Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 20:04, диссертация

Описание работы

Негізгі бөлімде білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың алатын орны, мектепте оқушылардың ауызекі сөйлесу әрекеттерін белсендіру мен қарқынды дамытудың, сапалы әрі тиімді жолы ретінде коммуникативті оқыту технологиясын ағылшын тілі сабағында қолдану жолдары ғылыми-теориялық тұрғыдан баяндалған. Екінші бөлімде тәжірбиелік жұмыстардың әдістемесі мен материалдары талқыланған.Коммуникативті оқыту технологиясын енгізе отырып оқушылардың тілге қызығушылығын арттыру тәсілдері айтылған. Эксперимент жұмыстарының нәтижелері берілген. Қорытындыда жалпы жұмыстың мазмұны педагогикалық, әдістемелік теориялар мен дидактикалық қағидаларды басшылыққа ала отырып жасалғандығы көрсетілген.

Файлы: 1 файл

коммуникативті оқыту технологиясы диплом.doc

— 189.00 Кб (Скачать файл)

ӘОЖ 800.7 :37.022                                             Қолжазба құқығында   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Токтамысова Гульназ Асетовна

 

Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары

 

 

 

 

 

 

 

6М011900-Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

 

 

Рефераты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2012 жыл

 

 

 

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

университетінің  Роман-герман кафедрасында орындалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:                       филология ғылымдарының кандидаты,

                                                         Диуанова Райкүл Кеңесбайқызы

 

 

 

 

 

Ресми оппоненті:                           филология ғылымдарының кандидаты,

                                                         доцент Жаңабаев Қазақбай Әбдуәліұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

      Диссертация  2012  жылы «___ » маусым күні сағат  «____» Қорқыт Ата  атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде 6М011900 шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін беру жөніндегі  диссертациялық кеңесінде қорғалады. (120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі № 40, № 1 оқу ғимараты)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.

Кіріспе

 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны, зерттеу барысында қолданылған әдістер, зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы айқындалады. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар анықталып, зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялану барысы баяндалады.

Негізгі бөлімде білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың  алатын орны, мектепте оқушылардың ауызекі сөйлесу әрекеттерін белсендіру мен қарқынды дамытудың, сапалы әрі тиімді жолы ретінде коммуникативті оқыту технологиясын ағылшын тілі сабағында қолдану жолдары  ғылыми-теориялық  тұрғыдан баяндалған. Екінші бөлімде тәжірбиелік жұмыстардың әдістемесі мен материалдары талқыланған.Коммуникативті оқыту технологиясын енгізе отырып оқушылардың тілге қызығушылығын арттыру тәсілдері  айтылған. Эксперимент жұмыстарының нәтижелері берілген. Қорытындыда жалпы жұмыстың мазмұны педагогикалық, әдістемелік теориялар мен дидактикалық қағидаларды басшылыққа  ала отырып жасалғандығы  көрсетілген.

Зерттеудің өзектілігі. Тілді тек тілдік бірліктер мен олардың өзара байланысының қатаң құрылымды жүйесі деп түсінуге болмайды, тіл ең алдымен қатысым құралы болып табылады.

Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Сондықтан, еліміздің өркениетін көтеру мақсатында шет тілдерін меңгеру, шет елдермен қарым-қатынас орнатудың маңызы зор екендігін көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз қазақстандықтар үшін, жастар үшін ағылшын тілін үйрену-ғылымды, экономиканы, бизнесті одан әрі дамыту қажеттілігін туындатып  отыр. Білім-адамзат қазынасы, халықтың білімділігі-елдің байлығының ең маңызды бөлігі. Тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде білім арқылы ең озық мәдениет пен дүние таным қалыптасады.

Сөйлеу әрекетінің жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі тіл білімінде ХХғасырдан бастау алады.Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: Л.Щерба, Е.Кубрякова,Е.И.Пассов, И.Л.Бим, И.Ф.Комков, А.А.Леонтьев. И.В.Рахманов, С.Канцнельсон, Н.И.Жинкин, Г.В.Колшанский, Э.П.Шубин.т.б. Қазақстандық ғалымдар: Т.А.Аяпова, Э.Д.Сүлейменова, Ф.Ш.Оразбаева.т.б. Л.Щерба: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз-үзіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», деген, ал Т.Аяпова «Адам баласының сөйлеуі-баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты, қажетті болып табылатындығын айқындайды», - деді.

Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі.Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды.

Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.

Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін (топик) құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде жеткізе алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады деген  пікірді тілге тиек етіп отыр. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:

а) Тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілермен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу.

ә) Тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағаздардың тілін пайдалану.

б) Тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.

Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі; 1.сөздікпен жұмыс; 2.сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3.байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары.

Зерттеу жұмысында коммуникативті оқыту технологиясының теориялық негіздері қарастырылады. Ғалымдар көзқарасымен, ауызекі сөйлеудің өлшемдері мен оған қойылатын талаптары баяндалады. Екінші бөлімінде оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйретудегі коммуникативтік әдістер  және шет тілін оқыту әдістемесі оқу курсының сабақ бөлімі бойынша мазмұнын сұрыптау сөз болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игеру дағдысының әлі қалыптаспағандығын, білімнің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстарының өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп есептейді.

Зерттеу нысаны. Коммуникативті оқыту технолгиясын енгізе отырып оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Зерттеу пәні. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ауызекі сөйлесу әрекеттерін белсендіру мен қарқынды дамытудың сапалы әрі тиімді жолы ретінде коммуникативтік әдісті тиімді пайдалану әдістері.

Зерттеудің мақсаты:

Жалпы білім беретін мектепте міндетті пән болып табылатын ағылшын тілін оқыту барысын ақпараттандыру ағылшынша сөйлейтін, тыңдап түсінетін, жазатын тілдік тұлғаны қалыптастыруға  қажетті дағды мен біліктің жаңашалануын қажет етеді. Ол үшін ағылшын тілін жаңа технология негізінде оқытудың әдіс-тәсілдерін, сабақтар жүйесін әзірлеу мен  қолданудың технологиялық болымысын жүйелеу. Оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас барысында тілді пайдалана алуы мен тілдік ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері:

-әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып,ауызекі  сөйлеуді қалыптастыруға байланысты талдаулар жүргізу;

-оқушылардың ағылшын тілі сабағында  ауызша сөйлеу дағдыларын жаңа  технологиялар негізінде меңгерту  барысында қалыптастырудың технологиялық ерекшеліктерін анықтау;

-оқушы тілін дамыту әдістемесінің  ұтымдылығын эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.

Зерттеу әдіс-тәсілдері: Жұмыста баяндау, тұжырымдау, талдау-жинақтау, қорыту, талқылау, бақылау, эксперименттік т.б.әдістер қолданылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

-Жалпы білім беретін мектептегі  ағылшын тілін ақпараттық коммуникативтік  технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту үшін маңызды болып табылатын әдістемелік қағидалар жиынтығы топтастырылады. Олардың дәйектілігі педагогикалық тәжірибе эксперимент өткізу барысында дәлелденді.

- Ағылшын тілі жүйесінің ішкі  құрылымынан қажетті тілдік минимумды анықтап, оны ағылшын тілінде сөйлесу, пікірлесу, жазу, сұхбаттасу т.б. қызметтерінде жүзеге асыра білуге керекті дағды, біліктерді ақпараттық коммуникативтік технологиялар жүйесімен оқыту арқылы қалыптастыру жолы мен ерекшеліктері айқындалды.

-Ағылшын тілін ақпараттық коммуникативтік  технология жүйесімен оқыту

жеке тұлғаның дамуына әсер етуші фактор ретінде танылып, әдістемелік- теориялық негіздерге сүйене отырып анықталды. Соның ішінде интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды роль атқаратыны анықталды.

-Жалпы білім беретін мектептерде  ақпараттық коммуникативтік технологиялармен  оқыту үдерісін ұйымдастырудың  ерекшеліктері осы бағыттағы  ағылшын тілі сабақтары жүйесін  негіздеп,олардың педагогикалық,

психологиялық шарттарын жасау арқылы айқындалды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда оқытудың ең тиімді ақпараттық инновациялық технологияның әдістерімен жолдары өзара тығыз байланыса қаралып, олардың өзіндік айырмашылықтары мен сабақтастығы зерттеледі.

- ағылшын  тілін  қазіргі  заманға  сай сапалы, тиімді үйретуге мүмкіндік  беретін заманауи әдіс-тәсілдер зерттеледі;

-зерттелген заманауи әдіс –тәсілдер  эксперименттік тәжірбиеде жүзеге асырылады;

-инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту-мақсатты түрде жобаланып саналы түрде ұйымдастырылатындығы зерттеу барысында нақтыланады;

-ақпараттық  технологиялар  жүйесімен  оқытуда  көрсетілетін  әдістердің  өзара байланыса, араласа қолданылуы зерттеуде айқын көрінеді.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілін ақпараттық коммуникативтік технологиялар жүйесімен оқытудың әдістемелік тұғыр арқылы жасалған өзіндік құрылымдық –мазмұндық болмысы мен технологиясы туралы теориялық түйіндер мен дидактикалық ұстанымдар жүйесінің құрамдас бөлшегі ретінде ағылшын тілін жаңаша жаңғыртып оқытуға қосылған үлес ретінде таныла алады.

Зерттеудің практикалық және әдіснамалық құндылығы. Жұмыста қарастырылған нәтижелер жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілін оқытуда оқушыларды коммуникативті оқыту технологиясы негізінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың тиімді жүйесі ретінде ақпараттық технологияны, компьютерді мультимедианы қолданудың артықшылығы тәжірибе жүзінде дәлелденіп, негізделді; зерттеу нәтижелерін мектепте ағылшын тілі сабағында қолдануға болады.

Жұмыстың талқылануы мен жариялануы.

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Роман-герман» тілдер кафедрасының отырысында және сәуір айында өткен «студенттердің ғылыми – инновациялық шығармашылығы: зерттеу тәжірибесі  және басым бағыттары» атты ғылыми конференцияда апробациядан өтті. Сонымен қатар, «Коммуникативті оқыту технологиясының шетел тілі сабағында алатын орны» (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналған магистранттардың ғылыми мақалалар жинағы, 2012 жыл)  атты мақаласы басылымға берілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

Негізгі бөлім

Жұмыстың бірінші тарауы «Ағылшын тіліне оқыту технологияларының теориясы мен тәсілдері» деп аталып, оның мазмұны үш тарамшаларда сипатталады.

Бірінші тараудың бірінші тарамшасында ағылшын тілін оқытудың құрылымдық және мазмұндық негіздері сипатталады. Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді, әрине осыншама уақыт ішінде оқыту әдістемесі де әр кезеңде тілдің әр аспектісіне назар аудара   отырып көптеген өзгеріске ұшырап отырды.

Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. Сол жылы Министрлер Кеңесінің «Орта мектепте шет тілін оқытуды жақсарту туралы» қаулысы шетел тілін оқытудың әрі қарай дамуына  ықпал еткен құжаттардың бірі болды. Содан кейінгі 1961 жылы шыққан «Шетел тілдерін оқытуды жаңарту» туралы қаулы  кейінгі онжылдықтағы мақсат-міндеттерді айқындап берді. 1977 жылы «Орта мектепте оқытуды, тәрбиелеуді дамыту туралы»қаулыдан кейін көптеген өзгерістер болды [1.7]. Оқытудың бірінші кезеңі қарым-қатынас ретінде тілдің негізін қалаудан басталады,әрі қарай шетел тілін оқып үйрену жалғастырылады  Тілді пайдалану үшін тілді тыңдау, сөйлеу,жазу,оқуды білуі керек. Бірінші кезең- тілді оқып үйренуде өте маңызды кезең,осы кезеңде оқу қалай басталса, солай жалғасады. Ағылшын әдіскері Г.Пальмер бұл кезең туралы былай деген екен:»Take care of the first two stages and the rest will take care of itself» [2. 6] Орта мектепте шет тілін оқыту 3 немесе 5 сыныптан басталды.   Бұл кездегі бағдарламада оқыту,түсіну және шет тіліндегі мәтінді аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен жазбашаның негізін қалау. Бағдарламада бөлімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. Алғашқы кезеңге бірінші орынға оқып-түсіну және аударма қойылады.

-оқушылартанысемессөздердіоқыпбілу 

-cөздіксізмәтіндіоқыптүсінебілу

-шетелтілінөзанатілінеауызшааударабілу

Информация о работе Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары