Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2015 в 17:53, реферат
Кондитер өнімдері – әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер. Кондитер өнімдерінің жүздеген түрлері бар. Технологиясына және оған жұмсалатын шикізат түріне қарай негізгі екі топқа (қантты және ұнды) бөлуге болады. Қантты түріне карамель, кәмпит,шоколад, жеміс-жидекті кондитер өнімдері жатады
І. Кіріспе 3
ІІ. Негізгі бөлім 4
2.1.Нәзік компаниясы 4
2.2 «Рахат» АҚ тарихы 6
2.3. Компания жайлы 7
2.4. Басшылығы 8
2.5. Өнімдері 9
III.Қорытынды 19
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ |
Реферат |
Тақырыбы: Кондитерлік фабрикалар |
|
Алматы ,2013 |
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Нәзік компаниясы
2.2 «Рахат» АҚ
тарихы
2.3. Компания
жайлы
2.4. Басшылығы
2.5. Өнімдері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 20
I.Кіріспе
Кондитер өнімдері – әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер. Кондитер
өнімдерінің жүздеген түрлері бар. Технологиясына
және оған жұмсалатын шикізат түріне қарай
негізгі екі топқа (қантты және ұнды) бөлуге
болады. Қантты түріне карамель, кәмпит,шокола
Шығарылатын өнімнің арасында дәстүрлі, алайда дәмділігі жағынан кем түспейтін сүйікті бал торттары, жаңашыл Батыс еуропалық рецептер бойынша әзірленетін жеңілдетілген (төменгі калориялық) бұйымдардың он шақты атауы бар, атап айтқанда: «Құлпынай», «Таңқурай», «Шие», «Лимон», «Қара орман», «Тирамису», «Ірімшік», «Йогурт», «Шоколад-жеміс-жидек» және тағы басқалары. Біздің аспазшыларымыз Алманияда қабатталған қамырды пісіру өнерін де меңгерді. Компания балаларға арналған өнім түрлеріне ерекше назар аударады, өйткені тәтті тоқаштар мен басқа да тәтті тағамдар олар үшін мереке іспеттес.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Нәзік компаниясы
«Нәзік» - кез келген өте тәтті торттың дәмді торт еместігін түсінетін, тағам талғампаздарына арналған.1998 жылы «Нәзік» компаниясы печенье өндірісі бойынша цех ашты. Оған көптеген өлшемдер бойынша отандық өндірушілерге тең келмейтін, шетелден әкелінетін печеньеге бәсекелестік тудыру ниеті ықпал етті. Импорттық печеньеге қарсы салмақты дәлелдің бірі - сақтау мерзімін жасанды ұзартатын, консерванттардың шамадан тыс қолданылуы. Печенье өндірісінде де компания үй пісірмесінің принципін ұстанады: ол – сапалы табиғи өнімдерді қолдану арқылы қолмен әзірлеу.
20 жыл бойы «Нәзік»
компаниясы сатып алушылар
Біздің шеберлеріміздің айырықша туындылары табиғи шоколадпен безендірілген. Тамаша дизайн мен айқын ашық табиғи түстер – жыл сайын өндіріс көлемін ұлғайтып кеңейтетін, компаниямыздың сәтті болуының құрамдас бөлігі.
Компания басшылығының және тәтті тағам дайындайтын мамандардың шетелдердегі түрлі көрмелерге және өзара тиімді келіссөздерге іссапарлары жаңа технологияларды жетілдіруге және оларды енгізуге, өнім түрлерін кеңейтуге ықпал етеді. Компания неміс және италиялық өндірісінің жоғары сапалы кондитерлік қондырғыларын қолданады. Біздің өнімге арналған шикізат екі деңгейлік зертханалық қатал бақылаудан өтеді: шикізатты қабылдау кезінде және өндіріске ауыстыру кезінде, аталған шикізат Италияның, Алманияның, Бельгияның, Францияның және Голландияның үздік танымал өндірушілерінен жеткізіледі. Компанияның әзірлеп шығарған кең ассортименті – тәтті тағам өнімінің, түрлі пісірмелердің және аспаздық өнімнің 400-ден астам атауы, шұжық тағамдарының және айтулы ет тағамдарының 60-қа жуық атауы, сондай-ақ табиғи жартылай шикізаттың 20-ға жуық түрі – барлық жастағы тұтынушылар қажеттіліктеріне жауап береді. Қызметіміздің негізінде өнімнің кепілді сапасы және осы сапаға сәйкес келетін баға, тұтынушының барлық қалауларын толық ескеруге барынша талпыну, сондай-ақ өнім сапасы мен қызмет көрсетуді үнемі жетілдіру жатыр. Клиенттеріміздің қалауы бойынша дайын өнімді жеткізу мүмкіндігі және дәмді банкеттік тағамдарды жеткізу мүмкіндігі беріледі.
Бүгінгі таңда «Нәзік» компаниясы Қазақстан Республикасында тәтті тағам және шұжық өнімдерінің ірі өндірушілерінің бірі болып табылады. Ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, «Сапа менеджменті жүйесі» ИСО 9001-2009 сертификатын және «Экологиялық менеджмент жүйесі» ИСО 14001-2006 сертификатын иеленген, санаулы компаниялардың бірі. 10 фирмалық дүкені, дәмханасы мен кофеханасы бар. Компанияда 630-дан астам адам жұмыс істейді. Ұжым негізі – тәжірибелі тәтті тағам дайындайтын кондитер-шеберлер, шұжық өндірісінің білікті жұмыскерлері, білгір менеджерлер және басқа да мамандар. Жыл сайын компания тәтті тағамдардың 30-дан және шұжық өнімдерінің 20-дан астам түрін меңгереді. Ұжым халықаралық және жергілікті көрмелерге үнемі қатысып, өз өнімдері бойынша алтын және күміс медальдарды, дипломдар мен Гран-при жүлделерін иеленіп келеді. Фирма өнімдері түрлі көрмелерде 34 Алтын және 7 Күміс медальге ие болды. «Жыл таңдауы 2002» Фестивалінің қорытындылары бойынша компания «Қазақстандағы №1 тәтті тағам бұйымдары» атауында жеңімпаз атанды. «Apple Fest-2011» фестивалінің нәтижелері бойынша компания «Ең үздік алма бәліші» атауында үздік деп танылды. Бірнеше мәрте «Нәзік» фирмасы Алматы қ. әкімдігінің «Шағын және орта бизнестің дамуына қосқан үлесі үшін», «Алматы қаласының өнеркәсіптік потенциалының дамуына қосқан үлесі үшін» дипломдарымен марапатталды. «Нәзік» фирмасының және оның басшысы Татьяна Тимофеевна Семёнова ханымның қызметін «Адал және орасан еңбегі үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ерекше атап өтті.
«Рахат» акционерлік қоғамы – 60 жылдан артық тарихы бар, Қазақстандағы кондитер өнімдерін шығаратын ірі өндіріс орындарының бірі.
Фабрика логотипi
Тарихы
Кондитер өнімдері алғаш рет 1942 жылы ликер-арақ зауытының алаңдарында Мәскеу және Харько
Өндірістің жан-жақты сипаты, ауқымдылығы және какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша жеке өз желілерінің болуы компанияның отандық өндірушілер арасында кондитер өнімдерінің кең көлемдегі сұрыпталымына ие болуына мүмкіндік береді. Қазіргі күні «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 250-ден астам атауға ие, 10 түрлі топқа жататын әр алуан кондитер өнімдеріне толы.
«Рахат» АҚ - диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға калориясы төмен және табиғи шикізатпен тең қант алмастырғышы бар шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атаулары кіреді.
Кондитер өнімдерін шығаратын өндірушілер арасында «Рахат» АҚ өнімінің айрықша ерекшелігі - әр алуандығымен ажыратылатын шоколад өнімдерін шығарудың басымдығы.Кәсіпорында сапаны бақылаудың кешенді жүйесі және бірыңғай жауапкершілікке негізделген ішкі сапа жүйесі ұйымдастырылған және іске асуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылауға негізделген.
Компания жайлы
Компания тұтынушылардың мүддесін ғана емес, өз қызметкерлері туралы да ойлайды. Компания қызметкерлері үшін өнімді және қанағаттанарлық тұрғыда еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасайды. Бірінші және екінші ауысым қызметкерлері үшін ыстық тамақпен қамтамасыз ететін асхана жұмыс істейді, жоғары санатты дәрігерлер қызмет істейтін санитарлық бөлім бар, сауна мен жаттығу залы бар сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Түрлі сала мамандарының біліктілігін көтеру бойынша жүйелі сабақтар жүргізілетін оқу класы бар, мемлекеттік тілді үйрету курстары ұйымдастырылған.
1978-1979 жылдары цехтардың
жұмыскерлеріне арналған
«Рахат» АҚ-нда 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.
Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Кәсіпорында ҚР ИСО 9001 - 2001 СТ стандартына сәйкес сертификатталған сапа менеджменті жүйесі енгізілген және іске қосылған.
Басшылығы
Директорлар Кеңесінің мүшелері:
Даулетова Шолпан Алтыбаевна ─ Директорлар Кеңесінің төрайымы
Попелюшко Анатолий Висханович ─ Директорлар Кеңесінің мүшесі
Мейрамбаев Жексембай Аргынгазинович ─ Тәуелсіз директор
Басқарма мүшелері:
Попелюшко Анатолий Висханович
Зенков Александр Сергеевич
Хильчук Наталья Мироновна
Рустемова Римма Асхатовна
Гордиенко Ольга Ильинична
Кристаль Лариса Герасимовна
Бүгінде біз көптеген кондитерлердің ұрпақтары туралы ғана айтып қоймай, өз атына лайық еңбек әулеттерін дәріптейміз.Еңбек әулеттері – кәсіпорын тірегі, оның өткені, бүгіні мен болашағы. Олар - кәсіпорын табысы мен әлеуметтік маңыздылығының куәгерлері. «Рахат» АҚ-нда ұрпақ жалғастығы, еңбек әулеттері, тегіне деген қадір-құрмет әрдайым жоғары бағаланады.Еңбек етіп жүрген ата-ана, әдеттегідей, кәсіпорынға ұлын не қызын алып келеді, атадан балаға көшіп, ұрпақтан ұрпаққа тараған шеберлік пен білім осылайша жалғаса береді. Бүгінде фабрикада 26-дан аса отбасы еңбек жалауын ұрпақтан ұрпаққа ауыстырып, жалғастырып келеді. Отбасылық туыстық байланыстағы жұмыскерлер аттарына дақ түсірмеуге тырысады. Еңбекқорлық, жауапкершілік, ынталылық пен адалдықтың негізі де осында.
«Рахаттың» еңбек әулеттері - біздің мақтанышымыз, қайрат-жігеріміз және келешегіміз. Ұрпақ жалғастығының қалыптасқан дәстүрі нығаятындай, ал кәсіпорында еңбек әулеттерінің саны артатындай барлық жағдай бізде бар.
Өнімдері
Карамельдер
Жеміс салмасы бар карамель
«Вишня» (өлшенбелі)
Піскен шиенің дәмі бар.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 0,0 грамм
Май 0,1 грамм
Көмірсу 91,6 грамм
Энергетикалық құндылығы 353 ккал
Құрамы: қант, сірне, жеміс езбесі, қышқылықты реттегіш ─ лимон қышқылы Е330, табиғи ұқсас шие хош иістендіргіші; бояғыш: Е122. 8-ден 24ºС-қа дейінгі температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 9 ай
«Слива» (өлшенбелі) Піскен алхорының дәмі бар.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 0,0 грамм
Май 0,1 грамм
Көмірсу 90,2 грамм
Энергетикалық құндылығы 348 ккал
Құрамы: қант, сірне, жеміс езбесі, қышқылдылықты реттегіш ─ лимон қышқылы Е330; хош иістендіргіш ─ табиғиға ұқсас алхоры. 8-ден 24ºС-қа дейінгі температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 9 ай.
Мұздақ карамель
«Дюшес» (өлшенбелі)
Алмұрттың айрықша иісі бар.
100 грамм өнімде: