Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 09:30, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Осы курстық жұмыста мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың тәсілдері мен жолдары қаралады. Есте сақтау қабілеті – бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістен тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Есте сақтау қабілеті адамға қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені жинақтауға, сақтауға және кейін де пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен дағдыларды бекітудің бәрі есте сақтау қабілетінің жұмысына жатады. Осыған сәйкес психологиялық ғылым алдында есте сақтау қабілеті үрдісін зерттеу бөліміне енетін бірқатар күрделі мәселелер тұр.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3-5
Негізгі бөлім
1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Психологиялық-педагогикалық «есте сақтау қабілеті» туралы түсінік, зерттеуші ғалымдар..............................................................................................6-9
1.2 Есте сақтау қабілетін өзара топтастыру..................................................10-14
1.3 Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың шарттары......................................................................................14-16
1.4 Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту жағдайлары.........................................................................................16-21
2. Оқу әрекетінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың практикалық негіздері
2.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы..............................................................................22-26
2.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетінің дамуының жағдайларын іске асыру............................................................................26-27
Қорытынды ....................................................................................................28-29
Әдебиеттер тізімі..................................................................................................30
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

негізгі бөлім.docx

— 80.43 Кб (Скачать файл)

Есте сақтау қабілеті үрдістері тұлға ерекшеліктерімен, оның эмоционалдық күйі, қызығушылығы мен қажеттіліктерімен тығыз байланысты.

Сонымен қатар, адамның есте сақтау қабілеті әдетте  физикалық жағдайы және тұлғаның сезімдерімен  тығыз байланысты  болады. Бұл есте сақтау қабілетінің аурумен бұзылуын дәлелдейді. Осындай барлық жағдайларда (олар амнезия деп аталады, есте сақтау қабілетінің қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді бұзылуы болады)  есте сақтау қабілетінің өзіне тән бұзылулары болады, олар өз ерекшеліктерінде ауырған тұлға жабырқауын танытады. Адамның есте сақтау қабілеті  тұрақты емес, ол өмір бойы өзгереді. Ерте жасынан баланың  есте сақтау қабілетінің дамуы бірнеше бағыт бойынша жүреді. Біріншіден, аффективті (эмоциялық) және механикалық (моторлық, қимыл) есте сақтау қабілеті әрекет етеді, ол біртіндеп қисынды және бейнелікпен толығады және ауыстырылады. Екіншіден, тура  есте сақтау - уақыт өте келе  түрлі мнемотехникалық амалдар мен құралдарды есте сақтау және еске түсіру үшін белсенді және саналы пайдаланумен байланысты жанамаға айналады. Үшіншіден, балалық шақта басым болған   еріксіз ұғу ересек адамдарда  еріктіге айналады.

   Есте сақтау үшін  ынта құралдары бір заңдылыққа  бағынады: ең алдыменен 

олар сыртқы (мысалы, еске алу үшін жіп түю) болады, соңынан ішкіге (сөйлеу, сезім, ассоциация, елестету, бейне, ой) айналады. Есте сақтаудың ішкі құралдарын қалыптастыруға тән болатыны ол -  негізгі роль қарым-қатынас жасаудың сыртқы функциясынан ішкіге сөйлеу тілде айналатынында. 

Материалды сақтау тәсіліне қарай


Жылдам                                     қысқа мерзімді                                     жедел 

             Ұзақ мерзімді                                                         генетикалық                                                                                       

Жылдам (иконикалық) есте сақтау қабілеті сезіну органдарымен қабылданатын ақпарат бейнесінің тікелей көрінісі болып табылады. Оның ұзақтығы 0,1-ден 0,5 с. дейін.

Ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті қысқа уақыт аралығында (шамамен 20 с. дейін) қабылданған ақпараттын жалпыланған бейнесін, оның  мәні бар элементтерін сақтайды. Ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті көлемі ақпарттың  5-9 бірлігін құрайды және  бір рет ұсынылғаннан  соң адам дәл айтып бере алатын ақпарат санымен анықталады.

Қысқа мерзімді есте сақтау қабілетіның маңызды сипаттамасы – ол оның таңдаулы болуында. Жылдам есте сақтау қабілетінен оған актуалды қажеттіліктерге және адам  қызығушылығына сай келетін, оның артқан ықыласын аударатын ақпарат қана түседі. «Әдеттегі адамның миы,  көзі көрген мыңдағанның бір бөлшегін де қабылдамайды» деген екен Эдисон.

Жедел есте сақтау қабілеті  қандай да болсын әрекет немесе операция жасау үшін алдын ала белгілеген мерзімде ақпаратты сақтауға есептелген. Жедел есте сақтау қабілетіның ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше күнге дейін болуы мүмкін.

Ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті ақпаратты шектелмеген мерзімде сақтай алады, сонымен қатар (бірақ әрқашан емес) оны  көп рет қайта еске түсіру мүмкіндігі бар.

Іс жүзінде ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетінің қызмет етуі ойлаумен және ерік (воля) күшімен байланысты.

Генетикалық есте сақтау қабілеті генотиппен негізделген және ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Ондағы, адамның есте сақтау қабілетінің  осы түріне ықпалы тым шектелген (егер ол тіпті  мүмкін болса).

Есте сақтау қабілетінің қызмет ету үрдісінде басым болған анализатордан  есте сақтау қабілетінің қимыл, көру, есту, сезіну, иіс, дәм, эмоциялы және  басқа түрлері бөліп көрсетіледі.

Адамда көру қабылдау басым болады. Мысалы, біз көбіне адам түрін ұғамыз, ал есімін еске түсіре алмаймыз. Көрген бейнелерді сақтау және еске түсіру үшін көру,  есте сақтау қабілеті  жауап береді. Ол тікелей дамыған қиял елесіне байланысты: адам көру арқылы елестете алатынын  әдетте, жеңіл ұғады және жаңғырта  алады.

Есту есте сақтау қабілеті – түрлі дыбыстарды жақсы есте сақтау және  дәл  келтіруіне мысалы, музыкалық, сөйлеу дыбыстары жатады.. Есту, есте сақтау қабілетінің ерекше  түрін  сөз, ой және қисынмен тығыз байланысты болатын  сөйлеу-қисынының  түрі құрайды.

Қимылдың есте сақтау қабілеті ол есте сақтау және жадында сақтау, қажеті болса әртүрлі күрделі қимылдарды дәл келтіру. Ол қимыл дағдысы мен іскерлігін қалыптастыруға қатысады. Баяғыдан үйренген белгілерді автоматты түрде жазуды көздейтін   мәтінді қолмен жазу,  қимылды есте сақтау қабілетінің айқын  мысалы болып табылады.

Эмоционалды есте сақтау қабілеті – бұл күйзелу кезіндегі есте сақтау қабілеті. Ол есте сақтау қабілетінің барлық түріне тән, әсіресе адам қатынастарында көп көрінісін табады. Эмоционалды есте сақтау қабілетіне материалды берік есте сақтау негізделген: адамда сезім тудырғаны ешқандай кедергісіз және ұзақ  мерзімге сақталады.

Есте сақтау қабілетінің сезу, иіс, дәм және  басқа түрлері көру, есту, қимыл және эмоционалды есте сақтау қабілеті түрлерімен салыстырғанда шектелген болады; адам өмірінде айтарлықтай  роль атқармайды.

Жоғарыда қаралған есте сақтау қабілетінің түрлері ақпараттың шыққан көзін сипаттайды және де есте сақтау қабілетін таза түрінде сақталмайды. Есте сақтау (жаңғырту)  үрдісінде  ақпарат  түрлі: сараптау, іріктеу, жалпылау, кодтау, синтездеу және ақпаратты өңдеудің басқа түрлері де өзгеруге ұшырайды.

Материалды есте сақтау және жаңғырту үрдісінде еріктің қатысу сипатына қарай


 

                  ерікті                                            еріксіз

Ерікті жағдайда  адам ерік күшімен жасалатын арнайы мнемикалық міндет қояды (есте сақтау, тану, сақтау және еске түсіру).  Еріксіз есте сақтау қабілеті автоматты түрде, адам тарапынан қандай да болсын күшсіз қызмет етеді. Еріксіз есте сақтау  еріктімен салыстырғанда міндетті түрде әлсіз болмайды, көптеген  өмір жағдайларында ол одан асады.

Сайып келе, есте сақтау қабілеті – өткен тәжірибеге жаңғырту амалы, ақпаратты ұзақ сақтау қабілетін және саны мен мінез саласына оны бірнеше рет енгізу қабілетінде көрінісін табатын жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінің бірі.

 

    1.3 Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың шарттары

 

Мектепке дейінгі жаста есте сақтау қабілеті басқа психикалық үрдістер ретінде елеулі өзгерістерге ұшырайды. Аталғандай, олардың мәні балаларда  есте сақтау қабілеті біртіндеп ерікті  кейпіне ие болады, саналы реттелетін және жанама болады.

Мнемикалық функциялардың өзгеруі оның тиімділігіне қойылатын талаптар артуымен негізделген, оның жоғары деңгейі оқу қызметі барысында туындайтын  түрлі мнемикалық  міндеттерді орындау үшін  қажет. Енді бала осы жаста көп затты есте сақтауы тиіс: материалды тура жаттатуы, оны мәтінге жақын немесе өз сөзімен мазмұндап беруі, сондай-ақ жаттағанын есте сақтауы және ұзақ мерзім өткен соң айтып беруі тиіс. Баланың ұқпауы оның оқу қызметіне,  ең ақырында оқуға және мектепке  деген қатынасына  әсерін тигізеді.

Мектепке дейінгі жас балаларында жарқын, бала үшін эмоцияға толы мәлімет пен өмір жағдайларына түйелетін есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Осыған  байланысты мынадай мысалды қарастырайық.

Ересектер тобындағы балалар үшін еріксіз есте сақтау қабілетінің түрлері  жаңа түсінікті талдау бойынша тапсырманы орындау үрдісінде айқындалды. Нәтижесінде  балалардың шамамен 20%  міндетті дұрыс түсінді, оны  естерінде сақтап, әрекеттік тапсырылған мақсатын орындап, теориялық материалды еріксіз ұғып,  ерікті ете  алатындары  айқындалды.

Балалардың 50-60% жуық бөлігі - жаңа фактілерге деген өз қызығушылықтарына сәйкес есепті шеше алды. Сондықтан олар еріксіз сақтау тапсырмасын  нақты материалды орындағанда  ғана ерікті ұсынылған есепті  тиісті деңгейде саналы  шешкен жоқ.

Ең ақырында, балалардың үшінші тобы (шамамен 20-30%) есте сақтау қабілеті бар балалар тапсырманы дұрыс түсіне алмады, нақты материалдың кейбір бөлігін ғана еріксіз есте сақтады.  Тәжірибе ең жоғарғы психикалық функцияның бірі ретінде ерікті есте сақтау қабілетін дамыту үшін  оқуға деген   қызығушылықтары аз екені дәлелденген.

Мектепке дейінгі жаста есте сақтау қабілетін жетілдіру біріншіден түрлі тәсіл мен ұғатын материалды ұйымдастыру және өңдеумен  байланысты  есте сақтау стратегиясына ие болумен негізделеді.  Бірақ  осындай амалдарды қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыссыз  олар кездейсоқ қалыптасады және көбінде өнімсіз болады.

Тірек негізінде, есте сақтау құралы ретінде ойлау үрдістерін пайдалану  қисынды есте сақтау қабілетіның негізі  болып табылады. Бұндай есте сақтау қабілеті түсінуге негізделген. Осыған орай Л.Н. Толстой: «Білім білім болады, егер ол  бір есте сақтау қабілетімен емес, ой күшімен  табылса» деген екен.

Есте сақтаудың ойлау амалдары ретінде: мағыналық байланыстыру, жіктеу, мағыналық тіректерді бөлу, жоспар құру және т.б. пайдаланылуы мүмкін.

Мектепке дейінгі жастағы балаларда осы амалдарды қалыптастыру мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған арнайы зерттеулер негізінде ақыл қызметінде жатқан мнемикалық амалға,  үйрету екі кезеңнен тұратынын көрсетеді:

а)  ақыл қызметінің өзін қалыптастыру;

ә) оны мнемикалық амал ретінде қолдану, яғни есте сақтау құралы ретінде. Нәтижесінде,  материалды есте сақтау үшін мысалға жіктеу амалын қолданар бұрын топтастыруды жеке ақыл қызметі ретінде меңгерулері  қажет.

Мектепке дейінгі жас балаларының қисынды есте сақтау қабілетін  дамыту үрдісі  арнайы ұйымдастырылуы тиіс. Өйткені осы жастағы балалардың басым бөлігі материалды мағыналық  өңдеу тәсілін  өздігінен (арнайы үйретусіз)  қолданбайды және есте сақтау үшін белгілі амал яғни, қайталау амалын қолданады. Бұған ересектер тарапынан әдейі ынталындырулар  болуы керек.

 

1.4 Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін  дамыту жағдайлары

 

Дамыту жағдайы бұл – Ожеговтың айтуы бойынша  өмірдің, қызметтің қандай да болсын саласында белгіленген ережелері.  Жағдай   сондай-ақ   бірдеңеге тәуелді болғанда бір нәрсеге  немесе  бір жайт  болғанда, жүзеге асырылатын жайт деген екен. Біздің зерттеулерде жағдай – бұл тілдік теорияны зерделеу барысында мектепке дейінгі жас балаларының  есте сақтау қабілетін дамытуда жүзеге асырылатын жағдай.

Есте сақтау қабілетін дамытуға қатысты кейбір құралдарда балаларға оқу бағдарламасвындағы күрделенген ертегілер немесе әртүрлі күрделі жұмбақтар ұсынылады. Өкінішке орай, авторлар көбіне осындай үлгідегі тапсырмаларды орындау арқылы қандай мақсаттарды көздейтіндері  белгісіз. Осындай  жаттығулар тиімділігі көп  емес.

Тәжірибеде есте сақтау қабілетін мақсатты дамыту бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру үшін, қажет  жағдайларда  оқу материалдарына толы сабақтарда қамтамасыз ету қиын екенін аңғартады.

Мектепке дейінгі жас балаларындағы психологиялық ерекшеліктер олардың   интелелктуалды  даму  ерекшелігін  анықтайды.  Олардың есте сақтау қабілеті  көбінде нақты сипатқа ие, нақты объектілерге сүйенеді.

Мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамытудағы негізгі  шарт – жанама  есте сақтауды қалыптастыру,  яғни есте сақтау үшін қосымша құралдарды, оның ішінде белгі-символдарды пайдалану болып табылады. Ол үшін  ұғылатын объектілерді бөлшектеу, олардың түрлі сипаттарын бөліп көрсету, олардың арасында қандай да болсын  және шартты белгілердің жүйесімен  байланыс  орнату. Ассоциативті есте сақтау қабілетін дамытуға мынадай жаттығулар өз себін тигізеді:

а) сөздерді суреттер көмегімен есте сақтау;

ә) сөздерді әңгіме құрастыру арқылы есте сақтау;

б) шетел сөздерін фонетикалық ассоциациялар  тәсілі арқылы есте сақтау.

Қосымша сабақтардағы жалпы көңіл-күй оң эмоционалдық жағдайды тудырады:  ашықтық, қызығушылық, ұсынылған тапсырманы орындауға үйрену тілектері. Өзінің табыстарын түсінуі балалардың психологиялық мүмкіндіктерін ашуға, өзін-өзі бағалау, өзіне деген сенімділігінің  артуы көмегін береді.

Кіріспе бөлімінің  маңызды сәті – ол ми қызметін жақсартуға арналған жаттығуларды орындау. Физикалық жаттығулардың психикалық қызметке ынталандыру әсері  баяғыдан  баршамызға мәлім.  Физикалық жаттығулар әсерінен түрлі психикалық үрдістер көрсеткіштерінің жақсаруында: есте сақтау қабілеті көлемінің артуы туралы көп  мәлімет  бар.  Осымен  оқу қызметінің табысты болуына өз ықпалын тигізетін жұмысқа қабілеттіліктің жоғары деңгейінде қамтамасыз етіледі. Әр сабақ үшін  осы сабақта дамытылуы тиіс психикалық функцияларды ынталандыратын арнайы жаттығуларды таңдаған жөн. Сабақтың негізгі бөлігі үшін тапсырмалар тиісті танымдық үрдіске бағытталуы және сыныпта ұжымда жасау үшін ыңғайлығы ескеріліп таңдалады. Дамыту эффектісіне жету үшін бір үлгідегі тапсырмаларды бірнеше мәрте орындату арқылы жетіледі.

Сабақтың қорытынды бөлігінің міндеті - сабаққа қорытынды жасау, балалар нәтижесін және тапсырмаларды орырндауда туындаған қиындылықтарды талқылаудан тұрады.

Мектепке дейінгі жас балаларымен сабақ өткізудің  маңызды ерекшілігі ойын, жарыс элементтерінің қосылуы, мейірімді, қызықты атмосфераны ұстау, ұжымдық жұмысты ұйымдастыру, балалармен ынтымақтастық орнату болады.  Осының бәрі сабақты жоғары танымдық деңгейде өткізуге, іскерлік және еркін атмосфераны ұстауға мүмкіндігін береді.

Оқыту үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілеттерін  түзету және  де дамыту бойынша қызмет амалдары мен түрлерін пайдалану,  сабақта психологиялық қолайлы жағдайды, бала мен тәрбиешінің психологиялық қорғанысындағы  атмосфераны құрған жөн.

Информация о работе Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту