Қазақстандағы 1960-1970 жылдары 7-8 –бесжылдықтың орындалу нәтижесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2014 в 12:17, курсовая работа

Описание работы

¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміздің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды.

Содержание работы

КІРІСПЕ.............................................................................................................3

1. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының өнеркәсібін қайта құру........................................................................................................................7
2. Қазақстандағы тың жерлерді игерудің пайдасы мен зияны.....................11
2.1. Тың игеруге жаппай кірісу.......................................................................12
2.2. Тыңның алғашқы табыстары....................................................................13

3. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ аландары және ядролық сынақтардың экономикалық зардаптары.......................................................16
4. Қазақстандағы 1960-1970 жылдары 7-8 –бесжылдықтың орындалу нәтижесі.............................................................................................................20

4.1. 1946-1970 жылдардағы мәдениеттің дамуы және қазақтардың тарихын, дәстүрін, салтын, тілін ұмыта бастауының себептері..................21

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................27

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................28

Файлы: 1 файл

KURSOVAYa_ZhIBEK.doc

— 216.50 Кб (Скачать файл)

Сол баяндамасында Н.Ә.Назарбаев: "Тіл туралы мәселе халықтың "жан ашуы" сияқты бір ышқынар сөті. Біз сондай тығырыққа тірелген халықпыз. Бірақ үмітсіз емеспіз" деді. Оған қоса Қазақстанда қазақ топонимдерінің үштен бірі өзгертілді, жаңа ауыстырылған жасанды тіліміз бен рухани болмысымызға жат шығу тегі, қойылу тарихы күмәнді атаулар көбейді.

Қазақ жерінің Есіл, Нұра, Еремен, Атбасар, Қорғалжын, Теңіз, Сілеті атаулары ғана сақталып, қалған аймағы — Алексеев, Астрахань, Целиноград, Вишнев, Макин, Балкашин, Краснознамен, Красный флаг, Красный яр болып жалғасып кете барған осы олкенің тың игеру кезіндегі күнгейі мен көлеңкесі, қуанышы мен қасіреті қатар болғандығы рас. Шұрайлы шабындық, жасыл жайлау есепсіз жыртылып, аң ауып, құс ұясы бұзылды. Небір айнакөлдер тартьшып, бұлақ кездері бекітілді.

Халықтың тағдырына да тыңның тегеуріні нендей "сыйлық" бергенін жариялылықтың арасында ашық айта бастады. Туған халқымыздың әр перзентінің осыған жаны ауырады деді Н.Ә.Назарбаев. Ал жазушы С.Жүнісов әңгімелейді: 1) 1955 жыл еді. Тың игерудің нағыз басталған шағы. Осы науқан елдің берекесін қашырды. Жыртылмаған жер қалмады. Небір қасиетті орындар егіннің астыңда рәсуа болды. Ауылдарда ұрлық көбейді. Құлпы жоқ үйлерді түгел көшіріп әкеткен оқиғалар аз болмады. Ел бұзылды. Маскүнемдік етек алды. Қазақ әйелдері аузына арақ ала бастады.

Қорыта келгенде 1954-1960 жылдары жалпы Совет одағында 42 млн. гектар жер көтерілді. Мұның ішінде Қазақстанда 25 млн. гектар жаңа жер игерілді. Қазақ ССР-ында тың игерудің көлемі мен тиімділігі жөнінде мына цифрлар айғақ бола алады: тың игеру басталған 1954 жыддан 1978 жылға дейінгі мерзімге Қазақстанда 438,9 миллион тонна астық өндіріліп, оның 252,2 миллион тоннасы мемлекетке сатылды. Осы мерзімде Қазақстанның ауыл шаруашылығын, оның ішінде тынды дамытуда 21,2 миллиард теңге жұмсалды [8]

Астык сату айналымынан 27,2 млрд. сом алынды. Сөйтіп жұмсалған барлық еңбек пен шығьш барышпа қысқа мерзімге өтеліп, оның үстіне айтарлықтай пайдаға да қол жетті.

Тың игерілгенге дейін республикамыздың мемлекетке астық сатудағы үлес салмағы 4,6 процент мөлшерінде болса, 1978 жылы 12 процентке тең болды немесе қазақтардан орта есеппен жылына 1 млрд. пүт дерлік астық тасылып отырды. Республикада 2077 совхоз бен 415 колхоздың материаддық базасы едәуір нығайды.

Тың жер Қазақстанның өндірістік күштерін дамытуға, оиың экономикасын, ғьшымын, мәдениетінің өсуіне қуатты серпін берді.

Аса ірі өнеркәсіп тараптары пайда болды, жаңадан 90 қала соның ішінде бүкіл елімізге өйгілі Рудный, Екібастұз, Ермак, Кентау, Арқалық, Ақтау бой көтерді. Жаңа станоктарды машиналармен, тракторларды Павлодар (Кереку) шығара бастады.

Тың игеру үшін (1954-1959 жылдар) 1 млн. 450 мың адам, Қазақстанға қоныс аударды, оған қоса өздігінен келіп, қазақтың жақсы жерлеріне қоныстанушылар 1 млн. адам еді. Әскери жабық қалаларға ведомствоаралық өктемдіктің ұйғаруымен тағы сол сияқты құйтырқы әдістермен көшіп келгендер 1 млн. 300 мың адамнан асады.

Олар ең алдымен 1937 жылы сонау Қиыр Шығыстан 95 мың кәрістерді отбасыларымен көшіріп әкедді. Олар негізінен Сыр мен Жетісу өңіріне орнықты. Содан 1940-1941 жылдары Батыс шекарадан 105 мың поляктарды осында жер аударды [8].

Соғыс басталысымен Еділ бойында ғасырдан астам қоныс теуіп отырған бір миллионнан аса немісті шығысқа көшірді, соның 400 мыңы Қазақстанға келді. Бұл үлкен кештің басы ғана еді. Қазақстанға қаулаған босқындар шеруі молая түсті. Енді олар Кавказдан қопарылды. 1943 жылы екі мыңнан астам қалмақтар мен 30 мың қарашайлар, 1944 жылы Қырым татарлары мен балкарлар (18 мыңнан аса) осында өкелінді. Осы жылы ең саны көп екі халық қиянат-бейнеттен кемпір шаддарын, шиетгей балаларын алып қақаған қыс ішіңде жүк таситын ағаш вагондарға сығылысып (мындаған адам жолда жан тапсырды) қазақ жеріне 310 мың шешендер мен 79 мың ингуштер жер аударыдды.

Оларға қоса грекгер, курдтар, грузин-месхеттер, түріктер мың-мыңдап айдалып әкелінді. Ең ақыры 1948-1956 жылдары бұрынғы "басмашылар" мен "власовшылар" да осы Қазақстанға жіберілді ғой. Сонымен бас аяғы осылай күшпен зорлықпен көшірілген халықтың саны 974 мыңға жетті. Бір миллион адам қазақтың нан-суына ортақ болды. Оның үстіне соғыс кезінде жау қолында қалған жерлерден бір жарым миллион адам жан сақтауға көшіп келді. Сейтіп, соғыс кезіңце сырттан, басқа жақтардан екі жарым миллион халық келіп қазақ еліне қоныстанған. Өзі екі миллионнан асар аспас қазаққа екі жарым миллион бөтен жүрт қосылғасын, араласқасын не болсын! Осының бәріне ақ көңіл, қонақ-пейіл қазақ көнді, шыдады. Сол жат адамдармен түсінісіп тіл тауып, араласып кетті. Ешқандай ұлтаралық жанжалдар болған емес. Кейін өз еліне қайтқан шешендер бұрын Қазақстанда жүргенде Кавказ тауы түсімізге кіруші еді, енді мұнда қазақ даласы түсімізден шықпайды дейтін болды. Олардың бәрі де қазақ мейірбандылығын ұмытар емес [9; 111 – 112].

3. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ аландары және ядролық сынақтардың экологаялық зардаптары

 

1946-1990 жылдары Қазақстан территориясында  Семей, Капустин яр, Азғыр т.б. полигондар жұмыс істеді. Арнайы деректерге сүйенсек, ядролық сынақ полигонының ең ірісі Семей полигоны болды. Қазақстан республикасына Кеңес Одағынан мұра болып қалған Семей ядролық сынақ полигоны адамдар денсаулығына, сондай-ақ аймақтың табиғи ортасына үлкен зардаптарын тигізді.

Семей полигонында плутоний бомбасының бірінші жарылысы 1949 жылғы 29 тамызда, демек тура 55 жыл бұрын болды. Сынақтар екі бірдей ұрпақтың өмірі бойы жалғасып келдін Полигондағы 500 — ден астам құрылғылардың жарылыстары Семей аймағы тұрғындарына ғана емес, соны мен қатар полигоннан алыста жатқан жерлердің тұрғындарына да үлкен зардап әкелді.

Осы полигондағы 40 жылға созылған сынақтар кезінде 18 500 шаршы километр, көлемінде жарылыстар болды, олардың қуаты 17 400 000 тринитротолуолға баланады. 1949-1963 жылдар аралығында барлық 116 жарылыс ауада және жер бетіңде жасалды. 1963 жылы Кеңес Одағы Ауада, ғарыш кеңестігінде және су астында ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы Шартқа кол қойған соң (1963 жылғы 5 мамыр) жарылыстар жер астында жасалды [10].

Осы сынақтар нәтижесінде Балапан атты "атом өзені" пайда болып, ауаға радиоактивтік газдар тарады. Жалпы бүл сынақтар Қазақстанның кең аумағында радиоактивтік ластану дәрежесінің өсуіне әкелді. Жер асты сынақтары сондай-ақ экологиялық тепе-тендікті бұзып, бүгінге дейін жасалып отырған шелейттену процесіне әкеліп соқты.

Сынақтар соңдай-ақ тұрғын халық денсаулығының тез де үмітсіз нашарлауына өкелді. Түрлі аурулар, оның ішінде ісік аурулары, сынақтардан кейін болған радиацияға байланысты екендігі күмәнсіз. Алайда бұл аймақ тұрғындарына Семей ядролық сынақ полигонының әсері тек радиациялық сәуле алу ғана болмай отыр.

Осы мерзім ішінде Семей аумағы ядролық полигонға экономикалық тұрғыда тәуелді күйге ұшырады. Полигон жұмыс жасап тұрғанда онда 400 000 адам қызмет етті.

Халықаралық қауымдастық тарапынан ерекше назар аударылуы тиіс Семей аймағының проблемаларын төрт тұрғыда айту керек. Бұл — қоршаған орта мен экология 2) денсаулық қорғау 3) экономикалық қайта қалпына келтіру және 4) гуманитарлық көмек [10; 331].

Ядролық сынақтардың экологияға, қоршаған орта мен ауыл шаруашылығына әсері мен салдарлары үлкен опат еді. Қаруды сынау ауыл шаруашылығы жерлерінің, табиғаттың, экологияның және дәстүрлі өмір сүру салтының жоғалуына әкелді. Сынақтарды жүргізу барысында тұрғындарға қажетті қоршаған орта, ауыз су, тағам және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы туралы қажетті ақпарат болмады.

Біздің әлі күнге дейін ядролық сынақтардың қоршаған ортаға әсері туралы тура ақпаратымыз жоқ. Белгілісі, 4500 шаршы километ ржер 137-цезиймен, 90-стронциймен уланған, оның үстіне бұл металдардың қордалануы Қазақстан зандарымен бекітілген нормадан едәуір жоғары. Оның үстіне полигоннан алшақ жатқан жерлердің, таулар мен сулардың цезий және стронциймен уланғандығы дәлелденді.

II. Ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне 1,6 млн. адам ұшырады. Полигон әсер ететін аймақта бүкіл Семей және Павлодар облыстары, Шығыс Қазақстан облысының үлкен бөлігі, Қарағанды облысының кейбір аудандары болғандығын естен шығармау қажет. Басқаша айтқанда, бүл жерде әңгіме бүкіл Шығыс және Орталық Қазақстан аумағы туралы болып отыр. Бүл облыстарда ісік аурулары мен оның салдарынан адам өлімі 1,5 есе артып отыр. Әсіресе, өкпе, тамақ, асқазан, сүт бездері ісіктері мен кан түйіршіктерінің ағаруы аурулары көптеп кездеседі.

Оның үстіне басқа да аурулар, қан айналымы, ас қорыту, дем алу жүйелерінің эңцрокринологиялық, ганекологиялық қанның ісік емес, катаракта аурулары бар Семей облысында иммунитет жүйесінің бұзылуы көптеп байқалады. Мұның әсері А және В сары ауруы, туберкулездің кең тарауына өкелген [10; 332].

III. Өкінішке орай, полигонды салу мен пайдалану жергілікті экономикаға да үлкен шығын әкелді. Кеңес Одағының құлауы орналасқан жері бойынша 240 миллион адамның орталық рыногы болып табылатын полигонның аяқ астынан экономикалық тұрғыда шет қалуын білдірді. Кеңес Одағы әскери күштері тарапынан сұраныстардың болмауы салдарынан бұл аймақтағы өскер үшін тамақ пен киім дайындайтын көптеген ірі кәсіпорындар маңызын жоғалтты. Бұл өз кезегінде жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметін тоқтатты. Семей аумағындағы ауал мемлекеттің экономикалық қызметі ортасында болған адамдардың бүгінде жұмыс таба алмай сандалуы кезінде шиеленісіп отыр.

Тұжырымдай келе, сынақ полигонын басқарған құпия әскери кешен, яғни, 52605 әскери бөлімшесінің атқарған істері, — негізгі экологиялық дағдарыстың негізгі себептері.

Сол сияқты 50 жылдары жергілікті ұлт өкілдерінің көптеген топтарына тәжірибе жасағаны белгілі болды.

Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692 көбейді, ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден мендеген.

Елу жылдан аса уақыт бойы Қазақстанның Батыс өңіріңде радиацияның қара бұлтын төндіріп келген "Капустин Яр" полигоны туралы 1992 жылға дейін көпшілік ештеңе білген жоқ. Ел аузында "әскери зона" атты үрейлі жүмбақ аты ғана жүретін. Тек "Нарын қозғалысы" өмірге келгеннен кейін ғана кептеген құпия мәліметтер бізге белгілі болды [11; 222].

Елу жыл ішіндегі 11 ядролық жарылыс (бізге белгілі болып отырған) кезінде 24 мыңнан астам зенитті басқару зымырандары (1993 жылғы мәлімет) ұшырылып жарылды. Соңғы жылдары аса қуатты СС-300 зымыран кешендері сынақтан өткізіліп жатыр. Жаңа 177 қарулану үлгісі мен жауынгерлік техника сыналды. Полигонда Ресей армиясының сан мындаған бөлімшелерінің өскери жаттығулары өтеді. Осы сынақтардың барлығы Батыс Қазақстан жерінде желдің бағыты Еділ жақ беттен ескен кезде жүзеге асырьвіып отырған. Осының салдарынан аймақтың экологиясы нашарлап кетті. Аймақтың едәуір бөлігі радионуклидтермен, ауыр металдармен, бірінші класты — нәрсе гептилмен, сондай-ақ кадминмен, мыспен, қорғасынмен шамадан көп зақымдавды. Атмосфераға көптеген химиялық қосындылар лақтырылды: амоний, хлор қышқылы, хлор сутегі. Бұлар жарылыстардың өнімдері болып келеді.

Полигондар Қазақстанның кең байтақ алқабының экологиялық ортасын күйретті. Шағын көлдер, су көздері жоғалып кетті. Үстеріңде ракеталар мен ұшақтар жойылып, әскери зарядтар сынақтан өтетін "құлау аймақтары" біздің кең даламызды қу медиен әлі алқаптарға айналдыруда. Радиация мен зиянды заттардың бірлескен өсері қатерлі аурулармен ауыратын адамдардың, сондай-ақ жануарлар санының апатты мелшерге дейін көбеюіне әкеліп соқтырды [12; 121].

Соңғы онжылдықта "Капустин Яр" жүйесіндегі полигондарға жақын жатқан аудан тұрғындарының денсаулық жағдайы Семей полигоны маңындағы аудандардағыдан анағүрлым нашар. Халықтың гендік қорына нақты қатер төніп, ол үздіксіз жалғасуда.

Полигондардың тоталитарлық режимнен, казармалық социализм кезеңінен Қазақстанға қалған ауыр мұра екендігі жақсы белгілі. "Капустин Яр" полигоны әрекет етіп тұрған елу жылдық кезең — біздің халқымыздың өміріндегі қорқынышты да, қасіретті уақыт, Қазақстанның таяу және алыс шетелдер үшін белгісіз болып келген тарихы.

Түстігі мен өрістігінен жоғарыда аталған екі полигон қос қыспаққа алған азғырлықтарды ортасынан ойып тұрып қоныс тепкен (Азғыр селосының дәл өзінде орналасқан) Оңтүстік сейсмикалық сынақтармен шұғылданатын КСРОатом энергиясы мен өнеркәсіп министрлігіне қарайтын Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу экспериментальды "Оңтүстік сейсмикалық экспедиция" дейтін мекемесі 1964 жылы құпия келіп қоныстанған еді. Артынша жергілікті тұрғындардан жасырын жағдайда жер асты ядролық сынақтарын жүргізіле бастады. Экспедицияның он арнайы сынау нүктелері болды.

"Азғыр" полигонындағы "Галит" деген учаскелердің радиоактивтілігі тым жоғары екені, ал А — 1 алаңцағы скважина арқылы жер астынан әлі күнге дейін строниций, цезий, плутоний, радионуклиттері ашық ауаға тарап жатқаны анықталды.

Бұл полигондағы екінші алаңда 17 рет атом қаруы сыналған. Алғашқы жарылыс Азғыр ауданынан 300 метр терендікте жүргізілген. Сол сәтте жер бетіне 190 мың кюрий радиоактивті газ 20 тәулікке дейін сақталынып тұрды.

Одан кейін жарылыстар кезінде де 11 ай бойы бұл жер ажал уын аяусыз бүркіп жатқаны мәлім. Атом мамандарының айтуы бойынша (8 құпия жарылыстың деректерін қоспағанда) осы кезең ішінде 10 млн. кюрий улы газ тараған екен .

Атырау облыстық экология және биоресурстар бас басқармасының деректері бойынша, "Балқұлық" шаруашылығында тексеруден өткізілген құдықтардың ешқайсысы тиісті санитарлық талапқа сай келмеген, олардан ауыз су алып ішу адам өміріне, келер ұрпақтың деніне өте қатерлі екен. Сөйте түра, жергілікті тұрғындар, малшылар мен шопандар қауымы осы улы құдықтардың суына қанағат қылып отыр.

Информация о работе Қазақстандағы 1960-1970 жылдары 7-8 –бесжылдықтың орындалу нәтижесі