1917 Ақпан Қазан төнкерістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2015 в 09:31, реферат

Описание работы

1917 жылғы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə.Бөкейханов: “Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Туысқандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет.” деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.

Файлы: 1 файл

1917 Ақпан Қазан төнкерістері.docx

— 148.44 Кб (Скачать файл)

                      1917 Ақпан Қазан төнкерістері

1917 жылғы ақпанда  Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия  құлатылды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə.Бөкейханов: “Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Туысқандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет.” деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.

 

 1917 жылғы Ақпан  төңкерісінің тарихи маңызы: патша  өкіметінің   геноцид   саясатын тежеді, ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді. Кемшіліктері: ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық     басқару органдарын жоймады.

 

 1917 жылғы наурыз, сəуірде әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Қазақстанда да қос өкімет орнады.

Орал, Верный, Ақмола, Əулиеата, Семейде қырғыз     (қазақ) ұлттық

комитеттері құрылды.Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Ол ипериялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының дін ұстануына, ұлтқа байланысты құқықтарын қандай да болсын шектеудің күшін жойды. Уақытша үкімет “бұратана жұмысшы жасақтарын” Отанына қайтару    туралы шешім қабылдады.

 

 Революциялық пиғылдағы жұмысшылар Кеңес арқылы Верный, Семей, Екібастұзда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуге, Кеңестердің бағдарламасына помещиктердің жерін тәркілеу туралы талаптарды қосуға күш салды. Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.

 

 Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен    қарым- қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне     түрлі партиялардың мүшесі болып оралды. 1917 жылдың шілдесінде  Верныйда  “Қара жұмысшылар одағы” құрылды.

Сергиопольде 800 майдангер солдатпен тыл жұмысына алынған қазақтар “Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын” ұйымдастырды. Петропавлда “Жас арбакештер одағы” құрылды. Тыл жұмысшыларының бұқарасы Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның әлеуметтік тірегіне айналды.

 

 Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт азаттығы идеясын таратушы, ұлттық сананы оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Ол күресті Ресей либералдық-демократиялық      қозғалысының қайраткері, бұрынғы   кадет     партиясының мүшесі болған Ә.Бөкейханов басқарды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ə.Ермеков,Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов  оның пікірлес серіктері болған. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен  автономиялық  ұлттық мемлекет құру  идеясы  қоз ғалыстың негізгі өзегіне айналды.

 

 1917 жылғы  сəуірдегі Жетісу облыстық съезінде қаралған мəселелер:

−   Халықты азық-түлікпен жабдықтау.

−  Өзін-өзі басқару.

−  Сот ісін жүргізу.

−  Салық салу.

−  Білім беру жəне ағарту ісі.

−  Аграрлық мəселе.

−  Босқындарды Қытайдан қайтару.

  • Қазақ-орыс қатынастарын реттеу. Съезд  “Облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет” деп шешті.

1917  жылғы  21-26  шілдеде  Орынбор жалпықазақ  съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Қаралған мəселелер:

−    Мемлекеттік басқару формасы

−    Қазақ облыстары автономиясын құру

−    Жер мəселесі

−    Халық милициясын құру

−    Білім беру

−    Сот ісі

−    Рухани-діни мəселе.

−    Жетісудың   ашыққан   халқына   көмек ұйымдастыру.

−    Қытайдағы  83  мың  қазақ  босқындары туралы.

”Алаш”  саяси  партиясын  құрып,  оның бағдарламасын жасау қажет деп   тапты. Қазақ облыстары ұлттық-аумақтық автономия алуға тиіс деген қарар қабылданды.

 

 

 

 1917 жылы мамырдағы  мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде Ресейдің мемлекеттік құрылыс формасы мен әйелдер мәселесі қызу талқыланды. Қаралған мəселелер:

−    Көп  əйел  алушылық  пен  қалыңмалға қарсылық

−    8 сағаттық жұмыс күнін енгізу

−    Міндетті жəне тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беруді енгізу.

250 молданың қарсылығына  қарамастан “Мұсылман əйелдері  саяси жəне азаматтық құқықтары  жағынан ерлермен тең  болуға тиіс” деген қарар қабылданды.

 

 1917  жылғы қыркүйекте  тұңғыш мұсылман партиясы -Түркістан федералистер партиясы  құрылды.  1917 жылы Әулиеата мен Меркеде “Қазақ жастарының революцияшыл одағы” құрылды. Ақмолада  “Жас қазақ” ұйымы жұмыс істеді.

 

 1917  жылғы Ақпан  революциясынан  кейін Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандыра түсті. Кадеттер бөлінбес біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны қалыптастыру саясатын жақтады. Семейде   кадеттер   ұйымы “Свободная речь” газетін шығарып тұрды. Кадет партиясына мүше болған Ə. Бөкейханов бұл бағдарламамен келіспейтіндіктен, партия қатарынан   шықты.

 

 1917  жылғы  көктемде өлкеде  эсерлер ұйымы құрылды. “Жер оны өңдейтіндерге берілсін”, “Жер - бүкіл халықтың меншігі” ұрандарын көтерді. Патша өкіметінің    отарлау саясатын айыптады. 1917 жылдың жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа барлық Кеңестер эсерлердің қолында болды. Сонымен қоса казак партиясының бөлімшелері Орал, Атырау, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семейде жұмыс істеді.

 

Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния,Финляндия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі.

 «Ұлы Отан соғысы» ұғымы


«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).

Соғыстың алғышарттары: Германия


1929 жылы басталған  бүкілдүниежүзілік экономикалық  дағдарыстың салдарынан 1933 жылы Германияда билік басына NSDAP («Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы») келді. Германияда Бірінші Дүниежүзілік соғыста жіберіп алған есесін қайтаруға дайындыққа кірісіп кетті.

Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) жүргізген араласпау саясатының арқасында Германия өзіне Версаль келісімінде қойылған талаптарды орындауды мүлдем тоқтатты. Оның үстіне АҚШ-тың компаниялары Германияның қарулануына қолайлы жағдай жасаған қаржы және материалдарды жіберіп отырды. 1926-33 жылдары Кеңес Одағын Липецк және Қазан қалаларындағы полигондарда герман қарулы күштерінің офицерлерін дайындауға атсалысты.

1936 жылы Германия Версаль келісімінің  бір бабын бұзып, Рейн аймағына әскерлерін кіргізді. Сол жылы ол Испаниядағы азамат соғысына араласып, бүлік шығарған Франконың әскерлеріне әскери қолдау көрсете бастады.

1933 жылы билік басына ұлтшыл-социалистер  келгеннен кейін Германияда антикоммунистік  және антикеңестік көзқарастар күшейе бастады. 30-шы жылдардың ортасынан бастап герман үкіметі міндетті түрде жақын арада КСРО-мен соғыс болатыны туралы жариялай бастады. Германияның әскери доктринасы Кеңестер Одағын ықтимал қарсылас ретінде қарастыра бастады. 1938 жылы герман армиясында ЖШҚӘ-нің («Жұмысшы және шаруалардың Қызыл Әскері») әскери техникасы, әскери қызметкерлерініңайырым белгілері және тактикасы зерттеле бастады.

1938 жылдың наурыз айында Австрияда референдум өткізіліп, Германия оны өзіне қосып алды (қараңыз: Аншлюс). 1938 жылы Германия, Италия, Англия мен Франция арасында жасалған Мюнхен келісімі бойынша Германияға Чехословакияның Судет аймағында тұратын немістерді қорғау мақсатымен сол аймақты өзіне қосып алуға рұқсат берді. Кейін Германия Чехословакияның қалған бөлігін де оккупациялады (Польшаның қатысуымен).

1939 жылдың қысында Германия Польшаға  «Данциг мәселесін» шешуді ұсынды. Польша бас тартты. Һитлер осы мәселені Польшаға қарсы соғысу үшін қолданды.

1939 жылғы тамыз айында Германия мен Кеңестер Одағының арасында шабуыл жасаспау туралы келісім жасалды. Келісімнің құпия қосымшасы бойынша Германия мен КСРО Еуропаны өзара ықпалдар аймағына бөлісіп алды.

1939 жылғы қыркүйектің 1-інде Германия Польшаға қарсы соғыс бастады. Бұдан кейін Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялап Польшаға қолдау көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғысбасталып кетті. Герман әскерлері 2 аптаның ішінде поляк қарулы күштерін талқандап, поляктар қоныстанған шығыс шекарасы Керзон сызығына дейін жетті.

1940 жылы Германия Дания мен  Норвегияны (Дания-Норвегия операциясы), сосын Бельгия, Недерланд, Люксембургті және Францияның жартысын жаулап алды. Франция тізе бүгуге мәжбүр болды (Франция жорығы).

Францияның тізе бүгуінен кейін Ұлыбритания Германияның жалғыз қарсыласы болып қалды. Германия оған бітім жасасуға ұсынды, бірақ Ұлыбритания бұл ұсынысты қабылдамай тастады. 1940 жылғышілденің 16-сында Гитлер Ұлыбританияның жеріне басып кіруді ұйымдастыру туралы директиваға қол қойды («Теңіз арыстаны операциясы»). Бірақ герман Әскери теңіз күштерінің басшылығы британиялық теңіз күштерінің қуатының зор екендігіне және вермахтта десанттық операциялар тәжірибесінің жоқтығын тілге тиек етіп, Әскери әуе күштерінің әуеде басымдылыққа ие болуын талап етеді. Ұлыбританияның әскери-экономикалық әлеуетін әлсірету үшін, халқының сағын сындыру үшін, басып кіруге дайындық үшін және британиялықтардың қарсыласуға деген еркін жою үшін 1940 жылдың тамызынан бастап немістер британиялық қалаларды әуеден бомбылау науқанын бастайды (Британия шайқасы).

Ағылшындар бомбылаудың нәтижесінде бейбіт тұрғындардың арасында көп адам шығынын бастан кешіруге мәжбүр болса да, олар неміс әскери әуе күштерін көп шығынға ұшыратып, «Британия шайқасынан» жеңімпаз болып шықты. 1940 жылдың желтоқсан айынан бастап ауа райының күрт нашарлауынан герман ӘӘК (Лүфтваффенің) шабуылдарының қарқыны қатты бәсеңсіді. Немістер өздерінің басты мақсаттары — Ұлыбританияны бітімге келуге мәжбүр етуге қол жеткізе алмады.

1940 жылғы шілденің 31-нде жоғарғы  әскери басшылықпен өткізген  кеңесінде Һитлер Ресейді 1941 жылдың  көктемінде талқандау керек, себебі  егер Ресей талқандалса, онда  Ұлыбританияның соңғы үміті өшеді, сөйтіп ол да тізе бүгуге мәжбүр болады деп жариялады[1]. 1940 жылдың шілде-желтоқсан айларында КСРО-мен соғыстың бірнеше жоспары қарастырыла бастады, соның ішінде ОКҺ-ның (әскердің бас штабы), генерал Э. Маркстың, Зоденштерннің жоспарлары және тағы басқа жоспарлар қарастырыла бастады. Көп талқылаудың, әскери-штабтық ойындардың және Һитлердің өз кеңсесінде, құрлық әскерінің штабында және басқа да штабтарда өткізілген талқыласулардың нәтижесінде 1940 жылғы желтоқсанның 5-інде генерал-полковник Ф. Гальдер ұсынған жоспардың («Отто жоспары») түбегейлі жобасы мақұлданды.

1940 жылғы қыркүйектің 27-сінде Германия, Италия мен Жапония «Үштік пакт» деп аталатын келісімге қол қойды. Ол келісім бойынша осы елдер ықпал жүргізу аймақтарын бөлісіп алып, өзара әскери көмек көрсетуге келісті. 1940 жылдың қараша айында өткізілген кеңес-герман келіссөздерінде неміс дипломаттары осы пактқа қосылуды Кеңестер Одағына да ұсынды. Кеңе үкіметі егер Германия Кеңестер Одағының өз әскерлерін Румыния, Болгария, Финляндия және Түркияға енгізуге келіссе, онда қосылуға дайынбыз деп жауап берді. Немістер бұл шартқа келіспеді.

Осыдан кейін Һитлер КСРО-ға шабуылдың жоспарын бекітті. 1940 жылғы желтоқсанның 18-нде қарулы күштердің (ОКВ-ның) бас қолбасшылығы Һитлердің өзі қол қойған, КСРО-мен болайын деп жатқан соғыстың негізгі мағынасы және стратегиялық бағыт-бағдары баяндалған № 21 директиваны жіберді («Барбаросса» жоспары). КСРО-мен соғыстың жоспары 1941 жылғы қаңтардың 31-інде шығарылған «Әскерлерді стратегиялық топтау мен орналастыру туралы директива» деген директивада егжей-тегжейлі баяндалды. Оған қол қойған құрлық әскерінің бас қолбасшысы В.Браухич болды.

1940 жылдың аяғында неміс әскерлерін басып алынған Польшаның жеріне жылжыту басталды. Сонымен бірге осы әскерді жылжыту Ұлыбританияға басып кіруді бүркемелеуге арналған операция ғана деп Кеңес үкіметін алдап-арбауға бағытталған дезинформация науқаны басталды.[2]

Қарашаның 20-сында Үштік одаққа Венгрия, қарашаның 23інде — Румыния, қарашаның 24-інде — Словакия, 1941 жылы — Болгария, Финляндия және Испания қосылды.

1941 жылғы наурыздың 25-інде одаққа Югославия да қосылған болатын, бірақ наурыздың 27-сінде британиялық жансыздардың түрткісімен Белградта әскери төңкеріс орын алып, билік басынаСимовичтың үкіметі келді. Ол үкімет жас ІІ-ші Пётрді патша деп жариялап, Югославияның бейтараптығын жариялады. сәуірдің 5-інде Югославия КСРО-мен достық және шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қояды. Германия соны болдырмау үшін Югославияда әскери жорық өткізіп, Грекияда жеңіліске ұшырап жатқан Италия әскерлеріне көмектесуді шешеді. Сол себепті КСРО-ға шабуыл кейінге ысырылды.

1941 жылғы сәуірдің 6-сында ірі қалаларды, темір жол желілерін және аэродромдарды жойқын бомбылағаннан кейін Германия мен Венгрия Югославияға басып кірді. Осы кезде италиян әскерлері немістердің қолдауымен Грекияда шабуылға көшті. Югослав әскері сәуірдің 17-сінде тізе бүкті.

Югославияны талқандағаннан кейін немістер мен италияндықтар бар күштерін Грекияға тастады. Афины қаласы сәуірдің 27-сінде жау қолына түсті.

1941 жылғы мамырдың 1-інде Һитлер  КСРО-ға шабуыл маусымның 22-сінде бастауды түбегейлі шешті.[2]

Негізі, бар орыс әскері біздің шекараларымызда шоғырланып тұр. Ауа райы жылыған кезден бері көп жерлерде қорғаныс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер жағдайлардың қысымымен мен неміс авиациясын Англияға қарсы жібере қалатындай болсам, онда Ресей оңтүстік пен солтүстіктен бізге қысым жасай бастайды деген қауіп бар. Солай бола қалған жағдайда әуеде басымдық бізде жоқ болғандықтан мен тек үндемей шегіне беруге ғана мәжбүр боламын. Авиацияның жеткілікті қолдауынсыз мен Шығыстағы дивизиялардың көмегімен орыстардың қорғаныс бекіністеріне шабуылды жасай алмас едім. Осы қауіпке назар аудармаса, онда біз бүкіл 1941 жылды жоғалтып алуымыз ықтимал, соның өзінде де жағдай жақсыға қарай өзгермес еді. Керісінше, Англия өзінің орыс серіктесіне сеніп, бітімге келуге одан бетер қарсыласатын болады. Оның үстіне олардың осы үміттері орыс қарулы күштерінің дайындығы артқан сайын күшей беретін болады. Ал 1942 жылдан бастап америкалықтардың соғыс материалдарын жаппай жөнелтуі басталатынын алыңыз…

Информация о работе 1917 Ақпан Қазан төнкерістері