Тұжырымдаманы iске асыру мерзiмi мен кезеңдерi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2013 в 08:50, курсовая работа

Описание работы

Бұл Тұжырымдамада қазiргi кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi үрдiстерi талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетiктерi баяндалған.
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негiзгi бағыттары мен азаматтық бастамаларды iске асыру мүмкiндiктерiн айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс iстеуi үшiн қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу үшiн негiз болады.

Содержание работы

1 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен
дамуы
2 Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
3 Тұжырымдаманың мақсаты мен мiндеттерi
4 Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның перспективалық
көрiнiсi
5 Азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi принциптерi мен құқықтық
негiздерi
6 Қоғамның даму кезеңдері
7 Тұжырымдаманы iске асыру жолдары мен тетiктерi
7.1 Азаматтық қоғам институттары қызметiнiң құқықтық негiзiн
жетiлдiру
7.2 Мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының
ынтымақтастық құралдарын нығайту
7.3 Халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениетi үшiн
жағдайлар жасау
7.4 Еңбек қатынастарын жетiлдiру
7.5 Әлеуметтiк саясатты жаңғырту
7.6 Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыру
7.7 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарын дамыту
7.8 Азаматтық қоғам институттарының халықаралық ынтымақтастығын
дамыту
8 Тұжырымдаманы iске асыру мерзiмi мен кезеңдерi
Қорытынды

Файлы: 1 файл

курсавой.doc

— 918.50 Кб (Скачать файл)

 


7.5. Әлеуметтiк саясатты жаңғырту     

 Билiк пен  азаматтық қоғамның ортақ мiндетi әлеуметтiк мемлекет құру, елдiң  экономикалық басып оза дамуын  ынталандыру және азаматтардың  әл-ауқатын арттыру мақсатында әлеуметтiк саясаттың тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.  
      Азаматтардың Конституцияда кепiлдiк берiлген әлеуметтiк-экономикалық құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк нормалар мен нормативтер белгiлеуге бейiмделген және сонымен бiр мезгiлде мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын жүзеге асыру үшiн бағдарлық қызмет атқаратын өмiр сүру сапасының ұлттық стандартын әзiрлеу және практикаға енгiзу қажет.  
      Ұлттық стандарт мынадай бөлiмдердi қамтуға тиiс: еңбекақы төлеу, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтiк сақтандыру және халыққа әлеуметтiк қызмет көрсету, медициналық қызмет көрсету стандарты, тұтыну себетi, бiлiм беру қызметтерiнiң стандарты, отбасын әлеуметтiк қолдау стандарттары, азаматтың жалпы және ақпараттық мәдениетiнiң стандарттары, экологиялық мәдениет стандарттары, халықты тұрғын үймен, коммуналдық және тұрмыстық қызметтермен қамтамасыз ету стандарттары.  
      Тәуелсiздiк жылдары жинақталған ресурстық әлеует, бюджет мүмкiндiктерi мен республиканың экономикасындағы оң үрдiстер базасында Қазақстанның өмiр сүру сапасының ұлттық стандартының барлық көрсеткiштерiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының барлық елдерi арасында неғұрлым жоғарғы етудiң және Қазақстан Республикасының әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiруiн қамтамасыз етуге толық мүмкiндiк бар.  
      Жүргiзiлiп жатқан әлеуметтiк саясат негiзiне субсидиарлық принциптi енгiзудiң маңызы зор, бұл адам, отбасы, адамдар тобы, қоғамдық бiрлестiк мүдделерiнен шыға отырып, проблеманы төменнен жоғарыға қарай шешудi бiлдiредi. Бұл үшiн әлеуметтiк көмек бағдарламаларын орындауға үкiметтiк емес ұйымдарды кеңiнен тарту үшiн жағдай жасау қажет, бұл өз кезегiнде жергiлiктi деңгейде әкiмшiлiк шығыстарды қысқартуға және мемлекеттiң әлеуметтiк саладағы жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.  
      Сонымен қатар проблемаларды жергiлiктi деңгейде шешуге және елде волонтерлық институтты дамытуға қабiлеттi аумақтық YEҰ-дарды дамыту үшiн жағдай жасау қажет.   

7.6. Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыру     

 Бизнестiң  әлеуметтiк жауапкершiлiгiн ынталандыру  - әлеуметтiк мәндi жобаларды дамыту  және қоса қаржыландыру, лайықты  еңбекақыны уақытылы төлеу, еңбектi қорғауды және оның қауiпсiз  жағдайларын қамтамасыз ету, жалдамалы  қызметкерлердi әлеуметтiк қолдауды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға апаратын жол. Бұл қоғамда мейiрiмдiлiк, руханилық мәдениетiн қалыптастыруға, моральдық және адамгершiлiк құндылықтарын нығайтуға апаратын жол.  
      Кәсiпкерлер үшiн әлеуметтiк жауапкершiлiк арттыру мәселелерiнде олардың қызметi үшiн қолайлы, әлеуметтiк қауiпсiз Орта қалыптастыруға қатысу мiндетi дәлел болуға тиiс. Қоғамдағы әлеуметтiк-саяси тұрақтылық - бизнестiң табысты дамуының кепiлi.  
      БҰҰ-ның Бизнестiң корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi жаһандық шартының принциптерiн енгiзу және меценаттық пен қайырымдылық қызметi, экономикалық ынталандыру және бизнес пен YEҰ-ның тиiмдi өзара iс-қимылы үшiн заңнамалық база құрған мақсатқа сай келедi.

  7.7. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарын  
дамыту     


2001 жылға дейiнгi кезеңде азаматтық қоғамның саяси  партиялар, кәсiптiк одақтар, дiни  бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат  құралдары сияқты аса маңызды  институттарын одан әрi дамыту  жөнiнде шаралар пысықталып, кезең-кезеңiмен  iске асырылатын болады. Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуi осы жұмысты жүргiзу үшiн қолайлы ұйымдастырушылық, институционалдық, экономикалық және заңнамалық жағдайлар жасау мүмкiндiгiн бередi.  
      Yкiметтiк емес ұйымдар сегментiнде мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру тетiгiн жетiлдiру мен оның ашықтығын қамтамасыз ету, оны iске асыру тетiгi мен рәсiмдерiн жақсарту, YEҰ-ның басым әлеуметтiк бағдарламалар мен жобаларды айқындауға қатысуы мәселелерiн көздеу қажет. Алда халықаралық стандарттарды ескере отырып, азаматтардың бейресми бiрлестiктерiнiң мәртебесi туралы мәселенi шешу, оның iшiнде тiркеу тәртiбiн жетiлдiру тұр. Елдiң коммерциялық секторы мен iрi бизнесiн YEҰ жобаларын қаржыландыруға ынталандыратын нормативтiк құқықтық база жасаудың маңызы зор. Мемлекет пен YЕҰ-ның өзара iс-қимыл процесiн тұтастай тереңдету, әсiресе өңiрлер мен ауылдық жерлерде YEҰ бөлiгiн дамытуды қолдаудың институционалдық және ұйымдық базасын нығайту қажет.  
      Саяси партиялардың алдында мiндеттердiң сапалы жаңа дейгейi тұр.  
      Олардың қоғамдық-саяси өмiрдегi және мемлекеттiк басқарудағы рөлiнiң артып келе жатқанын ескере отырып, әсiресе олардың өкiлеттiктерiн кеңейту, мемлекеттiк тiркеу процесiн оңайлату, тiркеу құжаттарын тексерудiң ашық тетiгiн әзiрлеу мен енгiзу, бiрiктiру, қосылу және басқаларын заңнамалық реттеу тетiктерiн жетiлдiру бөлiгiнде тиiстi заңнаманы жетiлдiру қажет.  
      Кәсiптiк одақтар мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын әзiрлеуге және iске асыруға белсене қатысуға тиiс. Бұл үшiн ұлттық заңнаманы Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық конвенцияларын ескере отырып дамыту маңызды. Тұтастай алғанда, ұжымдық шарттар мен келiсiмдер еңбекшiлер құқықтарын қорғаудың пәрмендi тетiгiне айналуына, ал еңбек заңнамасының меншiк нысанына қарамастан, барлық кәсiпорындарда сақталуына және қажет болған жағдайда кәсiподақтардың өз құқықтарын наразылық нысанында iске асыра алуына қол жеткiзу қажет.  
      Бұқаралық ақпарат құралдары саласы отандық теледидар мен радионың, газеттер мен журналдардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн экономикалық ынталандыруды көздейтiн тиiмдi заңнама жасауды талап етедi. Ақпараттық саясатқа мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде бюджет қаражатын орналастырудың ашықтығын қамтамасыз етуге, ақпараттық сала үшiн кадрлар даярлаудың, журналистер мен БАҚ-тың құқықтық қорғалу деңгейiн арттыруға, ақпарат алуға құқықтың сақталу ахуалын жақсартуға байланысты мәселелер кешенiн шешу қажет.  
      Дiни бiрлестiктер бөлiгiнде құқыққа қайшы iс-әрекет жасау үшiн дiндi пайдалануға жол бермеу мақсатында бұдан әрi де қажеттi жағдайлар жасау қажет. Алда дiни бiрлестiктердiң ерекшелiктерi ескерiлетiн және дiни экстремизмнiң алдын алуға, жастардың, әсiресе шетелде дiни бiлiм алуын мемлекеттiк бақылаудың тиiмдi жүйесiн құруға, өз қатарына отандастарды мәжбүрлеп тартып, күш қолдану және психологиялық қысым көрсету жолымен алаяқтықпен айналысатын сектанттық ұйымдар қызметiнiң жолын кесуге бағытталған ұйымдық және құқықтық шаралар кешенiн қабылдау керек.  
      Осылардың бәрiн ескере отырып, мемлекет азаматтық қоғам институттарымен өзара iс-қимылда елде азаматтық қоғамды дамыту үшiн қолайлы экономикалық, саяси және құқықтық жағдай жасауға бағытталған одан әрi шаралар қабылдауы қажет.  
      БАҚ қызметiн реттейтiн заңнама демократияландырылады. Тәуелсiз БАҚ қызметiн, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс арқылы мемлекеттiк қолдау кеңейтiледi.  
      Халықаралық стандарттарға сәйкес дiни бiрлестiктердiң қызметiн реттейтiн заңнама жетiлдiрiледi.  
      Республиканың жастар және балалар ұйымдарының қызметiн мемлекет тарапынан қолдау өрiс алады.  
      Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлi нығайтылады. Этносаралық қатынастар, бiлiм, мәдениет және ақпарат саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен iске асыруда ұлттық-мәдени бiрлестiктердiң (орталықтардың) қатысуының нысаны мен тетiктерi жетiлдiрiп, кеңейтiледi. Ұлттық-мәдени бiрлестiктердi (орталықтарды) мемлекеттiк қолдау кеңейтiледi.  
      Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жүйелi және кезең-кезеңiмен дамытуға баса назар аударылатын болады. Мемлекет пен оның органдарының жергiлiктi өзiн-өзi басқару институттарымен өзара iс-қимыл практикасы кеңейтiледi.  
      Олардың өзiндiк ерекшелiктерi ескерiле отырып, осы бағыттар бойынша жұмыстың басым бағыттары, тетiктерi мен нақты құралдары тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде жеке қаралады.

  7.8. Азаматтық қоғам институттарының халықаралық  
ынтымақтастығын дамыту     


 Соңғы он  жылдық iшiнде әлемде түрлi елдердiң  азаматтық қоғам институттары  арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты үрдiсi қалыптасты. Оның мақсаты түрлi: қауiпсiздiк, адам құқықтарын қорғау, экономикалық және әлеуметтiк даму, кедейлiктi еңсеру, қоршаған ортаны қорғау, бiлiм беру, ғылым, мәдениет, жедел iзгiлiк және техникалық көмек көрсету, бiтiмгершiлiк салаларында уақыттың қыр көрсетулерiне ден қоюдың тиiмдi тетiктерiн тұжырымдау болып табылады. Iс қимылдардың бiрлескен бағдарламалары мен тұғырнамаларын әзiрлеу жүзеге асырылады.  
      Осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшiн:  
      қазақстандық азаматтық қоғам институттарын халықаралық қоғамдастыққа кiрiктiрудi жалғастыру, бұл қоғамдық дамудың әлемдiк үрдiстерiн, Қазақстан жағдайларына бейiмделу және елдi әлемге белсендi таныстыру үшiн шетелдiк тәжiрибенi зерделеуге мүмкiндiк бередi;  
      ұлттық мүдделер аясында әлеуметтiк, мәдени, бiлiм беру және басқа жобаларды жүзеге асыру үшiн халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;  
      қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың, электронды БАҚ-тың мүмкiндiктерiн белсендi пайдалану, шетелде елдiң жағымды беделiн алға жылжыту мақсатында Қазақстанда "үшiншi сектор" туралы ақпарат деңгейiн көтеру;  
      Қазақстанда әлеуметтiк-экономикалық бағыттағы мақсатты бағдарламаларды Орталық Азияда iске асыруға бағдарланған өңiрлiк үкiметтiк емес ұйымдар құруды көтермелеу қажет.

 

  8. Тұжырымдаманы  iске асыру мерзiмi мен кезеңдерi      


 Ұсынылып  отырған азаматтық қоғамды дамыту  жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге  асыру 2006-2011 жылдарға есептелген  және ол мынадай кезеңдерден  өтудi көздейдi:  
      бiрiншi кезең - 2006-2008 жылдар.  
      Азаматтық қоғамды одан әрi дамытуға бағытталған заң жобаларын әзiрлеу жүзеге асырылады. Мемлекеттiк органдар, бизнес пен азаматтық қоғам институттары ынтымақтастығының тетiктерi нығайтылады. Азаматтық форум мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам үшiн тиiмдi, тұрақты жұмыс iстейтiн үндесу алаңқайына айналады.  
      Негiзгi мемлекеттiк органдар жанындағы қоғамдық кеңестер, консультативтiк-кеңесшi органдар, комиссиялар, жұмыс топтары түрiнде ынтымақтастықтың салалық және өңiрлiк тұрақты жұмыс iстейтiн жүйесi қалыптасады.  
      Заң шығарушылық жобалары, мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламалар қалыптастыру жөнiндегi жұмыс топтары құрылады, әлеуметтiк мәндi проблемалар бойынша қоғамдық тыңдаулар жүргiзiледi.  
       "Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы"  Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуiрдегi Заңы негiзiнде билiк пен YEҰ-ның ынтымақтастық жүйесi түзiледi.  
      Тұжырымдаманың басымдықтары бойынша ақпараттық бағдарлама iске асырылады.  
      Азаматтық қоғам институттарын дамыту үшiн мемлекет жасаған қолайлы жағдай және олардың қызметiне қоғамдық сұраныстың өсуi азаматтар бастамасын жандандырады. Оның нәтижесi қоғамдық ұйымдар санының өсуi болады.  
      Екiншi кезең - 2009-2010 жылдар.  
      Көзделген шараларды iске асыру нәтижесiнде азаматтық қоғам институттарын дамытуда сапалық өсуге қол жеткiзiледi.  
      Үшiншi сектордың белсендi жұмысы халықтың саяси мәдениетi мен құқықтық сауаттылығының жоғарғы деңгейiн қалыптастырады. Қоғамдық санада азаматтық қоғамның нормалары мен құндылықтары орнығады және күнделiктi практикаға енедi.  
      Елде түрлi салаларда ұлттық iс-қимыл бағдарламаларын қалыптастыру бойынша әлемнiң дамыған мемлекеттерiнiң тәжiрибесi енгiзiледi.  
      Еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтiк серiктестiктi дамыту қазақстандық қызметкерлердiң құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етедi.  
      Қайырымдылық пен меценаттық мәдениетi мен тетiктерi қалыптасады. Азаматтық бастамаларды қолдаудың жергiлiктi қорлары құрылады.  
      Бизнес, ҮЕҰ, билiк органдары өкiлдерiн қамтитын комиссиялар шеңберiнде өңiрлердiң әлеуметтiк-экономикалық даму жобаларын бiрлесiп әзiрлеу бастамасы көтерiледi.  
      YEҰ бiлiм беру қызметтерi мен қоғамның қоғамдық-саяси өмiрiне қатысуға қол жеткiзу саласында - мүгедектердiң, жұмыспен қамту мен жұмысқа орналастыру саласында жастар мен әйелдердiң құқықтарын қорғауға бағытталған жобаларды тұжырымдауға белсендi түрде тартылады. Азаматтық қоғам дамуының жоғары сатысы ретiнде елде волонтерлық институты дамытылады.  
      Мемлекеттiк билiк органдарының қызметiн және азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, бюджеттер мен бюджет процесiнiң ашықтығы мен мөлдiрлiгiне байланысты олар қабылдайтын шешiмдердi азаматтық бақылау тетiктерi нығайтылады. Билiк құрылымдарының қоғам алдында бұқаралық нысанда есеп беру модельдерi бекiтiледi.  
      Елде жанжалдарды соттан тыс шешу тетiктерi, дауларды келiссөздер, аралық соттар арқылы сотқа дейiн реттеу практикасы белсендi түрде енгiзiледi.  
      Қазақстандық азаматтық қоғам институттарын коммерциялық емес ұйымдардың халықаралық қоғамдастығына кiрiктiру жалғасады.  
      Үшiншi кезең - 2011 жылдан басталады.  
      Азаматтық қоғам институттарын дамыту жүйелi және үдемелi сипатқа ие болады. Бизнес пен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл жасауын оңтайландыру үшiн олардың қатынастарына түзетушi өзгерiстер енгiзiледi. Қазақстандық қоғамды дамыту проблемалары бойынша жыл сайынғы баяндамалар жарияланып, жыл сайынғы тыңдаулар өткiзiледi.  
      Азаматтық қоғамды дамыту үздiксiз процестi бiлдiредi, ол қоғамдық қажеттiлiктердiң өзгерiстерiне, әлемдiк даму үрдiстерiне және уақыттың сын - тегеурiндерiне негiзделедi.

  Қорытынды     


 Азаматтық  қоғамды дамыту демократиялық,  зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк  мемлекет құрудың маңызды шарты  болып табылады. Қоғамдық прогресс, демократиялық даму, экономикалық өрлеу азаматтардың қоғам тыныс-тiршiлiгiнiң барлық маңызды салаларына белсендi қатысқан жағдайда ғана мүмкiн болады.  
      Осы Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдасын iске асыру елдiң адами, зияткерлiк әлеуетiн жандандыруға және жұмылдыруға, әр адамның өз тағдыры мен ел тағдырына деген жеке жауапкершiлiгiн арттыруға, билiк қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге, жемқорлық пен озбырлықты, мемлекеттiк бюрократияның билiктi асыра пайдалану көрiнiстерiн түбiрiмен жою үшiн жағдай жасауға, елдiң әр азаматының өмiр сүруiнiң жоғарғы деңгейiне жедел қол жеткiзуге, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.  
      Қоғам тарапынан билiкке деген сенiм мен құрмет әлеуметтiк татулық пен келiсiмнiң, саяси тұрақтылықтың және, тиiсiнше, Отанымызды тұрақты дамытудың берiк iргетасы болып табылады.  
      Өзiнiң күрделi де жарқын тарихымен, еркiндiк пен егемендiк үшiн бастан кешкен мехнатымен, әлемдiк қоғамдастыққа лайықты кiруге ұмтылысымен Қазақстан азаматтық қоғамның ұсынылып отырған моделiн iске асыруға әзiр.      


Информация о работе Тұжырымдаманы iске асыру мерзiмi мен кезеңдерi