Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2015 в 08:51, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................... 3

І Тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.

1.1. Мазасыздану мәселелерінің Oтандық психологияда зерттелінуі................ 7
1.2. Mазасыздану феноменін шет елдердің ғылыми мектептерінде қарастырылуы......................................................................................................... 11
1.3. Мектептегі мазасыздану мәселелерін қарастыру......................................... 17

ІІ Тарау. Бастауыш сынып жастағы балалардың құрбыларымен өзара
іс - әрекет ерекшеліктері

2.1. Өзара іс - әрекет стратегиялары және олардың біріккен әрекеттің белсенділігіне әсері.................................................................................................................... .…25
2.2. Коммуникативті компeтенттілік................................................................... 31
2.3. Коммуникативті компетенттіліктің байланыс және құрбылас топтағы
орнына қанағаттанбауы......................................................................................... 37

ІІІ Тарау. «Бала - бала» жүйесінің әсер етуімен мазасыздану деңгейін төмендетуге бағытталған, арнайы ұйымдасқан коррекциялық жаттығулардың, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті үйренулерінің қалыптасуына әсер ететін эксперименттік зерттеулер.

3.1. Бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің көрінісіне бағытталған психодиагностикалық зерттеу (белгілеу эксперименті)............... 41
3.2. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі
(қалыптастырушы эксперименті).......................................................................... 46
3.3. Коррекциялық – дамытушылық жұмыстың анализі
(бақылау эксперименті).......................................................................................... 56

Қорытынды............................................................................................................ 59

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................

Файлы: 1 файл

Филипс Айнур.doc

— 843.50 Кб (Скачать файл)

Ереже бойынша, жас ұлғайған сайын балаларда құрбы топтарындағы өзінің орнын саналы түрде ұғыну адекваттылығы және толықтығы жоғарылай бастайды. Бірақ бұл кезеңнің аяғында, сонымен қатар үшінші сыныптағыларда өзінің әлеуметтік дәрежесін қабылдау, адекваттылығы бірден төмендеп: сыныптағы жақсы орынға ие балалар оны бағаламауға бейім болып, және керісінше, өздерінің бұл жағдайларына көңілдері толады. Бұл бастауыш сынып жастың аяғында өзіндік сапаларын қайта құру жүріп жататындығын білдіреді. Оған жеке тұлға арасындағы қатынас және де оны ұғыну да кіреді. Сөзсіз, бұл, осы жаста құрбы топтарында белгілі бір орынға ие болу қажеттілігінің туындауымен байланысты. Бастауыш сынып кезеңінің аяғында құрбыларының ролінің өсуіне мына факт куә бола алады: 9-10 жастағы оқушылар сыныптастарының көзінше алынған ескертулерге әдеттегіден қаттырақ толғанады (уайымдайды), олар ұялшақ келіп, тек бейтаныс ересек адамдардан ғана емес, өзімен жасты басқа балалардан да ұяла бастайды. Бұл жастағы өтіп жатқан құрбыларымен қарым-қатынастағы өзгерісті «тәрбиеленуші» шараларды ұйымдастыруда ескеру қажет. Жекелік қатынас жүйесі әр адам үшін эмоциональды маңызды болып келеді, өйткені оның бағалаушылығымен және оны жеке тұлға ретінде тануымен байланысты.Сондықтан құрбы топтарындағы орнына қанағаттанбауды балалар бастан қиын кешіреді және жиі адекватты емес реакцияларының себебі болып табылады (Славина Л.С., 1996).

Алайда, егер балада ең болмағанда бір өзара байланыстық болса, ол жеке қатынас жүйесіндегі өзінің жаман орнына қатты күйзелмей, ол туралы ойлай бермейді. Сол бір жарылыс өзара таңдаудың өзі өзіндік психологиялық қорғаныс болып табылады және баланы «шетте қалғаннан» танылған, мойындалғанға айналдырған соң, бірнеше кері тануларды да теңестіре алу мүмкін. Бастауыш сынып оқушылардың өзара қатынастардың туындауына шешуші ролді педагог жасайды. Мектептің оқу жылы басында, әлі балаларды өзі және сыныптастары туралы қатынас құрмай тұрғанда, олар сөзсіз мұғалімнің бағалаушылғын қабылдайды, меңгереді. Педагогтардың түрлі әлеуметтік дәрежедегі балаларға берген мінездемелердің анализі, педагогтардың өздері де бөлектенген балаларды жақсы көрмейтіндерін көрсетеді (Коломенский Я.Л., 1969).

Бұл дегеніміз, мұғалімдердің өздері ерікті немесе еріксіз түрде баланың сыныпта оңашалануына септігін тигізеді. Өзара қатынас жүйесі де оқушы жағдайына кері әсер ету – бұл бір оқушыны бүкіл сынып алдында мақтай беру де, яғни бүкіл сыныпқа қарсы қою деген сөз. Көбінесе жалпы ұсыныстар келесідей (Колменский Я.Л.,1969):

1. Оңашаланған оқушыны  қызықты әрекетке кіргізу;

2. Ең бірінші баланың  орнына (жағдайына) байланысты әрекетте  жетістікке жетуге көмектесу;

3. Баланың жиі психологиялық оңашалану себебі болып табылатын аффективтілігін (ренжу, т.б.) жою;

4. Кейбір балалардың  өзіне деген сенімділігін шыңдау  керек;

5. Жанама шараларды қолдану: мысалы, беделі бар құрбыларына  әлсіз баланы қолдап тұруға  ұсыну /35/.

Құрбыларымен достық қарым-қатынас орнату үшін, балада өз беттілік, өзіне сенімділік, ынтасы сияқты сапаларының болуы үлкен мәнге ие. Бастауыш сынып жаста балада, ереже бойынша, өзінің оқу қабілеттілігі, жалпы мүмкіндіктері сияқты белгілі бір өзін-өзі бағалаушылық қалыптасады. Әрине, өзін бағалаушылық жоғары және адекватты болған жақсы. Баланың мынаны білуі өте маңызды: Мен мынаны істей аламын, ал мынаны Мен бәрінен жақсы істей аламын. Бәрінен жақсы істей алу қабілеттілігі бастауыш оқушылары үшін өте маңызды. Дәл осы жастық кезеңнің, сәтсіз жағдай болса, толық еместік сезімінің немесе сәтті ситуация болса, өзіндік үйрене алу, компетенттілік сезімінің дамуын анықтайтын баланың түрлі үйренулерді үйренуге ұмтылысымен сипатталатыны бекер емес. Әр бала өзінің құндылығы мен қайталанбайтындығын сезіну маңызды. Үлгерім бұл жерде –анықтаушы критерий емес, өйткені балалар енді, өздерінің және басқалардың оқуымен байланысты емес сапаларын бағалай бастайды. Әр балаға өздерінің мүмкіндіктерін, істей алу құндылықтарын ашуға көмектесу өте маңызды (Дубровина И.В., 1998).

Осылайша, баланың үйренулерді, оны өзінің күшті және әлсіз жақтарын білу құрбыларымен қарым-қатынаста көбірек компетентті болуға мүмкіндік беретін, өз беттілік, өзіне сенімділік, жеке тұлғалық тәуелсіздігінің қалыптасуына негіз болып табылады. Коммуникативті компетенттіліктің қалыптасуы мазасыздану деңгейінің төмендеуіне әкеледі деген ұсынысты, біз, тәжірибе жүзінде тексеруді бекіндік.

 

 

ІІІ Тарау. «Бала – бала» жүйесінің әсер етуімен мазасыздану деңгейін төмендетуге бағытталған, арнайы ұйымдасқан коррекциялық- дамытушылық жаттығулардың, бастауыш сынып балаларының коммуникативтік үйренулерінің қалыптасуына әсер ететін эксперименттік зерттеулер.

 

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздану мәселелерінің теориялық бастауларында көрінетін эксперименттік қалануы.

Эксперименттік зертту келесідей міндеттерді шешуге бағытталған:

1. Бастауыш сынып оуқышыларының мазасыздануының көрінуін және себебін анықтау.

2. Бастауыш сынып оқушыларының  құлығындағы мазасыздануды төмендетуге  бағытталған комплекстік шараларды құру.

3. Бастауыш сынып оқушыларының  мазасыздануының төмендетуге бағытталған коррекциялық – дамытушылық жұмыстың тиімділігін тексеру.

Эксперимент Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 гуманитарлық-эстетикалық гимназия-мектебінде өтті.

Экспериментті үш кезеңнен өту көзделді: белгілеуші, қалыптастырушы және бақылаушы.

 

3.1 Бастауыш сынып жастағы балалардың  деңгейінің көрінісіне   бағытталған  психодиагностикалық зерттеу белгілеу  эксперименті.

 

Бұл кезеңдегі зерттеу экспериментінің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының мазасыздану көріністерін және себебін, анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер ұсынылады:

1. Бастауыш сынып оқушыларының  мазасыздануының көрінісіне психодиагностикалық зерттеу жүргізу.

2. Жоғарылаған мазасызданудың  туындау себептеріне психодиагностикалық  зерттеу жүргізу.

3. Мазасызданудың көрінісі мен мазасызданудың пайда болу себептері арасындағы байланыстың бар жоғын анықтау.

Эксперименттік жұмыс пен зерттеу процесінің өзін дұрыс құруда, бастауыш сынып оқушыларының күйін анықтап, белгілеп, қана қоймай, оның дамуында біршама болжам жасап, сонымен қатар балалармен жұмыс кезінде ұсыныстар беріп, соның негізінде коррекциялық бағдарлама құруға әбден мүмкін.

Балалардың мазасыздану көрінісін қарастыру үшін «Тейлордың мазасыздану деңгейін өлшеу» әдістемесі, «Филлипстің мектептегі мазасыздану тесті» әдістемесі  қолданады.

Әдістеме мазасыздану деңгейін өлшеуге арналған. Ол 50 сұрақтан тұрады. Ол тізім немесе карточка ретінде берілуі мүмкін. Зерттелінушінің мазасыздануын білдіретін жауаптар саны есептеледі.

40 – 50 балл мазасызданудың  өте жоғары деңгейде екенін  көрсетеді, 25 – 40 балл мазасызданудың  жоғары деңгейде екенін, 15 – 25 балл  – орташа (жоғарыға бейім) деңгейде, 5 – 15 балл – орташа (төменге қарай) деңге йде, 0 – 5 балл мазасызанудың төменгі деңгейін айтады.

№1 кесте. Мазасыздану көрсеткіші

 

 Өте жоғары мазасыздану көрсеткіші 

Жоғары мазасыздану көрсеткіші

Орта (жоғарыға қарай) мазасыздану көрсеткіші

Орта (төменге қарай) мазасыздану көрсеткіші

Төменгі мазасыздану көрсеткіші

Зерттелінушілер саны, %

3%

40%

23%

32%

2%


 

Әдістемені жүргізгеннен кейінгі алынған нәтиже зерттелінушінің 43% өте жоғары және мазасыздану деңгейінің жоғары көрсеткіштерін көрсетті.

Содан кейін, бастауыш сынып оқушыларының мектеппен байланысты мазасызданудың сипаты мен деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін «Филлипстің мектептегі мазасыздану тесті» жүргізілді. Тест оқушыларға санауға болатын немесе жазбаша түрде ұсынылатын 58 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа «Ия» немесе «Жоқ» деп жауап беру керек. Нәтижелерді өңдеу кезінде жауаптары тест кілтімен сәйкес келмейтін жауаптардың сұрақтарын бөледі. Кілтпен сәйкес келмейтін жауаптар  - бұл мазасыздану көрінісі. Өңдеу  кезінде саналады:

1. Барлық тест бойынша  сәйкес келмейтін жалпы санды, егер ол 50% көп болса, баланың жоғарылаған мазасыздануын айтуы, ал егер 75% көп болса, жоғары мазасыздануды айтады.

2. Тестте белгіленген  мазасызданудың әр 8 фактісіне сәйкес  келген сандар.

Мазасыздану деңгейі бірінші жағдайдағыдай анықталады. Көбіне сол немесе басқа мазасыздану синдромдары (фактор) мен оның мөлшерін анықтайтын, оқушының жалпы ішкі эмоционалді күйі анализденеді. Әр синдромның (фактордың) сипаттамасы:

1. Мектептегі жалпы мазасыздану  – мектеп өміріне  қосылатын  түрлі формамен байланысты, баланың жалпы эмоционалды күйі.

2. Әлеуметтік стресті  уайымдау - әлеуметтік қатынасы (ең  алдымен - құрбыларымен) даму бейнесіндегі  баланың эмоционалді күйі.

3. Сәттілікке жетудегі  структуралық қажеттілік балаға  өзінің қажеттіліктерін сәттілікке, жоғары жетісткке жетуге дамуға мүмкіндік  бермейтін жақсы емес, сәтсіз психикалық фон.

4. Өзін байқауға қорқынышты  өзін ашумен емес, өзін басқаларға  тапсырумен, өз мүмкіндіктерін демонстрациялау  қажеттілігімен байланысты жағдайды  эмоционалді уайымдау.

5. Білімді тексерудегі  жағдайға қорқыныш білімдерді, жетістіктерді, мүмкіндіктерді тексеру (әсіресе  көпшілік алдында) жағдайындағы  үрейді уайымдау және кері  қатынас.

6. Айналадағылардың үмітін  ақтай алмай қалу қорқынышы – айналадағылардың берген бағасын ойлап, мазасыздану.

7. Стреске психофизиологияық  қарсы тұруының төмен болуы - әсіресе, баланың стрессогендік сипаттағы ситуацияларға бейімделуі төмендететін психофихиологиялық организациялар.

8. Мұғаліммен қатынас  жасауға қорқатынымен байланысты проблемалары – мектептегі әрекеттермен жағымсыз эмоциялық қарым – қатынасы бала үлгерімінің төмендеуіне әсер етеді.

 

№2 кесте. Мазасыздану көрсеткіші

№ р/с

Мазасыздану факторы

Зерттелінушілердің саны,

пайызбен

Мектептегі жалпы мазасыздану

14%

Әлеуметтік стрессті уайымдау

3%

Сәттілікке жетудегі фрустрациялық қажеттілік

7%

Өзін байқауға қорқыныш

18%

Білімді тексерудегі жағдайға қорқыныш

18%

Айналадағылардың күткендеріне сәйкес келмей қалу қорқынышы

27%

Стресске психофизиологиялық қарсы тұруының төмен болуы

18%

Мұғаліммен қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалар

14%


 

 

Бұл методиканы пайдалана отырып, біз мазасызданудың жалпы көрсеткіштерін емес, әр параметрді жеке алып қарастырдық, сондықтан біз үшін әр параметр ақпаратты болуы, және де белгілі бір жағдайды мазасызданудың пайда болу себептерін анықтауға мүмкіндік берді.

Бұл зерттеуді талдай келе, біздің байқағанымыз, бастауыш сынып балаларының мазасыздануларының жоғары факторы, көбіне, айналадағылардың жеткендеріне сәйкес келмей қалу қорқынышты болып шықты.

Сонымен қатар екінші сынып оқушыларының көбі мазасыздануларының жоғары екені анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3 кесте. Мазасыздану көрсеткіші

№ р/с

Мазасыздану факторы

Зерттелінушілердің саны,

пайызбен

Мектептегі жалпы мазасыздану

14%

Әлеуметтік стрессті уайымдау

14%

Сәттілікке жетудегі фрустрациялық қажеттілік

20%

Өзін байқауға қорқыныш

7%

Білімді тексерудегі жағдайға қорқыныш

27%

Айналадағылардың күткендеріне сәйкес келмей қалу қорқынышы

34%

Стресске психофизиологиялық қарсы тұруының төмен болуы

20%

Мұғаліммен қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалар

20%

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі