Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 17:40, курсовая работа
Астанаға жақын жерде атының өзі адамның тұла бойын тітіркендіретін, халық жауларының әйелдеріне арналған, бұрынғы АЛЖИР орналасқан.Қазір одан ештеңе қалмады десек те болады. Бүгінде КАРЛАГ-тың жиырма алтыншы нүктесіндегі әйелдердің отбасы мен жарларын еске ала жүріп отырғызған Көз жастар аллеясы сол бір күннің белгісіндей болып тұр.Малиновкада отызыншы жылдары сыңдаған халық жауларының отбасы мүшелері түрып, жер құрсанды.Жергілікті мұражай көлеміне қарай өлкетану бұрышы сияқты.
1937 жылдың 15 тамызында ПХК-ның №00486 заңы шықты. 5 шілдеге қараганда бұл құжат «халық жауларының әйелдеріне қарсы» жүргізілетін операцияны толық түсіндірген құжат болды. Сондықтан оның ең маңызды 3 пунктіне көңіл бөлейік.
Біріншіден, бүл заңға сай, 1936 жылдың 1 тамызынан бастап Әскери коллегия мен әскери трибуналдың шешімімен бірінші және екінші санаттағы «оңшыл - троцкишілдік тыңшылық-диверсиялық ұйымдардың мүшелері» болып табылатындардың әйелдері тұтқынға алынды.
Екіншіден, ұсталған оңшыл-троцкишілдік тыңшылар мен халық жауларының әйелдерін аталған бұйрықта көрсетілген тәртіппен күйеулерімен бірге сол мезетте тұқындау.
Үшіншіден, өкім түрлері шешілді - КСРО ІІХК-ның маңызды жиналысында жаза бастапқыда «5-8 жылдан кем емес» қамауға алынуын қарады.
Жаппай қуғын-сүргін кезінде кәрілер, емшекте баласы барлар мен ауыр және жұқпалы аурудағы науқастар, жүкті әйелдердің қамауға алынуы кешеуілдетілді. Бұйрықтың келесі пунктінде бұл туралы «тұтқындалған халық жауларының әйелдері ауру немесе жүкті болуына байланысты уақытша тұтқындалудан босатылады, бірақ жазылған бойда жедел арада белгіленген жерге жеткізілуі тиіс» деп айтылған.
Осы бұйрық бойынша әйелдер АЛЖИР-дің тұтқыны болып, малға қарау, бақшаны күту, солдаттарға форма тігу, қамыс ору сияқты ауьр жұмыстарды атқарды. Балаларының тағдырын ойлап азаптанған аналар ауыр жұмыс, қысқы аяз бен аштықты көрді. Ол аздай оларды зорлық-зомбылық та қатты қажытып жіберді. «АЛЖИР» -де 1507 нәресте тұтқындарды зорлау нәтижесінде дүниеге келген болатын. Бүкіл ТМД бойынша қуғын-сүргін жылдары жиырма мыңнан астам әйелдің азабына айналған лагерь бүгінде кішігірім мұражайға айналған. Малиновкадағы тұтқындардың қолымен қазылған арықтар қазір көрінбейді. Олардың тұрғызған бірде-бір жертөлесі де қалмаған.
Мен жұмысымды қорыта келе мектеп бағдарламаларында АЛЖИР лагеріндегі жазықсыз жандардың тағдыры туралы арнайы тақырыптар берілсе және темір тордың ар жағындағы азапты өмір сүрген бізге бей мәлім жандар туралы көп деректер жазылса деймін.
Пайдаланылған әдебиеттер
Астана қаласындағы №8 орта мектептің
10 сынып оқушысы Нұрбаев
ПІКІР
Жас зерттеушінің ғылыми жобасында тоталитарлық жүйенің қуғын-сүргін саясаты, қазақ зиялыларының отбасының жазықсыз жапа шегіп, жазалану мәселесі қарастырылған. Әрине, тақырыптың өзектілігі, оның бүгінгі тәуелсіздіктің қандай қымбат екенін түсіну үшін де маңызды екені ақиқат.
Зерттеу
жұмысы бірнеше тармақшаларға
бөлініп қарастырылған. «
Жоба
авторы өзінің ғылыми жобасы туралы «Зұлмат
жылдарындағы сталинизм дәуірінің
әлі де ашылмаған құпия астары
жетерлік.Айтайын дегенім, төл тарихымызды
мектеп қабырғасында оқытқан кезде
бұл тақырып төңірегінде
Сонымен қатар зерттеу жұмысының тілі жатық, ой-тұжырымдары айқын берілген . Тақырыпты зерттеу барысында Қазақстандық ғалымдардың және кейбір шетел зерттеушілерінің ғылыми еңбектерін орынды пайдалана білген. Нұрбаев Мадияр «АЛЖИР» тарихын зерттеу барысында көп ізденіп, ғылыми жұмыстың мазмұнын аша алған. Алайда болашаққа бағдар болар деген ниетпен тілек – ұсыныстарымызды да айта кеткен жөн деп білеміз: біріншіден мәселеге қатысты мұрағат қорлары құжаттарымен тақырыпты тереңдей зерттей түскен дұрыс болар, екіншіден Астана қаласына жақын орналасқан Малиновка елді мекееніндегі музей деректерімен де толықтыра түскен нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Қорқыт келе, 10 сынып оқушысы Нұрбаев Мадиярдың ұсынып отырған зерттеуі өз деңгейінен сай, алдына қойған мақсат, міндеттерін ашып жаза алған, аяқталған жұмыс деп бағалауға болады.
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық Университетінің
Фиология факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасының
Доценті, тарих ғылымдарының докторы Д.А.Махат