1930 жылдардың аяғындағы саяси қуғын-сүргіннің күшеюі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 11:38, научная работа

Описание работы

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын сарп еткен азаматтардың ұлт –азаттық қозғалысының тарихын қайта парақтап, шынайы түрде «ақтандақтарының» бетін ашып жаңа заман талабына сай зерделеудің маңызы зор. «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасуы тұжырымдамасында» Қазақстан тарихы ғылымы алдында тарихи iлiм-бiлiмнiң үзiктiлiгi мен бiржақтылығынан мүмкiндiгiнше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесiн жасау қажеттiгi айтылған еді. Міне осы міндеттерді шешу үрдісінде бітім бейнесі замана талабына сай келетін жаңа зерттеулердің қатары көбейуде.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І. Қазақстандағы үлкен террордың алғышарттары
Елдегі жаппай саяси қудалаудың бастау көздері
Алаш зиялыларына қарсы сот үдерістері

ІІ. 1930 жылдардың аяғындағы саяси қуғын-сүргіннің
күшеюі
2.1 Қазақстандық еңбекпен түзеу лагерлерінің жүйесі
2.2 Қазақ зиялыларының қудалануы

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

1930-1937 репрессия.doc

— 163.50 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. Қазақстандағы үлкен террордың алғышарттары

    1. Елдегі жаппай саяси қудалаудың бастау көздері
  • Алаш зиялыларына қарсы сот үдерістері
  •  

    ІІ. 1930 жылдардың  аяғындағы саяси қуғын-сүргіннің 

         күшеюі

    2.1 Қазақстандық еңбекпен  түзеу лагерлерінің жүйесі

    2.2 Қазақ зиялыларының  қудалануы 

     

    ҚОРЫТЫНДЫ

     

    ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ




     

     

     

     

    КІРІСПЕ

     

    Өзектілігі. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық – саяси қайшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар рухани азаттық пен демократиялық – ағартушылық идеяларға толы бұл кезеңде, ұлт зиялыларын ойландырған мәселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін қазақ елін қалың ұйқыдан оятып, оқу, өнер – білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы дербес мемлекет құру еді. Олай болса ғасыр басындағы дағдарыстан шығудың жолын қарастырған алаш көсемдерінің теориялық ізденістері, практикалық қызметі бүгін де өз маңызын жойған жоқ.

    Еліміз  егемендік  алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда  ел  қамын  ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын сарп еткен азаматтардың ұлт –азаттық қозғалысының  тарихын  қайта  парақтап,  шынайы  түрде  «ақтандақтарының»  бетін  ашып  жаңа  заман  талабына  сай  зерделеудің  маңызы  зор. «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасуы тұжырымдамасында» Қазақстан тарихы ғылымы алдында тарихи iлiм-бiлiмнiң үзiктiлiгi мен бiржақтылығынан мүмкiндiгiнше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесiн жасау қажеттiгi айтылған еді. Міне осы міндеттерді шешу үрдісінде бітім бейнесі замана талабына сай келетін жаңа зерттеулердің қатары көбейуде.

    Елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Тарих толқынында» атты еңбегінде  ХХ ғасыр зиялылары тағдыры турасында: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ»,- деп жазған болатын. Сонымен қатар, аталмыш еңбекте былай деп жазылған: «қазақ халқының кейбір данышпан перзенттері мен көсемдері тарихтың қарғыс атқан тұзағында тұншықты, ұлттық амандығы үшін олар тарихтың тәлкегіне көнуге мәжбүр болды»[1].

    ХХ ғасырдың 20-30 жылдары  қазақ халқының тарихында аса  құндылығымен, маңыздылығымен және қасіретімен  де мәңгі қалатыны даусыз. Өйткені, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласы жаңа тұрпатты мемлекет құруға қадам жасады. Ал оның жемісті дамуына барынша ат салысып, ана тілінде тұңғыш оқулықтар жазып, қазақ ғылымының қалыптасып дамуына, отандық мәдениетіміздің ілгерілеуіне барынша ат салысқан бір топ қазақ зиялылары сталиндік тоталитарлық режимнің қысымына ілінді. «Біз,- деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев,-өз тарихымызды өзгелер тұрмақ өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан ұрпақпыз. Зерттемесек, жазбасақ, жарияламасақ кім не таниды?...»[2, 15].

    Аталған тақырыптағы  мәселенің көкейкестілігін Елбасы Дүние жүзі қазақтарының бірінші  құрылтайының мәжілісінде сөз еткен  болатын. Елбасымыздың осы маңызды  тұжырымы ұлт – азаттық  күрес тарихын жаңаша тарихи тұрғыда зерттеуді, сол күрестің басында тұрып қазақ елін отарлық езгіден құтқаруды, оның мемлекеттігін қалпына келтіруді және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына қосуды басты мақсаттарына айналдырған  қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Шоқай, Ә.Ермеков, Ж.Ақбаевтардың кеңестік дәуірдегі атқарған қоғамдық – саяси қызметтеріне шынайы баға беруді күн тәртібіне қойды.

    Мақсат –  міндеті. Қазақстанда өткен ғасырдың 30-40-шы жылдарында ғылым мен мәдениет салаларында «Буржуазиялық ұлтшылдыққа» қарсы жүргізілген саяси науқан  тарихын тұтас бір мәселе  ретінде кешінді түрде зерттеу болып табылады.

    Осы мақсатты жүзеге асыру  үшін ғылыми жобаның алдына мынадай нақты міндеттер қойылды:

      • қазақстандағы «қызыл террор» саясатын айқындау;
      • елдегі жаппай саяси қудалаудың бастау көздерін зерттеу;
    • Алаш зиялыларына қарсы ұйымдастырылған сот үдерістері ашып көрсету;
      • Қазақ жерінде құрылған еңбекпен түзеу лагерлеріні туралы;
    • 1937-1938 жылдардағы саяси репрессия кезіндегі қазақ зиялыларының қудалануы.

    Ғылыми жаңалығы. Ұсынылып отырған жобаның маңызы,  қорытылып жүйеге келтірілген материалдарды әр түрлі салада, нақты айтсақ, лекциялық және үгіт – насихат жұмыстарында, сонымен қатар оқу орнында, нақты айтқанда, мектеп, колледждерде Қазақстан Республикасының  тарихын  оқыту барысында, қосымша әдебиет ретінде ұсынуға, негізгі деген оқиғалардың бірқатарының мазмұнын ашу үшін пайдалануға болады. Сонымен қатар, аталмыш тақырып төңірегінде ғылыми – зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген ізденушілерге өз кезегінде зерттеуімізді толыққанды түрде пайдалана алады деген үміттеміз.

    Тарихнамасы. Ғылыми жоба тарихнамасына келетін болсақ, саяси репрессиялар тақырыбы Кеңес өкіметі кезінде жабық болғанын айтып кетуіміз керек. 1956 жылғы ХХ сиезден кейін де мәселе толыққанды ашылған жоқ. 1937-1937-шы жылдар аралығында Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін мәселесіне байланысты бүгінгі қоғамдық өмір сұранысына сай зерттеулер тек Отанымыз тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта ғана жарық көре бастағандығын айта аламыз. Өйткені, профессор С.Ф. Мажитовтың пайымдағанындай, бодандық кезеңдегі империялық үстемдік пен тоталитарлық режим кесірінен, ұлттық тарихнама тізе бүгуге мәжбүр болған еді [3].

    Қазақстан халқына орны толмас қасірет пен қайғы әкелген  отызыншы жылдар ойранына байланысты ойтолғаулар және Алаш қозғалысына байланысты cүбелі үлес қосқан еңбектерді ғалымдар Д.Аманжолова, К.Нұрпейісов, М. Қойгелдиевтер жазған болатын [4]. 1996 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «1997 жылды жалпы ұлттық келісім және саяси репрессия құрбандарын есте сақтау жылы деп жариялауы туралы» жарлығы шықты. Жарлықтан кейін саяси репрессия тақырыбы кеңінен зерттеле бастады. М. Қозыбаев пен Қ. Алдажұманов «Тоталитарный социализм: реальность и последствия», Қ. Алдажұманов, Е. Алдажұманов «Депортация народов - преступление тоталитарного режима», Д. Шаймұханов «Қарлаг» кітаптарын шығарды. Тарихшы Т. Омарбеков «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті» еңбегінде осы жылдарда Қазақстандағы экономикалық саясат әсерінен болған саяси қудалауларды көрсетті [5]. 2000-2009 жылдар, аталған тақырыптың әртүрлі мәселелеріне арналған деректер жинақтары шығып, көлемді ғылыми жұмыстар жарық көрді, яғни кеңестік саяси репрессиялар тақырыбы кеңейіп, көптеген докторлық диссертациялардың және монографиялардың тарихи зерттеу обьектісіне айналды. Ғалымдар М.К. Козыбаев, М.Қойгелдиев, Х. Әбжанов, Б.Аяған, Т.Жұртбай, К.Есмағамбетов, зерттеушілер С.Ділманов, Г.Көкебаева, А.Мұсағалиева, Д.Махаттарды атауға болады [6].

    «Политические репрессии  в Казахстане в 1937 - 1938 гг.» [7] және Сталин: расстрельные списки 1937-1938 г.г. [8] деп аталатын құжаттар жинағында ҚРПМ-ның қарастырылып отырған мәселе бойынша көптеген материалдары енген, мұның өзі жалпы көріністі түйсінуге және талдауға, республикалық және өңірлік масштабтағы репрессиялық іс-шаралардың жүзеге асу барысының жалпы және жалқы жақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Міне, сондықтан да тарихшылар алдында 20-50-ші жылдардағы қуғын-сүргін тарихын жан-жақты жаңа теориялық-тұғырнамалық және зерттеушілік көзқарас негізінде талдап көрсету міндеті тұр.

    Хронологиялық аясы. Ғылыми жоба ХХ ғасырдың 30 – 40 жылдардың аралығын қамтиды.

     

    І. Қазақстандағы үлкен террордың алғышарттары

      1. Елдегі жаппай саяси қудалаудың бастау көздері

    ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының басынан өткізген ең бір қарама-қайшылықты, қасіретті тарихи кезең болды. Республикада үлкен өзгерістер жүргізілді. қазақ АКСР территориясы межеленіп, бекітілді. Қазақ зиялыларын көп жылдар бойы толғандырып келген мәселелердің бірі-көшпелі және жартылай көшпелі халықты отырықшыландыру жедел қарқынмен болса да жүзеге асырылды. қазақ елінің экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайы үлкен өзгерістерге ұшырады. қаладағы өндіріс пен кәсіпорындардың дамуы, темір жол жүйесінің келуі далаға капиталдың ағылуын күшейтті. Сауда-саттықтың өріс алуы Ресейдің ірі қалаларын қазақ жерінде ашылған жәрмеңкелерімен байланыстыра түсті. қазақ кедейлері отырықшылыққа көше бастады. Осы тұста қазақ даласын басқарудың жаңа жүйесі толық күшіне енді.

    ХХ ғасырдың басы Ресейде ірі-ірі тарихи оқиғаларға жол ашты. Ресейдің имперализмге өтуі оны революциялық қозғалыстың орталығына айналдырды. Оған себеп болған жұмысшыларды қанаудың шегіне жетуі, шаруалардың қайыршылануы еді. өлкенің шет аймақтарында тұратын қараңғы халықтың хал-жағдайы бұдан да ауыр еді. Ресейде өтіп жатқан барлық оқиғалар қазақ еліне де өз әсерін тигізді. ХХ ғасырдың басында қазақ даласында ұлт-азаттық қозғалыстармен қатар түрлі саяси-идеялық бағыттар да кең өріс алды. Мұның негізгі себебі – жергілікті халық мүддесімен санасуды мүлде қойған патша шенеуніктерінің зорлығы, қоныс аударушылардың келуімен байланысты елдің ата-қонысынан айрылуы, халықты орыстандыру саясатының ашықтан-ашық сипат алуы болды. 1929-1930 жылдарда Қазақстанға қоныс аудару ісінің жаңа кезеңі болды. Кеңестік билік қоныс аудару ісін жеделдетуді жоспарлады. 1928-1933 бесжылдық жоспарында қоныс аударуды жеделтеу аудандары ірі аймақтарға бекітілді [9].

    XX ғасырдың 20-шы жылдарының соңына қарай Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірінде қасіретті ызалы жылдар басталды. Қиянатқа толы сталиндік ұжымдастыру кезінде жер бетінен 1,5 миллионға жуық қазақ жұтылып кетті. Ал 1930-1932 жылдары 1,5 миллион қазақ өздерінің байырғы атамекенін тастап, босып кетуге мәжбүр болды. Егер 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың адам тұрған болса, 1933 жылы халықтың саны 2 миллион 493 мың ғана болып қалды. Мұндай өте қысқа мерзімде осыншалықты қырғынға ұшыраған халық оған дейін де, одан кейін де адамзат тарихында болған емес.

    «Қызыл террор туралы» қаулы шын мәнінде  кеңестік саяси репрессиялардың заңдастырылған бастамасы болды деп толық айта аламыз. Большевиктердің билікті басып алудағы қару қолдануы, Құрылтай жиылысының күшпен таратылуы, революциялық трибунал туралы үкім, контрреволюция мен саботажға қарсы күрес бойынша Бүкілресейлік төтенше комиссияның құрылуы, саяси қарсы топтардың өкілдерін қудалау жаппай репрессияның басталуының негізін салып берді. Ал оны заңдастыру саяси жауларға қарсы қолданылатын зорлық - зомбылыққа, өлтіруге алып келді. Ал жазаның ең жоғары түрі – ату туралы шешім қабылдануы негізгі мақсатты ашып берді. Бірақ, шаралар тек қана қарсыластарға ғана емес, сонымен қатар, бейбіт халыққа да бағытталды. Қазақ даласы екі лагердің, «қызыл» мен «ақ» террордың қан майданына айналды. Азамат соғысы және «қызыл террор» кезінде атылғандар мен асылғандар жайлы мәліметтер қағаз бетіне түсе бермеді. Әлі күнге дейін Ресейде де, басқа бұрынғы одақтас мемлекеттерде де аталған кезең құрбандарының жалпы санын анықтау мүмкін болмай отыр. Бұның себебі ату жазасы құжаттарсыз, ресімделмей жүргізілді. Кеңес өкіметін орнату жолында саяси қарсыластардың, интеллигенцияның, оның ішінде, әсіресе, бейбіт қарапайым халықтың да қаны есепсіз судай шашылды.

          Большевиктердің  «қызыл террорының» қазақстандық  тарихнамада зерттеліп, талданбауының негізгі себептерін анықтайық. Бұның бастау көзі мәселенің деректік әлеуетінде жатыр. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарына байланысты тарихи құжаттар Ресей мен Қазақстан мұрағаттары қорларында бөлініп сақталуда. Дерек көздерінің бір бөлігі Ресей Федерациясы әскери мұрағаты мен федералды қауіпсіздік қызметі орталық мұрағатында жатыр. Ресей Федерациясы әскери мұрағаты саяси репрессияға байланысты, оның ішінде Кеңес өкіметінің жазалау шаралары, атылған адамдар тізімі сияқты нақты мәліметтер жинақтаған.

         Қазақ жеріндегі «қызыл террор» деректері қазақстандық орталық мұрағаттарда аз. ҚР Президенті мұрағатында Қазақстан КП Орталық Комитетінің саяси зерттеулер институтының қорында Қазан революциясы, азамат соғысына қатысушылардың, Кеңес өкіметі орнауы барысында болған оқиғаларға жекелеген азаматтардың және олардың туыстарының қатысқаны жөнінде естеліктері жинақталған. Естеліктер кеңес дәуірінде жасалғандықтан, большевиктердің террорлық іс - әрекеттерін ақтау реңкі басым екендігін айтып өтуіміз қажет.

    Зерттеуші І. Қозыбаевтың ізденістеріне сүйенсек, Қазан революциясы және азамат соғысы кезінде мұрағат материалдары жойылған, қарсыластар тарапынан ұрланған, тіпті аукционнан сатылған [10].

          Жалпы  алғанда, Қазақстанда қызылдардың  террорлық әрекеттері шектен шыққан жағдайда болғандығын мұрағат қорларындағы құжаттар толық дәлелдейді. Өкінішке орай, дәл статистикалық мәліметтер мен қырылған адамдар саны жөніндегі мұрағаттағы деректерден толық анықтау мүмкін болмады.

        Тұтас деректер кешені Қазақстандағы саяси қудалауларды жүргізілу барысын аша алады. Большевиктік басшылық қолын ешқандай заңмен байлаған жоқ, революциялық құқықтық сана жазалау саясатының құрамына айналды. Деректер ашып көрсеткеніндей, жазалау органдарының әрекетіндегі жүгенсіздік, террорды тұрғындардың тұтас әлеуметтік топтарын жою үшін пайдалану, әлеуетті қарсыластардың көзін жою, шектеудің болмауы адамдарды қорлаудың Ресейде революцияға дейінгі болмаған әрекеттеріне апарды.

    1937-1938 жылдардағы саяси  репрессиялардың жүргізілуін төмендегі  деректер ашып береді. Қазақстанда БКП (б) Қазақ өлкелік комитеті 1937 жылы 4 ақпанда «Антикеңестік троцкистік орталық үдерісінің қорытындысын түсіндіру туралы» шешім қабылдады. Құжат Қазақстанның барлық облыстары мен аудандарында талқыланып, «халық жауларын» іздеу мен адамдарды қудалауда ерекше орын алды. И. Сталиннің жаппай ату бойынша жоспарын жүзеге асыру ҚКП (б) Орталық Комитетінің хатшысы Л.И. Мирзоян И.В. Сталинге Қазақстандағы әшкереленген және қамауға алынған «ұлтшыл - фашистік ұйымдар» туралы хабарлама даярлады. Хабарламадан кейін Қазақстанда партия – кеңес қызметкерлерін жаппай қудалау ерекше маңызға ие болды. 1937 жылы 19 қарашада ҚКП (б) Орталық комитеті бюросының репрессияланған антикеңестік элементтер санын көбейту туралы шешімі шықты. Ал осы жылы 3 желтоқсанда БКП (б) Орталық комитеті Қазақстан ҚКП (б) Орталық комитетінің Қазақстан бойынша репрессияға ұшырағандар санын ұлғайту туралы ұсынысын бекітті [7].

    Информация о работе 1930 жылдардың аяғындағы саяси қуғын-сүргіннің күшеюі