1930 жылдардың аяғындағы саяси қуғын-сүргіннің күшеюі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 11:38, научная работа

Описание работы

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын сарп еткен азаматтардың ұлт –азаттық қозғалысының тарихын қайта парақтап, шынайы түрде «ақтандақтарының» бетін ашып жаңа заман талабына сай зерделеудің маңызы зор. «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасуы тұжырымдамасында» Қазақстан тарихы ғылымы алдында тарихи iлiм-бiлiмнiң үзiктiлiгi мен бiржақтылығынан мүмкiндiгiнше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесiн жасау қажеттiгi айтылған еді. Міне осы міндеттерді шешу үрдісінде бітім бейнесі замана талабына сай келетін жаңа зерттеулердің қатары көбейуде.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І. Қазақстандағы үлкен террордың алғышарттары
Елдегі жаппай саяси қудалаудың бастау көздері
Алаш зиялыларына қарсы сот үдерістері

ІІ. 1930 жылдардың аяғындағы саяси қуғын-сүргіннің
күшеюі
2.1 Қазақстандық еңбекпен түзеу лагерлерінің жүйесі
2.2 Қазақ зиялыларының қудалануы

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

1930-1937 репрессия.doc

— 163.50 Кб (Скачать файл)

      1938 жылы  мұрағат мекемелерінің Ішкі істер  халық комиссариатына берілуіне  байланысты «үлкен террор» деректерінің қол жетімділік мәселесі туындады. Осы тұрғыда, шектеу салынған құжаттар түрлеріне тоқталынып, шешілу жолдары анықталынды. Аталмыш кезеңдегі шектеу салынған құжаттардың көпшілігі әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. Мұрағат жүйесінің жазалау мекемесінің құрамына өтуі 1930-1950 жылдардағы Кеңестер Одағының тарихы деректерін зерттеуге зор зардаптар әкелді. Шектеу салу өз алдына, құжаттарды жою мақсатында макулатураға жіберу аталған уақытта жүзеге асты. Осы тұрғыда алғанда, кеңестік саяси репрессияларға қатысты мәліметтерді анықтау қиындығы туындады. Жойылған деректердің басым бөлігі саяси жазалау шараларына байланысты қордаланған құжаттар еді.

      Осылайша, Кеңес өкіметінің алғашқы қырық  жылында әртүрлі кеңестік реформалардың  әсерінен халық саны азайды. 1937 жылғы халық санағының мәліметтері бойынша, Қазақстанда халықтың жалпы саны 1926 жылы 6078,6 адам, 1937 жылы 4820,0 адам, яғни 79,3% - ке түсіп кеткен, қазақтар - 2 181 520 адам қалған. Санақты жасаушылар республикада халықтың саны арнайы қоныс аударушылар есебінен көбейіп отырғанын жоққа шығармайды. КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитеті бастығының БКП (б) Орталық комитеті және КСРО ХКК - на бүкілодақтық тұрғындар санағының алдын - ала қорытындысы туралы баяндамалық хатында Қазақстан туралы табиғи өсім есебінен де өсе алмай отырған ұлттық республика деп атап берді. Көріп отырғанымыздай, халық санағының мәліметтері басқа халықтармен қатар қазақ халқының Кеңес өкіметінің алғашқы жиырма жылында геноцидке ұшырағанын көрсетеді.

