Зейін Жүнісбекұлы Шашкин

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 13:38, реферат

Описание работы

Шашкин Зейін Жүнісбекұлы (31.12.1912, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 29.3.1966, Алматы) — жазушы. 1930 — 1933 жылдары Мәскеудің Тарих, философия және әдебиет институтында (МИФЛИ) оқыған. 1933 — 1937 жылы Қарағанды қалалық комсомол комитетінің хатшысы, Семей педогогиялық институтында, ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы, 1949 — 1955 жылдары Көкшетаудағы Бурабай санаторийінің Бармашы (қазіргі “Светлый”) пансионатында дәрігер, ал 1955 — 1956 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші қызметтерін атқарған.

Файлы: 1 файл

164).doc

— 853.00 Кб (Скачать файл)

Көкбөрі тотемінің бүгінгі күні де барынша жандана бастауының өзі, тек түрік халықтарына ғана тән  дүниетанымның беріктігін көрсетеді. Бәлкім, бұл сәтті қолданылған  мысал бола қоймас, десек те бөріден басқа түз тағыларының бәрі де қолға үйретуге тез көндігетіні рас. Жәке би Қойтанұлы айтады: «Арыстанда қырық адамның күші бар, бір адамның жүрегі бар, ал бөріде бір адамның  күші бар, қырық адамның жүрегі бар». Демек, арғы ата-бабаларымыз білек, бұлшық ет, қара дүлей күштен гөрі рух күшін, рух, аруах айбынын жоғары қойған. Сөйтіп аң ішіндегі  ержүрегі – Көкбөріге табынған. Сондықтан біз түрік дүниесіне қарсы моральдік өшпенділікті тоқтату қажеттігіне әлемдік қауымдастықтың көзін жеткізуге тиіспіз. Себебі, түріктердің өздеріне жат этникалық танымды ешқашан қабылдамайтыны ғасырлар бойы дәлелденген ақиқат. Егер де демократиялық құндылықтар дегеніміздің өзі  түрік дүниетанымының жемісі болса, онда оларға деген қандай өшпенділіктің болуы мүмкін!?

«...Түріктер тұтас бір нәсіл  және ұлт ретінде әлемдегі ең абыройлы адамдар қатарына жатады. Мінез-құлық  жағынан алғанда асыл текті, әрі  кең пейілді, жігіттері мызғымас күшке ие. Діні мен Отанға деген  ынта-ықыластары кімге болмасын жігер  беріп, таң-тамаша күйге түсірері сөзсіз. Тәлейлері – маңдайларына жазулы, нақтылы істерінен де көрініп тұр. Егер тұғырлы заң-жарғылар қабылданып, кемел билеушілері болса, олар әлемдегі ең маңдайалды ұлт ретінде алғалап оза шығары хақ. Барлық іс-қимылдары – барынша орнықты, қайырымға толы. Намысшыл, сезімтал халық. Олардың мекендері өздері құрметтеген ізгі жандардың, батырлар мен шейіттердің қасиетті тұрақтары еді. Меніңше, адамзатты соншама даңққа бөлеген жандарға дұшпан болу дегеніңіз, адамзат баласына дұшпан болумен бірдей. Сондай күпірліктен мені құдайым сақтасын деп тілеймін...» (Альфонс Ламартин 1790-1869).

Қазіргі әлем күшті. Түріктер де өзді-өзіне  қайта оралуда және  әлем одан ұтпаса ұтылмайтынын бәрі түсінуге тиіс. Экономика мен технологияға келсек әрине, әлемдік ғылыми-техниканың дамуына түрік зиялыларының да қосқан үлесі зор екені даусыз. Дамудың осы игіліктерін барынша пайдалана отырып, олар бұл процестің одан әрі дамуына өз үлестерін де соншалықты қоса түсуде.

Саясат пен құқық туралы ашық айтуға тиіспіз. Саяси мәселелерді көпшілікке дұрыс жеткізу басты мақсат. Біздің ғасырлар бойғы сәтсіздіктеріміздің бәрі түрік саясаткерлерінің түрікшілдік ой-сана бостандығына мән бермеуінен болды. Соның салдарынан билік пен жұртшылықтың арасында құрдым (алшақтық) пайда болды. Қазіргі кезде сол құрдымды жеңудің алғы шарттары бар. Әділдік үшін айтар болсақ, түріктердің ақиқатқа деген сүйіспеншілігі шексіз. Бұл сүйіспеншілік аналық махаббатпен егіз. Сондықтан да  саясаткерлердің саясат пен ақиқат мәселесіне  келгенде әр қадамын байқап басуына тура келеді. Әлемдегі ең саясиланған қайсыбір ұлттың тәжірибесін пайдалансақ та, бәрібір ақиқатқа деген жауапкершілікті әркезде де есте ұстау керектігі дау туғызбайды.

Көптеген елдердегі белгілі  ғалымдардың пікірлері мен кейбір дереккөздердің көрсетуінше, XXI ғасыр – түрік ғасыры болатыны және  осыған байланысты XXI ғасыр халқы шынайылық пен ақиқатқа негізделген қоғам құруға мәжбүр болатыны айтылуда.

Әзірбайжан халқының көрнекті өкілі  Мамед-Эмин Расул-Заде өзінің «Пантұраншылдық  туралы» мақаласында: «Түрікшілдік саяси қозғалыс емес, ол ғылыми-философиялық, этикалық мектеп. Басқаша айтқанда, мәдени бірігу жолындағы күрес тәсілі... Еуропадағы ұлтшылдық – идеология, саясатта - агрессия, ал Шығыстағы ұлтшылдық -  әлеуметтік жағынан прогрессивті құбылыс, саясатта – қорғаныс болып табылады»,- деп қорытындылайды. Сондықтан да түрікшілдік идеясынан қорқудың қажеті жоқ.  Қазіргі таңдағы бүкіл түрік халықтарының зиялы қауымының міндеті соңғы 150 жылдан астам уақыттағы ажырап қалған ортақ тіліміздің, тарихымыздың, сана-сезім, әдет-ғұрыптарымыздың нысандарын мейлінше  зерттеп-насихаттайтын ғылыми-философиялық, этникалық мектеп дәрежесін қалыптастыру болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, мәдени Түркістанды яғни «символикалық ұлы Тұранды» қайта жаңғырту қажет. XXI ғасырдағы ғаламдастырудың құрбаны болмайық десек, барлық түрік халықтары мен ұлыстары бірігіп, ортақ құндылықтарды бойымызға сіңіре беру болып табылады. Қазіргі таңда ондаған түрік ұлыстары әсіресе, басқа елдердің боданы болып отырған халықтар мен этникалық топтар Қазақстанға «қара шаңырақ» деп үлкен үмітпен қарайды.             

 Тұранда түрік ойнаған ұсап  отқа,    

           Түріктен басқа от болып жан туып па?              

 Көп түрік енші  алып тарасқанда,             

 Қазақта қара шаңырақ  қалған жоқ па?

XIX ғасыр мен XX ғасырдың аяғына  дейін түрік тілдес халықтардың  көзі қарақты түрікшіл зиялы қауымы тәуелсіз жағыз Түркияға қараушы еді. Енді қазір  Құдайға шүкір түрік әлемінде 7 тәуелсіз мемлекет, 200 миллион түрік бар. Олар: Түркия, Түркіменстан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр-Түрік республикалары. Жеті саны түріктер үшін ежелден қасиетті сан. Келешекте бұл жетілік  сегіздікке айналуы қажет. Себебі, мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы бірге жасасқан түрік-монғолдар XXI ғасырға бірге аяқ басуы керек. Ғылымда «түрік-монғол субэтносы» деген ұғым қалыптасқалы қашан! Демек, ана жұртта қалған Монғолия мемлекеті  шығу тегі, келешектегі тағдыры жағынан түрік елдерінің қатарында тұруы тиіс деп ойлаймыз. «Түрік халықтары», «түркі тілдес халықтар» деген терминді қолдану қазақты – «қырғыз-қайсақ», ұйғырды – «тараншы», қырғызды – «тау-тастық, таулы қырғыздар» (дикокаменные киргизы) деп атаумен бірдей. Демек, оның орнына  «түрік халықтары», «түрік тілдес халықтар», «қазақ түріктері», «өзбек түріктері» десек, оны қазақ халқы, өзбек халқы – деп ұққанымыз абзал.

«XXI ғасыр – түрік ғасыры болады»  дейді түрік жұртының белгілі  тұлғалары Алып Арслан Түркеш пен  Олжас Сүлейменов. Ылайым солай болғай!

Ахмет Токтабай 

 

 

 

 

 


Информация о работе Зейін Жүнісбекұлы Шашкин