Қазақстандағы 1960-1970 жылдары 7-8 –бесжылдықтың орындалу нәтижесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2014 в 12:17, курсовая работа

Описание работы

¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміздің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды.

Содержание работы

КІРІСПЕ.............................................................................................................3

1. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының өнеркәсібін қайта құру........................................................................................................................7
2. Қазақстандағы тың жерлерді игерудің пайдасы мен зияны.....................11
2.1. Тың игеруге жаппай кірісу.......................................................................12
2.2. Тыңның алғашқы табыстары....................................................................13

3. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ аландары және ядролық сынақтардың экономикалық зардаптары.......................................................16
4. Қазақстандағы 1960-1970 жылдары 7-8 –бесжылдықтың орындалу нәтижесі.............................................................................................................20

4.1. 1946-1970 жылдардағы мәдениеттің дамуы және қазақтардың тарихын, дәстүрін, салтын, тілін ұмыта бастауының себептері..................21

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................27

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................28

Файлы: 1 файл

KURSOVAYa_ZhIBEK.doc

— 216.50 Кб (Скачать файл)

Мамандардың тілімен айтқанда, радиоактивті газдың бұндай көлемі табиғатқа және адамдардың өміріне үлкен қауіп төндіруге жетеді [12; 125].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Қазақстандағы 1960-1970 жылдардағы жетінші, сегізінші бесжылдықтың орындалу нәтижесі

 

1960—1985 жылдар аралығындағы 13 жыл Қазақстанның тың игеру аудандарында құрғақшылық болды. Экономикалық құлдырау, экологаяның бұзылуы, материалдық, энергиялық шығындардың бәрі астық өнімділігінін күрт төмеңдеуіне әкеп соқты. Бақылаусыз көшіп-қонудың салдарынан республикадағы жергілікті халықтың саны 30%-ке азайды. Осының нәтижесінде тың игеру қазақ ұлтына функционалдық дамуында және әлеуметтік-мәдени дамуында қауіп төндірді.

60-шы жылдардың басында Н.Хрущевтың бітпейтін тізбектелген ойсыз ұйымдар құруы, партияның мемлекет басқару жүйесіндегі кейбір адамдарының наразылығын тудырды. Бұның бәрі өкіметтің өзгеруіне әкеп соқты. Жаңа партия басшылығы Л.И.Брежневтің басқаруымен, кезекті басқару системасын қысқа мерзім арасында күшіне ендірді. Бұның нәтижесінде: 8-ші бесжылдықта (1966-1970 жж.) КСРО тарихында экономикада жоспар елеулі орындалды. Бұл кезең біздің республика үшін де өте тиімді бодды. Жалпы қоғамдық азық-түлік 1,5 есе өсті. Өндіріс өнімдерінің көлемі 1,6 есе асты. Энергия да қарқынды дамыды. Республика металлургиялы елге айналып, қара және түсті мегаллургия, химиялық өңдіріс жан-жақты дамыды. Республикада мынаңдай метадцар шығарылды: мырыш, қорғасынның 30%-тен 70%-ке дейін Қазақстанның үлесіне тиді. Оңтүстік Қазақстанда КСРО-ның есебі бойынша 30%-тен астам фосфориттің қоры табылды. Осының базасында салынған заводтар жалпы одақтық өндіріске 90% фосфорын берді. Ауыл шаруашылығында да кейбір өзгерістер болды. 60-шы жылдардың екінші жартысында жалпы енім 28%-ін құрады. Республика ауыл шаруашылық ауданға айналды. Одақ көлемінде өндірілген өнімнің 11% ауыл шаруашылығы өнімін берді. Он тонна жүннің өрбір 4 тонна жүні, ербір 100 тонна еттің 12 тоннасы, әрбір 100 тонна астықтың КСРО көлемінде 5 тоннасын Қазақстан мемлекетке тапсырып отырды [13; 55-57].

Дегенмен, 1956 жылы шаруашылық реформа тек жеке экономикалық басқаруға ғана қатысты болды да, ал басқа шаруашылықтарда тартылмады.

Шаруашылық есеп бағыты бірте-бірте тар көлемде бір жақты, сыңар жақты болып дамыды.

70-ші жылдарға тән ғылыми әдістердің басқаруы формальдық, бюрокарттық тұрғыда болды. Ел басшылығын мадақтау, кемшілікті жасырып қою, іс жүзінде кеңінен етек адды. Сөз бен іс аралығының алшақтығы, әлеуметтік шындықты бұзу, шындықты бұрмалау, қабылданған шешімнің орындалмауы қоғамның қалыпты дамуына, экономикасына, мәдениетіне, ғылымына кедергі жасады. Халықаралық қатынастар шиеленісті. Көптеген жазушылар, музыканттар, артистер, суретшілер өздерінің көзқарастарын еркін білдіруге мүмкіндіктері болмады. Олар Совет одағынан кетуге және шет елдерде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Дегенмен бұл кезеңде республикада экономиканың және мәдениетіің дамуы жүріп жатты. Жүздеген өнеркәсіп орындары іске қосыдды. Аз уақыттың ішінде Маңғышлақта мұнай-газ игерілді. Өндірілген өнімнің жалпы көлемі екі есе көбейді. Жалпыға бірдей орта білім беру, мәдени мекемелер, жаңа жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелердің саны көбейді [13; 60].

4.1. 1946-1970 жылдардағы мәдениеттің дамуы және қазақтардың тарихын, дәстүрін, салтын, тілін ұмыта бастауының себептері

 

  Соғыстан кейінгі жылдарда мәдениетгің материалдық базасы әлсіз болды. Соғыс аддындығы жылдардағы оқымыс тьшардың үлкен тобының құртылуы, олардың бір қатарының майданнан оралмай қалуыда мәдениеттің алға басуына көп кедергісін тигізді. Компартияның мәдениет қайраткерлерін қудалауды жалғастыра беруі себептерінен мәдени салаларды кадрлармен қамгамасыз етілуі төмен болды. 50- жылдар ішіңде мәдениетті дамытудың жағдайы біртіндеп түзеле бастады.

1946 жылдың маусым айында КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының негізінде Қазақ КСР ҒА—ның құрылуы республиканың мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Қазақстанда ғылымды дамытуға көрнекті орыс ғалымдары С.И.Вавилов, И.П.Бардин, А.М.Панкратова және басқалары ұйымдастырушылық көмек көрсетті. Академияның тұңғыш президенті болып көрнекті ғалым, Қазақстандағы ғылымды ұйымдастырушы Қаныш Имантайүлы Сатпаев сайланды.

Ғылым Академиясы құрылғаннан кейінгі жылдарда Қазақстан ғалымдары жемісті еңбек етті. Қазақ КСР ҒА-ның ғылыми мекемелері 1946—1949 жылдары халық шаруашылығына енгізу үшін 900-ден астам ұсыныс пен зерттеу ұсынды. Минерал, шикі заттар, кен орындарын табиғатта таралу заңдылықтарын ашып, болжамды металлогендік карта жасағаны үшін Қ.И. Сатпаев бастаған бір топ ғалымға Лениндік сыйлық берілді.

50-жылдар ішінде Қазақстанда  қоғамдық салаларының базасы  недәуір кеңейтілді. ҚазМУ-де философия  факультеті ашылды. 1958-ші жылы  Қазақ КСР ҒА-ның философия  және құқық иниституты құрылды.

1950 жылдың аяғына қарай ҚКСР ҒА-ның жүйесінде 50 ғылыми-зерттеу мекемесі, оның ішінде 19 институт, 13 сектор, 2 музей, обсерватория, 3 ботаника бағы мен 8 ғылыми база жұмыс істеді.

Академия жүйесінде жаңа институттар — физика, техника, экономика, Алтай Кен, металлургия институттары, космос сәулелері лабораториясы, Астроботаника секторы ашылды. 1957 жылдан бастап ядролық физика саласында зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады, физика-техникалық институты ядро-физика институты болып қайта құрылды, атом реакторы мен циклотроны салына бастады.

1947 жылы Мұхтар Әуезов "Абай" романының екі кітабын жазып бітірді. Шығарма КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. 1955 жылы жазушының іргелі туындысының жалғасы — "Абай жолы" эпопеясы дүниеге келді. Бұл шығарма автордың ғана емес, кеп жанрлы қазақ әдебиетінің жетістігі деп есептелді. Қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы Абайдың шырғалаңы көп, күрес пен ізденіске толы өмір жолы романда халықтың өмірімен етене байланысты суреттелді. 1959 жылы М. Әуезовке әдебиет пен өнер сала-сындағы Лениндік сыйлықтың берілуі "Абай жолы" эпопеясының мәдени, коркемдік және ғылыми-танымдық маңызын бағалау болды[14; 229].

Ғабит Мүсіреповтың "Оянған өлке" романы 50-жылдардағы ұлттық прозаның жетістігінің бірі болды. Романды жазушы нанымды көркем бейнелер арқылы қазақ даласындағы өзгерістерді — ұлттық жұмысшы табының қалыптасуын, дала өміріндегі жаңалықтарды, ғасырлар бойы орныққан дәстүрлердің жалғастық табуын тарихи нағыздық шеңберінде, психологиялық терендікпен суреттеді.

Көрнекті қазақ жазушысы Сәбит Мұқанов "Сырдария" романында замандастарының өмірін, еңбегін, арман-мақсаттарын бейнеледі. "Өмір мектебі" трилогиясында жазушы ауызекі әңгіме, өмірбаяндық сыр шерту дәстүрін жалғастыра отырып, туған халқының тарихи жолына өз түсінігінше баға берді.

Ғ. Мұстафин бұл жылдары жемісті еңбек етті. 1949 жылы Мәскеуде өткен қазақ кеңес әдебиетінің онкүндігінде орыс тіліне аударылған "Шығанақ", "Миллионер" повестері әдеби қауымның назарын аудартты. Кейіннен автор тарихи тақырыптарға қалам тартып, "Қарағанды", "Дауылдан кейін" романдарын жазды [14; 150].

50-жылдарда қазақ поэзиясы неғұрлым бай және алуан түрлі бола бастады. Бұл жылдары кернекті қазақ ақыны Әбділда Тәжібаев бір қатар поэзиялық циклдер, сатиралық "Шайтан" поэмасын, терең философиялық мәні бар, "Портреттер" поэмасын жазды. Х.Ерғалиевтың "Біздің ауылдың қызы", "Қүрманғазы", Т.Жароковтың "Жапанды орман жаңғыртты", Қ.Бекқожиннің "МарияЖагор қызы", Ж.Молдағалиевтың "Ән туралы ән" поэмалары қазақ кеңес поэзиясының алтын қорына қосылды.

Қазақстанның 50-жылдардағы әдеби өмірі республикада тұратын орыс, ұйғыр, кәріс, неміс жазушыларының шығармаларымен толығырақ сипатталады. И.Шуховтың "Тың игерушілер" атты очерктер кітабы одаққа танымал шығарма болды. Н.Ановтың, ААнаньевтың, С.Мартьяновтың, И.Шеголихинның есімдері кең танымал бола бастады. Ұйғыр жазушысы X. Абдуллин "Гүлстан" повесін жазды. К.Хасанов ұйғыр драматургиясын жасауда көп еңбек етті. Ким Кван Хен бастаған кәріс жазушыларының дарынды тобы әдебиет сахнасынан көзге іліге бастады [15; 222].

 Ол кездегі өзге Кеңес  жазушылары сияқты Қазақстан қаламгерлері де Коммунистік партияға иланып, елдің боламасына сеніммен қарады. Сондықтан олар революцияны, социалистік құрылыс өкелген жаңалықтарды шабытпен жырлады, болыпевиктік қайраткерлердің ұнамды бейнелерін жасады. Халықтар достығы тақырыбы өмірдің өз ағысынан туындап көркем шығармаларға өзек болып жатгы. Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптаған КОКП-ның жиырмасыншы құрылтайынан кейін әділетсіз жазаға ұшыраған С.Сейфуллинің, Б. Майлиннің, І.Жансүгіровтың есімдері қайта қалпына келтірілді. Алайда, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов секілді аса көрнекті ақын-жазушылар мен ірілі-уақты жүздеген ақын-жазушылардың есімдері ақталмады. Олардың көркем туындылары республика оқырмандарының қолына тие қоймады.

Қазақстанда да жалпыға бірдей міндетті орта білім беру жүйесі енгізілді. Республикада 9 мыңға жуық мектеп, 55 жоғары және 240 орта арнаулы білім беретін оқу орындары жұмыс істейді, бұларда республиканың 7 жастан жоғарғы әрбір 2-тұрғыны оқиды. Республиканың әр 10 мың тұрғынына 169 студенттен келді. Алматы, Қарағанды, Қостанай, Целиноград, Семей, Жамбыл қалалары жоғары оқу ордаларының ірі орталықтарына айналды. Мәдениет сарайлары, театрлар, музейлер, клубтар, кітапханалар қала мен село еңбекшілеріне қызмет етті. Телевизия кең көлемде жұмыс істеді, республика түгел радио хабарымен қамтылды.

Республика баспаларында жылына 29 млн. данаға жуық тиражбен 2300-ден астам кітап шығарылды. Қазақ, орыс, ұйғыр, неміс және кәріс тілдерінде бір жолғы тиражы 5 млн. данадан астам 427 газет шықты [16; 231].

Қазақ әдебиетшілерінің көптеген шығармалары одақтық жене шетелдік оқырмавдардың игілігіне айналды. Қазақ совет әдебиетін дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін Ғабит Мүсіреповке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ә.Нүрпейісовтың осы жыддары аяқталған "Қан мен тер" трилогиясы, Әзілхан Нүршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" романдиалогы, ақын Ж.Молдағалиевтің творчестволық табысы КСРО Мемлекетгік сыйлықтарына ие болды. Республикамызда театр өнері жоғары кәсіби шеберлікпен даму үстінде. Ә.Нүрпейісовтың романы бойынша Қазақ драма театры қойған "Қан мен тер" спектакліне СССР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Композиторлар С.Мүхамеджанов, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, Н.Тілендиев өздерінің тамаша шығармаларымен қазақ музыкасын байыта түсті; Ұйғыр композиторы Қ.Қожамьяров, дүнген Б.Баяхунов жемісті еңбек етті. КСРО Мемлекеттік сыйлықтарына Абай атындағы мемлекетгік академиялық опера және балет театрының әншілері Е. Серкебаев пен Б. Төлегенова ие болды, "Алматы жас балеті", "Гүлдер", "Досмұқасан" атты коллективтер артистершің есімдері республикадан тыс жерлерге де өйгілі. Р.Рымбаеваның, Ә.Дінішевтің, дирижер Н.Тілендиевтің өнерлері кең танымал. Кино көрермендері "Қазақфильм" студиясының "Мәншүк туралы өн", "Атаманның ақыры", "Қыз Жібек", "Транссібір экспресі", "Ана туралы аңыз" сияқты фильмдерімен танысты. "Қан мен тер", "Даладағы дабыл", "Алатаудың күміс мүйіздері" атты фильмдер одақтық экранға шығарылды [15]

Совет адамдары өмірінің сан қырлылығы — Қазақстан қыл қалам, графика мен монументгі онер шеберлерінің негізгі тақырыбы. КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі Қ.Телжановқа СССР Халық суретшісі деген құрметті атақ берілді, Ү.Әжиев ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Лейпцигте өткен кітап өнерінің халықаралық көрмесінде графикші Е.Сидоркиннің творчествосы алтын медальмен атап өтілді. Қазақстан сәулетшілері зор табысқа жетті. Олардың жоба үлгісімен Совет Үкіметі жылдарында 66 қала тұрғызылып, республика қалалары көркейе түсті. Алматыдағы "Медеу" спорт комплексін, "Қазақстан" көп қабатты қонақ үйін, "Достық үйін", республика атындағы алаң ансамблінің жобасын жасаған архитекторлар жоғары наградаларға ие болды. Архитекторлар мен құрылысшылар Қарағандыда, Өскеменде, Павлодарда, Целиноградта, республиканың басқа да қалаларыңда тамаша архитектуралық құрылыстар, ансамбльдер, аландар салды.

Ғылыми мекемелердің сан-салалы жүйесін қамтитын Қазақстан ғылымы мықтап дамыды. Республика ғалымдары микро әлемнен бастап космосқа дейінгі аралықты қамтитын осы заманғы ғылымның барлық бағыттары бойынша зерттеулер жүргізіп, Совет Одағының, Социалистік елдер мен капиталистік дүниенің көптеген ғылыми мекемелерімен байланыс жасайды. Қазақстан ғалымдары жұмыстары арасында клетка ішіндегі бөлшектердің жаңа класын — өсімдік клеткасындағы информосты ашу елімізде лайықты бағасын алды (бір топ совет ғалымдарына, солардың арасында ССР ҒА-ның академигі М. Айтхожинға Лениңдік сыйлық берілді); 4 млн. сомнан астам экономикалық тиімділік берген "Карагандауголь" өндірістік бірлестігінің шахта аландарын аршуды тиімді жобалаудың автоматты жүйесі енгізілді; СССР ҒА-ның академигі, ҚазССР ҒА-ның президенті А. Қонаевтың басшылығымен (дүние жүзінде 1-рет) түсті металды вакуумдық тазарту процесі жасадды, қорғасын өндірісінін жартылай шикізатынан рений алудың технологисясы игерілді; СССР-де 1 -рет галий өндірудің өндірістік тәсілі жасалды; "Қазақ ССР-інің Қызыл кітабы" шығарылды; Қазақ ССР-і топырағының картасы жасалды; егіншіліктің жаңа топырақ қорғау жүйесін жасау жөнінде жұмыстар жүргізілді: ҚазақССР ҒА-ның акад. Н.Д.Беклемишев бастаған қазақстандық аллерголоітардың зертгеулеріне ҚазССР Мемлекеттік сыйлығы берілді [17 -18].

ҚазССР-і дүние жүзінің 82 елімен экономикалық жағынан, ғылыми-техникалық жағынан — 65, мәдениет бойынша — 97 елімен байланыс жасады. Қазақстан дүние жүзі сауда рыногына 300-ден астам өнім түрлерін шығарды. Тек қана түсті металлургия өнімдерінің өзі Европа, Азия және Африканың 20 мемлекетіне экспортқа шығарылды. Республика өкілдері Европаның, Азияның, Африка мен Латын Америкасының 65 елінің халқына экономикалық және ғылыми-техникалық жағынан көмек көрсетті. Қазақстанға, оның қол жеткен табыстарына ынта қойып қараушылық республикада өткізіліп жүрген халықаралық конференциялардан, СЭВ-тің, ЮНЕСКО-ның, Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының симпозиумдары мен семинарларынан, халықаралық қоғамдық ұйымдардың, ғылыми және творчестволық одақтардың кездесулерінен айқын байқалды. Бірақта қазақ халқының керкем әдебиеттегі ұллтық ерекшелігі жойыла бастады. Қазақ тілінің қоғамдық міндеті тарылды. Әдебиет пен өнердегі ұлттық жанры өше бастады.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының жойылуға аз қалғаны туралы дерек ретінде Н.Ә.Назарбаевтың "Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсьш" — атты еңбегінен үзіндіде:

"Сөз жоқ, ұлттық мәдениеттің құлдырауы қоғамдық кері кетушілікке апарар еді.

Өзінің баяндамаларының бірінде Брежневтің кемелденген социализм заманында Кеңес Одағы халықтарының ұлттық мәдениетінің әрқайсысы алмастың қырлары сияқты өзіне тән қайталанбас бояуымен құлпырып шыға келді, деп мәлімдегені есімде. Іс жүзінде нақ сол жылдары қазақтардың өздерінің сан ғасырлық тарихын, дәстүрін, салтын, тілін ұмытуы үшін қолдан келгеннің бәрі жасалғаны жасырын емес. Өз басым кеңес тарихшыларының бағзы заманның істерін, ежелгі дүниенің мағлұматын партиялық пайымның қатаң құндағына салуға өрекеттеніп, тарихты әлденеше қайтара көшіріп жазғанына әрдайым таңырқаумен көлемін. Есімдері жадымызда жатталып қалған даңқты бабаларымыздың ерлігі мен ісі жайлы байыпты тарихи зерттеулер жүргізу қайда, тіпті баспасөздің өзінде оларды ауызға алудың езіне тыйым салынды. Өткеніміздің кептеген парақтарына жүйенің қалт етпес қолымен "феодалдық сарқыншақтар" немесе "ұлтшылдық" деген таңба соғыдды. Халықтың рухани дүниесін құрту арқылы жүйе бәрімізді мәңгүртке айналдыруға тырысып бақты. Әйтпесе, болыпевиктердің еліміздегі ұлттық ерекшелік біткеннің тамырына балта шауып, олардың өз сөзімен айтқанда, "ұлттардың ұласуына" қол жеткізуге және халықтардың санасына адамдардың жаңа қауымдастығы — кеңес халқының дүниеге келгені туралы тұжырымын сіңіруге, сөйтіп өздерінің есер ниеттерір іске асыруға тырысқан әрекеттерін немен түсіндіреміз?" [19-20]

Информация о работе Қазақстандағы 1960-1970 жылдары 7-8 –бесжылдықтың орындалу нәтижесі