Салауатты өмір салты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 12:21, реферат

Описание работы

Салауатты өмір сүру салты дегеніміз — биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.
Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу.

Содержание работы

Кіріспе:
«Салауатты өмір салты» жайлы жалпы түсінік......................................................3
Негізгі бөлім:
І-тарау. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері.......5
1.1. Салауаттанудың негізгі мақсаты.........................................................................6
1.2. Салауатты өмір салтын ынталандыру..............................................................10
1.3. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері............................................14
II-тарау. Денсаулық - салауатты өмір кепілі...........................................................15
2.1. Салауатты өмір сүру салтының негізгі биологиялық және әлеуметтік принциптері................................................................................................................172.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер..................................................................................17
Қорытынды.................................................................................................................21Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................23

Файлы: 1 файл

ОБЖ салауатты өмір салты.docx

— 56.49 Кб (Скачать файл)

                                                                                              

 

 

 

 

Тақырыбы: Салауатты өмір салты

 

 

                                                          

                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар: 
Кіріспе:

 «Салауатты өмір салты»  жайлы жалпы түсінік......................................................3   

Негізгі бөлім:

І-тарау. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері.......5

1.1. Салауаттанудың негізгі мақсаты.........................................................................6  
1.2. Салауатты өмір салтын ынталандыру..............................................................10  
1.3. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері............................................14

II-тарау. Денсаулық - салауатты өмір кепілі...........................................................15

2.1. Салауатты өмір сүру салтының негізгі биологиялық және әлеуметтік принциптері................................................................................................................172.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер..................................................................................17

Қорытынды.................................................................................................................21Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе:

Кіріспе:

Салауатты өмір сүру салты дегеніміз — биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады. 
      Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз – тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы. 
Салауатты өмір сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адамиың психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады. 
      Адамдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Болу керек деп айту да дұрыс емес. Әр адам өзіне тән калыптасқан өмір салтымсн тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне, осыған байланысты «салауатты өмір сүру салтының» үш категориясы болады: 
1) Салауатты өмір сүру деңгейі: 
2) салауатты өмір сүрудің сапасы; 
3) салауатты өмір сүрудің стилі. 
      Салауатты өмір суру деңгейі дегеніміз – экономикалық категория. Адамдардың материалдық және моральдық-рухани қажеттілігі толығмен қамтамасыз етілуі. 
      Салауатты өмір сүрудін сапасы дсгеніміз – әлеуметтік категория – үй-іші кызмет істейтін орындары (оқу орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығыы қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі. 
      Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз – әлеуметтік-психоло-гиялық категория — адамның қоғамдық орындарда (мектептерде) өзін-өзі ұстап және көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап, өмір сүру». 
      Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып келеді. Сондықтан да адам денсаулығының жақсы жөне жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты болады. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды, дәстүрлср арқылы қалыптасады. Сондай-ақ түлғаның бейімділігіне байланысты болады. 
      Адамның жүріс-тұрысы оның тіршілікке қажетті заттарын пайдалануға қарай дамиды. Адам өзінің жеке басының ерекшелігіне сәйкес өмір сүреді. Белгілі бір ұжымдарға қалыптасып, сол ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен ұжым мүшелсрімен бірге өсіп, біте қайнасып кетеді Адам бір-біріне көмекке келеді. Адамның басына түскен ауыр жағдайлармен беліседі. Адамның жүріс-тұрысы біркелкі емес. Ол тәрбиеге байланысты болады. Тәрбиелі үйлердің балалары сүйкімді тәртіпті келеді. Үлкенді аға, кішіні іні деп ерекше көзге түсіп тұрады. Жақсы тәрбие көрген балаларды педагогтар бірден тани кетеді. Ал тәрбиені аз көрген балаларды бірден ажыратуға болады. Тәжірибелі мұғалім, адам оларды бірден байқап отырады. Жалпы қазақ елін ежелден салауатты өмір сүрудің салтының символы деп есептеуге болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп егде адамдар өзінің ұрпақтарына үйретіп отырады. өмір сүру салты мен денсаулықтың ара-қатынасына- салауатты өмір сүру салты туындайды. Салауатты өмір сүру валеология ғылымының негізі болып есептелінеді. Салауатты өмір сүру салты адамның профессионалды іс-әрекетінің, қоғамдық қызметімсн күндслікті тіршілік ету функцияларымен дамып отырады. Бұлар денсаулықтың қалыптасуына және оның сақталуына, мықты болып бекінуіне жәрдемдессді. Осыдан келіп қоғамдық денсаулық қалыптасады. Жалпы алғанда адам денсаулығы бірінші орында болуы қажет. Бірақ жас жеткіншектер өздерінің денсаулығына онша мән бермейді. Ол жастық өмірдің белгісі, тәрбие жұмыстарының әлсіздігі. Сондықтан да балаларды жас кезінен бастап денсаулығын сактай білуге тәрбиелеудің қажеттілігі туындайды. «Баланы жастан…» тәрбиелеу керек дейді қазақ. Өмір тәжірибесінен жинақталған қағида екені өзінен-өзі белгілі. Осыдан келіп денсаулық зор байлық деген ұғым қалыптсады. 
Жер шары халықтарына әлеумсттік-гигиеналық зерттеу жүргізу нәтижесінде жинақталған орсан көп құжаттарды талдай келіп, дуниежүзілік дснсаулық сақтау ұйымы (ДДСУ), (ВОЗ). Мына төмендегідей тұжырым жасады. «Жер шарының халықтарының денсаулықтарының сақталуының 49-53% адамдардың салауатты өмір сүру салтына байланысты екенін анықтады. Бір сөзбен айтқанда адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, ал 17-20% әлемдік экологиялық факторларға байланысты, әдетге әлемдік экологиялық фактор үнемі өзгеріп отыратын табиғи қүбылыс, оны мөлшердең тыс өзгертетін адамдардың өздері (антропогендік фактор). Әсіресе, тәрбиесі мен түсінігі аз адамдар табиги экологаяны үнемі бұзып жіберіп отырады. Ал 18-22% тұқым қуалайтын себептерге байланысты (оны генетиптік себеп деп ғалымдар есептейді), 8-10% денсаулық сақтау орындарының қызмет істеуіне байланысты деп қорытынды жасалған. Қорыта айтқанда, салауатты өмір сүру салты көп факторларға байланысты екені толығымен анықталды.

Негізгі бөлім:

 І-тарау.Салауатты өмір салтын қалыптастырудьң ғылыми-теориялық негіздері.Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.

Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметгік биологиялык мәні арасындағы қарама — қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты — салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауатгану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және ны-ғайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.

Салауаттанудың рөлі — адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.

Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден — дені сау адам, екіншіден — оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден — аурудъщ пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден — сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.

Салауаттанудың зерттеу пәні — адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, корғану тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді. Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті  -  денсаулығын сипаттауға мүмкіндік береді.

Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның әсерін барлык кұрауыштарымен оқып-үйрену міндетін қояды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20%-ы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, біздің ден-саулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді.

Денсаулық қатерінің негізгі  факторлары — қозғалыс күшінің кему саддарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз  тамақтану,   қоршаған  орта нысандарының барлығының көптеген уытты   заттармен   ластануы,    өндірісте және тұрмыста   күйзеліс   туғызатын   жағдайлар, зиянды   әдеттердің (шылым шегу, алкоголь пайдалану, уланқорлық,   нашақорлық, т.б.) кең   таралуы. Салауаттану ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Салауатты өмір салтын қалып-тастырудың  негізгі  бағытгары мыналар:

-  жеке және қоғамдық гигиена;

-  дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;

-  организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;

-  күн тәртібін тиімді пайдалану;

-  дұрыс және уақтылы тамақтану;

-  жұкпа аурулардың алдын алу;

-  тән ауруларынан сақтандыру;

-  жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;

-  зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды)   сақтандыру;

-  жыныс гигиенасы;

-  психопрофилактика және психогигиена;

-  кикілжің және денсаулық;

-  экология және денсаулық.

1.1.Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.

Бұдан мынандай міндеттер туындайды:

-    салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;

-  өз   денсаулығына   қоғамдық    игілік, қоғамның    рухани    құндылығы    ретінде жауапкершілікпен   қарауға  тәрбиелеу;

-    негізгі   гигиеналық  дағдыларға  төселдіру;

-  осы   заманғы   ауру   түрлерімен және оларды   алдын алу шараларымен таныстыру.

Адам денсаулығы, ең алдымен, өмірлік сара жолға тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлтгық дәстүрлер мен тұлғалық бейімділіктер бойынша анықталады.

Денсаулық деген не? Денсаулық үғымына берілген анықтамалар өте көп. Үлкен медициналық энциклопедияда денсаулық организм мен жүйенің атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретіндс сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақ-тау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық дегеніміз — бұл аурудың немесе дене кем тарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі».

Академик Н.М.Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде олардьщ барынша көп өнім беретінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды .

И.И. Брехман денсаулықты «сезімталдық, ауызша айту және құрылымдық үш бірегей ағымдардың мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерінің әртүрлі өзгерістері жағдайында адамның жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті» ретінде анықтайды .  Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы — бұл «денсаулық дегеніміз — физиологиялық қасиеттерді сақтап, дамыту процесі, психологиялық әлеуметтік әлуеттер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі».

Келтірілген денсаулық анықтамалары негізінен алғанда денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта (табиғи және әлеуметтік) жағдайлары мен ішкі факторларға (тұқымқуалаушылық, жыныс, жас) бейімделу сапасын айқындайды. Денсаулықтың мынадай: физиологиялык, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі осыларды бірегей тұтастыққа -денсаулыққа біріктіреді.

Денсаулықтың физиологиялық түрі организмдегі физиологиялық үрдістерді (процестерді), олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.

Зияттылық түр дегеніміз — денсаулық туралы білімнің ақпараттық көзі.

Сезім әрекетіне берілгіштік түр — жағдайға байланысты өз сезімін бағалай білуді түсініп, сол қалпында айшықтай айта алу. Жағымсыз эмоцияға ұстамдылық жасап, жағымды эмоцияны мадақтау.

Әлеуметгік түр — тұлғаны әлеуметтендіру, өзін қоғамға қажетті мүше екенін аңғару, белсенді өмір сүру.

Тұлғалық түр — өзін тұлға ретінде түсіну, тұлға ретінде анықтау. Өзін іс жүзінде көрсету.

Рухани түр — адам жеке басының біртұтастығын қамтамасыз ететін қоғамның рухани құндылығын көрсетеді.

Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:

1.  Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің    ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.

2.  Дене денсаулығы — организм    мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.

3.  Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.

Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.

Рухани тазалық— тіршілік әрекетінің уәжді және ақпаратты-мұқтаждық өрісі сипаттамасының кешені. Мұның негізі жеке тұлғаның қоғамдағы құндылық жүйесі мен мінез-құлық түрткілерімен және уәждерімен анықталады. Денсаулыққа адамның руханилылығы себепші болады, яғни ол адамзаттьң байлығы — мейірімділік, намыс, абырой, ма-хаббат, сүйіспеншілік және әдемілікке негізделеді.

Денсаулықтың негізгі төрөлшемдері мыналар:

• тән және дене күйі үшін — мен істей аламын;

• психикалық күй үшін — мен тілеймін;

•  адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін.

Денсаулық белгілері мыналар:

•  зақым келтіретін факторлар әрекетіне өзіне тән (иммунды) және өзіне тән емес тұрақтылық;

• өсу мен даму көрсеткіштері;

• организмнің функционалдық күйі және сақтамалық мүмкіндігі;

•  қандай болса да аурудың немесе даму кемістігінің болу деңгейі;

•  имандылық-еріктілік және құндылык-уәждік мақсат деңгейі.

Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.

Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты — бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдык мінез-құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді кіріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен үш нышанға негізделеді:

-  өмір сүру деңгейі;

-  өмір сүру сапасы;

-  өмір сүрудің өзіндік жолы.

Өмір сүру деңгейі — бұл адамның материалдық, рухани және мәдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейін көрсететін әлеуметтік-экономикалық санат.

Өмір сүру сапасы — адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылық дәрежесі. Бүл көбінесе әлеуметтік санатқа жатады.

Өмір сүрудің өзіндік жолы адам тіршілігінің мінез-құлықтық ерекшеліктерін сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық нышан. Бұл — жеке тұлғаның психологиясы және психо-физиологиясы икемделінетін белгілі қалып.

Адам денсаулығы, ең алдымен, өмір сүрудің өзіндік жолына тәуелді. Ол тарихи, ұлттық дәстүрлермен (діл) және жеке бас бейімділігімен (кейіпкер) анықталады.

Этнокомпонент салауатты өмір салтында балалардың ақыл-ойын, сезімін және әрекетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында барынша толық айтылады, СӨС-тың негізі салауаттану ғылымы болып табылады. Салауатгы өмір салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс-әрекеттеріне бағыт береді.

СӨС қалыптастырудың негізіне биологиялық та, әлеуметтік те ұстанымдар орныққан. Биологиялық ұстанымдарға: балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, салауатты өмір салтының жүйелілігі, ырғақтылығы, бірізділігі және т.б. жатады.

СӨС әлеуметтік ұстанымдарына: эстетикалығы, адамгершілігі, ерікті тәрбиелей білуі, өзін-өзі шектей білуі (нәпсі тыюы) және т.б. жатады. СӨС ұғымы қазіргі заманда мыналарды қамтиды:

-  жеке бас гигиенасы;

- дене шынықтыру;

-  тиімді тамақтану;

- оңтайлы қимыл тәртібі;

-  зиянды дағдылар мен құмарлықтан (темекі тарту, алкоголь, есірткі заттарын қолдану, т.б.) бас тарту;

- жағымды эмоциялар.

1.2.Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с. бағытталған. Н. Ә. Назарбаев Алғы сөз! Салауаттану білімі мен тәрбиенің бірлескен жүйесі оқушының денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектеседі. Сондықтан, оқушылардың дені сау болып, сапалы білім алуы үшін бүгінгі заман талабына сай игі дәстүрлер мен құнды әдеттерді қалыптастыра отырып, салауатты өмір сүрудің құндылығына, қажеттілігіне оқушының көзін жеткізіп, оны іске асыру жолдарын көрсетіп, нақты шешім қабылдауға үйретуіміз керек. «Оқушының саулығын сақтау» жөніндегі ақыл кеңестерді денсаулықты сақтауға үйрететін толық құрал ретінде қарауға болмайды. Әйткенмен, осында айтылған шараларды орындап тұрса, жас буынның тазалықты сақтап, бойларын күтуіне едәуір себеп болар еді деген ойдамын. «Ауырып – ем іздегенша, ауырмайтын – жол іздейік.» І. Денең cay болсын десең… 1. Сыныпқа таза aya молынан кірсін, күннің сәулесі (шуағы) кіріп тұрсын. Сау болу үшін таза aya, күннің шуағы өте керек екенін ұмытпа. 2. Тұла бойыңды, ең болмағанда мойныңды, көкірегіңді, аркаңды күнде салкын сумен жуып тұр. Көнбісті боласың. Денеңді таза ұста. Жұмасына бір рет жылы суға шомылып түр. 3. Жылы мезгілде таза суға көбірек шомыл. Ең артығы күннің шуағымен жылыған суға түссең тіпті жақсы. Шомылуға қолайлы уакыт сәске мен намаздыгер (екінді) мезгілі. Тал түсте, күн қызьп тұрғанда суға түспе. Тамақтың соңынан тоқ қарынға суға шомылма. Қызынып яки терлеп тұрып суға түспе. Әуелі қызуыңды басып, теріңді кептір, Шомылардың алдында жалаңаш отырма, терлейсің. Терлеген дене жылдам салқындайды, суық тез тиеді! Шешінісімен, басыңды сула да, суға түс. Суға жүгіріп келіп,қарғып яки секіріп түспе, суға кетесің. Су ішінде бір орында түрма, отырма, жүзе бер, жүзе бер, көбірек қимылда. Су ішінде он-жиырма минуттан (көп дегенде шәй қайнатым уақыттан) артық болма. Дірілдей бастасаң, тезірек судан шық. Судан шығысымен әуелі денеңді сүртіп қүрғатып, киініп алған соң, жылынғанша серуенде. Жылы, тымық күні Судан шыққан соң, жалаңаш денеңе біраз күн тиіп түла бойыңды жел қақсын. Аурудан әбден айықпаған әлсіз адамға тымық, жылы. күні ғана суға түсуге болады. Суға түсу шарттарын әбден біліп ал. Осы шарттарды елемесең, түрлі бақытсыз оқиғаларға душар боласьң. Жуынғанда тұла бойыңдағы кірің кетеді. Теріңдегі бітеліп қалған тесіктері ашылады. Терің көнбісті болып шынығады. Сондыктан жиірек жуын. Жылы суда дене кірі тезірек ериді. Сабының жылдамырақ көпіреді. Сондықтан салқын судан гөрі жылы су денеңдегі кіріңді тез а лады. Өте жылы су әсіресе күнде жуынғанда қаныңды тасытып, денеңді болбыр етіп, нәзіктендіріп жібереді. Бұл есіңде болсын. Адамға пайдалы ұйқы — түс көрмей қатты ұйқтау. Түнде ұзақ отырып істеген ми жұмысы адамның ұйқысьш бұзады, адамды ұмытшақ етеді. Сондықтан денсаулықты сақтау ережесі саған «ерте жат, ерте тұр, сонда ғана ұйқы сені тынықтырады» дегендей кеңес береді. 21. Ұйқының ұзақтығы жасқа карай түрліше болады. Тәулігіне емшектегі балаға 16-20 сағат, 10-12 жашр балаға — 9 сағат, бозбалаларға — 8 сағат, үлкен кісіге 6-7 сағат ұйқы жетіп жатыр. 22. Еш уақытта біреумен қойындасып жатпа, жеке жатып үйрен. Басқа кісінің төсегіне жатпа, төсек-орнын, жастығын, көрпе жаймасын қолданба. ІІ. Сабақ үстінде денсаулығыңды ойласаң… 1. Жазу жұмысына отырғанда жарық (терезе, шам) сол жағыңда бол сын. 2. Жазу үшін отырғаныңда астыңдағы орындығыңның алдыңғы шеті үстелдін астына 2-5 сантиметр (бір-екі елі) кіріп тұрсын. Жазғанда тік отыр. Көкірегіңмен үстелдің шетін кидірмелеме. 3. Үстелге отырғанда екі білегіңді шынтағыңа дейін үстелдің үстіне салып отыр. Астыңдағы орындығың аласа болса, үстіне көпшік немесе басқа нәрсе салып, керегінше биіктет. 4. Үстелге отырғанда табаныңды жерге — еденге тегіс тигізіп тіреп отьір. Аяғың жерге (еденге) жетпесе, табаныңның астына тақтай (сандыкша, жәшік) қойып, басып отыр. 5. Үстелге отырғанда аяғыңды орындықтың астына қарай бүкпе, не болмаса бір аяғыңды екінші аяғыңнын үстіне салып айқастырма. Аяғыңның тізеңнен төменгі балтыр жағы тік тұрсын. 6. Орындықтың үстінде тік отыр. Арқаңды орындықтың арқалығына таяп, сүйеніп отыр. Басыңды төмен еңкейтпе. 7. Жазғанда екі білегің шынтаққа дейін тегіс үстелдің үстінде жатсын. Сол қолыңмен қағазды басып, керегінде ілгері жылжытып отыр. 8. Жазатын қағазыңды оң жаққа таман, қарсы алдыңа қой. 9. Оқығанда орындығыңды үстелден аз-кем кейіндеу қойып, кітабыңды екі қолыңмен ұста. Кітаптың төменгі жағы үстелге тіреліп тұрсын, жоғарғы жағы үстелден көтеріңкі болсын. Оқығанда көзің кітбыңның бетінен ең кем болғанда 32 сантиметрдей (2 сүйемдей) қашықта болсын. 10. Орындыққа отырғанда криімің астында бүктетіліп жатпасын. Сондықтан еркек балалар ықшамдау шалбар, қысқа бешпент кисін. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер? Біздің қаламызда немесе ауылда қандай көшелер бар? Сен қай көшеде тұрасың? Ел, Жер, Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің? Сөз моншақтар: Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп есітілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді. V. Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар Шапалақ Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті. Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай? Сендер көңіл-күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл-күйлеріңді көрсетіңіздерші. Көңілді болғанда не істейміз? Ренжігенде… Қорыққанда… Қуанғанда… Таң қалғанда… Шапалақты тыңда Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады. Қанша дыбыс естідіңдер? Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады, Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді. Ойлауды дамытуға арналған жаттығулар: Ұстаздар: Жаттығу жасап жаттығайық Логикалық есеп Балалар ауызша есепке жауап береді. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады? Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді — қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай? Бөлмеде 2 орындық түр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтарды қалай қоюға болады? Болған жағдайды бағалау Балаға белгілі бір суреттегі жағдайды көрсетіп, мазмұнын әңгімелеуге тапсырма береміз. Балалармен сол жағдайдың қойылымын көрсетуін сұраймыз. Осы жағдай туралы баланың пікірін сұрап, дәлелдеп беруге үйретеміз. Іс-әрекеттің дүрыс-бұрыстығына өз ойын айту. Көңілді сөз Балалар шеңбермен отырады. Барлық отырғандар кезекпен өзінің қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айтады. Сөзді айтқан уақытта сол баланың көзіне қарап айту керек. Мысалы: (сен бүгін әдемісің, сенің көйлегің қандай әдемі т.б.). Өз іс-әрекеттерін бақылау Қазір біз бір жаттығу орындаймыз. Мұнда біз отбасы мүшелерінің үйдегі іс-әрекеттерін көрсетеміз (біреуі әже болады, ол жүн шұлық тоқиды, анасы сәбіз турап жатыр, атасы газет оқып отыр, әкесі қолына балға мен балта ұстап орындықты жөндеп жатыр, қызы ойнап жүр т.б.) Отбасы мүшелерінің үйде атқаратын іс-әрекеттері немесе жұмыстары бар. Әркім бір-біріне көмектесе отырып өз жүмыстарын істесе, отбасында татулық, тыныштық, береке, бірлік болады. «Бірлік болса — тірлік болады» деген мақал тегін айтылмаған. Барлығы бірлесе отырып тірлік жасау керек екен. Негізгі бөлім: Әр адамның отбасы бар. Мен өзімнің отбасымдағы адамдарды сызба сурет бойынша былай жасадым: Отбасы мүшелері ер адам және әйел адам болып екіге бөлінеді. Қазір сендер өз отбасындағы адамдарды сызба сурет бойынша белгілеп салып беріңдер. Салып берген соң мен сияқты әңгімелеп бересіңдер. Қиялды дамытуға арналған жаттығулар Менің көңіл-күйім суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әңгімелеп беру керек. Не істер еді? Жүргізуші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің? Алдар көсе байды алдай алмаса не істер едің? Кішкентай бала сүрініп құлап қалса не істер едің? Сен орманға барғанда адасып қалсаң не істер едің, т.б.

Информация о работе Салауатты өмір салты