Тұжырымдаманы iске асыру мерзiмi мен кезеңдерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 08:50, курсовая работа

Описание работы

Бұл Тұжырымдамада қазiргi кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi үрдiстерi талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетiктерi баяндалған.
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негiзгi бағыттары мен азаматтық бастамаларды iске асыру мүмкiндiктерiн айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс iстеуi үшiн қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу үшiн негiз болады.

Содержание работы

1 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен
дамуы
2 Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
3 Тұжырымдаманың мақсаты мен мiндеттерi
4 Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның перспективалық
көрiнiсi
5 Азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi принциптерi мен құқықтық
негiздерi
6 Қоғамның даму кезеңдері
7 Тұжырымдаманы iске асыру жолдары мен тетiктерi
7.1 Азаматтық қоғам институттары қызметiнiң құқықтық негiзiн
жетiлдiру
7.2 Мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының
ынтымақтастық құралдарын нығайту
7.3 Халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениетi үшiн
жағдайлар жасау
7.4 Еңбек қатынастарын жетiлдiру
7.5 Әлеуметтiк саясатты жаңғырту
7.6 Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыру
7.7 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарын дамыту
7.8 Азаматтық қоғам институттарының халықаралық ынтымақтастығын
дамыту
8 Тұжырымдаманы iске асыру мерзiмi мен кезеңдерi
Қорытынды

Файлы: 1 файл

курсавой.doc

— 918.50 Кб (Скачать файл)


 

 

  5. Азаматтық қоғамды  дамытудың негiзгi принциптерi мен  
құқықтық негiздерi     

 Азаматтық қоғамды одан әрi дамыту мынадай принциптерге негiзделедi:  
      адам мен азаматтың iргелi құқықтары мен бостандықтарын сақтау;  
      эволюциялық және кезеңдiлiк;  
      қоғамдық өмiр салаларында, ең алдымен экономикалық салада, әлемдiк дамудың жаһандық үрдiстерiн ескере отырып қайта құрулармен бiрге бағдарланушылық  
      заңның үстемдiлiгi, барлығының бөле жармастан заң алдында теңдiгi;  
      мемлекеттiң iстерiн басқаруға және басқа да қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешуге Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың өкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуы;  
      елдегi демократиялық процестерге азаматтардың қатысуы үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету;  
      азаматтарды демократиялық мәдениет мiнез-құлқына тарту;  
      билiк пен қоғамның үндесу мен ынтымақтастық мәдениетiне бейiндiгi.  
      Азаматтардың бiрлестiктерi мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң ешқайсысы да көпшiлiк билiкпен өзара қатынастарда азаматтық бастаманың бүкiл секторының мүддесiн қорғай алмайды.  
      Осы Тұжырымдаманы әзiрлеу мен iске асыру үшiн мыналар құқықтық негiз болып табылады: Қазақстан Республикасының  Конституциясы , Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт 1966 жылғы 16 желтоқсанда жасалған, Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 28 қарашада ратификациялаған); "Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру кiру құқығын  қорғау туралы" Халықаралық еңбек ұйымның N 87  конвенциясы  (1948 жылғы 9 шiлдеде қабылданған, Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификациялаған); Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы  "Қазақстан - 2030.  Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму  стратегиясы  (Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығымен бекiтiлген), Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сәйкестiгiн қалыптастыру  тұжырымдамасы  (Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 2995 өкiмiмен мақұлданған), Қазақстан Республикасының құқықтық саясат  тұжырымдамасы  (Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 23 қыркүйектегi N 949 Жарлығымен мақұлданған), Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың  тұжырымдамасы  (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 949 қаулысымен мақұлданған).

           

 

6 Қоғамның даму  кезеңдері


 

Қоғамның даму кезеңдерін әр түрлі көзқараста түсіндіруге  болады. Экономика ғылы-мында экономикалық даму кезеңіне деген детерминистік  көзқарас және индетерминистік көзқарастар бар. Қоғамның негізгі экономикалық жүйеден тұрады. Экономикалық жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады. Экономикалық жүйе-материалдық игіліктермен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы реттелген байланыс жүйесі экономикалық жүйе көпфакторлы болып табылады. Негізгілері:

1. Мемлекеттегі  шаруашылық шешімді қабылдау  жүйесі;

2. Меншік құрылымы;

3. Информациамен  қамтамасыз ету механизмі;

4. Адамды еңбекке  тарту механизмі.

Детерминистік көзқарастан басқа қоғамдық кезеңдерге бөлудің формациалық және цивилизациалық көзқарастары бар. Бұлар қоғамның кезеңдерге өту себептерін өзінше түсіндіреді.

Детерминизм-материя  және рухани әлемдегі құбылыстардың  өзара байланысы мен олардың  арасындағы шартты заңдылықтарды объективті түсіндіретін философиялық ой. Детерминизмнің негізін себеп-салдар түсіндіреді. Мұнда қандайда бір құбылыс аңықталған жағдайда 2-ші бір құбылысты (сандарды) туғызады. Детерминизмге қарама-қайшы индетерминизм ұғымы өмір сүреді. Ол себеп-салдар ұғымын және олардың тұтастығын жоққа шығарады. Географиялық етерминизм – ол маркстік емес концепция қоғамдық өмірдегі құбылыстарды табиғи жағдаймен, мемлекеттің географиялық орналасуымен түсіндіріледі. Орта және оның әлемдері қоғамың дамуын аңықтап фактор деп есептейді. Марксизм-ленинизм географиалық детерминизмді жоққа шығарады, қоғамның кезеңдерге өту заңдылығын аңықтады. Формациялық көзқарас – маркістік ілімге тән. Онда 1-ші формация алғашқы қауымдық құлиеленушілік пен азиялық өндірісті біріктіреді 2-ші формация құлиеленушілік, крепостнойлық және капитализмді біріктіреді. Бұлар жеке меншікпен байланысты. 3-ші формация коммунистік, онда жеке меншік айында және гуманизм кезеңі келеді деп есептеді.

Формациялық ілім:

Қоғамдық, тарихи формациялық өзгерісін, табиғи-тарихи процесс деп түсіндіреді.

Материялық өмірдің  рухани құңдылықтан жоғары болуы  мүмкін екендігін білдіреді.

Қоғамдық өндірістік қатынастар базис болып табылады ал саяси, құқықтық, идеологиялық, ұлттық қатынастар қондырма деп аталады. Қондырма базиске тәуелді және содан туындайды.

Қоғамдағы кластар  оғамдық қатынастардың негізгі  бірлігі және тарихи субъектісі болып  табылады. Формациялық көзқарас бойынша  қоғамның бір кезеңнең екінші кезеңге  өтуі топтар арасындағы қарама-қайшылықтың  нәтижесі болып табылады. Бұл формациялық көзқарас.

Цивилизациялық  көзқарас-әлемдік тарихты цивилизацияның ауысуымен түсіндіретін көзқарас болып  табылады. Цивилизация (лат:«азаматтық, қоғамдық» деген мағынаны береді). Бұл термин мәдениет денгейін бағалау  үшін қолданылады. Цивилизациялық ілім материялдық және рухани дамудың тұтастықын түсіндіретін ортақ формалар мен принциптерден тұрады. Цивилизациялық тұтастық функционалды ой қалыптастырушылық сипатта болады. Бұл көзқарастың негізін адамзаттағы өзара байланыс және өзара тәуелділік мәселелері құрайды. Цивилизациялық тұтастық функционалды және ой қалыптастырушылық сипатта болады. Бұл көзқарастын негізін адамзаттағы өзара байланыс және өзара тәуелділік мәселелері құрайды. Мұнда жалпы адамзаттық құңдылықтың ұлттық немесе кластық құндылықтардан жоғары болатындығы айтылады. Бұл теория экономика ғылымындағы жаңа ілім болып табылады. Алғашқы цивилизациялық революция 6-8 мың жыл бұрын болған деп есептеледі бұдан кейін өнеркәсіптік революция қазіргі уақыттан 300 жыл бұрын болған деп есептеледі. Ал ХХ ғасырдың ортасынан ғылыми-техникалық революция басталды. Келесі бір экономистердің көзқарасы бойынша 7 цивилизацияға бөліп қарастырады:

1. Неолиттік (30-35 ғ.)


2. Шығыс-құлиеленуші  (Қола ғасыры 20-23 ғ.)

3. Антикалық  (Темір дәуірі 12-13 ғ.)

4. Ертедегі-феодалдық (7 ғ.)

5. Индустрияға  дейінгі (4-5 ғ.)

6. Индустриалды (2-3 ғ.)

7. Постиндустриалды (2-3 ғ.)

Цивилизациялық  көзқарас қоғамды кластарға бөліп  қарастырмайды.

 

 

  7. Тұжырымдаманы iске асыру жолдары мен тетiктерi     

 Тұжырымдаманы  iске асырудың негiзгi тетiктерi мыналар болып табылады:  
      Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық шарттар мен актiлердi ескере отырып, ұлттық заңнаманы жетiлдiру және үйлестiру;  
      мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастық құралдарын нығайту және мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты тиiмдi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау;  
      халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениетi үшiн жағдайлар жасау;  
      Қазақстан Республикасының Парламентiндегi және мәслихаттардағы саяси партиялардың өкiлдiктерiн кеңейту арқылы олардың ролiн күшейту, партиялық фракциялардың құқықтарын кеңейту;  
      адам құқықтарын қорғаудағы азаматтық қоғам институттарының ролiн арттыру;  
      БАҚ қызметiн реттейтiн заңнаманы демократияландыру;  
      дiни бiрлестiктер қызметiн реттейтiн заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес жетiлдiру;  
      еңбек қатынастарын жетiлдiру;  
      әлеуметтiк саясатты жаңғырту;  
      бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыру;  
      азаматтық қоғамның басқа институттарын дамыту;  
      азаматтық қоғам институттарының халықаралық ынтымақтастығын дамыту.

 

 

  7.1. Азаматтық қоғам  институттары қызметiнiң құқықтық  
негiзiн жетiлдiру     


 Алдағы 2011 жылға  дейiнгi кезеңде азаматтық қоғам  институттары қызметiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдау қажет. Мыналарды:  
      коммерциялық емес секторға салық салу мәселелерiн;  
      үкiметтiк емес ұйымдардың әлеуметтiк жұмысын;  
      қайырымдылық қызмет пен меценаттықты;  
      коммерциялық емес ұйымдарды тiркеу мен тарату рәсiмдерiн жетiлдiрудi;  
      гендерлiк теңдiктi қамтамасыз етудi және жалпыұлттық құқық қорғау институттарын нығайтуды регламенттейтiн құқықтық нормалар мен тетiктердi жақсарту маңызды.  
      Тұтастай алғанда, алда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, оның iшiнде мәдениет, бiлiм беру, экология, денсаулық сақтау, ақпарат, әлеуметтiк қамсыздандыру, экономика, гендерлiк теңдiк, тұрғын үй саясаты, жергiлiктi өзiн-өзi басқару саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бөлiгiнде қазақстандық заңнаманы жетiлдiру бойынша талдау жасап, жұмыс жүргiзу тұр.  
      Ратификацияланған халықаралық шарттар мен пактiлердiң ережелерiн ұлттық заңнамаға имплементациялау жөнiндегi жұмысты жеделдету, сондай-ақ әлi ратификацияланбаған басқа халықаралық шарттар мен пактiлерге қосылу жөнiндегi жұмысты жалғастыру қажет.  
      Осы бағыт шеңберiнде заң шығарушылық жұмысына азаматтық қоғам институттарының өкiлдерi мен тәуелсiз сарапшылар тартылатын болады.  
      Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң жанындағы Қоғамдық сарапшылар палатасының жұмысын қолдау оны заң шығарушылық процесiнде азаматтық институттардың мүдделерiн есепке алудың бiрегей тетiгiне айналдыруға мүмкiндiк бередi.  

7.2. Мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам  
институттарының ынтымақтастық құралдарын нығайту     

 Мемлекеттiк  органдар мен азаматтық институттар  ынтымақтастығын нығайту үшiн:  
      мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара iс-қимыл проблемаларын шешу және өзара iс-қимыл мен серiктестiк басымдықтарын айқындау жолдарын тұжырымдау үшiн жалпыұлттық тиiмдi үндесу алаңқайына айналуға тиiстi азаматтық форумдарды тұрақты негiзде өткiзу;  
      заң шығарушылық жұмысы, мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және өңiрлiк даму бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу жөнiндегi қоғамдық кеңестер, консультативтiк-кеңесшi органдар, комиссиялар, жұмыс топтары түрiнде ынтымақтастықтың тұрақты қолданыстағы тетiктерiн орталық және өңiрлiк деңгейлерде дамыту;  
      әлеуметтiк мәндi проблемалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткiзу практикасын енгiзу;  
      мемлекеттiк билiк органдарының қызметiн және олардың азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн сақтауға, бюджет процесiнiң ашықтығы мен мөлдiрлiгiне байланысты қабылдайтын шешiмдерiн азаматтық бақылаудың өнiмдi тетiктерiн пысықтау және практикаға енгiзу, жұмыстың осы бағытының шеңберiнде тиiстi әдiстемелiк база құру;  
      азаматтық қоғам институттарының даму бағдарламаларын iске асыру мониторингi мен олардың сектораралық ынтымақтастығын қамтамасыз ететiн ұлттық ақпараттық-талдамалық желi құруға және оны дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ қазiргi заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар енгiзу;  
      азаматтық институттардың сектораралық өзара iс-қимылының неғұрлым перспективалы нысандары мен әдiстерiн жүйелi түрде зерделеу, анықтау, байқап көру және енгiзу, мемлекеттiк билiк пен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары үшiн азаматтық қоғам институттарымен өзара iс-қимылдың тиiмдi тетiктерiн қалыптастыру жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау;  
      азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және қоғаммен байланыс үшiн елдiң мемлекеттiк жоғары оқу орындарына кадрлар даярлаудың арнайы курстарын енгiзу мәселесiн пысықтау;  
      орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда қоғаммен байланыс жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелер құру мәселесiн зерделеу;  
      Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес жұмыс берушiлер, қызметкерлер және билiк органдары арасындағы мүдделердi келiсудiң негiзгi тетiгi ретiнде еңбек қатынастары саласындағы тиiмдi әлеуметтiк серiктестiктi дамыту қажет.  
      Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты тиiмдi iске асыру үшiн ұйымдық, саяси және құқықтық жағдайларды қамтамасыз етуге айрықша көңiл бөлу қажет, бұл мемлекеттiк органдар мен азаматтық институттардың өзара iс-қимылы мен ынтымақтастық жүйесiн дамытуға мүмкiндiк бередi.  
      Принциптiк тұрғыдан орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың, ең алдымен әлеуметтiк блоктың тетiгiн тарату қажет. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысқа арналған бюджет шығыстарын кезең-кезеңiмен ұлғайту көзделген жөн.  
      Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыруға қолайлы жағдай жасау үшiн сонымен қатар республикалық және өңiрлiк деңгейлерде:  
      серiктестiк негiзде билiк органдары мен азаматтық қоғам институттары арасындағы қаржылық-шарттық қатынастарды дәйектi дамыту;  
      мақсатты топтар мен қызмет көрсетулердi алушылар үшiн тиiстi пайдалылық индикаторларының көмегiмен қоғамдық қажеттiлiктердi зерделеу мен жобалардың нәтижелерiн бағалау негiзiнде YЕҰ-дың қатысуымен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс қалыптастыру;  
      азаматтық институттар мен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру және орналастыру процесiнiң ашықтығын қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы құралдарын практикаға енгiзу;  
      азаматтардың әлеуметтiк белсендiлiгiн арттыруға бағытталған жұмыстың жаңа нысандары мен әдiстерiн жасау және iске асыру;  
      түрлi әлеуметтiк мәндi салалардағы ұлттық және аумақтық (өңiрлiк) iс-қимыл бағдарламаларын дайындау мен iске асыру жөнiндегi алдыңғы қатарлы шетелдiк тәжiрибенi зерделеу және елде енгiзу.

  


7.3. Халықтың жоғары  саяси, құқықтық және азаматтық  
мәдениетi үшiн жағдайлар жасау      

 Адам құқықтарының  жалпыға бiрдей декларациясына  сәйкес әрбiр адам өзiне Конституциямен кепiлдiк берiлген экономикалық, әлеуметтiк, азаматтық және саяси құқықтарды пайдалануға мүмкiндiгi болған жағдайларда ғана жеке тұлға мұратына қол жеткiзуге болады.  
      Ол үшiн:  
      азаматтық қоғам институттарының жұмысы арқылы адамның құқықтық санасын қалыптастыру;  
      елде жұмыс iстеп тұрған жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiн енгiзу және азаматтардың жалпыұлттық проблемаларды шешуге толыққанды қатысуын қамтамасыз ету;  
      қоғамда Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттiк рәмiздерге деген құрметтi қалыптастыру;  
      жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру ұйымдарында құқық негiздерiн оқыту практикасын жетiлдiру;  
      қазақстандық қоғамда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде құқық қорғау YEҰ-ның рөлiн көтеру;  
      құқықтық жүйенi одан әрi ырықтандыру;  
      қылмыстық-атқару жүйесiн iзгiлендiруге, елде қоғамдық қорғау институтын дамытуды ынталандыруға бағытталған жобалар тұжырымдауға құқық қорғау YEҰ-ын тарту;  
      халықтың әлеуметтiк әлжуаз жiктерiнiң құқықтарын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк бағдарланған жобаларды жүйелi түрде енгiзу, мүгедектердiң, әйелдер мен жастардың құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтiк мәндi жобалар тұжырымдауға ҮЕҰ-ды белсендi түрде тapту;  
      адам құқықтары және әрбiр адам мен тұтас қоғам үшiн олардың құндылығы саласында жалпыға танылған стандарттар туралы халықтың хабардар болуының жоғарғы деңгейiне қол жеткiзу жөнiнде тиiстi мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының бiрлескен ақпараттық және ағартушылық науқандарын iске асыру;  
      жанжалдарды соттан тыс шешу тетiктерiн, дауларды келiссөздер, аралық, келiстiру соттары, делдалдық институттары арқылы сотқа дейiн реттеу практикасын белсендi енгiзу;  
      гендерлiк теңдiктi дамыту және нығайту, қоғамдық санадағы әйелдер мен ерлер құқықтарына қатысты келеңсiз таптаурындарды еңсеруге жәрдемдесу қажет.

  7.4. Еңбек қатынастарын жетiлдiру     


 Еңбек қатынастарын  жетiлдiру үшiн:  
      қызметкерлер мен жұмыс берушiлер мүдделерiнiң теңгерiмiн қамтамасыз ету мақсатында еңбек заңнамасын әлеуметтiк мемлекет принциптерiне сәйкес келтiру;  
      қызметкерлердiң құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде кәсiподақтардың рөлi мен орнын арттыру;  
      ықтимал жанжалдар мен еңбек дауларының алдын алу мақсатында меншiк иелерi мен кәсiподақтар арасындағы тиiмдi өзара iс-қимыл, еңбек қатынастарын реттеу ауыртпалығының орталығын кәсiпорындар деңгейiне ауыстыру;  
      жұмыс берушiлер мен қызметкерлер өкiлдерiнiң арасындағы ұжымдық шарттар шеңберiнде тиiмдi келiссөздер процесiн қамтамасыз ету тетiктерiн енгiзу;  
      қызметкерлердiң мүдделерiн, қажеттiлiктерiн қанағаттандыру және өнеркәсiп орталықтарындағы өткiр әлеуметтiк және экологиялық мәселелердi шешу мақсатында кәсiподақтардың үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жүйесiн жолға қою талап етiледi.  

Информация о работе Тұжырымдаманы iске асыру мерзiмi мен кезеңдерi