Төтенше жағдай туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2012 в 12:55, реферат

Описание работы

Төтенше жағдайды енгiзу негiздерi болатын мән-жайларға, осы баптың 1-тармағының талаптары сақталған жағдайда:
1) шекаралас мемлекеттер аумақтарынан Мемлекеттiк шекара арқылы жаппай өту; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге ұмтылу; террористтiк актiлер;

Содержание работы

1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)


2-тарау. Төтенше жағдайды енгізу мен оның күшін (4 - 10 баптар) жоюдың шарттары, негіздері, тәртібі


3-тарау. Төтенше жағдай кезеңіне енгізілетін (11 - 14 баптар) мемлекеттік басқарудың арнайы органдары. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету


4-тарау. Төтенше жағдай кезінде қолданылатын (15 - 16 баптар) шаралар мен уақытша шектеулер


5-тарау. Төтенше жағдай кезіндегі жеке және заңды (17 - 23 баптар) тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар құқықтарының кепілдігі және олардың жауапкершілігі


6-тарау. Қорытынды ережелер (24 - 25 баптар) Осы Заң төтенше жағдайды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн белгілейдi.

Файлы: 1 файл

Төтенше жағдай туралы.docx

— 35.58 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

 

  • 1-тарау. Жалпы ережелер   (1 - 3 баптар)

 

 

  • 2-тарау. Төтенше жағдайды енгізу мен оның күшін   (4 - 10 баптар) жоюдың шарттары, негіздері, тәртібі 

 

 

  • 3-тарау. Төтенше жағдай кезеңіне енгізілетін   (11 - 14 баптар) мемлекеттік басқарудың арнайы органдары. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету

 

 

  • 4-тарау. Төтенше жағдай кезінде қолданылатын   (15 - 16 баптар) шаралар мен уақытша шектеулер

 

 

  • 5-тарау. Төтенше жағдай кезіндегі жеке және заңды   (17 - 23 баптар) тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар құқықтарының кепілдігі және олардың жауапкершілігі

 

 

  • 6-тарау. Қорытынды ережелер   (24 - 25 баптар) Осы Заң төтенше жағдайды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн белгілейдi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387-II Заңы (2009.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1-тарау. Жалпы  ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай  негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті жердің  коменданты - Қазақстан Республикасының  Президенті тағайындайтын, төтенше  жағдай енгізілген жердегі комендатураның  қызметіне басшылық жасайтын  және төтенше жағдай режимін  қамтамасыз ететін күштер мен құралдарды бірыңғай басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам;

 

2) жергілікті жердің  комендатурасы - төтенше жағдай  енгізілген жерлерде төтенше  жағдай режимін қамтамасыз ету  үшін Қазақстан Республикасының  Президенті құратын уақытша арнаулы  орган;

3) коменданттық  сағат - арнайы берілген рұқсаттамасыз  және жеке басын куәландыратын  құжаттарсыз көшелерде және өзге  де қоғамдық жерлерде не үйлерінен  тысқары жерлерде жүруге тыйым  салынатын тәулік мезгілі;

4) төтенше жағдай - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз  ету және Қазақстан Республикасының  конституциялық құрылысын қорғау  мүдделерінде ғана қолданылатын  және мемлекеттік органдар, ұйымдар  қызметіне, азаматтардың, шетелдіктердің  және азаматтығы жоқ адамдардың  құқықтары мен бостандықтарына,  сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына  жекелеген шектеулер белгілеуге  жол беретін және оларға қосымша  міндеттер жүктейтін ерекше құқықтық  режим болып табылатын уақытша  шара;

5) төтенше жағдай  енгізілетін жерлердің шекаралары - Қазақстан Республикасының бір  немесе бірнеше әкімшілік-аумақтық  бірліктерінің аумағы;

6) Төтенше жағдай  режимін қамтамасыз ету жөніндегі  мемлекеттік комиссия - төтенше жағдай  енгізу кезеңіне Қазақстан Республикасы  Президентінің актісімен құрылатын  арнаулы мемлекеттік басқару  органы.

 

2-бап. Төтенше  жағдайдың құқықтық негiзi

 

Қазақстан Республикасының  Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi төтенше жағдайды енгiзудiң құқықтық негiзi болып табылады.

 

3-бап. Төтенше  жағдайды енгiзудiң мақсаты

 

Төтенше жағдайды енгiзуге себеп болған мән-жайларды жою, адам мен азаматтың қауiпсiздiгiн, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғауды қамтамасыз ету төтенше жағдайды енгiзудiң мақсаты болып табылады.

 

2-тарау. Төтенше  жағдайды енгізу мен оның күшін жоюдың шарттары, негіздері, тәртібі

 

4-бап. Төтенше  жағдай енгiзудiң шарттары, негiздерi

 

1. Төтенше жағдай  Қазақстан Республикасының демократиялық  институттарына, тәуелсiздiгi мен  аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына,  оның азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қауiп төнген және мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған жағдайда енгiзiледi.

 

2. Төтенше жағдайды  енгiзу негiздерi болатын мән-жайларға, осы баптың 1-тармағының талаптары сақталған жағдайда:

1) шекаралас мемлекеттер  аумақтарынан Мемлекеттiк шекара  арқылы жаппай өту; Қазақстан  Республикасының конституциялық  құрылысын күштеп өзгертуге ұмтылу; террористтiк актiлер; Қазақстан  Республикасының Конституциясын бұза отырып, билiктi күштеп басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттер; қарулы қақтығыстарға тарту мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болатын арандатушылық iс-әрекеттер; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу; жаппай тәртiпсiздiктер, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстар; экстремистiк топтардың жекелеген жерлердi, аса маңызды объектiлердi қоршап алуы немесе басып алуы; заңсыз әскери құралымдар құру және олардың қызметi;

2) дүлей зiлзала  (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты  экологиялық жағдайлар, табиғи  өрттер, эпидемиялар мен iндеттер,  ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен  ормандардың аурулармен және  зиянкестермен зақымдалуы, өнеркәсiптiк,  көлiктiк және басқа авариялар, өрттер (жарылыстар), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар ауаға жайылатын (жайылу қаупi бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, су бөгеттерiнiң бұзылуы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электрэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегi, тазарту құрылғыларындағы авариялар себеп болған және жағдайды дереу тұрақтандыруды, құқық тәртiбiн қамтамасыз етудi, қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жағдай жасауды талап ететiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жатады.

Дүлей зiлзаланың немесе кең көлемдi аварияның (апаттың) нақты қаупi де төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның ұсынуы негiзiнде төтенше жағдай енгiзуге негiз болуы мүмкiн.

 

5-бап. Төтенше  жағдайды енгiзу тәртiбi

 

1. Қазақстан Республикасының  бүкiл аумағындағы немесе оның  жекелеген жерлерiндегi төтенше жағдайды  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен  және Парламентi палаталарының  төрағаларымен ресми консультациялардан  кейiн Қазақстан Республикасының  Президентi тиiстi жарлығымен енгiзедi, бұл туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне дереу хабарланады.

 

2. Төтенше жағдай  қалыптасқан жағдайды өзге шаралар  қолданумен реттеу мүмкiн болмаған жағдайда енгiзiледi.

 

3. Қазақстан Республикасы  Президентiнiң төтенше жағдайды  енгiзу туралы жарлығы Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес  ресми баспа басылымдарында дереу  жариялануға тиiс және барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткiзiледi.

 

4. Қазақстан Республикасы  Президентiнiң Төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығы Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген мерзiмде қолданысқа енгiзiледi.

 

6-бап. Қазақстан  Республикасы Президентiнiң төтенше  жағдайды енгiзу туралы жарлығының  мазмұны

 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығында:

1) осы Заңның  талаптарына сәйкес төтенше жағдайды  енгiзуге негiз болған мән-жайлар;

2) төтенше жағдайды  енгiзу қажеттiгiнiң негiздемесi;

3) төтенше жағдай  енгiзiлетiн жерлердiң шекаралары;

4) төтенше жағдай  режимiн қамтамасыз ететiн күштер  мен құралдар;

5) осы Заңға сәйкес  енгiзiлетiн шаралардың және жеке  тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың құқықтарын  уақытша шектеулердiң, сондай-ақ  оларға қосымша жүктелетiн мiндеттердiң  тiзбесi;

6) төтенше жағдайды  енгiзу кезеңiнде құрылатын мемлекеттiк  басқарудың арнайы органдары  және олардың өкiлеттiгi;

7) төтенше жағдай  режимi кезiнде қолданылатын iс-шараларды  жүзеге асыруға жауапты мемлекеттiк  органдар (лауазымды адамдар);

8) төтенше жағдайды  енгiзу уақыты және оның қолданылу мерзiмi қамтылады.

 

7-бап. Төтенше  жағдайдың күшiнде болу мерзiмi

 

1. Қазақстан Республикасының  бүкiл аумағында енгiзiлетiн төтенше  жағдайдың күшiнде болу мерзiмi - 30 тәулiктен, ал оның жекелеген  жерлерiнде 60 тәулiктен аспауға тиiс.

 

2. Төтенше жағдай  енгiзiлген мерзiм өткеннен кейiн төтенше жағдай тоқтатылды деп есептеледi.

 

3. Төтенше жағдайды  енгiзуге негiз болған мән-жайлар  жойылмаған жағдайда Қазақстан  Республикасының Президентi тиiстi акт шығару арқылы осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдер  шегiнде оның қолданысын ұзартуға құқылы.

 

8-бап. Төтенше  жағдайды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру

 

1. Қазақстан Республикасының  бүкiл аумағында немесе оның  жекелеген жерлерiнде төтенше  жағдай енгiзiлген кезде төтенше  жағдай режимiн қамтамасыз ету  жөнiнде жүргiзiлетiн iс-шараларды  қаржыландыру Қазақстан Республикасы  Үкiметi резервiнiң және жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнiң  қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

 

2. Қазақстан Республикасы  Президентiнiң шешiмiмен Қазақстан  Республикасының төтенше бюджетi енгiзiлуi мүмкiн. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiнде жүргiзiлетiн iс-шараларды қаржыландыру бұл жағдайда төтенше бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Төтенше бюджеттiң қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне дереу хабарланады.

 

9-бап. Төтенше  жағдайдың күшiн жою

 

1. Егер төтенше  жағдайды енгiзуге негiз болған  мән-жайлар жойылған болса, Қазақстан  Республикасының Президентi оның  күшiн ол енгiзiлген мерзiм аяқталғанға дейiн толық немесе iшiнара жоюға құқылы.

 

2. Қазақстан Республикасы  Президентiнiң төтенше жағдайды  толық немесе iшiнара жою жөнiндегi Жарлығы Қазақстан Республикасының  Президентi белгiлеген мерзiмде  қолданысқа енгiзiледi.

 

10-бап. Төтенше  жағдайдың құқықтық режимiнiң  ерекшелiктерi

 

Төтенше жағдай кезеңiнде  Қазақстан Республикасының Парламентi таратылмайды.

 

 3-тарау. Төтенше жағдай кезеңіне енгізілетін мемлекеттік басқарудың арнайы органдары. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету

 

11-бап. Төтенше  жағдай кезеңiндегi мемлекеттiк басқарудың  арнайы органдары

 

1. Төтенше жағдайды  енгiзуге негiз болған мән-жайларды  жою жөнiндегi мәселелердi шұғыл шешу  және iс-шараларды жүргiзу мақсатында  Қазақстан Республикасының Президентi  мемлекеттiк басқарудың төтенше  жағдай режимiн қамтамасыз ету  жөнiндегi арнайы органдарын құруы  мүмкiн, оларға:

1) Қазақстан Республикасы  Президентiнiң жанындағы Төтенше  жағдай режимiн қамтамасыз ету  жөнiндегi мемлекеттiк комиссия;

2) жергiлiктi жердiң комендатурасы жатады.

 

2. Төтенше жағдай  режимін қамтамасыз ету жөніндегі  мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайлар Қазақстан Республикасының екі және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірліктерінің аумағында туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен құрылады.

 

12-бап. Мемлекеттік  комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

 

1. Мемлекеттік комиссияның  негізгі міндеттері мыналар болып  табылады:

1) төтенше жағдайды  енгізу үшін негіз болған мән-жайларды жою жөнінде шаралар әзірлеу;

2) төтенше жағдай  енгізілген аумақтың қызметін  басқару мен қамтамасыз ету  жөнінде жедел іс-шаралар жүргізуді  ұйымдастыру;

3) төтенше жағдайды  енгізу үшін негіз болған мән-жайлардың  салдарынан зардап шеккен жеке  тұлғаларды уақытша тұруға арналған  тұрғын үй-жайларға орналастыруды,  оларға қажетті көмек көрсетуді  ұйымдастыру;

4) орталық және  жергілікті атқарушы органдардың,  ұйымдардың, төтенше жағдай енгізілген  жергілікті жерлердің комендатураларының  төтенше жағдайды енгізу үшін  негіз болған мән-жайларды жою  жөніндегі қызметін үйлестіру;

5) төтенше жағдай  кезеңінде жүргізілетін іс-шаралардың  орындалуын бақылау.

 

2. Негізгі міндеттерін  орындау үшін Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) орталық және  жергілікті атқарушы органдардың,  ұйымдардың, төтенше жағдай енгізілген  жергілікті жерлердің комендатураларының  төтенше жағдайды енгізуге негіз  болған мән-жайларды жою жөніндегі  қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар  әзірлейді;

2) Мемлекеттік комиссияға  жүктелген міндеттерді орындау  мәселелері бойынша орталық, жергілікті  атқарушы органдардың лауазымды  адамдарын және төтенше жағдай  енгізілген жергілікті жерлердің  коменданттарын тыңдайды;

3) орталық және  жергілікті атқарушы органдардан,  ұйымдардан Мемлекеттік комиссияның  қызметін жүзеге асыру үшін  қажетті құжаттар мен мәліметтерді  сұратады және алады;

4) орталық және  жергілікті атқарушы органдардың,  ұйымдардың, төтенше жағдай енгізілген  жергілікті жерлердің комендатураларының  төтенше жағдайды енгізуге негіз  болған мән-жайларды жою жөніндегі  іс-шараларды орындауын бақылайды;

Информация о работе Төтенше жағдай туралы