1917 Ақпан Қазан төнкерістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2015 в 09:31, реферат

Описание работы

1917 жылғы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə.Бөкейханов: “Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Туысқандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет.” деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.

Файлы: 1 файл

1917 Ақпан Қазан төнкерістері.docx

— 148.44 Кб (Скачать файл)
  • 1965 жылы Г. Жуков әскери тарихшы В. А. Анфиловқа мынаны айтып берді:

«Германияның шабуылының алдын алу туралы ой Тимошенко екеуімізде Сталиннің 1941 жылғы мамырдың 5-інде әскери академияларды бітірушілердің алдында біз енді шабуыл жасайтын болуымыз керек деп сөз сөйлегеннен кейін пайда болды. Қарсылас біздің шекараларымыздың маңында өз әскерін шоғырландырып жатқанда Сталинның осылай сөз сөйлегені бізді алдын ала соққы беру туралы директива дайындау керектігіне сендірді. Құжатты дайындау жұмысы А. М. Василевскийге тапсырылды. Мамырдың 15-інде ол директиваның дайын жобасын қорғаныстың халық комиссарына және маған тапсырды. Бірақ біз бұл құжатқа қол қоймадық, алдымен оны Сталинге көрсетуді ұйғардық. Неміс әскерлеріне алдын ала соққы беру туралы ести салысымен ол бұлқан-талқан болып ашуланды. «Сендер немене, немістерді арандатқыларың келе ме?» - деп қорс ете қалды. Біз КСРО-ның шекарасында қалыптасып отырған жағдай туралы, оның мамырдың 5-індегі сөйлеген сөзінде айтылған ойларға негізделгенімізді айттық… «Мен бұны сондағыларды жігерлендіру үшін ғана, олар бүкіл дүние жүзінің газеттері айтатын неміс әскерінің еш жеңілмейтіндігі туралы емес, жеңіс туралы ойласын деп қана айттым!» - деп Сталин барқ етті. Осылай алдын ала соққы беру туралы жоспар аяқсыз қалды…» Жуков дәл осындай оқиғаны әскери тарихшы Н. А. Светлишинге де айтты.[14][15]

  • Бұрынғы партия мұрағатында Бас саяси басқарманың жетекшісі А. Щербаковтың уақыты 1941 жылғы маусымның басы деп көрсетілген әскери-саяси пропаганданың жай-күйі туралы директиваның жобасы бар. Оның ішінде тағы былай делінеді: «халықаралық жағдай мейлінше шиеленісті, біздің ел үшін әскери қатер бұрынғыдан да төне түсті. Бұл жағдайда «бөтен елдің жерінде өз елімізді қорғау» деген лениндік ұран кез келген мезетте іс жүзіне асырыла алады. Кеңес Одағының өміріндегі орын алған түбегейлі өзгерістер осындай.

Елде орнаған осы жаңа жағдай партия ұйымдарынан Қызыл Әскерді және бүкіл кеңес халқын жалынды патриотизм, революциялық батылдық және дұшпанға қарсы жойқын шабуыл бастауға әрқашан дайын болу рухында тәрбиелеу үшін партиялық-саяси жұмысында түбегейлі бетбұрысты талап етеді».[11] (документ № 512)

  • 1941 жылғы маусымның 13-інде С. Тимошенко пен Г. Жуков Киев ерекше әскери округының басшыларына 1941 жылғы шілденің 1-іне дейін барлық «тереңде орналасқан» дивизиялар мен корпус басқармаларын мемлекеттік шекараға жақынырақ орналасқан жаңа лагерлерге жылжыту туралы директива шығарды. Осы сияқты директива сол кезде Батыс ерекше әскери округының басшыларына жіберілді.[11] (документы № 549 и № 603)[11]

  • Маусымның 14-інен 19-ына дейін шекара маңы округтарының басшылары маусымның 22-23-іне дейін майдандық (армиялық) басқармаларды далалық пункттерге шығару туралы бұйрықтар қабылдады.[11]

К. Рокоссовский былай деп жазған: «Біздің авиацияның алғы шептегі аэродромдарда шоғырландырылуына және орталық маңызы бар қоймаларды майдан маңындағы аумақта орналастырылуы алға секіріс жасауға жүргізілген дайындық сияқты болып көрінді де, әскердің орналасуы мен әскерде жүргізілген шаралар соған сәйкес болмады».

Б. Шапталов бұл жайттарды былай түсіндіреді: Сталин 1941 жылдың шілде-тамыз айларында неміс әскері Ұлыбританияға десант операциясын жасап, басып кіреді деп күткен болатын. Осындай операция жасала салысымен Сталин Польшадағы неміс әскерлеріне соққы беруді көздеді.

Әскер шабуыл қимылдарына дайындалып келгендіктен және ауқымды әскерлер мен қоймалар шекараның маңында орналастырылғандықтан, бірақ артиллерия әлі де полигондарда болып, авиация дала аэродромдарында сиретіліп орналастырылмағандықтан, 1941 жылғы маусымның 22-сінде шекара маңындағы әскери округтардың әскерлері тиімді қорғаныс ұйымдастыруға мүмкіндіктері болмай, шекара маңындағы ұрыстарда тез талқандалды.[4]

Алдын алу соғысына дайындық туралы болжам

Сталиннің Германияға қарсы шабуыл жасауға дайындалып келгендігі туралы болжам алғаш рет Һитлердің КСРО-ға шабуыл жасағаннан кейін Германия халқына сөйлеген сөзінде және Германия елшісі Шуленбургтың Молтовқа тапсырған ресми нотасында айтылды. КСРО жеріне басып кірудің алдында Кеңес Одағы Германияға шабуыл дайындап жатыр деген қауесет герман әскерлерінде жүгізілген насихаттың бір бөлігі болды. Вермахттың бір жауынгері сол оқиғаларды былай еске алады:

«Соғыстың басында бізге насихатталған басты ой мынау болды: «Ресей келісімді бұзып, Германияға шабуыл жасайын деп жатыр. Біз тек жылдамырақ әрекет еттік». Сол кезде бұған көп адамдар сеніп, Сталиннің шабуылының алдын алғынымызды мақтан тұтатынбыз. Арнайы майдан газеттерінде бұл туралы көп айтылды. Біз соларды оқып, офицерлерді тыңдап, сенетінбіз» — Һелмут Клаусманн, 111-ші жаяу әскер дивизиясы.

Шайқастары және операциялары


Толық мақаласы: Ұлы Отан соғысындағы шайқастар және операциялар

Ұлы Отан соғысындағы ең атақты операциялар:

  • Ленинград шайқасы (1941 шілденің 10-ы — 1944 тамыздың 9-ы)

  • Мәскеу түбіндегі шайқас (1941 қыркүйектің 30-ы — 1942 сәуірдің 20-сы)

  • Сталинград шайқасы (1942 шілденің 17-сі — 1943 ақпанның 2-сі)

  • Курск шайқасы (1943 жылғы шілденің 5-сі — тамыздың 23-і):

  • Берлин шайқасы (1945 жылғы сәуірдің 16-сы — мамырдың 8-і)

Тың игеру


Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау және малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. Осы кезеңде шаруашылықты жүргізуде талантты ұйымдастырушылардың есімдері көпшілікке таныла бастады. Олардың еңбегін мемлекет жоғары бағалады. Мысалы, Алматы облысындағы «Алматы» колхозының бастығы Л.Манько, «Мичурин» атындағы колхоздың бастығы Қ. Әбдіғұлов Социалистік Еңбек Ері атанды. Ал, Талдықорған облысындағы «Жаңа талап» колхозының бастығы Н.Алдабергенов екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1950 ж. екінші жартысында МТС-тер таратылып, олардың қарамағындағы ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға берілді. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы (МЖС) құрылды. Кейін олар «Казсельхозтехника» өндірістік–техникалық жабдықтау бірлестігінің құрамына енді. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық–техникалық тұрғыда жабдықталуында тұрақтылық болмады. 1954 жылы 23 ақпан - 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумы болып өтті. Онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Жалпы, астық мәселесін шешудің екі бағыты болды: - интенсивтік бағыт, экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу. - экстенсивтік бағыт, яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады. Қаулы бойынша тың игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жәйтті аңғартып тұрса керек: «Москва», «Ленинград», «Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар салынды. Бұл республиканың әлеуметтік және мәдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды. КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылы қыркүйекте тың игерілген жерлерде темір жолдар мен автомобиль жолдарының құрылысын дамыту туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Қазақстанда 2.600 шақырым автомобиль жолы төселуге тиісті болды. Тың игеру барысында Тобыл–Жетіқара, Есіл–Арқалық темір жолдары іске қосылды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян әкелді. Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Мұндай орыстандыру саясатынан қазақ халқын еліміздің тәуелсіздігі ғана құтқарды. Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені, қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Халық үшін ең ауыр тигені сол кезеңде Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.

Түсіндірме сөздік


Тың игеру – бұрын егін шаруашылығына қолданылмаған жерлерді егістік алқаптары үшін жырту.

Топырақ эрозиясы– жердің құнарлы, қара топырақты қабатының жыртылғаннан кейін

сумен шайылуы немесе желмен ұшырылу құбылысы.

Әлеуметтік құрылым – адамдардың еңбек ету әрекетіне қарай топтарға бөлінуі және олардың материалдық хал ахуалы.

Тарихи тұлғалар


Хрущёв Никита Сергеевич

Хрущев Никита Сергеевич (1894, Ресей, Курск губ. - 1971, Мәскеу) - мемлекет және қоғам қайраткері. Еңбек жолын 1908 жылдан Донбасстың шахталары мен зауыттарында жұмысшы болып бастаған. 1918-20ж. Азамат соғысына қатысып, онан кейін Донбасс пен Киевте шаруашылық және партиялық қызметте болған. 1929ж. Мәскеу Өнеркәсіп академиясын бітірген. 1931 жылдан Мәскеуде партия қызметінде, 1935-38ж. БК(б)П Мәскеу облыстық және қалалық комитеттерінің І-хатшысы, 1938-47ж. Украина Коммунистік Партиясы ОК-нің І-хатшысы қызметін атқарған. 1941-45ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында бірқатар майдандардың Әскери Кеңестерінің мүшесі болған. Генерал-лейтенант дәрежесі берілген (1943). 1947ж. БК(б)П Мәскеу партия комитетінің І-хатшысы қызметінде болады. 1953 жылдың наурызынан СОКП ОК хатшысы, қыркүйектен бастап І-хатшысы, яғни, Кеңес Одағының жетекшісі болды. Сонымен бірге 1958-64ж. КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін қоса атқарған.

Н.Хрущев Кеңес Одағын басқарған кезде бірқатар демократиялық реформаларды жүзеге асыруға талпыныс жасалды. 1956ж. СОКП XX съезінде Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары туралы мәселені көтеріп, сталиндік саясатты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс ретінде бағалады. Сталиндік қуғын сүргіннің құрбандарын ақтау шараларын жүргізуге жол ашып берді. Ол Кеңес Одағында тың игеру саясатын жүзеге асырды. Алайда, Н.Хрущевтің демократиялық реформалары жартылай ғана орындалуымен ерекшеленді. Өйткені, ол өз қызметінде субъективизм мен волюнтаризмге жол берді. Сол себепті де, 1964ж. қазанда СОКП ОК-нің Пленумы Н.Хрущевті мемлекет пен Коммунистік партия жетекшілігінен кетуге мәжбүр етті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

Тарихы


1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.

Қазақстанның сыртқы саясаты


Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Информация о работе 1917 Ақпан Қазан төнкерістері