруді сұранады. Ол осы шақта күнделікті араласатын болуы шарт емес. Бірақ өзінен бәрінен де қымбат, өзі білетін болуы мүмкін. Жүргізушінің өзі де өзіне маңызды адамдар туралы айтады. Жүргізуші топ мүшелерінің келесідей схема бойынша айтуды  сұранады.

  • Олар кімдер?
  • Олар сіз үшін несімен  қымбат, несімен маңызды.
  • Қазірде олар соған сондай жақын ба, егер әңгіме өткен шақ туралы болса.
  • Дәл қазір сондай мүмкіндік болса, олар оған бірнәрсе айтқысы келер ме еді (мысалға айтылмаған алғыс сезімі).

Егер топ қатысушыларының біреуі  шынымен де өзіне қымбат адаммен сөйлескісі келген болса, гештальтерапиядағы «бос орындық» техникасын қолданып көруге болады.

2. Ойын «Сәлемдесу».

Ойын барысы: сәлемдесулермен алмасу – бұл адамның жылулығымен алмасу. Адамды қарсы  алғанда біз ең алдымен, ойымен көзқараспен қарсы аламыз оның  бар екеніне, біздің арамызда бар екеніне қуанышымызды сол немесе басқа формада білдіреміз. Әрине, осылай болады, егер біз өз сезімдерімізді білдіруге адал болсақ, өз әрекетімізде адал болсақ, қане әр түрлі формаларды қолданып көрейік   бұл әр қатысушы барлық тұрғандарды жылы жүзбен қарсы алсын. Жүргізуші әр қатысушыға барып олар түрлі амандасулармен алмасады. Олар қолмен алысу, құшақтасу, шапалақтау, шаттанған леп, үнсіз көп мәнді көзқарастар т.б. болуы мүмкін. Ойланыңдар, жаңа серіктесті қалай қарсы  алған жақсы, нақ сол адам үшін не жарасады. Содан соң талқылау өтіледі. Әр қатысушы өзін қалай сезінді, оған жеңіл болды ма? Қарсы  алу, өзінің қарсы алуларына ол қандай сезімдерді салды.

3. Ойын «Сезімдер» тізімі.

Материалдар: парақ, қаламсап.

Ойын барысы: жүргізуші өмірде біз барлығымыз түрлі сезімдерді сезінеміз – жағымды, жағымсыз. Солардың аттарын естеріңе түсріңдер оларды   екі бағанаға жазып қойыңдар: солға – оңды, оңға – кері, яғни жағымсыз. Тапсырмаға 5 минут беріледі. Содан соң жүргізуші біріншісіне ең жағымды сезімді және екіншісіне ең жағымсыз сезімді түртіп қоюды сұрайды. Қанша оң және қанша теріс еске түскенін сұрайды. Бұл тапсырманың диагностикалық мәні бар. Балада көп жағымды эмоциялар аталса бұл жақсылықтың белгісі, балаға көбірек қолдау қажет. Немесе ол балада жеке тұлға арасындағы қарым – қатынастың, көп негізсіз, жағымсыз тәжірибесі өткен. Мұндай жағдайда сұрау қажет, қандай ситуацияда жағымды сезім пайда болады.

4. «Хоровод».

Ойын барысы: қатысушылар дөңгелек бойынша тұрады, қолдарынан ұстап бір – бірінің көздеріне қарайды, жай ғана жымияды.

6. Сабақ.

Мақсаты: коммуникативтік дағдыларды дамыту, сезімдерін және мінездің түрлі кескіндерін саналы түрде ұғыну.

Уақыт: 40 минут.

1. «Арқа арқаға» ойыны.

Ойын  барысы: жүргізуші топта күнделікті өмірде қол жеткізуге болмайтын қарым – қатынас тәжірибесін алу мүмкіндігі бар екенін айтады. Топтың екі қатысушысы бір – бірімен арқаларын сүйіп отырады да, сол жағдайға 3 – 5 минут бойы сөйлеп отыруға тырысады. Соңында өз сезімдерімен алмасады.

Жүргізуші сұрақ қояды:

  • бұл күнделікті ситуацияға ұқсас болды ма (мысалға, телефонмен сөйлесу), айырмашылығы неде;
  • сөйлеу оңай болды ма;
  • әңгіме қандай болды – ашығырақ болды ма әлде жоқ па.

2. Ойын «Монстр»

Ойын барысы: жүргізуші: «Біздің барлығымызда да кемшіліктер бар екенін мойындаймыз. Тобымыздың, шеңберіміздің ортасында бау – бақшада құстарды қорқытуға қоятын, сондай келісіңкіремеген – чучело тұр деп елестетейік, ол біз өзіміздің кемшілік деп есептейтін барлық сапаларға ие. Сонымен, егер біреуі өзінің әлсіздігін мойындаса, ол айтады: чучело әлде қандай  кемішілігін айтады. Содан соң біздердің әрқайсысымыз айтылған  сапалардың жаман емес жақтарын айтамыз, бірақ өзі айтқан кемшілігі туралы өзі жақсы жағын  айтпайды. Жүргізуші қатысушылардың атағандарын жазып алады, өзі де чучелоның бір немесе бірнеше қасиеттерін айтады. Барлық қатысушылар айтып болған соң жүргізуші барлық жазып алғанын көрсетеді, ал балалар сол немесе  басқа сапаны қандай жақсы жақтары барын айтады.

3. «Хоровод».

Ойын барысы қатысушылар шеңбер бойынша тұрып, қолдарынан ұстайды, бір – бірінің көздеріне қарап  жай ғана жымияды.

7. Сабақ.

Мақсаты: Өзара іс - әрекет стратегияларының жағымды оң қалыптасуы.

Уақыт: 40 минут

1. «Не үшін жақсы көреміз  ойыны».

Ойын барысы: айналадағылармен өзара іс - әрекетке түскенде, біз әдетте олардың бізге ұнайтынын немесе ұнамайтынын білеміз, аңғарамыз. Ереже бойынша, бұл бағалаушылықты біз адамның ішкі сапасымен байланыстырамыз, қане адамдағы қандай сапаны бағалап, қабылдайтынымызды анықтап көрейік. Тапсырма жазбаша түрде    орындалады. Өзінің көптеген көріністері бойынша сізге ұнайтын бір адамды топтан таңдап аламыз. Осы адамның сізге ерекше ұнайтын 5 сапасын жазыңыз. Сонымен, ұнайтын адамның өзін жазбайсыз, яғни онын, тек бес сапасын жазасыз. Бастаңдар! Уақытарыңыз бітті. Енді, кезегімен өзіміздің сипаттамаңызды оқыңыз, ал біздер қай адамның мінездемесі екенін анықтауға тырысамыз. Қане кім бастайды?

2. «Көзі көр мен жетекші ойыны».

Ойын барысы. Өмірде адамдарға сенім артқан   қандай маңызды! Бұл көбіне жетіспейді, ал содан біз көп нәрсе жоғалтамыз, өтінемін, тұрыңыздар көздеріңізді жұмып, бөлмеде түрлі жақтарға бірнеше минут бойы жүріңіздер. Осылай жақсы. Енді қалауларыңызбен жұп құрыңдар. Енді жұптағы біріңіз көзіңізді жұмып, екінші  бөлмеде жетектеп жүреді түрлі заттарға тиюге мүмкіндік береді, басқа жұптармен соқтығыспауға көмектеседі, олардың қозғалысы бойынша белгілі бір түсінік беріп отырады. т.с.с. Сонымен, біреуі ашық көздерімен   алдында тұрады. Екіншісі алдыңғының иығына қол созым жердей артында көзін жұмып тұрады. Қане, бастаңыздар. Жақсы, ал енді шеңбер жасап отырыңыздар, ойланып, айтыңыздар, кім өзін сенімді, берік, сезінуі, кімде серігіне толық сенім арту қалауы болды? Әр қайсысы өздерінің серіктерін, бестік жүйесі бойынша, қолдарын көтеріп, саусақтарын көрсетіп бағаласын. Өтінемін, бағаларыңызды ойланыңыздар, ал жүргізуші ең жақсы жетекшілерді бағалайды.  

3. «Хоровод»

 Ойын барысы: қатысушылар шеңбер жасап тұрады, бір – бірінің көздеріне қарайды, жай ғана жымияды.

8. Сабақ.

Мақсаты:Өзіндік маңыздылығы және басқа адамның құндылығы туралы түсінікті жоғарsлату, адамдармен қарым – қатынастағы мәселелерін саналы түрде ұғыну.

Уақыт: 40 минут.

1. «Мен барлығы сияқты  емеспін, және біз барлығымыз  әр түрліміз» ойыны.

Ойын барысы: Балаларға бес минуттың ішінде түрлі түсті қаламдардың көмегімен, қуаныштың не екенін, салу ұсынылады. Сурет нақты, абстрактылы, қандай болса да болатыны ескеріледі. Тапсырманы орындап болған соң, қатысушылар, жүргізуші де, кезегімен суреттерін топқа көрсете отырып, онда не бейнеленгенін топқа әңгімелей бастайды.

Жүргізуші  балаларға «қуаныш» түсінігінің түрлі түсініктері мен елестеулерге назар аударуды сұранады. Бұдан, әр адам- ерекше, қайталанбас деген қорытынды шығады. Сондықтан әр адам алмастырылмайтын, ал бұл оның өзінің құндылығын сезінуге маңызды негіз болып табылады.

2. «менің портретім күн  сәулесінде» ойыны.

Ойын барысы: жүргізуші: «Мен неге сыйластыққа лайықпын?» сұрағына жауап беруді келесідей амалмен орындауға өтінеді. Күн салып, күн шеңберінің ортасына өз аттарыңды жазыңдар. Содан күн сәулелеріне өздеріңнің бар адамгершілік, ар-намыстарыңды, өздерің туралы білетін бар жақсыны жазып қойыңдар. Күн сәулелері анағұрлым көп болуы үшін тырысып бағыңдар. Тапсырманы орындап болған соң қатысушылар кезегімен суреттерін көрсете отырып өз адамгершіліктерін айтады.

3. «Хоровод».

Ойын барысы: қатысушылар шеңбер жасап тұрып, қолдарынан ұстайды, бір-бірінің қолдарынан ұстап, бір-біріне жай ғана жымияды.

ІІІ Кезең. Бекітуші (2 - сабақ)

9 Сабақ.

Мақсаты: Адамдармен қарым – қатынастағы мәселені сапалы түрде ұғыну, өзін тануды жандандыру.

Уақыт: 40 минут.

  1. “Жалғастыру” ойыны.

Ойын барысы: Балаларға аяқталмаған сөйлемдер тізімі беріледі. Оларды өздерінің пікірі бойынша, айналадағылар оларды қалай көреді көзқарасы тұрғысынан аяқтау қажет:

  • Маған мына кезде жақсы . . .
  • Маған мына кезде қайғылы . . .
  • Мен мына кезде ашуланамын . . .
  • Мен өзімді мына кезде батыл сезінемін . . .

Содан соң шеңбер бойынша балалар сөйлемдерін оқиды, және жауаптарына байланысты балалар өздерін қандай жағдайда жақсы ал қандай жағдайда қайғылы сезінетіндері туралы талқылау жүргізіледі.

  1. “Сөзсіз алғыс білдіру” ойыны.

    Ойын барысы: қатысушылар қалаулары бойынша жұптарға бөлінеді. Жұптар шеңбер ортасына шығып, алғаш біреуі кейін басқасы алғыс сезімдерін сөзсіз білдіруге тырысады. Содан соң мынау туралы қалыптасқан түсініктерімен бөлінеді:

  • бұл тапсырманы орындауда нені сезінеді;
  • серіктестікке алғысты білдіруі шынайы ма, әлде ойналған болып көрінді ме?
  • серігінің қандай сезімді бейнеленгені түсінікті болды ма?

3.«Хоровод»

Ойын барысы: қатысушылар шеңбер жасап тұрып, қолдарынан ұстап тұрып алады және бір-бірінің көздеріне қарап жымияды.

10 Сабақ.

Мақсаты:жеке тұлға арасындағы қарым-қатынас мотивтерін саналы түрде ұғыну, топтың аяқталуы.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі