Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 09:30, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Осы курстық жұмыста мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың тәсілдері мен жолдары қаралады. Есте сақтау қабілеті – бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістен тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Есте сақтау қабілеті адамға қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені жинақтауға, сақтауға және кейін де пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен дағдыларды бекітудің бәрі есте сақтау қабілетінің жұмысына жатады. Осыған сәйкес психологиялық ғылым алдында есте сақтау қабілеті үрдісін зерттеу бөліміне енетін бірқатар күрделі мәселелер тұр.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3-5
Негізгі бөлім
1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Психологиялық-педагогикалық «есте сақтау қабілеті» туралы түсінік, зерттеуші ғалымдар..............................................................................................6-9
1.2 Есте сақтау қабілетін өзара топтастыру..................................................10-14
1.3 Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың шарттары......................................................................................14-16
1.4 Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту жағдайлары.........................................................................................16-21
2. Оқу әрекетінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың практикалық негіздері
2.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы..............................................................................22-26
2.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетінің дамуының жағдайларын іске асыру............................................................................26-27
Қорытынды ....................................................................................................28-29
Әдебиеттер тізімі..................................................................................................30
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

негізгі бөлім.docx

— 80.43 Кб (Скачать файл)

Осы психологиялық қорғаныс бірнеше тәсілмен қамтамасыз етіледі.

Роль қажет етсе,  секіреді, жүгіреді, ол балалармен өз сезімдерімен бөліседі: тұлғалық жағынан барлық жағдайда  ашық болады..

Есте сақтаудың амалдары еріктік көрсеткіштері  болып табылады. Алдыменен есте сақтаудың негізгі тәсілі бүкіл материалды бірнеше рет оқу болып табылады.

Түсініп есте сақтаудың маңызды тәсілі – мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу болып табылады. Бөлшектерге бөлуді білім алушылар үлкен өлеңдерді  жаттағанда қолданады, бірақ өлеңді шумаққа емес, жолдарға бөлгенде қателіктер жібереді.

Ұғындыру  түсінігінің амалдары әртүрлі. Қандай да мәтінді есте ұстау үшін, мысалы, ертегі, әңгімені, жоспар  арқылы құру маңызды.

Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін бірінен соң бірі келген суреттер  қатары түрінде жасалған жоспар қолжетімді және тиімді болады. Кейін суреттер негізгі ой тізбегінде: «басында не туралы айтылады? Әңгімені қандай бөліктерге бөлуге болады?»  деген сөзге  алмастырылады.

Әрбір нақты жағдайда мұғалім мектепке дейінгі жас балаларына материалды қалай дұрыс жаттау керек екенін айтып отырады.

Барлық оңай және тірнектеген жұмысты  педагогикалық мәселелерді шешетін сиқырлы күші бар  қиын емес  бөлек амалдар деп ойлауға болмайды. Есте сақтау қабілетін дамытуда табысқа мектепке дейінгі жас балаларында оқуға, сабаққа, үнемі жетілуге қызығушылығын оята білетін педагогтар жетеді.

Бұған тіл сабақтарында жұмыстың дидактикалық жұмыс түрлері мен жаттығулары септігін тігізеді:

  • Таңдаулы, еркінді қоса алған диктанттар;
  • «Жанды сөздер» ойыны;
  • Көңілді есте сақтаулар;
  • Суреттері бар жеке карточкалар;
  • Кесте, алгоритімдер;
  • Сөйлемдермен жұмыс жасауда «сергіту»  жаттығулары;
  • Қазақ халқының жаңылтпаштары ;
  • Дидактикалық сөзжұмбақтар;
  • Дидактикалық ребустар;
  • «Дыбыстарды тыңдайық» тапсырмасы;
  • Сауат ашу сабақтарындағы көңілді өлеңдер;
  • Эмоционалдық есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойын жаттығулар;
  • Дидактикалық ерегілер;
  • Балалар, мұғалім, тәрбиеші, ата-аналарға арналған жадынамалар.

Есте сақтау қабілетін дамыту үшін тіл дамыту сабақтарында «Дыбыстарды тыңдайық» сияқты тапсырмаларды орындау пайдалы болады. Сабақ кезінде мұғалім «Балалар, қазір тыныш, балабақшада сабақтар жүріп жатыр, ал біз тыныштықты тыңдай аламыз ба? Қандай дыбыстар біз естуіміз мүмкін? Олар нені білдіреді? Ыңғайланып отырыңдар, көздеріңді жабыңдар, қоршаған дыбыстарды тыңдандар» дейді. Екі-үш минут балалар тыныш отырады, сосын тәрбиеші терең тыныс алып, шығаруды, ақырын көздерін ашып, жұмыстарына оралуды сұрайды. Балалар кім  не істегені, не түсінгенін айтады, осындайда дыбыстар реті, қаттылығы, үдемелігін олар әртүрлі ұғатындарын аңғарады.  Бұл жаттығу есту шегін төмендету (қатты сөйлейтін балалар  баяу  дауысты қабылдамайды)  мүмкіндігін береді   және аудио жазбаны ұзақ  түсіндіріп беруге  дайындайды.  Жауаптарын табу үрдісінде амалдардың тым көп болуы сөздер арасындағы байланыс жасау себін тигізетінін ескеріп,  сөзжұмбақ, ребус, жұмбақ сөз шешуге көп көңіл бөлген жөн, бұл өз алдына орфография, сөзжасам, морфемиканы меңгеруге ықпалын тигізеді.  

Дыбыстарды дұрыс айту бекітілетін, мақам өңдеу, дауыс аппараты, сөйлеу ырғағын дамытатын өлең, жыңалтпаш, мәтелдерден үзінділерді пайдаланған жөн.

Өйткені есте сақтау қабілетінде  бірқатар ерекшеліктер бар,  оның қалыптасуы мен  дамуы есте сақтау қабілетінің түр дифференциациялануының жалпы дамуына байланысты. Сондықтан есте сақтау қабілетінің түрлерін, әсіресе есту, көру және қимыл түрлерін  жинақтау арқылы   ұғу өнімділігін арттыру керек.

Есте сақтау қабілетінің маңызды түрлерін үйлестіруде «қолмен әңгімелеп беру» тәсілі ең  тиімді. Бұндай тәсілде оқушыға  иллюстрация көрсетіледі,  сосын мәтін не  жөнінде екенін сұрайды, болжамдар расталғаны тексеріледі. Осындан соң мұғалім балалармен бірге қолмен айтып, мәтінді қайта оқиды.

Сонымен мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамытудың  теориялық негізін қарастырып, біз қорытынды жасаймыз:

    1. Есте сақтау қабілеті бұл – ақпаратты жазу, сақтау және ойлау үрдісі. Есте сақтау қабілетінің қандай да болсын көрінісі ең алдыменен есте сақтауды, яғни  қабылданған ақпаратты белгілі бір уақыт кезеңінде сақтауды талап етеді, бұл адамға ықпалды қайталауда туындайтын оны тану амалдарында анықтауға болады. Ал жаңғырту – бұл кері ықпал көмегінсіз емес, есте сақтау қабілеті қоймаларынан тыс шығару.
    2. Мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілеті, жас ерекшеліктері оқу ықпалымен дамиды. Сөз-қисынды, мағыналық есте сақтаудың ролі  мен  үлестік салмағы артады, өздері есте сақтау қабілетін  саналы басқару және көріністерін реттеу мүмкіндігінде дамиды.  Бірінші белгі -  жүйе қызметінің жасқа қарай басым болуына    байланысты мектепке дейінгі жас балаларында  сөз-қисындысынан гөрі,  көрнекі-бейнелік есте сақтау қабілеті басым дамыған болады. Олар анықтама, сипаттама, түсіндіруден гөрі нақты мәлімет, оқиға, түр, зат, фактілерді тез ұғады және естерінде жақсы сақтайды. Мектепке дейінгі жас балалары ұғылатын материал ішінде мағыналық байланыссыз механикалық есте сақтауға бейім. 
    3. Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайы – ол мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілеті үрдістерін дамытуда көрнекіліктері пайдалану.

 

2 Оқу әрекетінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың практикалық негіздері            

2.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетінің  даму деңгейінің диагностикасы  

   Тілдік теорияны үйрету   үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту үшін  практикалық іс-тәжірибемде  эксперимент өткізілді.

Экспериментте ересектер тобынан 8 бала қатысты.

Экспримент үш кезеңнен тұрады:

1-кезең – констатациялау  кезеңі – мектепке дейінгі  жас балаларының есте сақтау қабілетінің дамуының  деңгейін  алғашқы  диагностикасы;

2-кезең – қалыптастырушы  кезең – оқыту үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын іске асыру;

3-кезең – бақылау кезеңі  – мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілеті дамуының деңгейін қайталап диагностикалау, алынған нәтижелердіңі талдаулары беріледі.

Есте сақтау қабілеті дамуы деңгейін бөліп көрсету үшін пайдаланған критерийлер:

  1. Жылдамдық – барлық адамдарда әр түрлі, оны есте сақтау қабілетіне арнайы жаттықтыру арқылы арттыруға болады.
  2. Дәлдік – бала кездестіретін фактілер мен оқиғаларды, сондай-ақ ақпарат мазмұнын  еске түсіруде дәлдік көрінісін табады.
  3. Есте сақтау қабілетінің  ұзақтығы – ұзақ уақыт ішінде бастан кешкен тәжірибені сақтай білу қабілеті.
  4. Есте сақтау қабілеті көлемі- есте сақтау қабілетінда ұсталынатын ақпарат саны.

Бөлінген критерийлер, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін өңдеу негізінде және сандық көрсеткіштерді алу үшін мектепке дейінгі жас балаларында есте сақтау қабілеті дамуының үш деңгейі: төменгі, орташа және жоғары  көрсеткіші бөлінді.

Жоғары деңгей – аз ғана қателермен жылдам жаттау (орташа 0,6-0,7 қате). Балалар үшін үғуды жеңілдететін тәсілдерді белсенді іздестіру және былай пайдалану тән:

  1. Материалды берілген күйінде жаңғырту;
  2. Қайталау;
  3. Еске түсіру;
  4. Материал бірліктерін мазмұндап айту;
  5. Дыбыстау және т.б.

Орташа деңгей – қарапайы мнемикалық тәсілдер: қайталау, дыбыстау. Бірақ зерттелетін тұлға есте сақтаудын дәл болуына әрқашан тырыспайды, ерік  танытпайды, сондықтан қателер жібереді.

Төменгі деңгей – байланыссыз материалды әзер ұғады, оларда есте сақтау мақсатты жоқ. Балалардың көбінде  есте сақтауды жеңілдететін амалдарды іздестіру және пайдалану ынтасы жоқ, олар баяу және есте сақтау нәтижесіне енжарлық танытады. Оларда ақырында берік болайтын материалда байланысы  өте баяу  жасалады.

Сондықтан жаттау үрдісі баяу  және айтарлықтай көп қатемен жүреді. 

Мектепке дейінгі жас балаларындада есте сақтау қабілетінің даму деңгейін анықтау мақсатында біз қолданған әдістер:

«Заттар суреттерін  жіктеу»  әдісі.

Эксперимент материалы – 15 кеспе, әр қайсысында бір зат  бейнеленген. 15 зат оңай жіктеледі: жануарлар, жеміс, ойыншық. Зат суретінен басқа кеспеде (жоғарғы оң бұрышында) екі жақта сан жазылған.

Зерттеу басында кеспелер тақтада кездейсок тәртіпте ілініп, қағазбен жабылған болатын.

Зертетуге қатысушыларға  заттарды жалпы белгілері бойынша жіктеу білулеріне тәжірибе өткізілетіні туралы айтылған нұсқаулық беріледі. Зерттеуге қатысушының міндеті – заттарды топтар бойынша жіктеп, топта атауын алға қойған тәртіпте жазу. Тәжірибе аяқталған соң қатысушыларға ұққандары бойынша кеспеде бейнеленген заттарды, сосын сандары кездейсок тәртіпте жаңғырту ұсынылады.

«Джекобс әдісі». Бұл әдіс цифрлық материалмен мынадай жұмыс түрінде өткізіледі. Зерттелушіге 4-тен 10-ға дейін элементі бар  бірінен соң                    7 қатар цифрлар ұсынылады. Цифрлар қатары кездейсоқ құралады. Эксперемент өткізуші қысқасынан бастап әр қатарды кезегімен бір реттен оқиды.  Әр қатарды оқыған соң  2-3 секундтан кейін зерттелушілер хаттамада қатар элементтерін  естерінде қалғандары  бойынша жазады. Тәжірибе бірнеше рет әр  цифр қатарымен өткізіледі. 

Есте сақтау қабілеті дамуы деңгейін анықтаудың тағы бір әдісін Л.С. Мучник және В.М. Смирновпен ойлап  тапқан. Олар ұсынған тесттің бірінші жартысында тапсырмалар Джекобс әдісі бойынша орындалады. Тәжірибенің екінші жартысында есте сақтау қабілетінің көлемі анықталады, ол үшін зерттелушіге ойында бір-біріне қосып, нәтижесін есте сақтау тиіс жалаң сандар беріледі. Аяқтаған соң зерттелуші жасаған есептерінің барлық нәтижелерін айтып беруі керек.

«Жол элементті анықтау әдісімен есте сақтау қабілетін өлшеу» әдісі. Зерттелушілер экспериментте қолданылатын ынталандыру қатарымен алдын ала танысады. Кейін осы стимулдар кездейсоқ тәртіпте оларға ұсынылады. Зерттелушінің міндеті – берілген  тізбектегі қатардың қай элементі жоқ екенін анықтау. Есте сақтау үшін стимул ретінде сандар қатары, сөздер қолданылуы мүмкін.   

Есте сақтау қабілетінің даму деңгейін зерттеу үшін мен мындай классикалық әдістерді пайдаландым: қатардағыберілген сөздер мүшелерін таңтап алу әдісі; жаттау әдісі, сәтті жауаптар әдісі, антиципация әдісі.

Мысалы, жаттау әдісін өткізуде зерттелушіге кез -келген тәртіпте қатесіз айтып беру критерийіне  дейін элементтер қатарын (буын, сөз, сан, фигура және т.б.) жаттату ұснылады. Зерттелушінің объектілер қатарын қатесіз айтып беруі үшін қайталаған санды есте сақтау көрсеткіші болады. Зерттелушіге белгілі бір уақыт өткен соң объектілер графигін қайта еске түсіруді ұсынып,  ұмыту кестесін салуға болады. Жаттау әдісі эксперимент өткізушіге  көлемі мен мазмұны әр түрлі материалды есте сақтау және ұмыту үрдістерінің динамикасын бақылау мүмкіндігін береді.

«Жаттау үрдісін зерттеу» әдісінен мысал келтірейік. Бұнда эксперимент материалы ретінде мағынасы жаңынан байланысы жоқ сөздер алынған. Материал дыбысталу арқылы беріледі. Зерттелушіге кез -келген тәртіпте қатесін айтып беру шартымен 12 сөзден тұратын қатар ұсынылады. Әр айтылған сайын зерттелуші оны қайталайды. Қайта айтып беруден 5 с. өткен соң қатар қайталанады.  Есте сақталған элементтер хаттамада «+» белгісімен  бейнеленеді, егер зерттелуші еретеде болмаған сөзді атаса, онда ол хаттама ескертулеріне жазылады. Тәжірибе қатарды толық жаттағанға дейін өткізіледі.

Есте сақтау қабілетінің даму деңгейін  аталған әдістер арқылы диагностикалау нәтижелерін 2-қосымшада берілген.

Констатация кезеңінде өткізілген жұмыс нәтижесінде   эксперимент басында белгіленген критерийлер негізінде зерттелушілердің 30%  есте сақтау қабілеті дамуының деңгейі төмен екені анықталды.  Балалар  байланысы жоқ материалды әзер ұғады, оларда есте сақтау мақсаты  туындамайды. Балалардың көбінде  есте сақтауды жеңілдететін әдіс-амалдарды іздестіру және пайдалану ынтасы жоқ, олар баяу және есте сақтау нәтижелеріне селқостық танытады. Оларда материалдағы байланыс пен күрделіден жайға бөлу  туындайды, ол нәтижесінде мықты болмайды. Сондықтан жаттау үрдісі баяу және көп қатемен жүзеге асады. Зерттелушілердің 57 %-ы қарапайым  қайталау, дыбыстау мнемикалық тәсілдерді қолданады. Бірақ зерттелушілер дәл есте сақтауға тырыспайды, ерік танытпайды, сондықтан  жиі қате жібереді. Бұл есте сақтау қабілеті дамуының орташа деңгейінің көрсеткіші.  Балалардың 13%-ы ғана  аздаған қатемен  жылдам жаттайды. Оларға есте сақтауды жеңілдететін тәсілдерді  белсенді іздестіру, оларды қолдану ынтасы тән, бұл есте сақтау қабілеті дамуының жоғары болуын көрсетеді.

Алынған нәтижелер таладу зерттелушілердің  жартысынан көбінде есте сақтау қабілеті дамуының деңгейі  орташа және төмен, түзетуді талап  етеді.  Зерттеудің констатация кезеңі нәтижелері ұсынылған болжамға сәйкес эксперименттің қалыптастыратын кезеңі өткізілуін талап етеді.

Информация о работе Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту