Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2015 в 09:31, реферат
Описание работы
1917 жылғы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə.Бөкейханов: “Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Туысқандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет.” деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.
Ақыр соңында мен сізге тағы бірдеңені
айтқым келіп еді… Мен осы шешімге келгелі
бері өзімді іштей азат сезініп отырмын.
Мен осы шиеленісті шешуге қаншалықты
талпынсам да, Кеңестер Одағымен ынтымақтас
болу менің өзімді зәрде қылатын еді. Себебі
бұл менің бүкіл өткен өміріме, менің дүниетанымыма,
өзімнің бұрынғы барлық борыштарыма қарама-қайшы
келетін. Осы ауыр жүктен енді құтылғаныма
бақыттымын.
— Һитлердің Муссолиниге жолдаған хаты, 1941 ж. мамырдың 21.
Германияның экономикасы мен бар тіршілігінің
милитаризациясы, жаулап алған елдерінің
өнеркісібі мен стратегиялық қорларының
немістердің қолына түсуі, жаулап алынған
және одақтас елдердің арзан жұмыс күшін қолдану Германияның әскери-экономикалық
қуатының елеулі түрде артуына әкелді.
Ұлы Отан соғысының қарсаңында Германияның
өзінде және жаулап алынған елдер мен
одақтас елдерде жылына 439 млн тонна көмір,
31.8 млн тонна болат өндіріліп, 11 мың зеңбірек
пен миномет, 11 мың ұшақ шығарылатын[3], ал 1941 жылдың 1-ші жартысында
1 621 танк пен өздігінен қозғалатын артиллерия
қондырғысы шығарылды[4]. Бұл деректерден Германияның
өнеркәсіп қуаты жағынан КСРО-ның үстінен
басымдылыққа ие болғандығы анық көрінеді.
Бірақ қару-жарақ шығару жағынан Германия
дәл сондай басымдылыққа ие болған жоқ.
Соғыстың алғышарттары: КСРО
КСРО-ның жалпы жағдайы
КСРО болашақта болатын жойқын соғысқа
30-шы жылдардың басынан бастап дайындала
бастаған болатын. Тек ауыр өнеркәсіп
қана емес, өмірдің түрлі-түрлі жақтары,
идеология, бұқаралық ақпарат құралдары,
тіпті орта білім беру салалары да милитаризацияланды.
Жеделтелген индустриализацияның арқасында
30-шы жылдары КСРО-да қуатты ауыр өнеркәсіп
пайда болды. Ол жедел түрде қару-жарақ
өндірісіне ауыса алатындай етіп ұйымдастырылды.
Бірақ соған қарамастан болат, шойын қорыту,
көмір, электр энергиясын, химиялық өндіріс
сияқты салаларда Кеңес Одағы Германиядан
артта қалып отыр еді. Үшінші Рейхтың қолына бүкіл Батыс және Орталық Еуропаның
өнеркәсібі түскен соң бұл артта қалу
тереңдей түсті. Кейбір техникалық бағыттарда
да Кеңес Одағы Германиядан артта қалған
еді. Әсіресе байланыс құралдарын және
автомобиль көліктерін жасап шығару жағынан.
Кеңес халқының басым көпшілігі (66 пайызы)
білім деңгейі төмен дәрежедегі шаруалар
болатын, ал Германия әлдеқайда урбанизацияланған,
индустриализацияланған ел еді. Көптеген
өнім түрлерін жасап шығарудан Кеңес Одағы
Германияны артта қалдырған болатын (танкілер,
ұшақтар, артиллериялық қару-жарақ, минометтер,
оқ атар қару сияқтылар). Кеңес Одағының
осал жағы — әскердің байланыс және басқару
құралдарымен жарақтануы төмен деңгейде
болды. Бұл жағынан Германиядан артта
қалу елеулі болатын.
Бір айта кетерлігі — КСРО-да негізгі
өндірістік қорлары мемлекеттік меншікте
болғаны себебінен және КСРО экономикасы
мемлекеттің қатаң қадағалауында болғандықтан
өнеркәсіптің милитаризация деңгейі мен
соғыс жағдайында жұмыс атқаруға қабілеті
Германия экономикасына қарағанда әлдеқайда
жоғары болатын. Ал Германияның экономикасы
жұмылу деңгейі жағынан 1944 жылы «тотал
соғыс» жарияланғаннан кейін ғана кеңес
экономикасына жақындай алды. Сондықтан
соғыстың басында КСРО экономикасының
тиімділігі жоғарырақ деңгейде болды.
КСРО-ның партиялық жетекшілігінің Азаматтық
соғыс кезінде қалыптасып, төтенше жағдайларда
шаруашылық және әскери басқарудың мол
тәжірибесіне ие болғанын да естен шығармау
керек. Экономикасы қатаң орталықтандырылған,
жетекшілігі «төтенше» шаралар арқылы
іске асырылатын, жеке меншік атымен жоқ
КСРО соғысқа Германияға қарағанда әлдеқайда
ұтымды жағдайда болды. Осы себептер КСРО-ның
сол соғыста жеңіске жеткенінің себептерінің
бірі болды.
Соған қарамастан ЖШҚӘ өзінің жерінде
ірі қорғаныс соғысын жүргізуге дайын
еместігін көрсетіп алды. Кейінірек кеңестік
тарихнамада бұл «әскери құрылыста, соғыстың
басталу уақытын анықтауда жіберілген
қателік, әскерді мемлекеттік шекараның
маңында орналастыруды кешеуілдету» деп
аталды[5].
1937-1938 жылдары орын алған жаппай
қуғын-сүргіннің нәтижесінде ЖШҚӘ-нің
басқару буыны ауыр шығынға ұщыраған болатын.
5 маршалдың 3-еуі, 15 армия генералының
13-і, 9адмиралдың 8-і, 57 комкордың 50-і, 186
комдивтің 154-і, 16 әскер комиссарының 16-сы,
28 корпус комиссарының 25-і атылу жазасына
кесілді. Әскери округтар мен әскери құрамалардың
басына жас, тәжірибесіз басқарушылар
тағайындалды. Мысалы, соғыс басталған
кезде 17 әскери округ басшыларының 7-еуі,
17 округ штаб басшыларының 4-еуі өз қызметтеріне
тағайындалғандарына жарты жыл толмаған
еді. 20 армия қолбасшыларынан 13-інің тағайындалғандарына
жарты жыл толмай, тек 2-еуі ғана жылдан
астам уақыт бұрын тағайындалды. Командирлердің
70%-ының (полк командирінен жоғары) және
сол деңгейдегі саяси жұмысшылардың 75%-ының
жұмыс стажы (өтілі) жылға жетпеген еді[6][7] .
Зерттеушілердің пікірінше, қуғын-сүргін
әскердің қорғаныс қабілетіне кері әсерін
тигізді[8]. Олардың пікірінше кадр «тазалаулары»
әскердің моралдық жағдайына кері әсер
етіп, кейбір азаматтардың Ұлы Отан соғысы
кезінде жау жағына өтулерін қуғын-сүргінмен
жуып-шаюларын мүмкін етті.[9]
30-шы жылдардың жаппай қуғындарына
тікелей қатысқан Молотовтың пікірінше, егер 30-шы жылдардың
оқиғалары орын алмағанда соғыстың кезінде
сатқындар мен коллаборационистердің
саны әлдеқайда көп болар еді[10].
30-шы жылдардың аяғында өткізілген
ЖШҚӘ-нің инспекторлық тексерістерінің
нәтижесінде ондағы әскери тәртіп пен
әскери дайындықтың өте төмен деңгейде
болғаны анықталды. ЖШҚӘ-нің басқарушы
буынының білім деңгейі де төмен болғандығы
анық болды. Кеңес өнеркәсібі қамтамасыз
еткен қуатты әскери техниканың көптігі
де осы кемшіліктердің орнын толтыра алмады.
Қару-жарақтың, әсіресе танк және ұшақ
соққы қосындарындағы қару-жарақ мөлшері
бойынша КСРО 30-шы жылдардың ортасында-ақ
барлық басқа елдердің әскерлерінен де
көп еді. Бірақ соғыстың басында ЖШҚӘ-нің
әскери дайындығы оның қару-жарағының
молдығына сай келмеді.
КСРО-ның 1939-1940 жылдардағы
кеңеюі
Германия мен Кеңестер Одағының
арасындағы өзара шабуыл жасаспау туралы
келісім бойынша Орталық Еуропаның бөлінуі.
Сол жағында — 23 тамыздағы протоколдар
бойынша болжалғаны, оң жағында — іс жүзінде
болған бөлініс. Сарғыш түспен КСРО-ға
кететін жерлер, көк түспен Германияның
үлесіне тиген жерлер, күлгін түспен Германия
басып алған жерлер боялған (Варшава генерал-губернаторлығы
мен Богемия және Моравия протектораты)
17 қыркүйекке қараған түні КСРО Германия мен Кеңес Одағының
арасындағы өзара шабуыл жасаспау туралы
келісімнің құпия протоколдары бойынша
Кеңес Одағының ықпалы жүретін аймағыболып
белгіленген Польшаның құрамындағы Батыс Украина мен Батыс Белоруссияға ЖШҚӘ-нің Польша жорығы (1939)|басып кірді.
1939 жылғы қыркүйектің 28-інде КСРО Германиямен Достық және шекара туралы
келісім жасасты. Ол келісім бойынша
екі елдің арасындағы шекара «бұрынғы
поляк мемлекетінің жеріндегі екі жақтың
мемлекеттік мүдделері түйісетін» [11] сызық, яғни бұрынғы Керзон сызығы бойынша белгіленді. 1939 жылдың қазан
айында Батыс Украина мен Батыс Белоруссия
ресми түрде Кеңестер Одағының құрамына
қабылданды.
1939 жылдың қыркүйегінің аяғы
— қазанның басында Германия
мен Кеңес Одағының арасындағы
шабуыл жасаспау туралы келісімнің
құпия протоколы бойынша КСРО-ның
ықпал аймағына жатқызылған Эстония, Латвия және Литва елдерімен келісімдер жасалып, сол келісімдердің
негізінде олардың жерлеріне кеңес әскерлері
орналастырылды.
1939 жылғы қазанның 5-інде сол
қосымша құпия протокол бойынша
Кеңестер Одағының ықпалы жүретін
айиаққа жатқызылған Финляндияға КСРО өзара көмек туралы келісім жасасу
туралы ұсыныс жасады. Келіссөздер қазанның
11-інде басталды, бірақ Финляндия өзара
КСРО-ның көмек туралы ұсынысын да, жер
алмасу және арендаға беру туралы ұсынысын
қабылдамай тастады. 1939 жылғы қарашаның
30-ында КСРО Финляндияға қарсы соғыс бастады. Бұл соғыс 1940 жылғы
наурыздың 12-сінде Мәскеу бітіміне қол қоюмен аяқталды. Ол бітімде Финляндия
бірқатар аймақтарын Кеңестер Одағына
беруге келісті. Алайда Кеңестер Одағы
өзінің бастапқы мақсаты — Финляндияның
толық бағындыру мақсатына қол жеткізе
алмады. Басында Финляндия әскері тез
уақытта және аз шығынмен талқандалады
деп жоспарланса да, кеңес әскерінің іс
жүзіндегі шығыны орасан зор болды. Қызыл
Әскердің қуатына басқа елдер күмәнмен
қарай бастады. КСРО-дағы сияқты, басқа
елдерде де фин армиясын төмен бағалап,
қарсыласуға дәрмені жетпейді деп қарастыратын.
Сондықтан Қызыл Әскердің фин әскерін
соншама ұзақ уақыт жеңе алмауы оның әлсіздігі
және соғысқа дайындығының төмен деңгейін
көрсетеді деп қарастырыла бастады.
1940 жылғы маусымның 14-інде кеңес
үкіметі Литваға, ал маусымның 16-сында
Латвия мен Эстонияға ультиматум жариялады. Олардың басты талаптары
— бұл мемлекеттер КСРО-ға дос үкіметтерді
билік басына келтіріп, өз жерлеріне кеңес
әскерлерінің қосымша қосындарын кіргізуге
тиістігі болды. Бұл талаптар қабылданды.
Маусымның 15-інде кеңес әскерлері Литваға,
17-сінде Латвия мен Эстонияға кіргізілді.
Жаңа үкіметтер коммунистік партиялардың
жұмысына салынған тыйымдарды алып тастап,
кезектен тыс парламенттік сайлаулар
өткізді. Үш мемлекеттегі сайлауларда
сайлау тізімдеріне енгізілген жалғыз
партиялар — коммунистік Жұмысшы халық
блоктары (одақтары) жеңіске жетті.Жаңадан
сайланған парламенттер маусымның 21-22-лерінде Эстон КСР, Латыш КСР және Литван КСР жариялап, КСРО-ның құрамына
ену туралы декларациялар қабылдады.
1941 жылдың жазында герман шабуылы
басталған соң Балтық бойы
елдерінің тұрғындары кеңес әскерлеріне
қарулы шабуылдар ұйымдастырды. Бұл неміс
әскерлерінің Ленинградқа жылжуын тездетті.
1940 жылғы маусымның 26-сында КСРО Румыниядан Бессарабия мен Солтүстік Буковинаны өзіне беруді талап етті. Румыния бұл
талапқа келісіп, 1940 жылғы маусымның 28-інде
Бессарабия мен Солтүстік Буковинаның
жеріне кеңес әскерлері енгізілді. 1940
жылғы тамыздың 2-сінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің VII-ші сессиясында Молдаван Кеңестік
Социалистік Республикасының құрылуы
туралы заң қабылданды. Молдаван КСР-сының
құрамына мына аумақтар енгізілді: Кишинев қаласы, Бессарабияның 9 уезінің 6-ы (Бельцы, Бендеры, Кагул, Кишинев,
Оргеев, Сорок) және Тирасполь қаласы. БұрынғыМолдаван АКСР-ының 14 ауданының 6-ы да Молдаван КСР-ының
құрамына кірді. МАКСР-дің қалған аудандары
және Бессарабияның Аккерман, Измаил және
Хотин уездері Украин КСР-ының құрамына кірді. Украин
КСР-ының құрамына Солтүстік Буковина
да кірді.
КСРО-дан кейін Германияның одақтастары Венгрия мен Болгария да Румыниядан жер талап ете
бастады. 1940 жылғы тамыз айында Румыния Трансильванияның жартысын дерлік Венгрияға, ал қыркүйек
айында Добруджаның оңтүстік бөлігін Болгарияға берді.
Кеңес барлау мекемелерінің
ескертулері
1941жылдың бірінші бөлігінде кеңес
барлауы немістердің шабуыл дайындап
жатқаны туралы хабарлаумен болды. Хабарларда
қарама-қайшылықтар кездесіп отырды. Мысалы,
шабуыл басталатын күн (мамырдың 1-і, 15-і,
маусымның басы, 22-ші маусым), соққылардың
бағыттары, соғыс жоспарлары туралы хабарлар
әртүрлі болды. Осының бәрі Германияның
шынайы ақпаратты жалған ақпаратпен араластырып,
түрлі буындар арқылы таратқанының салдары
болды.
Кеңес жетекшілері барлаушыларға әрқашан
сене берген жоқ, себебі кейде олардың
берген ақпараттары (мысалы, Рихард Зорге
жіберген мәліметтер) расталмай отырды.
Кейбір дерек көздері бойынша, Германияның
соғыс бастайтыны туралы ескертулер қарама-қайшы
(ал қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай,
кейде тіпті жалған) мәліметтер қамтып
отырды. Ақпарат шынайы болған күннің
өзінде одан жаңсақ қорытындылар жасалып
отырды (мысалы, әскери барлаудың жетекшісі Голиковтың қате қорытындылары). Германиямен
жасаспау туралы келісім, неміс әскерилерінің Британия аралдарынадайындалып жатқан шабуыл туралы әңгімелері[12] 1941 жылы соғыс болмайтын шығар
деген үміт тудырып отырды[13]. Германия басқа шабуылдарының
қарсаңындағыдай, ешқандай саяси талаптар
жасамады.
Сталин Германияның шабуыл жасауы мүмкін
екендігі туралы барлау мәліметтеріне
сенбеді.[3]
Кеңес Одағының соғысқа дайындық
ретінде жасаған шаралары
1941 жылдың мамыр айында әскерлер
ішкі округтардан Днепрдің батысына,
шекараға жақынырақ жерге жылжытыла бастады.
Шекаралық дивизияларды толықтыру үшін
запастан 800 000 адам әскерге шақырылды,
маусымның 16-18-дерінде шекаралық округтардың
резерв дивизияларын алға жылжыту басталды.
Оларға шекараның маңында бекіну туралы
бұйрық берілді. Бұл шаралар тым кеш жасалғандығы
Германияның шабуылы басталғаннан кейін
анық болды. Әскерлер неміс шабуылын жүздеген
шақырымға созылған, ұйымдаспаған күйде
қарсы алуға мәжбүр болды.
1941 жылғы маусымның 18-інде КСРО-ның
әскери теңіз флоты мен шекара
әскерлері ұрысқа әзірлік жағдайына
келтірілді. ЖШҚӘ-ге бұндай бұйрық тек маусымның 21-інде ғанаберілді.
Сталиннің 1941 жылдың мамыр-маусым айларындағы
әрекеттеріне талдау жасағанда мына жайттарды
есте сақтау керек:
Мамырдың 5-інде Сталин әскери академиялардың
түлектерінің алдында сөз сөйледі, ал
содан кейін «сталиндік бейбітшіл сыртқы
саясат үшін» жасалған тосқа былай деп жауап берді: «бейбітшіл саясат деген жақсы нәрсе ғой, бірақ біз енді әскерімізді қайта құрып болғаннан кейін, осы заманғы шайқасқа сай келетін техникамен жарақтандырып болғаннан кейін, күшті болып алғаннан кейін, енді
біз қорғаныстан шабуылға өтуіміз керек.
Еліміздің қорғанысын іске асыра отырып,
біз шабуылдайтын болуымыз керек. Қорғаныстан
біз шабуылға өтуіміз керек».[11] (документ № 437)
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің
Орталық мұрағатында қорғаныс халық комиссары Тимошенконың және Бас штабтың басшысы Жуковтың атынан, Василевскийдің қолымен жазылған, қол қойылмаған бір қаитынас қағазы бар. Бұл қағаз 1941 жылғы мамырдың 15-інен бұрын жазылмаған. Қағаз Сталинге арналған, онда «Германия мен оның одақтастарымен соғыс болған жағдайға дайындық үшін Кеңес Одағының қарулы күштерін стратегиялық орналастырылуы туралы ұсыныс-пікірлер» келтірілген. Онда былай делінеді:
«Германияның әскері сақадай сай дайындық
күйіне келтіріліп, тылдары толығымен жазылып-дайындалғандықтан,
ол қазіргі таңда бізге кенеттен шабуыл
жасауы әбден ықтимал. Осыны болдырмау
үшін және неміс әскерін талқандау үшін
біз герман қолбасшылығының алдын алып,
неміс әскері енді ғана орналасып, әлі
майдан және әскер түрлерінің өзара істесуін
ұйымдастыра алмайтын кезінде алғашқы
соққы беруіміз керек деп ойлаймын». Одан әрі әскери қимылдардың жоспары
баяндалады:
«Бірінші кезектегі мақсат — Висла өзенінің
шығысында және Краков бағытында орналасқан
герман әскерін талқандап, Наров, Висла
өзендеріне жетіп, Катовице аумағын иемденіп
алу. Ол үшін мыналарды істеу қажет: а)
Германияны оңтүстік одақтастарынан ажырату
үшін Оңтүстік-Батыс майданның күштерімен
басты соққыны Краков, Катовице бағытында
жасау керек; ә) Варшава әскер тобын байлап,
Оңтүстік-Батыс майданға көмек көрсету
үшін қосымша соққыны Батыс майданның
солтүстік қанаты Седлец, Демблин бағытында
жасауы керек».