Қазақстандағы 1960-1970 жылдары 7-8 –бесжылдықтың орындалу нәтижесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2014 в 12:17, курсовая работа

Описание работы

¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміздің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды.

Содержание работы

КІРІСПЕ.............................................................................................................3

1. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының өнеркәсібін қайта құру........................................................................................................................7
2. Қазақстандағы тың жерлерді игерудің пайдасы мен зияны.....................11
2.1. Тың игеруге жаппай кірісу.......................................................................12
2.2. Тыңның алғашқы табыстары....................................................................13

3. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ аландары және ядролық сынақтардың экономикалық зардаптары.......................................................16
4. Қазақстандағы 1960-1970 жылдары 7-8 –бесжылдықтың орындалу нәтижесі.............................................................................................................20

4.1. 1946-1970 жылдардағы мәдениеттің дамуы және қазақтардың тарихын, дәстүрін, салтын, тілін ұмыта бастауының себептері..................21

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................27

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................28

Файлы: 1 файл

KURSOVAYa_ZhIBEK.doc

— 216.50 Кб (Скачать файл)

"Ақыры ең бір сұрқия міндет — тілді құрту қолға алынды. Ол біртіндеп іске де асырыла бастады. Егер қырғыз (қазақ) Автономиялық Республикасы Конституциясының 13-бабында бізде мемлекеттік тілдер ретінде қазақ және орыс тілдері танылады деп жазылса, 1937 жылғы республикалық Конституцияда мемлекетік тіл туралы тіпті әңгіме қозғалған жоқ. Бұл жайында 1977 жылы қабылданған Қазақ КСР Конституциясында да ауызға алынған жоқ. Сол арқылы қазақтарды жаппай орыстаңдыруға зандық негіз қаланды. Бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының бәріне де осылай жасалды.

Қазақтар ғұмыр бақи пайдаланып келген араб өліпбиі 30-шы жылдары әуелі латиницамен, кейіннен кириллицамен алмастырылды. Сөйтіп, бірер жылдың жүзінде қоғамның дүниетанымдық негізі аяғынан басына тұрғызылып, халық ғасырлар бойғы тілдік дәстүрлерінен ажырап, өзіне беймәлім тілдің табиғаты бөтен әлемін қайтадан шиырлауға мәжбүр болды. Қоймалардың сөрелерінде тарихтың, мәдениет пен әдебиепің орасан мол аса ұлы ескерткіштері, коптеген құнды тарихи құжаттар шаң басып жатты. Олар өздерін қазақ тілінен қайтадан қазақ тіліне, тек жаңа әліпби бойынша аударатын мамандардың келетін сәтін сарсыла тосып жатты. Көптеген материалдарға сол бетінде кезек жетпей, енді-енді ғана ғалымдарымыз бұл іске кірісе бастады. Есесіне, мұның өзі жүйеге қолайлы еді, бір сәтте жол-женекей қоғамдық айналыстан, кеңестік идеологияға сәйкеспейтін дүние атаулы түгелдей сыпырып алынды.

Жоғарыда айтқанымдай, 50-ші жылдардың ортасына таман қазақтар республикада азшылыққа айналып, олардың ана тіліне деген сұранысы мүлде төмендеп кетті. Қазақ мектептері жаппай жабьша бастады. Көптеген отандастарым балаларын ана тілінде оқытудың ешқандай мән-мағынасы жоқ дегеңцей торығушылық сезіміне берілді, өйткені Кеңес Одағының, соның ішінде Қазақстанның барлық орта және жоғары оқу орындарында сабақ орыс тілінде ғана жүргізілді.

Тағдырдың бағытымен республикамызға тап болған басқа халықтардың тіддері де осындай ауыр халді бастарынан кешті. Әлбетте, орыс тілінен басқа тілдер есесіне, барлық партиялық есептерде реті келген сәтте, бізде ұлттық азшылықтардың бірнеше тілінде газеттердің, журнаддар мен кітаптардың шығарылып жүргені мақтанышпен айтылып жүрді. Олардың шығарылғаны да рас. Бірақ тілдің заңдылықтарына, кәдімгі қисьрға келмейтін қиындықтармен шығарылып келгені де рас" — дейді[21].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

 

 

Кеңес елінде ХХ ғ. ортасында әбден күшіне мінген қатты әміршіл-әкімшілік жүйе 30-40 және 50 жж. бас кезінде өзінің шарықтау шыңына жетті. Адамның бас бостандығын тұншықтыру, оның құқын есепке алмау, адамдарды өндіріс құралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау саясатын қалптастыру сияқты теріс құбылыстар оған толқ дәрежеде тән еді. Елде И.В.Сталиннің жеке басына табыну бел алды. Қандай да болсын табыстың бәрі оның басшлық жасай білуіне, ал ірі кемшіліктер мен олқылықтар “халық жауларына” таңылды немесе үнсіз қалдырылды. Мұның бәрі республиканың қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етіп, ауыр зардаптарға ұшыратты. Даңғаза саяси айдар таңуды пайдаланған әртүрлі ұрандардың көлеңкесінде заңдылық бұзылып, өкімет билігі теріс қолданылып жатты. Сөйтіп, саяси жүйе өзінің іштей дамуға қабілетсіз екенін көрсетті. Қалыптасқан дәстүр бойынша, партия органдарының басшылық ролі олардың қоғам өмірінің барлық жақтарына тікелей, таза әміршіл-әкімшілік араласуы деп түсінілді. Мемлекеттік органдардың құзырына жататын мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылықтық және әлеуметтік-мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды барынша тартқанмен, осы арқылы оларды дербестігінен айырды.

Кеңес қоғамы дамуының соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық Сталиндік социализмнің үлгісіне үйлесіп жатты. Бірақ соғыстың барлық ауыртпалықтары мен тапшылықтарын бастарынан өткізген халық соғыстың алдындағы жылдардағыдай емес, басқаша еді. Қоғамдық өмірде бейбіт көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты белгілі дәрежеде құндылықтар қайта бағаланды. Замандастарымыздың санасында әлеуметтік бағдарламаларға, демократияға бет бұру қажеттігін түсіну барған сайын айқын пісіп жетіле бастады. Қоғам мен партиялық-мемлекеттік басшылықтың әкімшіл-бұйрық беру тәсілінің арасындағы өсе түскен қарама-қайшылық соғыстан бейбітшілікке көшу кезеңінің нақты көрінісі болды.

Алайда қоғамдық сананың барлық дәрежесінде әлеуметтік жаңғырудың комплексті бағдарламаларына көшуге сірескен қоғамдық-саяси құрылым кедергі жасады. Мұның үстіне аса ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кеінгі кезеңде басшылықтың жұмыс істеп тұрған жүйесі тиімді деген сенім туғызды.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Қазақ ССР тарихы бес томдық. 5 том. Алматы 1984.
  2. Қазақстан за 40 лет Стат.Сборник. Алматы 1960
  3. «Освоение целины Великий подвиг партии и народа» - 1974 №7. Вестник Высшей школы М., 1990 №7.
  4. Тәтімов М. Қазақ ұлтының қасыреті. "Егемен Қазақстан". 1996 . 18 сәуір. Қазақстан тарихы. 1994. N1.
  5. Тоқаев Қ. «Семей — кешегі күннің жарасы. Семей —ертеңге жүктелген аманат» - "Егемен Қазақстан". 1988. 8 қыркүйек.
  6. Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық — гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-106-1
  7. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.
  8. http://1referat.kz/kazakstan-tarixy/qazaqstan-sogystan-kejingi-zhyldarda-1946-1953-zhzh.html
  9. Тынышпаев М. История казахского народа. А: 1993
  10. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И., Казахстан. Летопись трех тысячилетий.
  11. История Казахстана. Сдревнейших времен до наших дней. В пяти томах. А. Жалын – 1996-1997
  12. Қазақстан тарихы. Очерктер, Аспендияров С., А: Дәуір – 1994
  13. Кайназаров Е.К., Кайназарова А.Е. История Казахстана. Учебное пособие. А: 1992
  14. «Ақиқат» журнал., №11. 1999ж.
  15. Қазақ халқының атамұралары. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. Құрастырған Ү. Субханбердина. А., 1999.
  16. Қазақ ССP тарихы. Бес томдық. Том 3.Алматы, 1982.
  17. Мәшімбаев С.Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Алматы,1995.
  18. Т. Тұрлығұлов Қазақ елінің қысқаша тарихы Алматы, 1995 ж.
  19. Жаңа заман тарихы. Қ.Ізтілеуов. Алматы. 1995ж. 120бет.
  20. Жаңа тарих. Хасен Мырзағали. Алматы. 2002ж.
  21. www.kitab.kz

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстандағы 1960-1970 жылдары 7-8 –бесжылдықтың орындалу нәтижесі