Салауатты өмір салты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 12:21, реферат

Описание работы

Салауатты өмір сүру салты дегеніміз — биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.
Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу.

Содержание работы

Кіріспе:
«Салауатты өмір салты» жайлы жалпы түсінік......................................................3
Негізгі бөлім:
І-тарау. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері.......5
1.1. Салауаттанудың негізгі мақсаты.........................................................................6
1.2. Салауатты өмір салтын ынталандыру..............................................................10
1.3. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері............................................14
II-тарау. Денсаулық - салауатты өмір кепілі...........................................................15
2.1. Салауатты өмір сүру салтының негізгі биологиялық және әлеуметтік принциптері................................................................................................................172.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер..................................................................................17
Қорытынды.................................................................................................................21Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................23

Файлы: 1 файл

ОБЖ салауатты өмір салты.docx

— 56.49 Кб (Скачать файл)

1.3. Дене тәрбиеснің мәні, мақсаты және міндеттері.

Дене тәрбиесі- тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып, дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі,  дене тәрбиесі  тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға  дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.

Дене тәрбиесі- адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл - әрекеттерін  қалыптастыратын  адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігерін  жетілдіретін негізгі тәрбие бағытының бірі.

Сондай-ақ, дене тәрбиесі – ерік-жігері  мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отаннын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды  әлеуметтік міндеттерді атқарады.  Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Дене тәрбиесінің көздейтін мақсаты – балалардың дене мәдениеті  мен спортпен айналысу қызығушылықтары мен  қажеттіліктеір ояту, ынталандыру және дененің  дамуы мен денсаулықты  нығайтудың  психофизиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағыдай жасау.

Дене тәрбиесінің мәнін ашу барысында оның міндеттері мен мазмұнын анықтау қажеттігі туындайды.

Дене тәрбиесінің мазмұны:

  • Денсаулықты  нығайту, ағзасын шынықтыру  және дененің дұрыс қалыптасып дамуын,  мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ету;
  • Ақыл-ой және дене күштерін жұмыс істеу қабілеттерін көтеру;
  • Дененің негізгі қимыл қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік, шыдамдылық, шапшаңдылық) қалыптастыру;
  • Гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
  • Дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру;
  • Адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжеттігі, қайсалығы, табандылығы,  тәртіптілігі, жауапгершілігі, ұжымшылдығы т.с.с.);
  • Дене және спорт ойындарымен үнемі және жүйелі айналысуға қажеттілігін тәрбиелеу;
  • Дененің әр қашан сау болуына, сергектікке, өзіне және айналасындағы адамдарға әрқашан  қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеут.с.с.;
  • Ұлттық ойындар игеру және олардың  пайда болу және даму тарихымен танысу, әдіс-тәсілдерін білу.
  • Дене тәрбиесінің мазмұны – бұл баланың жеке басы және қоғамдық гигиена нормаларын сақтау дағдысына үйрету.

Дене тәрбиесінің мазмұнында  оқушыларды дене шынықтыру және спорт жайындағы  білімдер жүйесімен қаруландыруды көздейді. Мұндай білімдер оқушылардың ақыл-ой және адамгершілік ой-өрісін кеғейтеді, олардың бойында жалпы мәдениетті дамытады.

Кеңестік дәуірге дейін дене тәрбиесінің ғылыми негізін қалаған аса көрнекті педагог, әрі дәрігер П.Ф.Лесгафт болды.  Ол адам денесінің  жекелеген мүшелерін дамытуға бағытталған жаттығулар арқылы әсер етуді ұсынады.

Дене тәрбиесінің жүйесі және басқару.

Адам ағзасының негізгі қызметінің қалыптасып жетілуі  баланың жастық шағында, әсіресе мектеп жасында жүзеге асады. Сондықтан осы кезеңде оған әсер ететін  барлық факторларды барынша тиімді пайдалану қажет. Осы орайда жас ағзаның қалыпты дамуына мектептегі дене тәрбиесі мақсатты әрі жан-жақты жағдай туғызады.

Бүгінде мектеп қабырғасында дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіне мыналар:

  • Дене шынықтыру сабақтары;
  • Факультативті сабақтар;
  • Дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары;
  • Сабақтан және мектептен тыс дене тәрбиесі  мен  спорттық іс-шаралар (үйірмелер, спорттық секциялар, жарыстар) жатады.
  • Білім беру саласында дене тәрбиесін  ұйымдастыру жүйесіне дене шынықтыру сабақтары жатады. Ол оқушылардың  жан-жақты жалпы дене дайындығын қамтамасыз етуді көздейді.

II-тарау. Денсаулық - салауатты өмір кепілі. 
Қазіргі таңда еліміздің күн тәртібінде тұрған әлеуметтік-экономикалық маңызы зор мәселелердің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру.  
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша халықтың денсаулығы 49-53% өмір сүру салтына, 17-20% қоршаған ортаға, табиғи-климаттық жағдайларға, 18-22 % тұқымқуалаушылыққа, 8-10% денсаулық сақтау мекемелерінің жағдайына байланысты.  
Қазіргі уақытта халықтың денсаулығының нашарлауы, аурулардың көбеюі адамдардың өздеріне, өмір сүру салтына байланысты болғандықтан, қоғамның алдында тұрған міндет – адамдардың салауатты өмір салттарын қалыптастыру.  
Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидасы – еш ауруға шалдықпай, аурудың алдын алу, денсаулықты нығайту, тұрақты түрде дене тәрбиесі жаттығуларымен шұғылдану.  
     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 37-бабында былай делінген: «Білім беру ұйымдарында оқу тәрбие үрдісі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын ескере отырып жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ауруына жол бермеу, денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі».  
Осы бапқа сәйкес ШҚМТУ-дың «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының оқытушылары студенттер санасына салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, оларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу бағытында спорттық-сауықтыру және көпшілік-спорттық шараларды ұйымдастыруды жақсы жолға қойған. Студенттердің денсаулықтарын нығайту мен сақтауда және салауаттылықты насихаттауда мынандай спорттық шаралар жүргізіледі:  
1. Спорттық үйірме жұмыстары (спорттың 19 түрінен).  
2. Денсаулықты нығайту топтары.  
3. Оқу топтары арасындағы жарыстар.  
4. Факультет аралық университет спартакиадасы.  
5. 1-курстар арасында волейболдан, футболдан өтетін «Ректор кубогі» үшін жарыстар.  
6. Дене тәрбиесі жаттығуларының адам ағзасына тигізетін пайдасы, салауатты өмір салтын насихаттау туралы дәріс, әңгімелер.  
7. Темекінің, ішімдіктің, есірт-кінің зияны туралы баяндамалар, дәріс, әңгімелер.  
     Өткізілетін спорттық-сауықтыру және көпшілік шараларды ұйымдастырудың түрлері: оқу үрдісі кезіндегі дене шынықтыру- сауықтыру шаралары, студенттердің дене қуаты даярлығын бағалау үшін бақылау жаттығулары, президенттік сынамалар нормативтері бойынша жарыстар, курстардағы, факультеттердегі, оқу топтарындағы және жатақханалардағы сауықтыру, президенттік сынамалардың жазғы және қысқы көпсайыстары бойынша жоғары оқу орнындары арасындағы универсиада, спартакиадалар, профессор-оқытушылар құрамы мен қызыметкерлер және қамту қызметкерлерінің денсаулықтары үшін ұйымдастырылатын спартакиадалар.  
Білім алумен қатар, сабақтан тыс уақытта өзі таңдап алған спорт түрінен жаттықтыру сабақтарына қатысып, университет, облыс, республика намысын қорғап жүрген тау-кен факультеті студенттерінің де жетістіктері аз емес. Қарашаның 23-25 жұлдызы аралығында ¤скемен қаласында дзюдодан өткен облыс чемпионатында 04-ГДК-2 тобының студенті Нұржан Мертаев күміс жүлдегер атанса, 06-МТК-2 тобының студенті Дастан Қамзаев облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен жастар арасында бокстан 2-ші ашық облыстық турнирде бірінші орынды иеленді. Болашағынан зор үміт күттірер 02-МСК-2 тобының студенті Берік Далентаев Павлодар қаласында өткен жастар арасында «самбо» күресінен Республика біріншілігінде қола жүлдені жеңіп алды. Қарашаның 23 жұлдызынан желтоқсанның 8 жұлдызы аралығында Орал қаласында волейболдан өтіп жатқан Қазақстан Республикасының жоғарғы лигасында тау-кен факультетінің үш студенті қатысуда. Олар: Ринат Ибраев, Максим Половко, Артем Яковлев. Сонымен қатар факультеттің ер балалар құрама командасы баскетболдан факультет аралық жарыста осымен үшінші жыл бірінші орынды иемденіп келе жатыр және шахматтан командалық үшінші орынға ие болды.  
Cтуденттер тек қана білімде ғана емес, спортта да жарыстар додасында жеңіске жетіп, мықты спорт саңылақтарының қатарын көбейте берсе екен дейміз.

2.1.Салауатты өмір сүру салтының негізі биологиялық және әлеуметтік принциптері. 
1. Биологиялық принциптерге жататындар: 
а) салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшелігі; 
б) салауатты өмір сүру салты энергетикалық принциптері; 
в) салауатты өмір сүру салты эстетикалық қызметке; 
г) салауатты өмір сүру салты ритмикалық үрдістер; 
д) салауатты өмір сүру сатгы денсаулықты арттыруға байланысты болу керек. 
2. Әлеуметтік принциптерге жататындар: 
а) салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызмет; 
ә) салауатты өмір сүрудің рухани түрде жеткіліктілігі; 
б) салауатты өмір сүру салты еріктігін дамыту; 
в) салауатты өмір сүруде адамның «үшінші жағдайда» болмауын қамтамасыз сту; 
г) өзін-өзі тежеуіне байланысты болуы. 
     Осы жоғарыда көрсетілген принциптерді іске асыру оңай шаруа емес. Өйткені, бұл принциптер бір-біріне қарама-қарсы келеді. Әрқашанда көңіддегідей болып шықпайды. Жақсы нәтиже бермейді. Жасыратыны жоқ, біздің егеменді елімізде денсаулық сақтау мәселссіне айтарлықтай коңіл бөлініп отырған жоқ. Халықты неше түрлі аурулар меңдеп кетті. Кейінгі жылдары жан-дүниелі дерттер адамдар арасына көптеп тарап кеткен. Қантты диабет ауруы екі адамның бірінен кездесе береді. Әрбір мың бала туса, олардың 40-ы кемтар болып туатынын медикгер айтып жүр.

2.2.Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер.Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады. 
Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі.

Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.

Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы – никотин. Адам ағзасы үшін бар болғаны бір-ақ тамшы /ол 10-12 тал сигаретте болады екен/ никотин уы жеткілікті көрінеді.

Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді. Қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады. Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі тартпайтындарға қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ауырушылардың 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады.

Темекі ішкі мүшелер қызметін бұзып, ауруға душар етумен қатар, адамның сыртқы келбетін де бұзады. Түтіннен шыққан зиянды улы заттар беттегі майда қан тамырларын зақымдап, бет терісі ауруларына душар етеді.

Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен.

Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді.

Темекі шегушілік студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.

Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін 10 пайызға кемітеді екен.

Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді.

Қазіргі кезде, жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу, шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік бірінші орынға шығады екен.

Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады.

Бұл жағдайлардың бәрі алкогольдік ішімдіктерді оңай табуға болатындықтан және алкогольдік әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің кең таралуынан туындайды. Әсіресе, ішімдікті жаңа бастап жүрген өте араласқыш, әзілқой, әрнәрсенің түйінін жылдам шеше білетін, өжет бастығы бар алкогольдік топтарға, жылдам үйір болады.

Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген жұмыстардың нәтижесінің шықпауы т.с.с. Осындай жағдайлардан өте маңызды психологиялық механизм жасауға болады: тіршілік түйткілдері мазасыздандырып, күткен жетістіктеріне жете алмаған жасөспірімдер алкогольдік топтарға «ауысуң арқылы қалыптасқан нормалар мен құндылықтарға өзінің қарсылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке қойылған қарсы талаптарды да бұзады.

Зиянды әдеттердің алдын алудағы маңызды бағыт - жасөспірімнің жеке адам болып қалыптасуына, оның қажеттілігінің, сұраныстарының жоғарылауына, адамзат баласының қастерлейтін мәдени құндылықтарына көзқарасын, яғни жасөспірімнің рухани денсаулығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Жасөспірімдер арасында алкогольге қарсы ағартушылық, тәрбиелік жұмыстар жүргізу - ішімдікке қарсы арнаулы профилактикалық тәсілге жатады. Мектептерде алкогольге қарсы тәрбие жүргізген кезде төмендегі принциптерді басшылыққа алған дұрыс:

  • - Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру. Алкогольге жеке көзқарас 9-10 жастың өзінде қалыптаса бастайтындықтан, ішімдікке қарсы тәрбиені бастауыш сыныптардан басталғаны жөн;

  • - Алкогольге қарсы тәрбие мен ағартушылық бір бағытта, бірізділікпен жүруі қажет; мұнда оқушының жас мөлшеріне сәйкес қарапайым мысалдан бастап, ішімдікке байланысты қоғамға да, өзіне де келтіретін зор кесапатты түсінідіру арқылы ішімдіктің зиянын ашып беру керек;

  • - Ішімдікке қарсы жұмысты балалар арасында қойылған фазалар мен кезеңдерге сәйкес жоспарлау;

  • - Ішімдікке қарсы жүргізілген жұмыстарда оқушылардың әр түрлі жас топтарының психикалық ерекшеліктерін ескеру;

  • - Оқушыларды ішімдікке қарсы тәрбиелеп, қалыптастыру жұмыстары гигиеналық және әдет-ғұрыптық, эмоционалдық және мазмұндық аспектерге сәйкес келуі тиіс;

Информация о работе Салауатты өмір салты