Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 11:38, научная работа
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын сарп еткен азаматтардың ұлт –азаттық қозғалысының тарихын қайта парақтап, шынайы түрде «ақтандақтарының» бетін ашып жаңа заман талабына сай зерделеудің маңызы зор. «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасуы тұжырымдамасында» Қазақстан тарихы ғылымы алдында тарихи iлiм-бiлiмнiң үзiктiлiгi мен бiржақтылығынан мүмкiндiгiнше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесiн жасау қажеттiгi айтылған еді. Міне осы міндеттерді шешу үрдісінде бітім бейнесі замана талабына сай келетін жаңа зерттеулердің қатары көбейуде.
КІРІСПЕ
І. Қазақстандағы үлкен террордың алғышарттары
Елдегі жаппай саяси қудалаудың бастау көздері
Алаш зиялыларына қарсы сот үдерістері
ІІ. 1930 жылдардың аяғындағы саяси қуғын-сүргіннің
күшеюі
2.1 Қазақстандық еңбекпен түзеу лагерлерінің жүйесі
2.2 Қазақ зиялыларының қудалануы
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сонымен қатар, ғылыми жобаны жазу барысында жасалынған жұмыстар негізінде төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
ХХ ғасыр, оның уақыты мен кеңістігі аясында өткен қоғамдық өмір – жалпы адамзаттың да, оның ішінде қазақ халқының да өмір тарихы, жүріп өткен жолы. Демек, өткен ғасыр – біздің өмірбаянымыздың, тарихымыздың бір бөлшегі. Ал ешқандай ұлт та, халық та, қоғам да жақсы, яки жаман болсын, өзінің өткен өмірінен, тарихынан ада-күде безе алмайды. Адам баласы да, қоғам да өзінің өткендегі кемшілігін қайталамауға, жақсылығын жалғастыра отырып жетілуге, дамуға ұмтылады, бұл – өмір заңдылығы. Шүкіршілік, жоғарыда айтылғандардың бәрі бүгінде тарихымыз болып артта қалды. Ғасыр соңында бабалар рухы қолдап, Қазақ елі тәуелсіздіктің көк туын көтеріп, өзін әлемге паш етті. Демократиялық жаңғыру мен егемендіктің аясындағы бүкіл іс-тіршілігіміз елдік пен ауызбірліктің, тұрақтылық пен бейбітшіліктің бастауы бола берсін деп тілейік. Рухы мықты елдің келешегі де мықты болады.
Біз, зерттелу тақырыбы бойынша саяси куғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларынының қудалану тарихын, қазақ жеріндегі орналасқан лагерьлер жүйесін жан-жақты толықтай қарастырдық деген ойдан аулақпыз. Өйткені, осындай мәнді де маңызды мәселені бір ғана диплом жұмыс көлеміне сыйдыру мүмкін емес. Дегенмен, мұрағат материалдары, тарихи оқулықтар мен ғалымдарымыздың ізденістері мен жинақталған материалдардың негізінде зерттеу жұмысымыздың мақсаты орындалды деп есептейміз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе 1930 жылдардың аяғындағы саяси қуғын-сүргіннің күшеюі