Қазақстандық Алжир

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 17:40, курсовая работа

Описание работы

Астанаға жақын жерде атының өзі адамның тұла бойын тітіркендіретін, халық жауларының әйелдеріне арналған, бұрынғы АЛЖИР орналасқан.Қазір одан ештеңе қалмады десек те болады. Бүгінде КАРЛАГ-тың жиырма алтыншы нүктесіндегі әйелдердің отбасы мен жарларын еске ала жүріп отырғызған Көз жастар аллеясы сол бір күннің белгісіндей болып тұр.Малиновкада отызыншы жылдары сыңдаған халық жауларының отбасы мүшелері түрып, жер құрсанды.Жергілікті мұражай көлеміне қарай өлкетану бұрышы сияқты.

Файлы: 1 файл

азат ноу.docx

— 80.21 Кб (Скачать файл)

 

 

 

Кіріспе

     Астанаға жақын  жерде атының өзі адамның тұла  бойын тітіркендіретін, халық  жауларының әйелдеріне арналған, бұрынғы АЛЖИР орналасқан.Қазір  одан ештеңе қалмады десек  те болады. Бүгінде КАРЛАГ-тың  жиырма алтыншы нүктесіндегі  әйелдердің отбасы мен жарларын  еске ала жүріп отырғызған  Көз жастар аллеясы сол бір  күннің белгісіндей болып тұр.Малиновкада  отызыншы жылдары сыңдаған халық  жауларының отбасы мүшелері түрып,  жер құрсанды.Жергілікті мұражай  көлеміне қарай өлкетану бұрышы  сияқты.Бірақ осы жердің өзінен  отызыншы жылдардың ауыр күрсіні  сезіледі.Сол жылдардағы ауыр  тағдырды жан-тәніңмен сезіну  үшін міндетті түрде осы жерге  келу керек осы ойлаймын.

    Менің бүгінгі  жазып отырған еңбегім сол  АЛЖИР-гі тағдыр тауқыметін басынан  кешкен аналардың қайғы-қасіретінен  толық мағлұмат бермесе де, тарих бетінде өшпес із қалдырған ақтаңдақты еске алып, жадымызда сақтауға септігін тигізер деген ойдамын.

    Еліміз тарихында  өшпес із қалдырған «Кеңестік  жетпіс жылы» - жалпы биліктің  мемлекет қолында болғандығының  мысалы. Осы билік қызмет аясын  қаншалықты кеңейтсе, жеке адамның  ойы мен өмір сүру тәртібіне  соншалықты қатаң өзгеріс әкелді. Билік жоспарына сай байлар  мен білімділер,  дін таратушылар  мен шаруалар, иман келтіргендер  мен «бұрыс» иман келтіргендер  болып топқа бөлініп халық  жауы, топ жауы атанды, жойылды.

    «Егер де 1917 жылғы  революция болмағанда бүгінгі  Ресей қандай болар еді?», - деген  сұрақ көптеген ойлар тудырады.Бірақ бір нәрсе айқын: жергілікті тұрғындардың саны қазірге қарағанда анағұрлым көп болар еді.Қаншама миллион адам артында ұрпақ қалдырмастан өмірмен қоштасты.Спартаның заңы секілді әлсіз, өмірге қабілетсіз жандар ғана таудан лақтырылған жоқ, керісінше қоғамнана таңдап алынған адамдар жан берді.Яғни қоғамдағы ең білімді,нағыз дарынды, еібек сүйгіш еркін ойлы, бір сөзбен айтұанда зиялы қауым саяси өмірден ажыратылды, аласталды.Ақын айтпақшы, «он миллион адам кезде йсоқ жағдайлар үшін» түрмеге жабылды.

   «Кездейсоқ жағдайлар  үшін» деп жинақталған оң мыңға  жеткен қызметкерлерді «ОСЖМ»  («ЧСИР») – Отанын сатқандардың  жанұя мүшелері деп аталатын  әріптер жиынтығы байланыстыратын.  «Сатқындардың» қылмысы неден  тұрғанын бүгінде сансыз мұрағат  құжаттары айтып бере алады.  Қылмыскерлерден алынған жауаптар, куәліктер,заңдар,процеске қатысты  құжаттар мұрағаттарда сақтаулы.

   «ОСЖМ»   деп  аталатын қылмыскерлерге бір  қызығы ешқандай да не шын, не өтірік болсын жала жабылмаған, қылмыстық іс жүргізілмеген, тіпті оларға қатысты заң да шығарылмаған.Оларды соттамаған да, тек жай ғана «маңызды жиналыс арқылы» тағдырларын шешіп отырған.Өкімдер төмендегіше болды: 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру, лагерьлерге жіберу, мүлікті тәркілеу, балаларынан ажырату болған.Бұл жерде КСРО ПХК-нің 1936 жылғы 15 тамыздағы №00486 «Отаның сатқандардың әйелдері мен балаларын репрессиялау бойынша операциялар жүргізу туралы» жедел бұйрығының негізге алынғанын атап өту керек.Біреуі тірі қалды,біреуі қаза тапты. Біреуі қайта оралды, біреуі туған жерге оралуды армандап  кетті. Түрмеден босағандарға бұл заңсыздықтың «қателігін» айтуға қатаң тыйым салынды.Әйелдердің не үшін жазықты болғаны түсініксіз, олар өз күйеулерінің жары болғаны үшін, немесе жақыны болғаны үшін жапа шекті.

     «Лагерьдегі  әйелдер тағдыры» тақырыбының  өзі тұрған бойымен қасіретті.

     1937 жылдың шілдесінде  Батыс – Сібір аймақтық ПХКБ-ның  бастығы Миронов пен Қазақстанның  ішкі істер комиссары Залин  бір мезгілде шифрленген жеделхат  алды.Онда қатал тәртіптегі концентраторлы  екі лагерь ұйымдастырылып, айналасы  тұтқындар қашып кетпес үшін  міндетті түрде тікен сыммен  дуал жүргізілсін делінген. Бұл  ешқандай да кісі өлтіруші, ұрлықшыларға  емес, кәдімгі нәзік жанды –  әйелдер, аналар, апаларға  арналған  болатын. Мұнда жоспарланған үш  мыңның орнына жиырма мың тұтқын  болды.Жеделхатта ГУЛАГ-тың бастығы  Берманның қолы қойылғанмен, бұның  басында Ежов тұрды. Әйелдерді  ешқандай ауру да, жүктілік те, емшектегі сәбилері де сақтай  алмады.Сонымен қатар, жауапқа  халық жауларының бұрынғы әйелдері  де тартылды.Үкімет ерлі-зайыптылардың  ойы бір, демек, болашақта олар  да қауіп төндіруі мүмкін деп есептеді.Екі лагерьдің ішіндегі ең ірі әйелдер колониясы Қазақстандық «АЛЖИР» - Отанын сатқан әйелдердің Ақмола лагері еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандық  АЛЖИР

Жаусыз жандар жүргізген  кімге заңын,

Бақыт жайлы мен қалай  жыр жазамын.

Айту қиын, жыламай, «Алжир»  атты – 

әйелдерге арналған түрме  азабын.

      АЛЖИР (Отанын  сатқандардың әйелдердің Ақмола  лагері) – Сталиндік тоталитарлық  жүйе кезінде «Халық жаулары»  саналып, саяси қуғын-сүргінге  ұшыраған мемлекет  және қоғам  қайраткерлерінің, шаруашылық, партия-кеңес  басшыларының, қарапайым адамдардың  әйелдері мен қыздары жазықсыз  жазасын өтеген Ақмола облысындағы  лагерь. Ол Қарағанды лагерінің  («Карлаг») 26-бөлімшесі ретінде қазіргі  Астана қаласының оңтүстік-батысында,  Төңкеріс (Малиновка) елді мекенінде  КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариатының  (НКВД) 1937 жылдың 15 тамызындағы №00486 бұйрығының негізінде  құрылған.

Ада болып үміті, арманы да,

Торғайлардай қамалды  торға мына.

Ойларына не келсе соны істеді,

Жазықсыздың жазықсыз жарларына.

               КСРО ОАК-нің 1934 жылғы 8 маусымдағы  қаулысына сәйкес «Отанын сатқандардың  отбасы мүшелеріне » 5 жылдан 10 жылға дейін бос бастандығынан  айыру немесе 5 жылға Сібірдің  алыс айдандарына жер аудару  жазасы белгіленген.Алжир лагері 30 мың гектар жерді жатты.Оның  Қарағанды, Ақмола  өңіріндегі  бірнеше бөлімдері болды.Алжир  тұтқындары егін екті, мал бақты,  қрылыс жұмыстарымен айналысты.Ұлы  Отан Соғысы жылдарында Алжирде  8 мыңнан астам тұтқын әйел  ұсталды.Лагерьде КСРО мемлекеттік  басшыларының, әскери қолбасшылардың  әйелдері мен балалары, жақын туыстары жапа шекті.Онда маршал М.Н.Тухачевская,А.С.Енукидзеннің әйелі  мен қызы, С.Сейфулиннің әйелі Гүлбаһрам, Б.Майлиннің әйелі Күнжамал,Т.Рысқұловтың әйелі Әзиза, С.Қожановтың әйелі Күләндаш, С.Мендешовтың әйелі Дәмеш, Н.Нұрмақовтың әйелі Зүпнұн, С.Асфендияровтың әйелі Рабиға және т.б. қазақ азаматтарының әйелдері, аяулы аналар жазықсыз жазасын өтеді. Лагерьге анасымен түскен балалар 2-3 жасқа жеткен соң аналарынан айырылып алынып, балалар үйінің тәрбиесіне берілді. Алжир 1950 жылдың басында таратылып, оның тұтқындары басқа лагерьге ауыстырылды, жер аударылды, мерзімін өтегендер босатылды. Бірақ 1956-1957 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастаған кезге дейін олардың көпшілігі өздерінің бұрынғы тұрған жерлеріне қайтып оралуға құқы болмады.Алжир туралы тек 80-жылдардың соңында ғана ашық айтылып жазыла бастады. Ол жөнінде деректі «АЛЖИР» фильмі түсіріліп, «Кебенек киген арулар» пьесасы жазылған.

     Тарих көшіндегі  аналар бейнесі аз сомдалып  жүрген жоқ.Батырды да, ақынды  да, ел басқарғандар туралы да  көп айтылып жазылып жүр. Бірақ,  қанша дегенмен, сол абзал аналар  туралы қалай толғансақ та, олардың өткен қиын-қыстау кезеңдерде көрген қиыншылықтары мен құқайларын ашып көрсету жағы кемшін түсіп жатады.Сөзіміз дәлелді болу үшін бір ғана «АЛЖИР» тарихын алсақ та жеткілікті.

   Бұл отанын сатқан опасыздардың әйелдерінің Ақмола лагері деп түсіндірілді.1937 жылдан бастап 1954 жылдарға дейін жала жабылып, 10-20 жылдардан соң ақталған шындыққа жетпей қыршынынан үзілген қазақ қайраткерлерінің жарлары,қыздары,аналары азапталған естен кетпес шертолғау жерлер деп қана білер кейінгі ұрпақ.Бірақ, құр естігенімен, ұғына білу де қажет. Зұлмат жылдарындағы сталинизм дәуірінің әлі де ашылмаған құпия тұстары жетерлік. Айтайын дегенім, төл тарихымызды мектеп қабырғасында оқытқан кезде бұл тақырып төңірегінен мәліметтер аз кездеседі.Тек біз өз қызығушылығымызбен мектеп оқулықтарынан тыс әдебиеттерді қолдану арқылы ғана бұл жағдайларға толықтай қанығамыз. КСРО-ның 70 жылдық тарихын енді-енді жаңғыртып, шамалы болса да кейінгі кездері енгізе бастады.Мұның бәрі неменеге керек деп ойлайтындар да бар. Бірақ, қаншама бауырластарымыздан айрылдық. Халықтың жарымы қырылды. Осы өшпес жараны қалай бітейміз?Кімге сұрау саламыз?Сондықтан менің көздеген мақсатым – тарих беттерінде саяси қуғын-сүргін жылдарында Ақмола лагерінде болған оқиғаның қыры мен сырын, толығымен ашыла қоймаған шындық тұстарын әлі де зерттеп, жойылып кетпеуіне назар аудару. «АЛЖИР»  туралы толығымен зерттеуге кірісіп, әңгімелер, анықтамалар,бағдарлама ретінде кітаптардан оқып, ақпарат құралдары беттерінен тарихшылар мен журналистердің жазған туындыларын, еңбектерін  оқуға болады..Бұл жайында театр сахналарында қойылымдар көрсетіліп әдеби кинолар, деректі фильмдер түсірілген. Қанша десек те, бәрібір бар шындық толығымен әлі айтылған жоқ. Біз есті азамат болсақ, осы тарихымыздың «жабулы қазан» қалпында қалуына жол бермей кейінгі ұрпақтың санасына сіңіруге тырысуымыз қажет.

Сондай-ақ білімнің бәрі мектептен бастау алады. Осы мектеп қабырғасынан шыққан түлектер аз да болса, сол жылдар жайлы толық біліп шықса, нұр үстіне нұр болар еді. Бірақ, мүны көбі түсінбейді де. Ол түгілі, оқушылардың кейінгі тарихи оқиға - 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасын білмеуі жаныңды қинайды. Осындай басты оқиғалар туралы мектеп оқулықтарында толық ақпарат берілсе, Қазақстанның әр азаматы тарихымыздың барлық қырымен танысар еді.

Қазақтың  сан ғасырлар бойы жалғасын тауып, үзілмей келе жатқан тарихи болмысында ел есінен кетпейтін қайғы-қасіретке толы саяси қуғын-сүргін жылдары еді. Қазақтың басына түскен бұл қасірет өшпе мәңгілікке қалдырды. Сол сүрапыл жылдарда «көш бастар» билік өкілдері халықтың ішкі жағдайына, түрмыс-тіршілігіне назар аудармастан өз саясатын жүргізіп жазықсыз жандарды қаралады.

Тіршіліктің бағындай болған аяулы апаларымыздың  1937-138 жыл саяси қуғын-сүргін барысында тағдырлары тәлкекке түскен Қосқопа көлінде жағасында орналасқан №26 нүктесі деп белгіленген «АЛЖИР» елді мекені бізге сол заманнан сыр шерткен куәгеріміздей.

Бұл лагерь қазіргі уақытта Малиновка селосы деп аталса, оның тарихы 1931 жылы ел қоныстануынан басталады. Небәрі жеті жыл өткен соң аймақтағы ел басқа жерге қоныс аударып, ПХК-на қарасты КАРЛАГ-тың 17 бөлімі, еңбекпен түзеу лагеріне, яғни «Отанын сатқан опасыздардың жарлары» жазаларын өтейтін нүктеге айналды. Бүл лагерь Ақмолаға қарасты, қаладан 40 шақырымдай он бір ауылды мекен қоршаған, Қосқопа көлінің маңындағы Воздвиженка ауылына жақын жерде орналасқан. АЛЖИР тікелей КАРЛАГ-қа бағынса, КАРЛАГ Мәскеудегі ГУЛАГ-қа бағынған еді.

1935 жылы Ленинградтан шыққан бұрынғы ақсүйектер, дін иелері буржуазия өкілдері мен жанұялары айдала бастады. Батыс Украина, Белосруссия, Балтық теңізі жағалауының елдеріндегі кеңеске қарсы көзқарастағы жандар 1939-1941 жылдары қараланды.

1937 жылы 23 мамырда әртүрлі оппозициялық топтарға қатысы ұйымдарда қызмет еткені, «баспасөздегі ұнамсыз көзқарастары» біршама адамдар Москва мен Ленинград, Киев қалаларынан қуылып, БК құрамынан шығарыла бастады. Олармен бірге жанұя мүшелері де қудаланды ма, бұл жөнінде қаулыда еш нәрсе көрсетілмеген. Олардың әйелдері балалары үшін үйымдастырылған операциялардың өзіндік ерекшелігі болды. Соның бірі мына бір пунктте көрсетілген: «Троцкийшілдердің, оңшылдардың және басқа да кеңеске қарсы немесе тыңшылық үйымдарға қатысы барлардың, атылғандар мен 5 жыл көлеміне сотталғандардың жынұя мүшелерін Москва, Ленинград, Киевтен алые кеңес үкіметі жерлерінің өндіріс аумағына көшіру керек».

1937 жылы 15 маусымда, яғни 3 апта өткен соң осы тапсырманы орындау үшін арнайы нұсқауды бекітті. Қаулыда көрсетілгендей, айдау қана 3 аумақта емес, алты қалада жүрді. БК(б)П -дан шыққандар айдауға жанұяларымен бірге түсті. Айдаудағылар таңдау есебінің хронологиялық нүктесі белгісінде, 1934 жылдың 1 желтоқсанынан кейін айда босатылғандар қолға алынды. Негізінде бүл күн сотталған мүшелері жанұяларға да қатысты еді, бүл жөнінде нүсқауда айтылмаса да, жер аудару учаскелері Орта Азия, Башкүртстан, Краснояр аумағы, Солтүстік Киров, Орынбор, Омбы, Челябі облыстары болып шешілді. Жер аударуды кеибір жағдайларды қоспағанда ІІХК-нің жергілікті басқару органдарының басшылары бекітіп отырды. Репрессияға үшырағандардың жанұясын аудару операциясы, нүсқауға сай 25.06- 25.07.1937 арасында жүргізілді. Қалған айда БК(б)П қүрамынан шыққандарға айдау жүргізілді. [1]

1937 жыл, мамыр-маусым айлары. Бүл кезеңнің соңғы жарты айы «эскери-фашистік сатқындардың» атылуынан кейін жүзеге асырылған көлемдегі болашақ репрессияны жоспарлау кезеңі болатын.

1937 жылдың шілде айының алғашқы күндері болашақ терррор құрбандарының тағдырын шешетін шешімдер қабылданды. Оның ең бастысы - 2 шілдедегі Саяси бюроның «Кеңеске қарсы элементтер жөнінде» болды. Осы құжаттың негізінде шілденің соңында бәріне белгілі ІІХК-ның №00447 бұйрығы дайындалды. Осы бұйрықтың негізінде 1937 жылдың 5 тамызынан бастап 1938 жылдың қарашасына дейін 800 мың адам тұтқынға алынды оның тең жартысына ату жазасы шығарылды. [1]

1937 жылы 3 шілдеде Москвадан ГКВД-нің Батыс-Сібір аймағын басшысы Миронов пен Қазақстаның Ішкі Істер Халкомы Залиннің атына аталмыш операцияның маңызды деталдары жазылған жеделхат келді. Бұл хатта ГУЛАГ басшысы М.Берманның атынан қол қойылғанмен, басты өкім Ежовтың атынан шығып отырғаны белгілі еді.

Жақын арада ату жазасы берілген адамдардың жанұясы түтқынға алыну керек, шамамен 6-7 мың адам, көбі әйелдер және аз мөлшерде кәрілер және мектепке дейінгі жас балалар бірге жөнелтіледі.

Мұндай  көлемдегі жазықсыз жапа шеккендерге  2 концлагерьге үйымдастыру қажет болды. Қатаң тәртіп, күзет жақсы ұйымдастырылған әрқайсысында 3000 адамнан келетін лагерь жасау және ол Қазақстан Норым аумағында ұйымдастыруды тез қолға алынуы қажет.

«Халық  жауларының әйелдеріне» қарсы болашақ  операцияның жоспары 2 күннен кейін анық болды:

  1. «Халық жауларының» әртүрлі теріс көзқарастағы ұйым мүшелері: әйелдерінің бәрін 5 жылдан 8 жылға дейін соттау туралы;
  2. Норым аумағы мен Қазақстанның Торғай аймақтарында арна лагерьлерді ұйымдастыруды Халкомға тапсыру;
  3. Тұтқынға алынған 13-ке дейінгі балаларды мемлекеттік балалар үй беру, ал 15-тен жоғары балалар туралы сұрақтарды жеке шешу.

Барлық  балаларды Москва, Ленинград, Киев, Тифлис, Минск қалаларынан аулаққа орналастыру 5 шілдеден кейін келешек операцияға дайындыққа ПХК бел шеше кірісті. [2]

              Тұтқынға алынып, сотталғандардың жанұя мүшелерінің бәрі есепке алынды. Алынған мәліметтер Москваға жіберілді, ол мәліметте ІІХК-ның орталық аппаратының есеп-статистикалық бөлімі қызметкерлері сұрыптады. ІІХК-ның тапсырмасымен жетімдер үйіне орындар көбейтіліп, дайындық қызу жүргізілді. Сонымен қатар әйел, лагерін орналастыратын талапқа сай орындар іздестірілді.

15 шілдеден бастап айдау әрі қарай жалғастырылды, бір ай әйелдерді тұтқынға алу үшін берілетін өкімді күтіп қалғандықтан сәл саябырсыған болатын. 1937 жылы тамыз айында тек қана Мәскеудің өзінен балалар қоспағанда 2,5 мың адам айдауға түсті. [3]

Информация о работе Қазақстандық Алжир