1937 жылғы зұлмат-сталиндік әкімшілдік-әміршілдік жүйенің халыққа қарсы «ұлы терроры» халыққа қарсы, ең алдымен зиялы қауымға қарсы бағытталған 1937 жылғы «ұлы» зұлмат науқаны кезінде «халық жауы» аталып, мәңгілікке көз жұмды. 1937 жылы бүкіл КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда да жаппай жүзеге асырылған «халық жауларына» қарсы күрес белгілі қоғам, мемлекет, ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлерімен қатар сан мыңдаған қатардағы азаматтарды қамтып, олардың атылғандары атылып, қалғандары ұзақ мерзімдерге ГУЛАГ-тың (Мемлекеттік лагерьлер басқармасы) алыстағы лагерьлеріне айдалды, түрмелерге жабылды. Жалған жаламен «халық жауы» аталған боздақтардың басым көпшілігі кіндік қаны тамған Отанына оралмай шет, шалғай өлкелерде көз жұмды. қазақстан түрмелер мен лагерьлер жеріне айналды. Мұнда Карлаг (қарағанды лагерьлері), Степлаг (Дала лагерьлері), (АЛЖИР) халық жаулары әйелдерінің (Ақмола ) лагерьі сияқты лагерьлер жүйесі жасалды. 1937 жылдың куғын-сүргінінде жазықсыздан жазықсыз пәле жабылып, қазақ азаматтарына «халық жауы» есебінде атылып қана қоймай, олардың туған-туыстары да репрессияға ұшырап жатты. Осы жантүршігерлік оқиғалар заңдылық жүйелердің бірі НКВД басшысы Н.Ежовтың 1937 жылдың 15 тамызындағы №00486 жасырын бұйрығы. Мұнда әскери трибунал Отанға опасыздық жасады, тыңшылдық-диверсиялық ұйымдардың мүшесі болды деп есептеген, сөйтіп ату жазасына кесілген немесе он жылға сотталған қылмыскерлердің отбасын жауапқа тарту көзделген. Отанға опасыздық жасағандардың әйелі әлеуметтік қауіпті элемент ретінде ата-аналарынан тартып алынып, НКВД лагерьлеріне, еңбекпен түзету коллонияларына немесе ерекше жүйедегі балалар орналастыруға міндеттелді. Жаппай қуғын-сүргін мен террор кеңестік жүйенің сұрақы саясаты болды. «Жүгенсіз» идеология мен таптық күрестің әдісі, үкімет билігін бір қолға жұмылдыру адам өмірінің бағасын құлдыратып жіберді де халықтар мен әлеуметтік топтардың, әртүрлі таптардың сан алуан мүдделері мен пікірлерін аяқасты етті. 1937 жылдың алғашқы жартысында газет беттерінде негізінен өзара сынды күшейту. әшкерелеу мәселесі көбірек айтылса, күн тәртібіне халық жауларын құрту, түп тамырымен жою міндеті қойылды. «Халық жауы», «тап жауы», «ұлтшыл-фашистер», «банды», «жалдамалы төбеттер», ұлтшыл-элемент», «жат элемент», «алашордашыл агент» тағы басқа осындай жан түршілерлік сөздер баспасөз беттерінде «әшкерелегіш» терминдерге айналды [11].

Лениннен кейін Сталиннің билікке келуі КСРО-да түбегейлі өзгерістерге алып келді. Ол өз пікіріне, әрекетіне қарсының көзін құртып, партияны өзінің бағытында жұмыс істеуге жұмылдырды. Елдегі «жауларына», оппозициялық күштерге қарсы жазалаушы орган Ішкі Істер Халық Комиссариатын (НКВД) құрды. Орган Сталиннің жеке өзінің қол шоқпарына айналып, «мәртебесін» шарықтатып жіберді. Халықта қатты үрей мен қорқыныш қалыптасты. Сталин елдегі репрессияны жүргізуде бірінші кезекте жазалаушы және сот-тергеу органдарына арқа сүйеген еді. Бірақ жаппай репрессия сан мыңдаған НКВД мен сот және прокуратура өкілдерін де назардан тыс қалдырмады. Ауыр соққы Кеңестік барлаушыларға да беріліп, әскери барлаудың басшысы Я.К.Берзиннен бастап И.Рейсс, В.Кривицкий тағы басқалары атылды.

1935 жылдың қарашасындағы  НКВД органының ең жоғарғы  әскери шені 1,2 және 3 рангалы комиссар  атағын иемденген, және елімізде  «Үлкен террор», мен «тазарту»  жүргізген 38 адамның 1941 жылы тек  екеуі ғана тірі қалған. Ал, Қазақстанға келетін болсақ, осылардың бірі екінші рангалы мемлекет қауіпсіздігі комиссары П.Б.Залин Қазақстанда тура үш жыл (09.01.1935-20.01.1938) НКВД бастығы болып істеді. Соның соңғы бір-екі жылы тікелей Н.Ежовтың қарамағында өтті. 1937 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің құрамындағы 85 мүше, 35 мүшелікке кандидат, 11 ревком мүшесі – барлығы 131 адам болса, жыл аяғында одан 68 адам ғана қалған. Н.И.Ежов    И.В.Сталинге,    В.М.Молотовкд,    Л.М.Когоновичке    өзінің тарында шағым жазды. Оның айтуынша барлық ұлттық кадрлар, барлық казақ комунистері ұлттық уклонистік және топтық күреспен ауырып қалған еді. Яғни олардың арасынан дені дүрыс партиялық күш жоқ деп айтқан. Болашақ КСРО-ның ішкі істер халық комиссары болып тағайындалғаннан кейін 1937-ші жылғы бүкіл елде басталған қуғын-сүргінде өзін көрсетті.

1937-38-ші жылдардағы  террор барша елді жайлады.  Қазақстанда 103 мың адам құғын  - сүргінге ұшырап, оның жиырма  үш мыңынан астамы атылды. Республика  жерінде 25 елді мекенінде концерватциялар  құрылды, оларға бүкіл одақтан 70 мыңнан астам жер аударылған кулактар айдалып әкелінді. Қазақ сахарасы БУААГ-тың жүйесі жайлаған елге айналды, тек қана  корлактан 2 млн-ға жуық құғын-сүргінге ұшыраған халық өтті.

 Қорыта келгенде, «үлкен террор» жылдарындағы мұрағаттық құжаттар толыққанды айыптайтын және әшкерелейтін деректер болып табылады. 1937-1938 жылдардағы саяси репрессиялар жоғары партия - кеңес органдарының жоғарыдан төмен жүргізген шарасына айналды.

Қуғын-сүргін құрбандары деген қасіретті атаумен тарих парағына жазылған жандар тағдыры – қазақ ұлтының жүрегіндегі мәңгі жазылмас жара екені белгілі. Кеңестік биліктің кесапаты қазақпен қатар неше ондаған ұлт халқының, жай халық емес, сүт бетіне шығар қаймағын қасап қырғынға салды. Тәуелсіз қазақ елі осы бір зұлмат кезең құрбандарын мәңгі есте сақтау үшін барлық қажетті шараларды жүзеге асыруда.

     

 

 

1.2  Алаш зиялыларына  қарсы сот үдерістері 

Еліміздің тәуелсіздік  алуы халқымыздың ұлттық құндылықтарын  шынайы тарихи танымда танып білуге мүмкіндік болды. Отан тарихының келелі мәселелері қозғалып, талқыға түсіп, ғылыми айналымға енгізілуде. Алаштық идея, алаштық таным «алты алаштың баласымыз...» дейтін әрбір қазаққа тән ұғым болуы керек. Демек, ұлттық сананың тұтастық көрнісі болуы шарт. Ұлттық рухқа негізделген кез-келген идея санада бейнеленуі керек. Бұл жерде айтпағымыз, бүгінгі тәуелсіздік сонау Алаштан бастау алғаны сөзсіз. «Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Міне, енді сол күнге де жеттік», - деді Елбасы [1, 172-173].

Президенттің идеясын пайымдай келе, белгілі ғалым Х.Әбжанов мынадай ой түйеді: «өзін-өзі таныған ұлтта ғана – ұлттық идея дүниеге келеді, ол ұлттық менге негізделеді, ал оның қамал қорғаны жаңадан құрылған мемлекет. Екіншісі – ұлттық идеяның мазмұны және өзегі келешекпен байланыстылығын да» – дейді [12].

Егемендік алу сонау  кеңестік дәуірде бастау алғаны белгілі. Қазақстанның егемендік алуы тікелей  ұлт зиялыларының бастамасы және бағдары еді. В.И. Ленин  Ресей  құрамындағы әртүрлі ұлттардың өздерінің дербес, тәуелсіз, егеменді мемлекет құру құқықтарын мойындай отырып, сонымен бірге олардың Ресей құрамынан бөлініп шығуына қарсы болды. Иә, олар бөлініп шығу құқығын мойындайды, бірақ бөлініп кетуге жол бермейді.

Мәселен, кеңестік биліктің декреттер топтамасында 1919 жылы 2 қарашада қабылданған «Ресей халықтары құқықтарының  декларациясында» былай делінді:   

1.Ресей халықтарының  теңдігі мен егемендігі.

2.Ресей халықтарының  бөлініп шығуға және дербес  мемлекеттерін құруға дейінгі  өзін-өзі басқару құқығы» - делінген.

ХХ ғасырдың басында  қалыптасқан қазақ зиялыларының патша үкіметінің отарлық саясаты  шарықтау шегіне жеткен кезде, отарлық  езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің басқы қадамдарын жасап, өздерінің  идеологиялық күрестерін баспасөз арқылы бастаған болатын. «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж. Ақбаев, Р. Мәрсеков және тағы басқа зиялылар ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, батыстық өркениет даму жолының бағытын ұстанды.

В.Лениннің қазақ және тағы басқа шығыс халықтарының бөлініп шығуына қарсы екенін түбегейлі түсінген А.Байтұрсынов, Т.Рысқұловтар сынды қазақ зиялылары -адамзат көшінің табиғи тілегінен туындайтын әділетті жолды, яғни дербес ел болуды, тәуелсіз ел болуды, егеменді ел болуды ұсынды. Қазақтардың діннен, тілден айырылып қалмауын, ұлттық қасиеттерін жоғалтып алмауын көздеді.

Кеңес үкіметінің ұлт  істері бойынша комиссары қызметіндегі И.Сталиннің Қазақ қоғамына қатысты  істермен жақынырақ таныса бастауы 1918 жылдың наурыз айынан басталады. Осы  жылдың наурыз айының ортасында Алашорда үкіметінің тапсырмасымен Кеңес үкіметі басшыларына 2-ші жалпықазақ съезінің шешімдерін жеткізу үшін Оралдан Мәскеуге Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар келеді. Азамат соғысының босағасында тұрған Кеңес Үкіметіне қазақ автономияшыларымен ымыраға келу аса маңызды еді. В.И. Лениннің тапсыруы бойынша И. Сталин 19 наурыз күні Семеймен (Алашорда) телеграф арқылы хабарласып, Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары Халел Ғаббасовпен келіссөз жүргізеді. Кеңес Үкіметін атынан сөйлеген И. Сталин 2- ші жалпықазақ съезі қабылдаған шешім мен «Ресей халықтарының құқығы туралы декларацияның» (1917 ж.  3 қарашада қабылданған) өзара үндес екендігін мәлімдеп, осы жағдай Кеңес өкіметіне Алашорданы мойындауға негіз болатындығын білдіріп, өз ретінде Алашорданың Кеңес өкіметін мойындауын талап етеді. Алашорда Кеңесі Сталиннің ұсынысын талқылап, 1918 жылы 21 наурызда «Совет өкіметін Ресейдегі барлық автономиялы халықтардың кіндік өкіметі» ретінде мойындайтындығын білдіріп, өз ретінде «жалпықазақ – қырғыз съезінің қаулысы бойынша тоқтаусыз Алаш автономиясын» жариялайтындығын мәлімдейді [13].

Алаш мүшелерінің көпшілігі  мемлекет қызметіне тартылғанмен де, үкімет тарапынан әлі де болса  сенімсіздік көрсетіліп, соңдарынан астыртын бақылау орнату, қызметтерін  тексеру сияқты тәсілдер кеңінен қолданылды. Алаштықтарға қарсы құзырлы органдардың құпия іс - әрекеттерінің ұйымдастырылуы шолулық - талдамалық құжаттардан көрінеді. Елдегі жағдайды қадағалап отырғысы келген большевиктер жоғары билік орындары үшін кеңейтілген құжаттар кешенін даярлады [14].

Большевиктердің Алашқа қарсы 1925-1933 жылдардағы саяси қудалауы сот үдерістерімен аяқталды. Сот  үдерістері барысында жасалған құжаттар мен тағылған айыптар және олардың  өзгертілу, орындалу барысы арнайы қарастырылып, большевиктердің репрессияны орындаудағы көздеген мақсаттары талданылды. Қазақстан мен Орта Азия халықтарын «Шығыстағы революциялық дүниежүзілік революциясының резерві» деп қарастыратын большевик басқармасы осы аудандарда топтық қарсы тұрғандарға жасанды өрт қойып, идеологиялық ықпалын күшейтеді. Алаш интеллигенциясының іскерлігі ұлттық бірлікте және зорлық-зомбылықсыз негіздегі принциптерінде болды, большевизмге қарсы тұрған, оның идеясына тек жағымсыз пікірде болды. «Буржуазиялық ұлтшылдықпен» күрес үшін «ұлтшылдықтың» идеологиялық жолымен олардың саяси «әшкерелеуі» құралдарын және сондай түрлерін қолданылады. 1920 жылдардың басында келтіріп, 1930 жылдардың басына трагедиялық шешімге әкелген, большевиктік партия қолдарында орта ағыммен байланысты мемлекеттік билік, Қазақстанда ұлттық оппозициямен идеологиялық күресте алаш интеллигенциясының белгілі бір мақсатқа бағытталған ұйымшыл сипатын көрсетеді.

Бүгінде, 1920-жылдардың бірінші жартысында мемлекеттік мекемелерден және кеңес өкіметінің басқарма құрылымдарынан айдалған, Алаш-Орда қамқорлығы астында ұлт-азаттық қозғалыс қайраткерлері ағарту мен мәдени істерін жалғастырды. Белсенді қоғамдық-саяси өмірден шеттетiлсе де, дегенмен олар болып жатқан өзгерістерге қалыс қала алмады, бұған дәлел А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, А.Байдильдина, М.Тынышпаевтардың баспаларға шығуы. Кеңес өкіметінің отарлау саясаты наразылық бiле отырып, қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық өмiрі зорлық жолмен құрылды. Кеңес өкіметінің саясатын ұлттық интеллигенцияның рухани стратегиясы мен тактикасына, «Сана» журналында, «Ақжол» газетінде жарияланған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Болғанбаевтардың мақалаларында және жарияланымдарында ашық көрінді. Олардың позициясы Т.Рысқұлов пен М.Сұлтанғалиев, Заки Валиди, Мунаввара Кари және т.б.көсемдердің, Башқұртстан, Өзбекстан мен Татарстанның ұлттық интеллигенциясының көшбасшыларының саяси көзқарастарымен сәйкес келді.

Ал ендi Алаш қайраткерлерiнiң сотқа тартыла бастауы 20-шы жылдардың соңынан басталды. 1928 жылы «партияның сүйiктiсi» атанған Н.Бухарин Бүкiлодақтық комсомол съезiнде сөйлеген сөзiнде М.Жұмабаевқа «саяси сенiмсiз» деген айдар тағады. Мұндай мәлiметтi алдын-ала даярлаған оның досы Ф.Голощекин едi. Осыдан соң көп ұзамай Қазақстанда жалған кiнә тағу арқылы 44 бурынғы Алашорда қайраткерлерi тұтқындалды. Олардың iшiнде А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дұлатов, Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов және басқалар. Құрамында Х.Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, М.Тынышбаев, Ж.Ақпаев, А.Ермеков, М.Ауэзов, К.Кеменгеров бар Алаш интеллигенциясының келесi бiр тобы (40 адам) 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды. Көп ұзамай олардың 15-сi Ресейге жер аударылып, бiразы ұзақ мерзiмге лагерлерге отырғызылып, ал кейбiреулерi ату жазасына кесiлдi. Осылардың iшiнен бұл жолы тiрi қалғандары 1937-1938 жылдарғы «үлкен террор» барысында қайтадан репрессияға ұшрап, ақыры қаза болды. Бұл зиялылардың қатарында тiптi үш мәрте сотқа тартылғандары да болды. Мәселен, Әлiмхан Ермеков бiрiншi рет 1930-1932 жылдары, екiншi рет 1938-1947 жылдары, ал үшiншi рет 1948-1955 жылдары сот үкiмiмен лагерлерде отырып шықты. Толық емес мәләметтер бойынша саяси тұрғыдан репресияланған Алаш зиялыларының саны 300-ден асып жығылады [14, 135].

Алаш мүшелерін түгелдей қырып тастағанмен, олардың идеялары қазақ халқының санасында, жаужүрек перзенттерінің іс әрекетінде жалғасып жатты. Бұл ретте Алаш қайраткерлерінің елі үшін, жері үшін жасаған ерлігі бүгінде ақталды. Алаш идеяларын іске асырған қазақ зиялыларының ерліктері ұмытылмақ емес. Осы мақсатта Астана, Алматы және Семей қалаларында «Алаштану» ғылыми зерттеу орталықтарының жүргізіп жатқан жұмыстары тарихтың белгісіз беттерінің орнын толтыратындығы сөзсіз. Алаш қозғалысы кеңес өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. ХХ ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін алды патша өкіметінің өкілдерімен, соңы кеңестік өкімет билік басына келіп, большевиктермен күреске түскен Алаш идеясы – тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық, ұлттық сана өлмек емес.

Информация о работе 1930 жылдардың аяғындағы саяси қуғын-сүргіннің күшеюі