Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 12:21, реферат
Описание работы
Салауатты өмір сүру салты дегеніміз — биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу.
Содержание работы
Кіріспе: «Салауатты өмір салты» жайлы жалпы түсінік......................................................3 Негізгі бөлім: І-тарау. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері.......5 1.1. Салауаттанудың негізгі мақсаты.........................................................................6 1.2. Салауатты өмір салтын ынталандыру..............................................................10 1.3. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері............................................14 II-тарау. Денсаулық - салауатты өмір кепілі...........................................................15 2.1. Салауатты өмір сүру салтының негізгі биологиялық және әлеуметтік принциптері................................................................................................................172.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер..................................................................................17 Қорытынды.................................................................................................................21Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................23
- Балаларды әлеуметтік-гигиеналық пайдалы белсенділігін жоғарылату, толыққұнды демалыстар ұйымдастыру;
- Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу. Педагогикалық ұжымдар мұндай жұмыстарды жанұялармен, маман дәрігерлермен, соның ішінде наркологтармен, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізгені тиімді.
- Жоғарғы сынып оқушыларын алкогольге қарсы жұмыстарға белсене араластыру. Оларға ішімдікке қарсы ағарту жұмыстарын жасату. Мұндай жұмыстар жоғарғы сынып оқушыларымен қатар бастауыш сынып оқушыларына да пайдалы болады. Өйткені бастауыш сынып оқушылары өзінің ата-анасымен, мұғалімдерінен гөрі жоғарғы сынып оқушыларына көбірек сенеді.
Жасөспірімдер аудиториясында
алкогольдің ішкі ағзаларға тигізетін
зияны туралы дәрістер онша тиімді емес.
Мұндай орталарда алкогольге қарсы жұмыстар
балалар мен жасөспірімдер үшін қажетті
құндылықтарға, яғни оның қабілетін, мүмкіндігін
ашу, олардың жанұядағы, балалар арасындағы,
қоғамдағы орнын тауып беруге бағытталғаны
дұрыс.
Қорытынды:
Жалпы тақырыпты
қорытындылай келетін болсақ салауатты
өмір салтын қалыптастыру ең алдымен залалды
дағдылардан (арақ-шарап, темекі , есірткі, қолдану)
аулақ болумен байланысты болады.Ақпарат
арақ- шарап, темекі, есірткіні ауызға
алудың кез келген түрлерінің жалпы адам
және қоғам денсаулығына кесел келтіретіні
жайында болуы қажет. Алкогольды тежеусіз
қолдану, оның салдары, маскүнемдіктің
медициналық, медико-психологиялық, құқықтық,
адамгершілік, этикалық, эканомикалық,
демографиялық аспектілері, алткогольдың
адам денсаулығына етер физикалық және
психикалық әсері, қоршаған ортамен қарым-қатынасы
туралы мағлұматтар келтіріледі.
Салауатты
өмір салтын қалыптастыруда темекі
мен күреске айырықша көңіл
бөлінеді. Темекінің таралып кеткенігі,
оны қолға алуға мәжбүр қылатын
факторлар, шылым түтінінің құрамдас
бөліктері, канцерогендер, тыныс алу
ағзалары, ас қорыту, жүрек-тамырлар
жүйесі т.б. аурулардың туындауындағы
темекінің ролі хақындағы мәліметтерді
жіктеп талдай келе, темекінің
медициналық, психологиялық, әлеуметтік
аспектілері туралы ақпарат беріледі.
Тактикалық тұрғыда
темекіге деген теріс көзқарасты
қалыптастыру ләзім. Бұл жұмыс
жас, жыныс, денсаулық жағдайын ескере
отырып жүгізіледі. Осылайша балалар
мен жасөспірімдерге арналған
ақпараттың негізін денеміздің
табиғи дамуына, психикалық эмоциялық
әлеміне етер әсері, қыздар мен
бала туар жастағы әйедермен,
темекі тартатын жүкті әйелдер
организмдеріндегі өзгерістер салдар
және осындай аналардан туар
бала болашағы т.б. жөніндегі мағлұматтар
құрайды.
Денсаулықты сақтауға
себеп болатын негізгі компоненттер:
-тиімді тамақтану;
- табиғатына орай қимыл
белсенділігі;
- шынығу;
- психикалық денсаулыққа
деген оң көзқарас;
- тән, киім күтімі;
- тұрмыстағы гигиеналық
режимді ұстану;
- еңбек пен демалыстың
тиімді режимін қадағалау;
- денсаулыққа нұқсан келтірмейтін,
қалыпты жыныстық;
Міне, осылай
өз денсаулығына деген кімнің
де болмасын бұған ұқсас айқын
сенім, салауатты өмір салты, жас
, әлеуметтік және басқа ерекшеліктері
ескеріле отырып, денсаулықты сақтауға
деген бағдардың алғы шарты
болып қала бермек.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі.
— Алматы: Мектеп, 1988.76 б.
Г. Икіманова. Саулық пен сымбат.
— Алматы: Қайнар, 1991.13б.
Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тәрбиесі. — Алматы: Рауан, 1991. 256 б.
Е. Сағындықов. Қазақтың ұлттық
ойындары. — Алматы: Рауан, 1991.87б.
Е. Уақбаев. Қазақстанда дене
тәрбиесі жүйесінің дамуы. — Алматы: Санат,
2000.312б.
Неменко Б.А. Оспанова Г.К. Балалар
мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).-
Алматы 2002.344б.
Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.152б.