Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2015 в 08:51, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................... 3

І Тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.

1.1. Мазасыздану мәселелерінің Oтандық психологияда зерттелінуі................ 7
1.2. Mазасыздану феноменін шет елдердің ғылыми мектептерінде қарастырылуы......................................................................................................... 11
1.3. Мектептегі мазасыздану мәселелерін қарастыру......................................... 17

ІІ Тарау. Бастауыш сынып жастағы балалардың құрбыларымен өзара
іс - әрекет ерекшеліктері

2.1. Өзара іс - әрекет стратегиялары және олардың біріккен әрекеттің белсенділігіне әсері.................................................................................................................... .…25
2.2. Коммуникативті компeтенттілік................................................................... 31
2.3. Коммуникативті компетенттіліктің байланыс және құрбылас топтағы
орнына қанағаттанбауы......................................................................................... 37

ІІІ Тарау. «Бала - бала» жүйесінің әсер етуімен мазасыздану деңгейін төмендетуге бағытталған, арнайы ұйымдасқан коррекциялық жаттығулардың, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті үйренулерінің қалыптасуына әсер ететін эксперименттік зерттеулер.

3.1. Бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің көрінісіне бағытталған психодиагностикалық зерттеу (белгілеу эксперименті)............... 41
3.2. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі
(қалыптастырушы эксперименті).......................................................................... 46
3.3. Коррекциялық – дамытушылық жұмыстың анализі
(бақылау эксперименті).......................................................................................... 56

Қорытынды............................................................................................................ 59

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................

Файлы: 1 файл

Филипс Айнур.doc

— 843.50 Кб (Скачать файл)

 

Талдау нәтижесінде мазасызданудың жоғарылауы айналадағылардың күткендеріне сәйкес келмей қалу қорқынышы факторымен байланысты екені анықталды. (Қосымша №2).

Сондықтан топтағы мазасызданудың пайда болу себептері «бала - бала» жүйесінің бұзылуынан деген ұсыныс жасалды. Жасалған ұсынысты дәлелдеу үшін социометриялық зерттеу жүргізілді.

Социометриялық тест топ мүшелері арасындағы өзара түсінушілік, эмоционалді байланысты диагностикалауға және келесідей міндеттерді шешуге арналды:

а) топтағы ұйымдасқан (үйлесімді) ұйымшыл емес жүйенің өлшеуге;

б) топ мүшелерінің мәртебесі бойынша симпатия антипатия белгілерін (лидерлер, жұлдыздар, шетте қалғандар) қарастыруға;

в) ресми емес мүдделердің басшылығымен топ ішінде құрылған құрылымдарды анықтау.

Бұл әдістеме аз уақытта топ ішіндегі қатынасты анықтап, соның әсерінен алынған нәтижелерді топтың қайта құрылуына, қызметінің тиімді және ұйымшылдығының жоғарылауына қолдануға болады.

Мазасыз балалар кез – келген оңды және солды таңдауларды саны болуы мүмкін екенін, әдістеме жүргізілгеннен кейінгі нәтижелер көрсетті (Қосымша №3). Әр топ мүшесі үшін таңдау көлемінен гөрі, топтағы өз орнына қанағаттану коэффициенті маңыздырақ:

Социометриялық зерттеудің көмегімен алынған нәтижелер социометрия түрінде ұсынылуы (Қосымша №). Осыдан, жүргізілген социометриялық зерттеудің нәтижесінде анықталды:

1. Мазасызданудың айқын  көрінісіндегі балалар түрлі  мәртебедегі орында болуы мүмкін  және оңды, солды  әр түрлі таңдау мөлшерін жасай алулары мүмкін.

2. Мазасызданудың айқын  көрінісіндегі балалар көп жағдайда  құрбылас топтарындағы өздерінің  орындарына қанағаттанбаған.

Бұл эксперименттік зерттеулерден мынадай қорытынды шығаруға болады: бастауыш сынып оқушыларының топтағы мәртебелік орынға қанағаттанбауы мен мазасыздануларының көріністері арасында байланыс бар. Олай болса, бастауыш сыныптағы мазасыз балалар, олардың өзара іс - әрекеттерінің дамуына бағытталған құрылымдық тәсілдері, коррекциялық әрекетті қажет етеетінін белгілеуге болады. Мазасызданудың өзі адамға қолданылады – затты шектеулік,  оларды ол, қиын өзіне жетіспеушілігі, оны ол өзінің қызметі мен басқа адамдармен өзара іс - әрекетте қолданады. Сондықтан оқушылардың қылығының, мазасыздануынан құтылу емес, коммуникативтік құралдарының қолдану аясының белсенді дамуына көзделеді.

 

 

3.2 Бастауыш сынып оқушыларының  мазасыздануының төмендеуіне бағытталған  коррекциялық – дамытушылық сабақтардың  жүйесі. (қалыптастырушы эксперимент).

 

Бастауыш  сынып оқушылар құлығындағы мазасыздануды төмендету мақсатында, мазасыз балалардың өзара іс - әрекет тәсілінің құрылымы дамуына, олардың жеке тұлға арасындағы  қарым – қатынасының, сонымен қатар коммуникативтік үйренулерінің дамуына бағытталған, коррекциялы – дамытушы бағдарлама құруға талпыныс ждасалды. Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер ұсынылады:

1. Бастауыш сынып оқушыларының  өзара  іс - әрекетке белсенді  баруға және жоғары нәтижелерге  жетуге мүмкіндік беретін жағдайды  өңдеуге бағытталған коррекциялы  дамытушы – бағдарлама құру.

2. Бұл бағдарламаны сабақтағы  білімдер жүйесіне кірістіру.

Қалыптасушы эксперименттің методологиялық негізіне мына кітаптар авторларының әдістемелік ұсыныстары пайдаланылады: Н. В. Клюеваның, Р. В. Косаткинның “Учим детей общению” Р. В. Овчарованың «Практическая психология в начальной школе» және В. В. Петрусиннің «Игры, обучения, тренинг досуг».

Жасалып жатқан жұмыс бірнеше бағытта болды.

Бірінші бағыт.

Педагогикалық кеңесте – мұғалімдерге баяндамалар оқылды:

1. «Бастауыш сынып оқушыларының топтағы мәртебелік орнына қанағаттанбаушылықтан туындайтын мазасыздануға байланыстылығы».

2. «Бастауыш сынып оқушыларының  топтағы орнына қанағаттанбаушылықтан  туындайтын мазасыздануға байланыстылығы».

Материалды мұғалімдерге баяндау барысында қарастырылып отырған мәселенің маңыздылығы көрсетілуі, сонымен қатар, бастауыш сыныпта бала мінез-құлығының тұрақсыздығының туындауының негізгі себептерінің бірі - мазасыздану екеніне көңіл аударуы. Жемісті жұмыс үшін, толық үйлесімді өмір үшін, масызданудың белгілі  бір  деңгейі қажет. Баланы азапқа салып әурелететін емес, оның қызметінде белсенділік тудыратын деңгей – құрылымдық мазасыздану деп аталады. Өз кезегінде бұзылған үрей дүрбелең, байбалам (паника) күйін тудырады. Ол оқу іс - әрекетінің шырқын кетіріп қана қоймай, жеке тұлғаның құрылымын да бұзады.

Балаға, өзіндік қасиетін қадірлеуге, өзінің күшіне сенімділігін сезіндіре алу жағдайын жасау – бұл үлкендердің балаға көмек берудегі негізгі мақсаты екенін мұғалімдерге жеткізіп көрсету талпынысы болды. Педагогикалық кеңесті жүргізу процесі барысында «мұғалімдер, бастауыш сынып оқушыларының топтағы мәртебесін орынға қанағаттануына  байланысты туатын мазасыздану барын көрсететін, құрылымдық жксперименттің нәтижесімен таныс болды. Педагогтарға айқындалған топтағы балалармен жұмыс ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар қоюларына мүмкіндік болды, сонымен қатар, балалармен жұмыс белсенділігін арттыратын, мазасызданудың төмендеуіне септігін тигізетін және сол немесе ситуацияда өзінің қулығын адекватты құруға көмектесетін ұсыныстар берілді. (қосымша №5).

Екінші бағыт арнайы моделденген ұжымдық жаттығулармен жүргізілген, коррекциялы – дамытушылық сабақтар жүйесінен өтетін үш кезеңнен  тұрады:

І. Бағдарланған (2 сабақ)

ІІ. Құрылымдық (6 сабақ)

ІІІ. Бекітуші (2 сабақ)

Әр кезең негізгі блоктар бойынша жұмысты қамтиды.

1. Топтың үйлесімділігі, ұйымшылдығы, сабақ үстіндегі құлықтың  ережелерін өңдеп шығару.

2. Басқа адамның және  өзінің құндылығы туралы түсінікті  дамыту, коммуникативті дағдыларды  дамыту, адамдармен қарым – қатынастағы мәселені ұғыну, өзара іс - әрекет стратегияларының оңды,дұрыс қалыптасуы.

3. Шиеленісетін жағдайда, әрекеттер дағдысын қалыптастыру, өз мәселелерінің шешімдерін  табу қалыптастыру, өз мәселелерінің шешімдерін табу тәсілдерін меңгеру, жеке тұлға арасындағы қарым – қатынас мативтерін ұғыну.

Сонымен қатар, бұл бағдарлама мазасыз балалардың өзін - өзі тануға, өзіндік бағалаушылықты жоғарылатуға, жеке тұлға арасындағы қарым – қатынас мативтерін дамытуға, өз күштеріне сенімділігін дамытуға, және де өзара іс - әрекет пен құлығында өзін жақсы қалыптастыруға бейімділікті жоғарылатуға бағытталған.

Бұл, баланы, күнделікті алдында тұратын міндеттерді шешуге, өзара іс - әрекетке белсенді кірісуге мүмкіндік беретін құралдармен қамтамасыз ету үшін қажет. Бастауыш сынып жасы мұндай жұмысқа лайық кезең болып табылады, өйткені мотивациялық ойлау жүйесі әлі қалыптаспаған және топтық психотерапияда құрылымдар үшін мүмкіншілік, жақсы өзгерістерге ашық.

Бұл бағдарлама 5 аптаға есептеліп 10 сабақтан тұрды. Сабақтар әлеуметтік психологиялық тренинг принципі бойынша еркін орналасып, қозғалуға болатын сынып кабинетінде жүргізілді. Олардың жалғасуы мектептегі бір сабақ уақытынан асқан жоқ. Жаттығулар аптасына екі рет өтті. Тренинг топ 15 адамнан құрылды. Әр балаға өзін көрсету, ашық  болу және қателіктерден қорықпау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Бастауыш сынып балаларымен бағдарламаны жүргізгенде арнайы материалдың қажеті болмады: тек қана сурет салу және жазу үшін дәптерлер (үзіліс кезінде жүргізілгенде сақталды), түрлі – түсті қаламдар. Жұмыс ойын әрекеттері, топтың дискуссия әдісі «құлықты шынықтыру» проективті әдісі және психодиагностика элементтері көмегімен жүзеге асырылып отырды.

Бағдарлама мазмұны:

І кезең: - бағдарлаушы (2 сабақ)

1. Сабақ.

Мақсаты: топтың үйлесімділігі, ұйымшылдығы, оңды эмоционалды фонды құру, сабақ үстіндегі құлық ережелерін өңдеп шығару.

1. «Саламатсыздарма, мен  танысқаныма қуаныштымын».

Жаттығу барысы. 3 минуттың ішінде әр қатысушы өзіне ат таңдап, визиттік – карточкаға фломастермен жазып ең көрінетін жерге қыстыруы. Содан соң 10 минут ішінде әр қайсысы дөңгелек бойынша «Саламатсыздарма, мен сіздермен танысқаныма қуаныштымын!» деген тіркесті айту қажет. Ары қарай өзінің аты мен өзі туралы бірнеше сөз айту қажет. Танысу кезінде басқалардың есінде қалуы үшін өзінің жекелік қасиетін айтуы керек.

Жүргізушіге кеңес: топта екі бірдей ат болмауы үшін танысу уақытында әрқайсысы орнында тұрып айтуға болады, талқылау дөңгелек бойынша жүргізіледі. Психологиялық талдау. Бұл тренингтік жаттығу қатысушыларды жұмысқа шындап кірісуге икемдейді (дәлдейді). Жай танысудың өзі де адам туралы көп мәлімет береді, адам туралы мәліметті есте сақтап үйрену қажет, тек сыртқы көрініске ғана зейін аударып қоймай, сөзінің мағынасын да түйіп алу керек.

2. Сабақта құлықтың ережелерін өңдеу.

Сабақ барысы: жүргізуші сабақтағы құлықтың ережелерін ұсынып, бұл ережелердің өзіне де қатысушыларға да тиісті екенін ерекше атап өтеді.

1. Қарым – қатынастың  сенімділік стилі. Біздің топта, бір – бірімізге көбірек сенуіміз  үшін «сен» деп айтуымыз қажет.

2. Дұрыс немесе қате  деген жауаптар жоқ.

Дұрыс жауап - өз пікіріңді білдіретін жауап.

3. Өмірдегі жағдайды  айтудың жасырындылығы (ананимность). Жаттығуды біреудің мінез – құлқын талқылау сабағы етіп жіберуге болмайды.

4. Қарым – қатынастағы  шынайылық (адалдық). Жұмыс кезінде топта біз өтіліп жатқан туралы тек сезініп тұрғанымызды ғана айтамыз және де шындықты ғана. Егер адал және ашық түрде сөйлескіміз келмесе, онда біз үндемейміз. Ойлап тұрғанды емес, басқаны айтқанда,  үндемеген жақсы.

5. Басқа – қатысушының сөз сөйлегенін оның, өзі сенен сұранбаса, бағалауға болмайды. Өтіліп жатқанды талқылауда топта біз қатысушыларды емес, тек олардың әрекеттері мен құлықтарын бағалаймыз. Біз «Сен маған ұнамайсың» деп айтамыз, оны «Сен маған қылық жасадың», «маған сенің мәнерің ұнамайды» дегенмен алмастырамыз.

6. Сабақтан тыс уақытта, бір – біріміз туралы сабақта білгенімізді және әр түрлі балалар өздерін қалай ұстайтындары туралыны талқылауға болмайды.

7. Сөйлегенді сыйлау. Қатысушылардың біреуі сөйлеп жатқан кезде оның сөзін бөлуге болмайды, біреуді қарату кезінде оның көзіне қарау қажет.

8. Өткенімізде белсенді  қатысу, бұл, кез – келген уақытта  топ жұмысына қосумен байланысты  құлық нормасы. Біз өзімізді, серігімізді  және жалпы топты белсенді  қараймыз, сеземіз, тыңдаймыз. Біз өзімізге жағымсыз бір нәрсені тұйықтамаймыз. Біз көп жақсы эмоция салып, өзіміз туралы ғана ойлаймыз.

9. Топтың күнделікті  құрылымы. Сабаққа ешкім кешікпеуі  керек. Жүргізуші осы ережелердің  бәрін жақсылап түсіндіріп, сұрақтанына  жауап беруі қажет. Одан кейін қатысушылардың ұсыныстарын да талқылау керек. Барлық қатысушыларға сөз сөйлеу мүмкіндігі беріледі.

Ережелерді қабылдау ритуалы. Жүргізуші осы ережелерді сақтауға «салтанатты түрде уәде береді» және қатысушыларға да осылай істеу ұсыналды. Қатысушылардың берген уәделерін естеріне түсіріп, сабақтың басталу және аяқталу ритуалын ойлап табу ұсынылады.

3. «Желдер...соғады» ойыны.

Ойын барысы: жүргізуші «Желдер.....соғады» сөздерімен ойынды бастайды. Ойынға қатысушылар бірін – бірі жақсы тануы үшін, сұрақтар келесідей болуы мүмкін: «Желдер, кімнің шашы ашық түсті болса, соларға соғады» - барлық ашық түсті шаштар бір жерге топ болып жиналады. «Желдер кімнің...әпкесі бар болса, соған соғады», «Жануарларды жақсы көретінге», «Көп жылайтынға», «Достары барға» т.с.с. Әр қатысушыға сұрақтар қоюға мүмкіндік беріп, жүргізушіні міндетті түрде ауыстырып отыру қажет.

4. «Хоровод» ойыны.

Ойын барысы: Балаларға дөңгелек  болып тұрып, бірін – бірінің қолдарынан ұстап, бір – бірінің көздеріне қарау, жай жымиіп күлу ұсынылады.

2. сабақ.

Мақсаты: топтың, ұйымшылдығы, топта келісіп жұмыс істеуге қабілеттілікті дамыту.

Уақыты: 40 минут.

1. Ойын «Жазу жазатын (печатная) машина».

Ойын барысы: «Қане тексерейік, топта біз жұмысты келісіп, жақсы істей аламыз ба. Машинаға, сендерге жақсы тонымен өлең немесе тақпақ үзінділерін жазылу процесін көз алдымызға келтіріп жасайық. Мысалға, «Алтын күн аспаны», «Әр қайсысы кезегімен бір әрібін айтады. («А-л-т-ы-н»). Сөз соңында бәрі тұрады, тыныс белгілерінде аяқтарын  тақылдатады, қатар соңында  - алақандарымен шапалақтайды. Ойынның бір шарты болады, кім қателессе ойыннан шығып, ортадан кетеді. Сонымен, бірінші қатысушы бірінші әріпті айтады, екінші – екіншісін және т.с.с. Тыныс белгілерін  ұмытпаңдар. Бастаңдар. Ал, қазір кімнің жеңімпаз болып шыққанын анықтайыз. Рахмет, осымен ойын аяқталды.

2. «Оқиға құрастырамыз»  ойыны.

Ойын барысы: жүргізуші оқиғаны бастаймыз «Ерте заманда......» келесі қатысушы жалғастырып, дөңгелек бойынша осылайша кетеді. Кезек қайтадан жүргізушіге жеткен кезде, ол оқиға сюжетін бағыттап, оны одан да ойланарлықтай етіп қызықтырады, және ойын жалғасады. Соңында, оқиғаны бақылап құрастыру, тапсырманы орындау қиын болды ма, осыны талқылауға салады.

3. «Хоровод ойыны».

Ойын барысы: қатысушылар дөңгелек бойынша тұрып, бір – бірінің қолдарынан ұстап, бір – бірінің көздеріне қарайды, жай ғана жымияды.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі