Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 11:53, дипломная работа

Описание работы

Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасындағы ҚР Азаматтық құқығы институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
- ҚР Азаматтық құқығы ұғымына салыстырмалы құқықтық негізіде зерттеу;
- ҚР Азаматтық құқығы жөніндегі заңдылықтарды қамтамсыз ету;
- ҚР Азаматтық құқығы, оның түсінігі, пәні және әдісі жөнінде туындайтын мәселелерге қатысты құқықтық негізінде зерттеу ұсыныстарын қамтамасыз ету;

Файлы: 1 файл

Азамматық құқық.docx

— 135.01 Кб (Скачать файл)

         Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады. Ал оның жеке қырлары субъектілердің құқылық жағдайында  (статусында), құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың мазмұның айқындау әдістерінде және заң санкциялардың топтастырыла көрсетілген.

       Мүліктік  және мүліктік емес қатынастардың  азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесі  бірқатар өзіндік белгілерге  ие:

        а) азаматтық  құқықтық қатынастарға қатысушылардың  жалпы құқықтық жағдайы олардың  тауар-ақша және басқа қатынастарына  негізделген заңды түрдегі теңдігімен  сипатталады (АК-тің 1 және 2-бабының 1-тармағы). К.Маркс “Капиталда” былай деп жазды: “Бұл заттар бір-біріне тауар ретінде қатысуы үшін тауар иелері бір-біріне адам ретінде, бұл заттарды еркімен билейтін адам ретінде қатысуға тиіс: сонымен, бір тауар иесі тек екіншінің еркі бойынша, демек олардың әрқайсысы екеуіне ортақ ерікті акт арқылы, өз тауарын басқаға бере отырып, өзге тауарды өзі иемденеді. Демек, олар бірін-бірі жекеменікші деп білуге тиіс’’. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың заң жүзіндегі тендігіне келсек, олардың азаматтық айналымда тең құқыты, тәуелсіз субъектілер екендігін көреміз, әрі оның әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие болады, сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл азаматтық құқық субъектілерінің бірде-бірі азаматтық құқық қатынасында екінші жаққа біржақты міндет жүктеуінеболмайды деген сөз. Сонымен қатар құқықтық қатынастағы жақтардың араларында дау туындаған жағдайда, екініш жақ үшін міндетті болып табылатын шешімді қабыдай алмайды;

         ә)  азаматтар мен заңды тұлғалар  өздерінің азаматтық құықтарына  өз еркімен және өз мүддесін  көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті. (АК-тің 2-бабының 2-тармағы). Демек, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары өзінің қалауынша және мүддесіне сай келетін жағдайлары таңдауына мол мүмкіндік жасалады;

         б)  тараптар азаматтық құқықтық  қатынастарда тең дәрежеде қорғану  құқығына ие және қорғанудың  белгілі бір мүмкіндігін тандауға  ерікті (теңдік және тұлғалардың  өз құқықтарына  толық пайдалану  мүмкіндігі).

          Азамматық құқықты қорғау сотпен (төрелік сотпен немес аралық  сотпен) жүзеге асады, бұл орайда  Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, қорғанудың азаматтық істерді  жүргізу заңдарының ерекше ережерін  сақтай отырып, ашық әдістері  қолданылады. Егер заң құжаттарында  өзгеше көзделмесе, бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау құқық қорғау туралы талап-арызбен сотқа шағымдануға кедергі жасамайды. Былайша айтқанда, сот бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды қорғауға тиіс. Егер қандай да бір құқық әкімшілік жолмен қорғалса, онда ол заңға тікелей сүйенуі керек. Мұндай жағдайда құқыққа байланыста дау сотқа бірден жіберлмей, алдымен әкімшіліктің шешімен күтеді. Әкімшілік шешім қабылдағаннан кейін ғана сотқа беруге болады.

          Азаматтық кодекстің 9-бабының 1-тармағына  мемлекеттік басқару органның  немесе жергілікті өкілді атқарушы  органның заңларға сәйкескелмейтін  құжатын жарамсыз немесе орындауға  жатпайды деп тану туралы азаматтық  құқықтарды қорғаудың жаңа тәсілі  енгізілген. Азаматтық кодекс қабылдағанға  дейін көптеген құқық қолданушы  органдар заңға сүйеніп жасаған  құжаттардың сол заңға сәйкес  келмегенімен іс жүзінде оның  қолданылып келгеніне әрі мұндай  заңсыз құжаттарды ешкімнің де  теріске шығармағанына талай мәрте көз жеткізген болатын ал осындай келеңсіздік көп қиындық келтіреді;

           в)  азамматық-құқықтық жауапкершілік  өзіндік сипатымен, атап айтқанда, мүліктік және өтем түрінде  айқындалады; сондай-ақ оған келтірілген залалды толықтай өтеу талабы да жатады; заң құжаттарында өзгеше көзделмеген жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне де байланысты болады.

           Осы айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: азаматтық құқық- құқықтың бір  саласы, ол тауар-ақша қатынастары  және қатысушылардың теңдігіне  негізделенген өзге де мүліктік  қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға  байланысты немесе (байланысы жоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын  реттейтін нормалардың жиынтығы  болып табылады.

           Азаматтық-құқықтық реттеу әдісінің элементтері, міне, осындай.

           Азаматтық құқықтың нысанасын  және әдісі ұғымдарына сүйене  отырып, оның мынадай анықтамасын  тұжырымдауға болады: құқықтың бір  саласы- азаматтық құқық дегеніміз-бұл  заң тұрғысынан алғанда, бір-бірінен  бағынбайтыны мүліктік оқшауланған  субъектілер арасындағы мүліктік  және оған жақын мүліктік емес  өзіндік қатынастарды жалпыға  рұқсат етілген әдіспен реттейтін  заң нормаларының жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            

                  2.3 Азаматтық құқықтың басқа құқық салалрымен шекарасы

 

       Бұдан  бұрын айтылған құқықтық реттеудің  пәні мен әдістемесі азаматтық  құқықты онымен шектес басқа  салалардың бөліп қарауға мүмкіндік  береді. Бірақ та азаматтық құқықты  шектес салалардан оқшаулағанда  төмендігідей жағдайларға көңіл  аудару қажет: жаңа Азаматтық  кодекс (1994 ж.) қабылданға дейін азаматтық  құқық өзіне тән қатынастарды  реттеді. Айталық, Қазақ  КСР Азаматтық  кодексі (1963 жылы қабылданған) бойынша  отбасы, еңбек, жер қатынастары, сондай-ақ  колхоздардағы өздерінің Жарғысынан  бастау алатын қатынастар, суды  пайдалану жөніндегі қатынастар  тиісінше-отбасы, жер, колхоз және  су жөніндегі заңдарымен реттеліп  келді. Ендігі жерде Азаматтық  кодекстің 1-бабының 3-тармағына сәйкес  азаматтық құқық осы баптың 1-тармағында  аталған белгілерге сай келетін отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға (мәселен, мүліктік қатынастар және жақтардың заңдық теңдігіне негізделген болса), егер де тиісінше отбасылық, еңбек завдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадғы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда, сондай-ақ оларды реттеуде ағаттықтар кеткен кезде, қолданылды.

          Азаматтық және еңбек құқықтарының  ара жігін аші белгілі бір  жағдайда өзіндік қиындықтар  да туғызады. Бұл орайда Азаматтық  кодекстің кейбір нормаларының  тікелей еңбек қатынастарының  реттей алатындығына мән берген  жөн. Атап айтар болсақ, Азаматтық  кодекстің 19-бабының 3-тармағы жеке  кәсіпкер мен азаматтардың арасындағы  еңбек шартын оның ішінде келісім-шартты  жасасу мүмкіндігі жөнінде болып  келген дауларға нүкте қояды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, еңбек  қатынасына азаматтық құқықты  қолдану мүмкіндігі Азаматтық кодекстің 1-бабының 3-тармағында ап-анық көрсетілген. Осы тұжырымдаманы түсіндіру жөнінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 1995 жылы 22 желтоқсандағы Племуында өзінің 10 қаулысын (нормативтік сипаты бар) қабылдады. Бұл қаулы: “Моральдық зиянды өндіртіп алу туралы заңды соттардың қолдауы туралы” деп аталады. Оның 5-тармағында былай делінген: “Еңбек туралы заңдарда рухани немесе дене зардабын шекендерге өтем төлету жөнінде тікелей айтылмауына қарап, жәбірленуші зиянның орнын толтыруға құқығы жоқ деуге болмайды. Сот КСРО мен республикаларының азаматтық заң негіздерінің 131-бабына сүйене отырып, жұмыскерді заңсыз жұмыстан шығарғаны не басқа жұмысқа ауыстырғаны үшін, оған еңбекақы төлемей, жұмыста мүгедікке, кәсіби аураға ұшыратқаны үшін,сөйтіп, рухани және дене зардабына жол бергеніне байланысты жұмыс берушіден өтем төлеуді міндеттеуге құқылы”.

         Осы орайда еңбек құқығы пәнінің  азаматтық құқықтан айырмашылығы-оның  еңбек үрдісіндегі қатынасты  реттеуінен көрінеді. Себебі ондаеңбек  нәтижесін алып беру жоқ. Жұмыс  күші тауар болып табылмайды. Сол себепті де жекелеген жағдайда  жалақы жұмыс күшінің бағалаудың  нысаны бола алмайды, жұмыскердің  еңбегіне ақы төлеу-оның істеген  ісінің саны мен сапасына қатысты  келеді. Құқықтық реттеу әдістемесі  тұрғысынан қарағанда, жұмыскер  жұмыс берушімен шарт жасасып, сол арқылы тең құқықты әріптеске  айналатынын байқау қиын емес, дейтұрғанмен жұмыскер ақыр аяғында  еңбек тәртібіне бағынып, әкімшіліктің  талабын, сондай-ақ оның еңбек  ету міндетіне жататын басқа  да міндеттерді орындайды.

         Отбасы құқығы некеге және  отбасына қатысты қатынастарды  реттейді. Отбасы құқығы некеге  тұру, некені бұзу және оны жарамсыз деп танудың жағдайы мен тәртібін реттейді, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында қалу тәртібі мен түрін, азаматтық хал актілерінің тіркелу тәртібін, сондай-ақ отбасы мүшелері арасындағы мүліктілік емес жеке қатынастарды айқындайды. Қажет кезінде туыстар мен басқа адамдар арасындағы жағдайлар заңда көзделген ретте қаралады.

          Отбасы құқығына реттеудің ерекше  әдістемесі тән, ол ерікті түрде  болады, ал жарлық ету үрдісіндегі-императивті, яғни бұйрықты сипатқа ие. Осы  екі бастаудың өзі оның ерекшелігін  білдіреді.

         Отбасы құқығының дербестігіне  қарамастан ол туралы заңмен  реттеуге келмейтін отбасылық  қатынастарға азаматтық заң қолданылады. Ал мұның өзі отбасы қатынастарына  қайшы келе қолмайды. Мысалы, Азаматтық  кодекстің 223-бабына сәйкес: ерлі-зайыптылардың  некеде тұрған кезде жинаған  мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі болатыны, не олардың әрқайсысына тиесілі немесе меншік құқығының тиісті бөліктерінде ерлі-зайыптылардың әрқайсына тиесілі екені олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бірлескен меншігі болып табылады. Азаматтық кодекстің 223-бабының 2-тармағына сәйкес, егер некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен сол мүліктің құнын едәуір арттырған қаражат жұмсалғаны (лүрделі жөңдеу, қайта жаңғарту, қайта жабдықтау және т.б.) анықталса, ерлі-зайыпталардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен меншігі деп танылуы мүмкін. Осы мысалдың өзі-ақ азаматтық заңды отбасы қатынастырына қолданудың айқын бір көрінісі болып табылады.

        Азаматтық  құқық табиғи ресурстарды пайдалану  және айналадағы ортаны қорғау  жөніндегі қатынастардан былайша  ерекшеленеді: а) табиғи объектілерді  пайдалану мен қорғауда мүліктік  сипаттың болмауымен, бірақ материалдық  құндылық болып санала тұрса  да толық түрде мүлік дәрежесіне жерден басқасы ие бола алмайды. Сонымен, табиғи объектілер арнайы есеп жүйесі (көлемі, мөлшері және т.б.) кадастармен есепке алынады; ә)әзірге табиғат пайдалану жүйесінде (жерден басқасы) толық дәріжедегі тауарлық қатынастарға түгел қосылған жоқ. Солай бола тұрса да заңда табиғатты пайдалану ақылы деп көрсетілген, бірақ заңға сәйкес табиғат  пайданушыларға табиғи ресурстарды (жеке меншікке берілетін жерден басқасына) сатуына және сатып алуына рұқсат етілмейді[18.976].

          Экологиялық әдиебеттерде кездесетін  осындай пікірлерге қарамастан  азаматтық құқық (бірінші кезекте  Азаматтық кодекс) жерді меншіктену  және жер учаскілерін пайдалану  қатынастарын мейілінше кең түрде  реттейтінін айта  кеткен жөн. Бұл орайда тұлғалардың құқықтарын  да ( мысалы, ипотеканы, жер учаскесіне  сервитутты, мұрагерлік берілуді  және т.б.) қорғайды. Осыдан-ақ табиғи  ресурстарды пайдалану және айналадағы  ортаны қорғау заңімен реттеуге  келмейтін қатынастарға азаматтық  заңды пайдалану қажеттігі дау  туғызбайтындығын көреміз.

       Азаматтық  кодекстің 1-бабының 4-тармағына сәйкес, заң құжаттарныда көзделген реттерді  қоспағанда, бір тараптың екіншісіне  әкімшілік немесе өзге де билік  жағынан бағынуына негізделегн  мүліктік қатынастарға, оның ішінде  салық жөніндегі және басқа  бюджеттік қатынастаға азаматтық  заңдар қолданылмайды.

        Жоғарыда  аталған қатынастардың жағы  азаматтық  құқықпен арадағы жігін ашу  онша қиындық туғызбайды, жекелеген  жағдайда олар бір-бірімен пәні  бойынша, ал өзгедей ретте құқықтық  реттеу әдістемесі бойынша бөлектенеді, ал кейбіржағдайларда олардың  жиынтығын талап етеді. Сөйтіп, бір  екіншісіне қандай да бір бағынышты  болғанда мүліктік қатынас азаматтық  заңмен реттелмейді. Осыған орай  әкімшілік (оның ішінде салыққа  қатысты) не басқа қатынастар  азаматтық заңдар қарауынан шығып  қалады.

 

  

     

     2.4 Азаматтық  құқықтың қағидаттары (принциптері) мен жүйесі

 

      “Принцип” (қағидат) термині латының сөзі-бастау, негіз дегенді білдіреді. Азаматтық принциптері (қағидаттары)-ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық құқықтың тек жалпы принциптері «қағидаттары) арқылы мүмкін болады.

       Қағидаттар азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып саналады.Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық-құқық нормаларының барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісі беки түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны қолдану міндеттілікке айналды. Бұрын-соңды азаматтық принциптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретінде бекітілмеген еді, тек “азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты” деген жалпылама тұжырымдамен шектелетін. (Қазақ КСР АК-нің 4 бабы). Қазіргі кезде азаматтық құқық принциптері нормативтік роль  атқарады.

         Профессор Ю.Г. Барш азаматтық  құқық принциптерінің рөлі мен  маңызы туралы былай деп тұжырымдайды: “Біріншіден, олар тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі. Екіншіден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрынғы заң құжаттарны өзгерту кезінде ескіріледі. Үшіншіден, құқық ұқсастығын қолдану қажет болған жағдайда заң принциптері басшылыққа алынады. Төртіншіден, мұндай прициптер құқықтық нормалардың бастапқы мазмұнын немесе шарт талаптарның тиісті жағдайдаларының мазмұнының түсіндірлуі жүзеге асырлығанда назарға алынуы тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 6,392 баптарын қараңыз). Бесіншіден, заң принциптеріне сүйене отырып, заң норм алары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, әрине, мұның өзі аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады”[19.3]. Осы мәселерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, принциптер тек заң актілері жүйесінен сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің азаматтық құқықтағы құқықтарын да белгілейді. Екіншіден, азаматтық құқық принциптері өзінің реттеу жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың Конституциялық құқығын азаматтық құқықтар арқылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі.

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі