Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 09:30, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Осы курстық жұмыста мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың тәсілдері мен жолдары қаралады. Есте сақтау қабілеті – бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістен тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Есте сақтау қабілеті адамға қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені жинақтауға, сақтауға және кейін де пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен дағдыларды бекітудің бәрі есте сақтау қабілетінің жұмысына жатады. Осыған сәйкес психологиялық ғылым алдында есте сақтау қабілеті үрдісін зерттеу бөліміне енетін бірқатар күрделі мәселелер тұр.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3-5
Негізгі бөлім
1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Психологиялық-педагогикалық «есте сақтау қабілеті» туралы түсінік, зерттеуші ғалымдар..............................................................................................6-9
1.2 Есте сақтау қабілетін өзара топтастыру..................................................10-14
1.3 Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың шарттары......................................................................................14-16
1.4 Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту жағдайлары.........................................................................................16-21
2. Оқу әрекетінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың практикалық негіздері
2.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы..............................................................................22-26
2.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетінің дамуының жағдайларын іске асыру............................................................................26-27
Қорытынды ....................................................................................................28-29
Әдебиеттер тізімі..................................................................................................30
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

негізгі бөлім.docx

— 80.43 Кб (Скачать файл)

 

2.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетінің дамуының жағдайларын іске асыру        

Қалыптастырушы  экспериментте  біз  зерттелушілердің  есте сақтау қабілетін дамыту бойынша жұмыс өткіздік. Ол  үшін есте сақтау қабілетін жақсартуға арналған арнайы таңдалған жаттырғуларды пайдаланумен тілдік теорияны үйрету  бойынша сабақтар топтамасын өткіздік.

Есте сақтау қабілетін  дамыту және есте сақтауды жеңілдетуге арналған тәсілдер мен жаттығуларды қарастырайық:

  1. Түсіндірілуі тиіс  ақпаратты бастапқы әріптерінен маңыналы фраза жасау .
  2. Ырғақтау – ақпараттық өлеңге, әнге,  белгілі бір ырғақ не рифмамен байланысты жолға аудару.
  3. Әуендес сөздер арқылы ұзын терминдерді жаттау (мысалы шетел терминдер үшін  дыбысталуы бойынша өз тілінде баламасын іздеу – мысалы медицинадағы «супинация» және «пронация» терминдерді есте сақтау үшін   әуендес және әзіл «тамақты әкеле жатып, төгіп алдым»  сөзін қолданады).
  4. Есте сақтау қажет ақпаратпен «байланыс әдісі» бойынша байланыстыратын ашық, ерекше бейне, суреттер іздестіру қажет. Мысалы, қарындаш, көзілдірік, люстра, орындық, жұлдыз, қоңыз сөздер қатарын есте сақтау қажет – егер сіз оларды  бір жарқын, фантастикалық мультфильм кейіпкері  – қапталған матасында «жұлдызы» бар  «орындық»  мінген «люстра» ханымға «көзілдірікті»  сал жігіт «қарындаш»  келгенін  елестетсеңіз  оларды есте сақтау оңай болады. Осылай ойластырылған мультфильмді ұмыту немесе шатастыру қиын болады.  «Байланыстыру әдісі»  бойынша есте сақтау тиімділігін арттыру үшін пропорцияларды (үлкен «қоңыз»)  өзгерту; заттарды  белсенді әрекет жасауда («қарындаш келеді) алмастыру; заттар санын көбейту (жүздеген «жұлдыздар»); заттар қызметтері орынын алмастыру («орындық «люстар» ханым үстінде).
  5. Цицерон әдісі. Елестетіңіз, сіз өзіңізге  жақсы таныс бөлмеңізді аралап шықтыңыз. Есте сақтау керек ақпаратты бөлме бойынша аралау жолыңызға қойыңыз. Өз бөлмеңізді аралап, ақпаратты еске түсіре  аласыз – бәрі өткен жолы қалай қойдыңыз сол орындарында болады.
  6. Сөздерді әңгімеге қосу арқылы есте сақтау.

Мысалы, қисыны жоқ сөздерді есте сақтау (ағаш, үстел, өзен, себет, тарақ, сабын, кірпі, резеңке, кітап, тарктор, жауын, күн, сағат, шам, скрепка, үй, ұшақ, дәптер, шұлық, ауа):

Жаттығу-жарыс: «Кім мәтіндегі ең ұзын сөйлемді ұғады?».

Мұғалім бірдіндеп  сөздер санын көбейтіп сөйлемдер оқиды: бірінші сөйлем – 5 сөз, екінші 6 сөз,  т.б., соңғысы – 10 сөз.

Солай, эксперименттің қалыптастыру кезеңінде біз тілдік теорияны үйрету  үрдісінде есте сақтау қабілетін дамыту жұмысын өткіздік. 3-қосымшада эксперименттің осы кезеңі сабақтарының әзірлемелері берілген.

Жұмыс экспериментінің құрастыру кезеңінің тиімділін тексеру үшін зерттеушілерді бақылау тексеруінен өткізілді. Бақылау тексеру әдістемесі зерттеушілер есте сақтау қабілетін  дамыту деңгейі  констатациялық зерттеу әдісімен сәйкес келді. Өткізілген әдіс бойынша бақылау кезеңінің мәліметтері     2-кестеде келтірілген. Нәтижелер зерттеушілер есте сақтау қабілетін дамыту деңгейі констатациялық  зерттеу  деректерінің қатыстырылуымен талданды.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Есте сақтау қабілеті адам өмірінде үлкен рөл ақарады. Ол кез - келген психологиялық құбылыс негізінде жатыр. Адамның өткені мен бүгінгісін байланыстырады, тұлға тұтастығын қамтамасыз етеді. Есте сақтау қабілеті – өткен тәжірибе іздерін  есте қалдыру, сақтау және  жаңғырту үрдісі болып табылады. Мектепке дейінгі жас балаларында есте сақтау қабілеті жетекші психологиялық үрдіс деп есептеледі. Осы жаста  есте сақтаудың бастысы ерікті  өтеді, бұл материалды түсіну қабілетінің жеткілікті дамымауымен, ассоцацияларды аз падалануымен,  тәжірибе аздығы мен есте сақтау тәсілдерінің білмеуімен түсіндіріледі. Егер оқиғаларда бала үшін эмоционалдық мән болса, оған әсерін тигізсе, есте қалады, еріксіз  есте сақтау айрықша  дәлдігі және тұрақтылығымен  ерекшеленеді. Мектепке дейінгі жас балалары мағынасыз (мысалы, санамақ)  немесе   объектівті мағыналы, бірақ жеткілікті түсініксіз немесе оларға түсініксіз сөздер, фраза, өлеңдері бар материалды оңай ұғатыны белгілі. Осындай есте сақтау негізінде себептер ретінде осы материал дабыстық жағы, оған деген ерекше эмоционалдық қатынасы, ойын қызметіне қосылу мүмкіндігімен  балаларда тудыратын қызығушылықты атайды.  Сонымен қатар, ақпараттың түсініксіз болуының өзі балаларда әуестігін  және оған назар аударуды ынталандыруы  мүмкін. Есте сақатуды ынталандыру – мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамытудың басты бағыты  болып табылады.

Зерттеудің нәтижесінде біз «есте сақтау қабілеті» түсінігін психология-педагогикалық әдебиетті қарастырдық, мектепке дейінгі жас балаларында есте сақтау қабілетінің даму ерекшеліктерін бөліп таныдық, мектепке дейінгі жас балаларында тілдік теорияны үйрету  үрдісінде есте сақтау қабілеті дамуы жағдайларын айқындадық.

Эксперименттің констатация кезеңінде біз 4-сынып балаларының есте сақтау қабілетінің даму деңгейін анықтадық, эксперимент басында белгіленген критерийлер негізінде балалардың басым бөлігінің есте сақтау қабілеті дамуы төмен екені анықталды. Бұл балалар мағынасыз материалды әре ұғады, есте сақтау мақсатын танытпайды. Балалардың көбінде есте сақтауды жеңілдететін тәсіл, амалдарды іздеу ынтасы жоқ, енжарлық танытып, есте сақтау нәтижелеріне  ырықсыз болады. Оларда материал бойынша байланыс құру, күрделіні бөлшектеуді  баяу жасайды, өздерінің нәтижесінде  берік болмайды.  Сондықтан жаттау үрдісі бәсең және айтарлықтай көп қатемен  жүзеге асады.

Мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту бойынша  іске асырылған шараларды  талдау үшін эксперименттің  бақылау кезеңі өткізілді. Өткізілген жұмыс нәтижесінде балалар  басым бөлігі аз қате жіберумен жылдам жаттауға үйренді.

Жұмыста мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілеті жағдайының өзгеруін зерделеу нәтижелері берілген. Эксперименттің бақылау кезеңінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілеті дамуы деңгейінің динамикасының талдауы  эксперимент жұмысын өткізу нәтижесінде балаларда есте сақтау қабілеті дамуы деңгейі жоғарылады. Бұндай өзгерістер  қалыптастыру эксперименті барысында іске асырылатын жұмыс жүйесі мектепке дейінгі жас балалары есте сақтау қабілеті дамуына тиімділігіне едәуір ықпалын тиігізеді.

Нәтижесінде, осы жұмыс басында қойылған міндеттер шешілді, зерттеу мақсатына жеттік, болжам  растталды. Өткізілген зерттеу  жалпы білім беретін мекеме жағдайында мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту аясында  одан кейінгі жұмыс  бағытын анықтау мүмкіндігін берді.

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ

  1. Айсмонтас, Б.Б. Общая психология: Схемы [Текст]/Б.Б.Айсмонтас. - М.: ВЛАДОС-ПРЕСС, 2003. - 288 с.
  2. Аткинсон, Р. Человеческая память и процесс обучения [Текст]/Р.Аткинсон. - М.: Наука, 1980.-321 с.
  3. Битянова, М.Р. Работа психолога в начальной школе [Текст]/М.Р.Битянова, Т.В.Азарова, Е.И.Афанасьева, Н.Л.Васильева. - М.: Совершенство, 1998. - 467 с.
  4. Возрастная и педагогическая психология/Под ред. М.В. Гамезо, М.В. Матюхиной, Т.С. Михальчик. - М.: Просвещение, 1984. - 547 с.
  5. Выготский, Л.С. Психология [Текст]/ Л.С. Выготский. - М.: Эксмо-пресс, серия "Мир психологии", 2002. -108 с.
  6. Зеньковский, В.В. Психология детства [Текст]/В.В.Зеньковский. - Екатеринбург: Деловая книга, 1995. - 350 с.
  7. Мухина, В.С. Детская психология/Под ред. Венгера Л.А.
  8. Тыныбаева Б. « Дарынды бала – бақытты ғасыр кепілі» Қазақстан мектебі, 7- 2005ж.
  9. 23. Тілеухан Ж. « Баланы  қызықтыратын не?» ғылыми журнал, 2003ж.
  10. 24. Тынысова А. « Мұғалім  шығармашылығы бала санасына»   Қазақстан мектебі, 2004ж.
  11. 25.  Тәтімбекова Р. « Үйірмелердің дидактикалық құрылымы» Қазақстан мектебі, 2004ж.

 

 

 

 


Информация о работе Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту