Зейін Жүнісбекұлы Шашкин

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 13:38, реферат

Описание работы

Шашкин Зейін Жүнісбекұлы (31.12.1912, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 29.3.1966, Алматы) — жазушы. 1930 — 1933 жылдары Мәскеудің Тарих, философия және әдебиет институтында (МИФЛИ) оқыған. 1933 — 1937 жылы Қарағанды қалалық комсомол комитетінің хатшысы, Семей педогогиялық институтында, ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы, 1949 — 1955 жылдары Көкшетаудағы Бурабай санаторийінің Бармашы (қазіргі “Светлый”) пансионатында дәрігер, ал 1955 — 1956 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші қызметтерін атқарған.

Файлы: 1 файл

164).doc

— 853.00 Кб (Скачать файл)

 

 

«Түркі тілдес халықтар жазбалары  күні» атты фестивалі

23.04.2011

2011 жылғы 22 сәуірде Достық үйінің  «Достық» залында облыс тілдерді  дамыту жөніндегі басқармасының  қолдауымен көпұлтты еліміздің  барлық халқының мүддесінен танылған  Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясының қатысуымен «Түркі тілдес халықтар жазбалары күндері» атты фестиваль өтті. Шара барысында фойеде түркі тілдес этномәдени бірлестіктерінің халықтық қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. 
 
Жалпы мәдениет пен жазбалар күнін әлемнің көптеген елдері тойлайды. Жүзден астам ұлт өкілдері Отаным деп таныған Қазақстан қоғамының басты байлығы – этникалық үндестікті, азаматтық бірлік пен реттілікті қалыптастырып отыр. Қазақстандағы түркі тілдес халықтар жазбалары күндері түркі тілдес халқының дәстүрлі мерекесінің біріне айналды. 
 
Шараның басты мақсаты - өркениет тарихындағы түркі тілдес халықтар жазбаларының рөлі және олардың заманауи мәдениет кеңістігіндегі хал-ақуалы. Бұл шараға облыс мәдениет және білім мекемелерінің қызметкерлері, мекеме басшылары мен тіл мамандары және Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестік мүшелері қатысты. Фестиваль соңында жыл бойы белсенділік танытқан түркі тілдес этномәдени бірлестіктерінің мүшелері алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркі жазбаларының күні 

 

14 сәуір күні С. Торайғыров  атындағы облыстық кітапханада  «Түркі тілдес халықтар жазбалары»  күндерінің ашылу салтанаты өтті.

Биылғы жылы  осы апталық  Кітап және авторлық құқық күніне тұспа-тұс келді. Кітап және авторлық құқық күні жыл сайын 1969 жылдан бері 23-сәуір күні аталып өтіледі.

Облыстық кітапханада өткен  ашылу салтанатына Павлодар облысы бойынша тілдерді дамыту басқармасы бастығының орынбасары Еділбай Қабжан Шорманұлы, ПМПИ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ә.Д. Әміренов, Қазақстан мұсылман әйелдер лигасының төрайымы Қожахметова Зара Қожахметқызы, Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары В.З. Свиницкий, Ұлттық жаңғырту мектебі директорының орынбасары Ж.С. Байманова қатысты.

Тіл - мәдениеттің іргетасы кез  келген мәдениеттің негізгі мақсаты  Ұлт болмысын таныту. Іс-шараның  мақсаты - түркі тілдерін және көне заманның тарихи жәдігерлерін бүгінгі ұрпаққа жеткізу.

Кітап көрмесінде түркі тілінің  тарихы, түркі тілдес халықтардың  әдебиеті мен тілі, мәдениеті туралы кітаптар, анықтамалықтар және авторефераттар бар. Көрмеге 250-ден астам басылым  қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Түркі жазба мәдениетінің тарихынан»

«Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» - атты көрменің ғылыми концепциясы

Тақырыптың негіздемесі

 

 

Тіл- адам баласының ой-санасында  танылған әлемдік бейненің, болмыстың  ұғымдық белгісі. Адамзат тіл  арқылы табиғаттағы барлық заттар мен  құбылыстарға атау береді.Ұлттық таным мен ұлт тілінің бірлігі, байланысы осы арада тоғысады. Әрбір ұлт өкілдерінің парасат-пайымы, білім деңгейі, көзқарасы мен менталитеті, өзіндік дүниетанымы,болмысты тануы, игеруі тілде бейнеледі, тілде сақталады. Ата-бабадан мирасқа қалған ана тілі- адамдар арасындағы қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар көнеден келе жатқан тарихи танымды жеткізуші қызметін де атқарады.

 

Тілсіз рухани мәдениет те биікке жете алмайды, халықтың рухани күші-тілде. Тілі дамымаған халықтың рухы да дамымақ емес. Өйткені « Өнер алды- тіл» (М. Қашқари). Демек, дүниенің кілті- тілде.Тілдің дамуы арқылы адам баласының дүниетанымы сатылы дамиды.Яғни, ата-баба білігі балаға тіл арқылы дамып,болмыстың қасиеті мен белгілері терең таныла түседі.Тілде ертедегі танымның ізі, ел жасаған парасат пен кісіліктің пайымы жатыр. Тіл- «дыбыс таңба» жүйесі ғана емес, тілдің сақталуы арқылы халықтың бүкіл ғұмырындағы таным-түсінігі ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Басқаша айтқанда, сөз жүйесі арқылы халықтың ойлау жүйесі, материалдық және рухани мәдениеті жетеді. Ғ.Мүсірепов «Тілін білмеген түбін білмейді» дейді. Тіл- ойдың ең басты қаруы. Адам баласының табиғаттағы заттар мен құбылыстарды тануы тек тіл арқылы ғана жүзеге асады десек, осы ойды жеткізетін таңба-жазу. 

Жазу- адамның ой-пікірін, хабарын, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Жазудың пайда болуы адамдардың қарым-катынастағы уақыт пен кеңестік кедергісін жойды. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы,кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен.Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарға да пайдаланылған. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған.Осылайша алғашқы жазу пайда болған.Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т.б.пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Таңбаларының мағынасына қарай адамзат тарихындағы жазу төрт түрге бөлінеді: 1) пиктографиялық жазу- жазудың ең көне түрі. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді.Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Суретін салуға болмайтын абстракт ұғымдарды беру үшін басқа заттардың суреті қолданылған. Мысалы, бақыттылықты, олжаны- тасбақаның, махаббаты-сызықшамен қосылған екі жүректің, достықты –ұстасқан екі қолдың, соғысты садақ оғының суретімен белгіленген; 2) идеографиялық жазу- жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет арқылы немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады.Идеографиялық жазудың бір түрі- иероглиф жазу; 3) буын жазуында -сөз құрамындағы әрбір буын жеке таңбамен белгіленеді; 4) дыбыстық жазу (әріп жазуы)- жазудың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі.

Дыбыстық жазулардың ең көне түрлері- финикия, армей және грек жазулары. Көне түркі жазуы да дыбыстық жазудың  ең ежелгі түріне жатады. Көне Түркі  жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен ҮІ-Х ғасырларда үлкен аймаққа таралған. Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:

  1. Енисей ескерткіштері.
  2. Талас ескерткіштері.
  3. Орхон ескерткіштері.

Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған  жылдарының айырмасында және жалпы  жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Монғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.

  1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары Ү-ҮІІ ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.
  2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай ҮІІІ ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.
  3. Орхон ескерткіштері. Монғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі ҮІІ-ҮІІІ ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше.

 

 

Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Монғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде  кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды  шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған  тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумаы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді.

Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан  Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрк" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен.

Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер дәуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен орналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған.Жазбаларда ең алдымен Ү-ҮІІІ ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары, композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ – жылнама не шежіреден гөрі, бұлар – тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады.Көне Түркі жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, "баспа әріптері" түрінде жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, өңделген терілерге жазылуы мүмкін жазба әріптер бұл материалдардың төзімсіздігіне байланысты бізге жетпеді. Алғаш көрген адам адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады. Яғни жазулар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен «сырға таңбалардан» құралады.

Қазақ халқының жазу тарихы көне түркі  жазуынан басталған деуге болады.Ал әріптік жазуға дейін сурет жазуы  қолданылғанын еліміздегі тау-тастардағы түрлі суреттер арқылы дәлелдеушілер  бар.Түркі жазуында дауысты, дауыссыз дыбыстардың әрпі болған, кейбір әріптер екі дауыссыз дыбысты белгілеген. Әріптер жуан, жіңішке дыбыстарды ажыратқан. Әріптер белгілі жүйеде қолданылған.Түркі халықтары кейін араб әліпбиін қолданып жазған,бұл жазу мұсылман дінінің таралуымен бірге келген. Араб жазуын түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқы ұзақ уақыт қолданған. Алғаш араб әліпбиіндегі әріптер түгел қолданылған, тек 1926 жылы А. Байтұрсынов оған реформа жасап, ондағы артық әріптерді шығарып тастап, жазуды көп жеңілдеткен. 1926 жылдан бастап 1940 жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазып келіп, кейін кириллицаға (1940 жылдан бастап) көшті. Қазіргі түркі мемлекеттерінің көпшілігінде қайтадан латын әліпбиіне негізделген жазуға көшу үрдісі бел алып келеді.

Жемчужины фонда

Чаша ,украшенная чеканным рельефным  растительным орнаментом. Начало 20 века.  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиет


Қазақ халқының әлемді тануда, өз өзін сезінуде, рухани және эстетикалық  ұстанымында, халықтың кім екендігін  танып білуінде халық ауыз әдебиетінің  алар орны орасан.  
Дала тұрғыны әрқашанда әдеби сөз өнерін, ән айтуды, тыңдай білу қасиетін, керемет шешендік сөз сөйлеу өнерін, сөйлеу шеберлігін жоғары бағалаған. Қазақтың билері арасында өткен жиылысқа қатысқан поляктің ғалымы Адольф Янушкевич былай жазған «Біраз күн бұрын мен жауласушы екі партияның арасындағы қақтығысқа куә болып, сөйлеушілердің шешендігіне шын жүректен қол соққан едім. Бұлар ешқашан Демосфен, Цицеронды естімеген халық. Ал бүгін мені оқи және жаза алмайтын, бірақ талантттарымен таң қалдырған ақындар өнері сүйсіндірді. Жаратушының бұндай қасиеттерді бойына дарытқан халықтың мәдениетке жат болмауы тиіс, әйтеуір біруақыттарда оның рухы қазақ даласына еніп ұшқыннан жалын лаулатады және уақыт өте бүгінгі көшпенді халық Индостанның байғұс парилеріне қараған жоғары кастасы секілді биіктекн қарап тұрған халықтар арасынан өзінің құрметті орнын алады».  
Қазақтың ауыз ақындық өнерінің тамыры өте ертеге кетеді. Ол қырықтан аса жанрды қамтыған, олар аңыз ертегілер, мақал мәтелдер, әдет ғұрыпқа байланысты ән жырлар, батырлар және лиро эпостық жырлар. Алғашқы қазақтың ауыз ақындық әдет ғұрпын, фольклордық жанрларын барлық түркі тілдес халыққа ортақ ерте түріктік жазбалардан көруге болады.  
VІ - VІІ ғасырларда Орталық Азияның түркі тілдес тайпалары Түрік қағанатының құрамында болды, бұлармен бірге Батыстүркілік, Төменгі Поволжья, Придонья және Солтүстік Кавказ тайпалары Хазар мемлекетін құрып өз жазбасын қолданған.  
Жазба көздері ағаш тақтайшалар туралы хабардар етеді, бұл тақтайшаларда қажетті адамдар, жылқы, салым, мал саны туралы белгілер көрсетілген . Түрік Елшісі согдиялық Маннах Константинопольдегі Ю стин сарайына келгенде скиф жазбасымен жазылған жолдау әкелген.  
Алғашқы түрік қағанының бірі (572-581) Таспараның қорғанында сақталған Бурғұт ескерткішіндегі жазбада қағанаттың алғашқы отыз жылындағы жаңалықтар әңгімеленеді, әрі бұл согди жазбасының қағанатта көпшілікке түсінікті болғанын, сол кездерде жоғары Түрік қоғамында көптеген білімдар адамдардың болғандығының куәсі. 
Сол жылдары, яғни Бурғұт ескерткіші көтерілген кезде алғаш рет түрік тілінде будда шығармасы (Нирвана Сутра) аударылған, бұл түріктер арасында буддизмді насихат тау мақсаты болған. Бұл шығарма согди алфавитінде жазылған. Ғалымдардың жорамалдауынша олар согди тілін тек жазбаға ғана қолданып қоймай, сонымен бірге өз тілін бекітуге де қолданған. Кейінірек бұл алфавит «ұйғыр» алфавиті деп аталды. Ұйғырлар бұл алфавитті ІХ ХV ғасырларға дейін қолданып келген. УІІ ғасырдың екінші жартысында түркі ортасында согди жазбасына сүйене отырып, бірнеше жаңа белгілер қосыла жаңа жазба пайда болды.  
Ежелгі түрік жазбалары алғаш рет ХVІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Енисей даласында бірінші Петрдың қызметіндегі неміс ғалымы Д. Мессершмидт пен онымен еріп жүрген шведтік қамаудағы офицер И. Страленберг арқылы табылды. 
Олар жазбаны скандинавтық руни мәтіндерінің ұқсастығына байланысты рунилік деп атады.  
1889 жылы орыс ғалымы Н. М. Ядренцев Солтүстік Монғолиядан, Орхон өзенінің жазығынан руни жазбаларымен үлкен тас тапқан. Бұл жазбаны шешіп оқыған дат ғалымы В. Томсен осы алфавиттің кілтін де таба білді, ал бұл жазбаларды қосып оқуды орыстың түрік тілін зерттеуші ғалымы В. В. Радлов ашты. Бұл жазбаларды шыққан жерлеріне сәйкес орхон енисейлік деп атады.  
Руни жазба ескерткіштері Солтүстік Монғолия, Орта Азия, Қазақстан жерлерінде табылған. Түрік қағанатындағы түркі тілдес халықтардың Монғолия мен Енисейден табылған руни мәтіндері тек тарихи деректер ғана емес, сонымен бірге бай әдеби мұра болып табылады.  
Көптеген белгілі руни жазбалары Білге қағанның, оның бауыры Күлтегіннің ( 732-735) және алғашқы қағандардың кеңесшісі болған Тонықақтың (716 ) құрметіне жазылған.  
Қараханид дәуірінде кең байтақ Орта Азия мен бүгінгі Қазақстанның өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың әдеби тілінің қалыптасу процесі өз шегіне жетті. 
Қазақстанға мұсылмандықпен бірге араб жазбасы қоса енді. Осы дәуірде ежелгі түркі тілінің бір диалекті саналатын қыпшақ тілінде білім алған әйгілі ғалым энциклопедияшы Әбу Нәсір әл Фараби өмір сүрді. Әл Фараби керемет пәлсапалық (философиялық) рубаилар, емле трактатын, көркем жазу, өлең құрау, риторика туралы еңбектер жазды. Оның әйгілі «Музыкалық(әуендік) трактаты» көптеген әлем тілдеріне аударылған. Фарабидің математикалық еңбектерінен сәулет жобаларын құруға қажетті арифметикалық және геометриялық есептер табылған. Бұл Орта және Таяу Шығыстағы сәулет өнерінің негізі іспетті. 
ӘЛ фараби шыққан түркі қыпшақ ортасынан көптеген керемет ақын жазушылар ғалым тарихшылар тараған. 
Махмұт Қашғаридің «Диван лугат ат түрігі» ХІ ғасырдағы халықтардың мәдениеті жетістіктерінің айғағы. Бұл диванның мазмұны сол уақыттағы филология ғылымының дәрежесі туралы пікір айтуға көмектеседі, сонымен бірге ол көне орта ғасырлық түркі өмірінің энциклопедиясы, түркі тілдестердің өмірінен хабар берер қайнар көз сияқты. Олардың тұрғылықты жерлерінің жағрапиясын, тарихын зерттеуге қажет маңызды құжат. 
Білімдар түркі ақын жазушыларының бірі Юсуф Баласасұнның «Кутадгу Білігі» ХІ ғасырдың ғажайып туындыларының қатарына жатады. Бұл туынды тек этикалық және моралистік трактат емес, сонымен бірге терең философиялық дидактикалық шығарма. Шығарма 1069 жылы көнетүрік әдеби тілінде жазылып Қараханид әулетінің атынан Боғраханға тарту етілген. Түркі тілдес халықтар тарихында Ахмет Юнгнаки еңбектерінің алар орны өзгеше. Ол түркі әдебиетінде Ю. Баласағұнның «Кутадгу білігінен»басталған дидактикалық ағымның жалғастырушысы. 
Орта ғасырлық дәуірдегі оғыз қыпшақ әдебиетінің ең үздігінің бірі деп «Қорқыт ата кітабін» атауға болады. Кітапта оғыздар м ен қыпшақтардың туған жерлерін қорғаудағы ерен ерліктерін баяндалады.  
Ақын, сопы, мұсылмандық оқу «Хикметті» насихаттаушы Қожа Ахмет Яссауидің де диваны сақталған, бұның басқа түркі авторларынан ерекшелігі еңбегінің көнетүркі тілінің қыпшақ оғыз диалектінде жазылуы. Ахмет Яссауи Мұхаммедтен кейінгі әулие , ал оның Түркістан қаласындағы мешіт мавзолейі кіші Мекке болып саналады. 
Орта ғасырдағы жалпы түркілік әдеби ескерткіштердің бағалыларының бірі «Оғызнаме»Оның мазмұны оғыздар билік құрған кездегі аңызға сүйене жазылған.  
«Оғызнамені ң»ертедегі нұсқасының бірі Рашид Аддинде (УІІ І ғ. ), кейініректегі және толық қолжазба нұсқасы тарихшы Әбілғазыда (ХУІІ ғ. ) сақталған. Қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов ( ХІХ ғ. ) және П. Пеллью мен В. Бартольд «Оғызнаменің» соңғы нұсқасын қазақтарға жатқызады.  
Қазақ әдебиетінің тарихына Қадырғали Жалаиридің «Жамағат Тауарихы», Мухаммад Хайдар Дулатидің «Тарих и Рашиди» шежірелерінің жинақтары үлкен мән мағына береді.  
Қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына және пайда болуына ең үлкен үлес қосқан халық ауыз әдебиеті шығармашылығы. Ол жазба әдебиетінің пайда болуына тек септігін ғана тигізіп қоймай, сонымен бірге өзінің сарқылмас бай нәрімен сусындатып келеді.  
ХV - ХVІІІ ғасырларда қазақ әдебиетінің поэзиясы ерекше өркендеп, шарықтау шегіне жетті. Оның негізгі тақырыбы- қазақ хандығының құрылуы, қазақ халқының сол кездегі басынан өткен тарихи оқиғалары. Оның басты орындаушылары жыраулар, ақын -- айтыскерлер, жыршылар болды. Өз шығармаларына олар орта ғасырдағы көшпенді жауынгерді, оның өмірге көзқарасын, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арқау етті. Олар халықтар мен тайпалардың шыққан тегін, әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін, жөн- жоралғысын жақсы білетін болған. Жыраулар қырғын соғыстарға, көптеген жорықтарға қатысып, өз араларынан да қолбасшы, батырлар шығарған. Олар көбінесе тек әдебиетпен ғана шұғылданып қоймай, сондай- ақ хан, сүлтандардың ақылшы- кеңесшілері болып, қоғамның саяси өміріне белсене араласқан. Олардың көбі қазақ халқының саясатына өз мұраларын тастап кеткен.  
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі.  
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) қазақ халқының жалынды ақыны, ержүрек , қаһарман жауынгері. Ол қылышының , сөз өнерінің күшімен өз елінің рухын көтеріп, оның бостандығы үшін күрескен. Жауынгер ақын өршіл мінезімен ханның және патша билігінің қысымына шыдамай Бөекй ордасында болған көтерілісті бастаған. Жалдаушы жандайшап қолынан мерт болған ақын өлеңдерінен бостандық аңсаған азамат дауысын естиміз. Махамбет поэзиясы қазақ әдебиетінде өзіндік із қалдырған.  
Сөз өнерін қабылдауда қазақ тілінің өзіндік жазба дәстүрі бар, бірақ жалпыұлттық әдеби тіл деңгейіне ХІХ ғасырда ұлы Абай (Ибрагим) Құнанбаев (1845 – 1904 жж. ) арқылы көтерілді. )Ұлы ойшыл, керемет сөз шебері, композитор, ағартушы Абайды өз заманының кемеңгері , қазақтың көрнекті тұлғасы деп айтуға болады.  
Он үш жасында араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін меңгеруі Абайға Шығыстың классикалық туындыларымен танысуына көп септігін тигізді. Оның Еуропа мен Ресейдің философиялық ойлары мен әдебиетіне деген қызығушылығы , Абайдың қайталанбас сөз шебері болуына көмектесті. Абай қазақ тіліне Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты, Гетені, Шиллерді , Байронды аударды.  
Абай тек поэзияда ғана емес, сондай ақ музыкада да өшпес із қалдырды. Абайдың «Қара сөздері» ақынның діни философиялық трактаты емес, бұл халық даналығының тереңдігін, адамзат сүйіспеншілігін уағыздайтын проза. Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлттық мақтанышы. 1995 жылы ЮНЕСКО қазақтың ұлы ақынының 150 жылдық мерей тойын атап өтті. 
ХХ ғасырдың басы Қазақстан ғылымына, әдебиеті мен мәдениетіне орны толмас өиян ала келді. Қазақтың бір озық ойлы, зиялылары, еліміздің ертеңі мен болашағына сенім артқан абзал азаматтары «социалистік қоғамның жаулары», »ұлтшыл» деген жалған айыппен сталиндік режим қысымының құрбаны болды. Олар С. Сейфуллин, Б. Майлин, А. Байтүрсынов, І. Жансүгіров, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев және т. б. жүзге жуық әдебиет, өнер, ғылым саңлақтары еді.  
М. О. Әуезов ( 1897-1961 ) кеңес кезеңіндегі белгілі жазушы, оқымысты- ғалым, драматург, ол реалистік прозаның жоғары профессионалдық дәрежеге жетуіне үлкен үлес қосқан. Оның қаламынан көптеген әңгіме, повестер, пьесалар шыққан.  
«Абай жолы» роман-эпопеясы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.  
«Біз кімбіз, қайдан шықтық, қайда барамыз?», - деген мәңгілік сұрақ ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарында келген қазақ әдебиетінің жаңа буын толқыны алдында күні бүгінге дейін тұр. Асқар Сүлейменов, Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов, Едіге Түрсыновтар сияқты есімдердің ізбасарлары бола тұра, олар рухани интелектуалдық дәстүрдің басқа ұстанымдарына назар аудартады. Бұл буын ұлттық мәдениет қойнауынан шыққанменен өздерін шығыс және батыс көркемдік дәстүрінде еркін сезінеді. Бұл т олқынға Ә. Қодар, М. Ақдәулетов, Ұ. Есдәулетов, А. Әлімов, Т. Әбдікәкімов сынды ақындар, Ж. Шаштайұлы, С. Асылбеков, А. Асқаров, М. Құлкенов, Д. Әшімбаев, К. Жиенбаев сияқты прозашылар, әдебиеттанушы, сыншылар А. Ысмақова, Т. Шапаев, Қ. Жаңабаев, Ш. Нұрпейісов, Е. Аманша және т. б. кіреді. Болашақта бұл есімдермен әлемдік әдебиет пен мәдениет арасындағы диалогтың жаңа қырларын танырмыз деген ойдамыз.  
Ақын, жазушы, аудармашы, өнертанушы Әуезхан Қодардың шығармашылық және қоғамдық жұмысын, азаматтық көзқарасын, әдеби журнал «Тамырға» жасаған ерен еңбегін атап өту парыз. Бұл басылымның көздегені жаңа интеллектуалды және көркем ұсыныстар мен аналитикалық сындарға сүйеніш болу.  
Қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен арасындағы эстетикалық байланысы, сол халық әдебиетінің көркемдік өміріне көз жіберуі, өзге әдебиеттің озық тәжірибесін дұрыс түсінуі ғасырлар бойы қазақ поэзиясына шығыстың классикасымен нәр беріп келеді. 
Қазіргі уақытта әдеби шығармашылықпен айналысып жүрген В. Дергачев, Д. Хегай, М. Отынышев, А. Төлебаев, С. Буяновтарды да атап өтуге болады. 
Әдеби ортада өздерінің ақындық Superjigita тәжірибесімен Е. Жұмағұлов, Е. Асқарбеков, Л. Калаус танымал болып жүр.

Информация о работе Зейін Жүнісбекұлы Шашкин