Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 11:53, дипломная работа

Описание работы

Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасындағы ҚР Азаматтық құқығы институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
- ҚР Азаматтық құқығы ұғымына салыстырмалы құқықтық негізіде зерттеу;
- ҚР Азаматтық құқығы жөніндегі заңдылықтарды қамтамсыз ету;
- ҚР Азаматтық құқығы, оның түсінігі, пәні және әдісі жөнінде туындайтын мәселелерге қатысты құқықтық негізінде зерттеу ұсыныстарын қамтамасыз ету;

Файлы: 1 файл

Азамматық құқық.docx

— 135.01 Кб (Скачать файл)

    Оқу құралдары  ең алдымен, азамматық құқық жөніндегі  оқулықтар түрінде көрініс берді. Әдетте оқулық деп азаматық құқық жүйелі түрде талданған немесе бір-бірімен байланысты келетін бөлімдері бар шығарманы айтады. Бұл орайда талап деңгейінен шығатын қазіргі азамматық құқық бойынша оқулық әлі шыға қойған жоқ. Кеңес өкіметті кезінде азамматық құқық оқулықтарын орыс тілінде Мәскеу, Ленинград, Свердловск, Саратов заң факультеттерінің, заң инститтутарының ұжымдары 1944 жылдан бастап шығарған болатын. Қазақстанда азамматық құқық жөнінде орыс тілінде оқулықтары шығаруға Ю.Г.Басин, Б..Б.Базарбаев, А.И.Беспалова, М.АВаксберг, А.Г.Двденко, О.Қ:Ықсанов, Ғ.Төлеуғалиев, С.И.Меерзон тұңғыш рет қадамдар жасады. Оқу құралдарын шығару жөнінде дайындық жұмысы сонау 60 жылдары жекелеген тақырыптар бойынша лекцияларды баспадан шығару арқылы басталған еді. Кейін 1968 жылы “Советского гражданское право Казахской ССР” деп аталатын курс басылымы дүниеге келіп, ғылыми кең ауқымды қамтыды( барлығы 5рет басылып шықты). Өкінішке орай бұл жұмыс аяқталмай қалды.

      1978 жылы  ҚазМу-дің заң факультеті азамматық  құқық кафедрасының ұстаздар  ұжымының күшімен және Жоғарғы  және орта білім беру Министрлігінің  арнайы рұқсатымен “Гражданское право Казахской ССР”оқу құралының 1-бөлімі жарық көрді. Осы оқу құралының екінші бөлімі 1980 жылы шықты. 1994 жылы Азаматық кодекстің қабылдауына орай 1998 жылы “Ғылым” баспасынан профессор Ғ.Төлеуғалиев пен доцент Қ.С.Мәуленовтың редакциялық етуімен “Гражданское право Республики Казахстан” оқу құралының екі томы (орыс тілінде) жарық көрді. Авторлар ұжымының құрамында профессор Ғ.Төлеуғалиев, профессор М.А.Сәрсенбаев, профессор Н.Өсеров, профессор Б.Б.Базарбаев, профессор Красавчикова Л.О, доценттер О.Қ:Ықсанов, К.В.Мұқашева, С.С.Кәрімова, Е.О. Ықсановтар бар. 1999 жылы аталған оқу құралы өзгертеулермен, толықтыраулармен екінші басылымда бір томдық болып шықты.

    Қазақстанда бірінші  рет профессор М.А. Сәрсенбаевтың  редакциялық етуімен “Международной частное право'' (бірінші басылым 1996 жылы, екіншісі 1998 жылы) және “Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу” (бірінші басылым 1995 жылы, екіншісі-1997 ж.) оқу құралдары жарық көрді. Бұл еңбектерді жазуға профессор Ғ.Төлеуғалиев, доцентер Қ.С.Мәуленов, Т.Е.Қадыров, К.М. Ілиясовалар қатысты.

   1999 жылы профессор М.А.Сәрсенбаев “Международное торговое право” деп аталатын оқу құралын баспадан шығарды. Кәсіпкерлік проблемасының маңыздылығына орай профессор Ғ.Төлеуғалиетің редакциялық етуімен 1999 жылы төрт бөлімнен тұратын “Малый и средний бизнес: закондательства Республики Казахстан” жинағы ( құрастырушы А.О.Масатбаев) жарық көрді. Қ.С.Мәуленов “Нефтяное законодательство Республики Казахстан” атты нормативтік актілер жинағын жариялады ( 1999 ж), ''Сборник нормативных актов и международных договоров по международному частному праву” бесінші томы (құрастырушы М.А:сәрсенбаев ) қолға тиді.

      Сондай-ақ  лқу құралдары жекелеген тақырыптар  бойынша да жарық көріп жатыр. Айталық профессор Ю.Г.Басиннің  “Юридические лица по Гражданскому кодексу Республики Казахсстан: понятие и общая характеристика”, “Сделки”, “Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства”.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Қазақстанның кәзіргі азамматтық құқығына қатысты ағымдардың                                                                                сипаты

      

      Қазақ азаматық ілімінің мақсатына мән беріп қарасақ, оның орыс азамматық құқығының жолын таңдағанын көреміз және деанглосаксон мен континенталдық (роман-герман)  құқық жүйесінің нормаларына сүйену байқалады.

        Азаматық-құқықтық нормалар реттеп отыратын қатынастар ауқымын азамматық құқықтың нысанасы деп түсінеді. Қазақстан Республикасы Азамматық кодексінің 1-бабы былайша айқындайды: “Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі”. Осы баптың 2-тармағы былайша тұжырымдайды:”Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азамматық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды”.

        Азаматық құқық реттеп отыратын азамматық мүліктік қатынастарға мынадай жағдай тән болады: олар горизанталь мүліктік қатынастарға мынадай жағдай тән болады: олар горизонталь мүліктік қатынастар деп аталатын әрқайсының өзіндік жеке мүдделері бар әмірмен бағынған сипаттағы құқықтармен және міндеттермен өзара байланыспаған мүліктік оқшау субъектілердің арасында пайда болды. Мүлікті-заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттердің иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік қатынастар деп түсінеді. Әдетте, мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болады.

      Азаматтық  кодекс нарықтық экономиканың, кәсіпкерлік  қызметтің негізін құрайтын тауар-ақша  қатынастарын мүліктік қатынастардың  ішіндегі алғашқысы ретінде атайды, өйткені азамматық құқық болмайынша, нарықтық экономиканың болуы мүмкін емес; нарықтық экономикасыз азамматық құқық туралы сөз қозғау бекершілік. Тіпті экономика әміршіл-бұйрықшыл вертикаль тәртіппен басқарған кеңестік жыладрдың өзінде азаматық құқық сол кезеңде рұқсат етілген тауар-ақша қатынастарын (яғни кеңес қоғамында рұқсат етілген нарықтық қатынастар топтарын) қамтыды. “Азаматтық құқық” терминін тіпті жоспарлы экономика үшін қолдануға жол бермейтін тұжырымдаманың экономиканы реттеу теориясы мен практикасына белсене енгізілуі тегін емес-ті. Тіпті ерекше құқықтық сала-“шаруашылық құқығы” ойдан шығарылды, ол жөнінде кейінірек сөз етеміз.

        Алайда  өзінің мәні жөнінен тауар-ақша  қатынастарына жатпайтын горизанталь  мүліктік қатынастар, мысалы, мұрагерлік, риясыз мүліктік тұрмыстық қызмет  көрсету және басқа кейбіреулері  азаматық құқықтың объектісі болады. Тауар-ақша қатынастарымен салыстырғанда олардың көлемі шамалы болғанымен, күнделікті өмірде олар айтарлықтай сезіледі.

        АК-ның 1-бабы сондай-ақ мүліктік қатынастармен  байланысты мүліктік емес өзіндік  қатынастарды да атайды. Бұл ең  алдымен интеллектуалдық меншік  объектілерін-ғылым, өнер, техникалық  шығармашылық туындыларын, азаматтық  айналымға қатысушыларды дараландыру  құралдарын және т.с.с. жасаудан  туындайтын қатынастар. Бұл объектілер  мен құқықтардың өздігінен тікелей  мүліктікмазмұны мен ақшалай  бағасы болмайды. Бірақ олар, бұл  мүліктік емес өзіндік қатынастар  мүліктік қатынастармен тығыз  байланысты болғандықтан, азаматтық-құқықтық  реттеу саласына жатады, оларды  азамматық құқықтарды қорғау  құралдары қамқорлығына алады.

         Мысалы, жарық көрген кітаптың  екі авторының біреуі кітапты  осы атауымен басқа баспадан  шығарады және тең автор ретінде  өзге адам көрсетіледі. Бұрынғы  тең автор өзін қайта басып  шығарылған кітаптың тең авторы  ретінде тану туралы және жаңадан пада болған тең авторды авторлық құқығынан айыру туралы талап қояды. Бірнеше сараптаманы қатыстыра отырып, іс сотта әлденше рет қаралады. Талап қанағаттандырылады. Мынаны атап көрсету керек: талап арызда да, сарапшылардың қорытындыларында да, сот шешіндерінің бірде-біреуінде де талапкердің мүліктік құқықтарның бұзылғаны туралы сөз болмады. Даудың нысаны біреу ғана-кітаптың авторы (тең авторы) кім? Бұл авторлық құқық дәлелденді және қорғалды. Алайда бір нәрсеге күмән жоқ: өзінің авторлық құқықтарының сотта дәлелденуіне қол жеткізген талапкер дәл осындай негізінде баспадан кітаптың 2-басылымы үшін қаламақы үлесін талап ете алады, ал баспа жалған тең автордан оған төленген ақшаны қайтаруды талап етуге құқылы, өйткені автор деп танылу және авторлық қаламақы алу құқығы ажырамастай тығыз байланысты.

          АК-нің 1-бабы азаматтық құқықтың  нысанасы болып табылатын қатынастардың  ішінен мүліктік қатынастарға  байланысы жоқ өзіндік қатынастарды да атайды. Мысалы, азаматтың есіміне, оның ар-намысына тұрғылықты жерді таңдау мүмкіндігіне жеке жазбаларын (күнделіктерін, хаттарын)жарияламауға, бейнесіне қол сұғылмайтынына, денесіне тиіспеушілігіне және т.с.с байланысты қатынастар. Азаматтық құқық кейбір шарттар сақталғанда мұндай қатынастарды өзі реттеп отырады, айталық: егер оларды құқықтың басқа салалры (мысалы, Қылмыстық құқық) реттемейтін болса, егер олар мүліктік емес өзіндік қатынастардың мәніне (мысалы, ішкі сырлас жақындық саласында) қайшы келмейтін болса.

         Көптеген мүліктік емес жеке  қатынастарды азаматтық-құқықтық  реттеу нысанасын жатқызуды кейбір  қосымша ойлармен түсіндіруге  болады. Біріншіден, оларға азаматтық  құқықты қолданбасақ, мұндай қатынастардың  айтарлықтай бөлігі мүлде құқықтық  реттеусіз қалған болар еді. Екіншіден, мүліктік қатынастармен байланысы  бар немесе байланысы жоқ өзіңдік  қатынастардың арасындағы шекара  тым шартты алынған (мысалы, адамның  өз есіміне құқығы да, өз бейнесіне  құқығы да, кейде басқаларға белгілі  бір ақы үшін, әдетте жарнамалық  мақсаттарда беріледі.) Үшіншіден, ең ақырында, тіпті мүліктік қатынастармен байланысы жоқ өзіндік құқықтар олар бұзылатын  жағдай да әдетте, жәбірленушіге келтірілген азап пен қасірет үшін, құқық бұзушылықты тоқтату не олардың зардаптарын жою үшін ақшалай өтеақы төлеуді талап ету мүмкіндігін беру жолымен азаматтық-құқықтық құралдар арқылы ұорғалады. Мұнсыз, мүліктік қатынастармен байланысы жоқ өзіндік құқықтар, бұрын жиі байқалғанындай, мүлде құқықтық қорғаудан тыс қалған болар еді.

           Сонымен, қатынастардың осы нысанасын құрайтын мүліктік және (немесе) мүліктік емес сипаты азаматтық құқыө нысанасының бірінші айқындайтын белгісі болвп табылады.

            Алайда бұларға ұқсас қатынастар құқықты басқа салалрының реттеу нысанасы болуы мүмкін. Мысалы, салық қатынастарының мүліктік сипаты болатыны даусыз, алайда АК-ның 1-бабының 4-тармағы салықжөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды деп айқын көрсетеді. Сондықтан азаматтық құққытың нысанасын барынша дәл анықтау мақсатныда екінші айқындаушы белгіні-қатынастардың бір субъектісінің келесі субъектісіне әмірмен бағынушылық дәрежесін білу қажет. Егер олар біріне-бірі бағынбайтын болса жәғң құқықтық өзара қатынастарныда мемлекеттен алған биліктің күшіне қарай басқа қатысушы үшін міндетті болатын бұйрықтар мен нұсқаулар бере алмайтын болса, құқықтық қатынастар азаматтық-құқықтық модель бойынша құрылады.

           Егер бқған керсінше, мемлекет  қатынастардың бір қатысушына  басқа қатысушы (басқа қатысушылар) үшін міндетті болвп табылатын  бұйрықтар мен нұсқаулар шығару  билігін берсе, онда құқықтық  қатынастар құқықтың өзге салаларының  моделі бойынша, ең алдымен, әкімшілік, қаржылық құқықтардың моделімен  құрылады, бірақ азаматтық құқық  моделі бойынша құрылмайды. Мұның  мүліктік қатынасқа ғана емес, сондай-ақ мүлікітк емес кейбір  өзіндік қатынастарға да қатысы  бар  (мысалы, азаматтың есімін  өзгерту жағдайлары, техникалық  міндеттердің шешілуін өнертабыс  деп тану, кейбір қызмет түрлерімен  шұғылдануға рұқсат алу).

         Заң әдибеттерінде құқық қатынастарына қатысушылардың бір-біріне өзара бағынбаушы жайы белгісін көп ретте олардың тең құқылығы деп атайды. Бұл соншама дәл анықтама емес, өйткені өзара құқықтар тең (бірдей) болмайды, себебі олардың мазмұны түрлеуші болатындықтан, олар тең бола алмайды (сатып алушыда-саьып алу-сату шарты бойынша сатып алған мүлікті талап ету құқығы, ал сатушыда    сатылған заттың төлемін талап ету құқығы). Мұның орнына, тең құқылық емес, азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының өзара тәуелсіздігі, бағынбаушылығы жөнінде айту неғұрлым дәлірек болады. Солай бола тұрса да, бұл терминнің екеуі де бір мағынада түсіндірілетінін ескеру керек.

          Қазақстан Республикасының саяси  құқықтық ағымның азаматтық құқықты  нарықты экономиканы бейімдеуге  бағытталғаны бежілі. Бқл орайда  азаматтық құқықтың қандай болуы  керектігіне жауап беру және  қандай талаптар дәрежесінен  көрінуі керектігі күн тәртібінде  тұр. Атап айтқанда, құқықтың қандай  идеалын түпнұсқа ретінде алу  керектігі шешімін күтер мәселе. Мысалы, оған лайық экономика  мүддесі ме, табиғи құқық па, “жөні түзу”құқық, әлде ұлттық идеал немесе индивидуализм бе? Бұл сұрақтарға жауап әзір табыла қойған жоқ, қазір бұл орайдағы ізденңс жалғасуда.

           Еліміздің қазіргі азаматтық  құқығы әлеуметтік әділеттілік, азаматтық құқықты әлемдік деңгейге  көтеру жіне нарықтық қатынастарды  дұрыс реттеу тәрізді ағымдармен  сипаталады деп ойлаймыз.

          Әлеуметтік әділеттілік орта  буындағы тапты қорғауды талап  етеді. Алдыңғы қатарлы азаматтық  заңдар (мәселен, неміс немесе швейцария  заңдары) экономикалық жағынан әлсіздерді  қорғауға бағытталған. Әлсіздерді  қорғау ауқаттылар мен кедейлер  арасындағы күресті жұмсартуды  мақсат етеді. Демек, экономикалық-әлеуметтік деңгейі орташа адам экономикалық жағдайы күштінің, сол орташа адам мен экономикалық жағынан әлсіз адамның арасындағы мүдделердің тоғысу нормаларын жасап шығарады. Әлеуметтік әдептілік азаматтық құқықтың социалистік жүйесінде де өзіндік орын алады. Біздің қазіргі азаматтық құқығымыз күннен күнге тұлғаның дербестігінің өсуін қамтамасыз етуде, ал осы өудің нәтижесінде жеке тұлғаның жалпы мүддеден шектеулі қатар жүріп келеді. Айталық, қазіргі құқықтың негізі-еркін бәсекелестік, соның арқасында жеке адамды заң тұрғысымен қорғау шаралары күшейді: мәселен, моральдық залалды қалпына келтіру, шетелдіктердің құқықтарын қорғау, есімді қорғау құқығы және т.б. Ал екінші жағынан алып қарағанда, іскерлік парасатылық принциптері пайда болуда, яғни өзінің мүддесімен санасудың үлкен қажеттілігі туындауда. Сонымен қатар экология үшін жауапкершілік, сатып алушының құқығын қорғау мүдделігі және т.б. күшеюде.

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі