Қазақстандық Алжир

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 17:40, курсовая работа

Описание работы

Астанаға жақын жерде атының өзі адамның тұла бойын тітіркендіретін, халық жауларының әйелдеріне арналған, бұрынғы АЛЖИР орналасқан.Қазір одан ештеңе қалмады десек те болады. Бүгінде КАРЛАГ-тың жиырма алтыншы нүктесіндегі әйелдердің отбасы мен жарларын еске ала жүріп отырғызған Көз жастар аллеясы сол бір күннің белгісіндей болып тұр.Малиновкада отызыншы жылдары сыңдаған халық жауларының отбасы мүшелері түрып, жер құрсанды.Жергілікті мұражай көлеміне қарай өлкетану бұрышы сияқты.

Файлы: 1 файл

азат ноу.docx

— 80.21 Кб (Скачать файл)

1937 жылдың 15 шілдесінде ІІХК-ның №00486 бұйрығы шықты шілдеде шыққан құжатқа қарағанда бүл бұйрық көп нәрсені толық түсіндіріп айқындап берді. Бұл құжат соңғы уақытта баспасөз беттерінде көп жарияланды, сондықтан оның ең маңызды 3 пунктіне көңіл бөлейік:

Біріншіден, бүл заңға зай, 1936 жылдың 1 тамызынан бастап Әскери коллегия мен эскери трибуналдың шешімімен бірінші және екінші санаттағы «оңшыл - троцкийшілдік тыңшылық-диверсиялық ұйымдардың мүшелері» болып табылатындардың әйелдері тұтқынға алынды.

Екіншіден, ұсталған оңшыл-троцкийшілдік тыңшылар мен жауларының әйелдерін аталған бұйрықта көрсетілген тәртіппен күйеуі бірге сол мезетте тұтқындау.

Үшіншіден, өкім түрлері шешілді - КСРО ІІХК-ның маңызды жиналысында жаза бастапқыда «5-8 жылдан кем емес» қамауға алынуын қараса, кейінірек Ежовтың жанұя мүшелеріне қатысты айтылған өкімдеріне өзгеріс енгізген. Оның ең бастысы: ІІХК-ның бұрынғы құжаттарында айтылғандай, жаза барлық жанұя мүшелеріне емес, тек әйелдері балаларына ғана қолданылған. [1]

Солай десек те бәрібір, тұтқындалғандардың басқа да туыстары назардан тыс қалмады. Бірақ оларға жазалау шарттары құпия сақталынды. Тұтқындауға жататын әйелдер санаты: егер де ол тұтқындау кезінде некеде заңды немесе тіркеліп тұрса; сонымен қатар одан ажырасқан жағдайда да тұтқындалғанның контрреволюциялық қызметіне қатысты болса, немесе сотталған адамды жасырса; оның контрреволюлық қызметін біле тұра ол туралы билік органдарын хабардар етпесе. Сонымен  қатар «кеңеске қарсы іс-әрекеттерді жасауға қабілетті, үкіметке қауіп шешілсе 15 жастан жоғары балалар да қамауға алынды. Мұндай жағдайда олардың ісі тұтқындалған әйелдер ісі секілді ОСО-ның қарауына берілді.Тұтқындалған балалар лагерьлерге жөнелтіліп қана қоймай, кейбіреуі еңбекпен түзеу колонияларында немесе аса тәртіптегі балалар жазаларын өтеу қажет болды. [2]

Бүл заңның мәтіні шілде айында өткізілген операция, жоспарында әртүрлі өзгерістердің болғандығын айғақтайды. Бәрімізге болғанындай, 1934 жылдың аяғы мен 1936 жылдың алғашқы жарті өткізілген қуғын-сүргіннің көлемі мен жүргізілу қарқынына Сталиннің көңілі толмаған еді.

Жаппай  қуғын-сүргін кезінде кәрілер, емшекте баласы барлар мен және жұқпалы аурудағы науқастар, жүкті әйелдердің қамауға алынуы кешеуілдетілді. Бұйрықтың келесі пунктінде бұл туралы «тұтқындалған халық жауларының әйелдері ауру немесе жүкті болуына байланысты уақытша тұтқындалудан босатылады, бірақ жазылған бойда жедел белгіленген жерге жеткізілуі тиіс» деп айтылған [4]

Бұйрықтың көп бөлігі тұтқындалған әйелдердің артында қараусыз қалған балалар тағдырына арналды. Онда 1 мен 3 жас аралығындағы сәбилер Халкомның балабақшаларына жөнелтілсе, 3 жастан 15 жасқа дейінгілер Халкомның балалар үйіне орналастырылды. Сонымен қатар мына бір жайт ескерілді: «Егер де қалған жетімдерді сотталмаған басқа туыстары толық тәрбиелеуге алам десе -оған қарсы болмау» [2]   

Бұл барлық шараның басы еді.

 

Тұтқын жазықсыз жандардың еңбек жүйесінің ұйымдастырылуы мен тәртібі

«Контрреволюционерлердің» ата-анасын, балаларын, әйелдерін 1918-1920 жылдары тұтқындай бастады. Оларды ауыр жұмыстарға салды концлагерьлерге жапты, атты, асты. Сол уақытта және азамат соғысы аяғында шаруалар көтерілісіне қатысқандарды тұтқынға алған болатын «Контрреволюциялық элементтердің» жанұя мүшелерін бақылаудан шығармау жылдар бойы үздіксіз қолға алынып отырды.

Жанұяларға қарсы репрессия жүргізудің ұжымдастыру тарихі өзіндік орны бар. Бәріне белгілі «Кулактар» 3 категорияға бөлінді «Контрреволюциялық белсенділер» алдымен тұтқындалды, одан кейін атылды, кейбірі лагерьлерге жөнелтілді. Олардың жанұяларын «Кеңес үкіметінің солтүстік аумақтарына» айдауға жібері ұйғарылды. Бұл кеңес тарихындағы ең кең көлемде жүргізілген операция болды [1]

Ақмола  бөлімінің күзетшісі Г.М.Мавчуовпен болған әңгімеден кейін лагерь жұмысын күзетшінің көзімен қарап көрейік. Оның айтуынша, күзет 200 адамнан тұратын еді, олар зонаның артына қарай орналасқан, ВОХР-ға бағынатын. Лагерь аумағында 15 адамнан құрылған надзирательдер болды. Лагерь басшылығы төмендегідей құрамда еді: лагерь басшысы, III бөлім немесе ерекше бөлім басшысы, КВЧ басшысының орынбасары, бақылау қызметінің басшысы, ішкі қызмет басшысының орынбасары [2]

1939 жылы  әскериленген күзет штаты лагерьде 5 %-ды құраса, одан кейін 7 %, соғыстан кейін 9 % және одан да көп пайызды құрады. 1941-1944 жылдар аралығында күзетшілер толық жасақталмаған 15 % құрады. Оларды мүгедектер мен әйелдер алмастырды. 1944 жылы ГУЛАГ қызметінде жұмыс істеген әйелдер 31 % жетті. Шындығына келгенде ВОХР штаты іс жүзінде толық жасақталмаған еді. Ақмола лагері де осындай еді [4]

Ерекше  режимдегі мемлекеттік қызметкерлер түрмесі қатаң күзет, жұмыста қатаң тәртіп сақтау, жоғары тұрған ұйымның бұйрықта бұлжытпай орындауды талап етті. Бұл жөніндегі мәліметтерді Карлаг пен Ақмола арнайы бөліміне жіберген бұйрықтар растайды. Міне оның бірі 1938 жылдың ақпанында шықты: «Лагерь совхоз немесе демалым үйі емес, мұнда қоғамға қауіпті адамдар өмір сүреді. Лагерьдің негізгі міндеті бұларды қоғамнан оқшаулау және өз ойларын іске асыруға жол бермеу. Бұл міндетті орындау тек қана байларға емес, барлық қызметкерлерге тиісті. Тұтқынмен қандай да болмасын бір байланыс жасағандар қатаң жазалауға тиісті болды».

Сонымен алғашқы этаптар Ақмоланың арнайы бөлімшесіне 1938 жылдың қаңтарынан бастап келе бастады. 10, 12, 26-Мәскеуден, 11-12 Орынбордан, 14- Иркутскіден, 19- Ростовтан, 21- Калугадан, 24- Оштан келгендерді барактар мен изоляторлар 3-8 жылға дейін күтіп тұр еді. Полідің мәліметтеріне қарағанда лагерь алғашында алты барак пен бірнеше қызмет үйшіктерінен тұрды. Төсекке кейде үшеуден, немесе жерге жатуға тура келді. Терезелердің әйнегі де жоқ еді. Кіре берісте ұзын жуынғыш тұратын, көл бұл жерге жақын болғанымен су тапшылығы өте көп болатын, кір жуу мен жуынуға аптасына бір ғана шелек берілетін. Әрбір баракқа староста сайлайтын, олардың да көптеген міндеттері болды: тәртіпті сақтау, барак тұтқындарының карым-қатынасын қалыптастыру, кешкі тексерісті жүргізу, жұмысқа байланысты тапсырмалар алу, тұтқындар мен лагерь басшыларының қатынасын реттеу.

Алғашқы лагерь қысы АЛЖИР-ліктердің айтуы бойынша 40° аязға жетті. Әрине, ең бастысы, барактарды аман сақтап қалу болатын. Алайда ашық дала, жылу жоқ, жақын жердегі көлден қамыс әкелуге тура келді, қамыс 2 жыл бойына жылу құралы болып келді [6].

1938 жылы 3 қаңтарда ІІХК КАРЛАГ-тың бұйрығымен «25°-тан төмен болған жағдайда, желсіз 30°-тан төмен болған жағдайда, қауіпті жағдайлар кезеңін қоспағанда адамдар жылы киінуі керек. Лагерьдің тұрғын үйлеріне жылумен камтамасыз ету, жылы су беру, вазелин крем беру керек» делінді. Аталған бұйрық Ақмола арнайы бөлімінде еш орындалмады, 40°-тық аязда да қамыс оруға шығатын, нәтижесінде үсіп өліп кеткендері де болды. ГУЛАГ басшысы Леониктің айтуы бойынша 1939 жылдың ақпанында қатты аяз күндері жартылай жалаңаш әйелдер жұмысқа шықты.

Көктемде  әйелдер еңбекке тартыла бастады. Оған сәйкес ГУЛАГ-та құпия түрде деген жазумен арнайы нұсқаулар түсіп жатты. Оның ең маңыздысы 1938 жылы 23 наурызда №1171130 Жуковскийдің бұйрығында қатаң тәртіптің болуын нақтылап берді [2]

Осы бұйрыққа сай ГУЛАГ жетекшілеріне бұйрықтар беріле бастады, басшылар тек бөлімнің шаруашылығына ғана емес, сонымен қатар қатаң тәртіптің сақталуына жауапты деп көрсетілген.

1938 жылы 28 наурызда КАРЛАГ басшысының құпия гриффен белгіленген №30044 бұйрығы шықты. Оның маңыздысы тек қана бөлім басшысы ғана жұмыстан босату туралы шешімді шығара алды.

1938 жылдың қыркүйек айында ГУЛАГ пен КАРЛАГ-қа қатысты жаңа бұйрықтар шықты, онда да қатаң тәртіп, контрреволюциялық идеяларды таралмауы туралы айтылды.

1938 жылы 29 қыркүйек айында КАРЛАГ үшін тағы бұйрық шығарылды. Ол кұжатта: тұтқындарды қылмысына қарай жеке  категорияларға бөлу жүктелді [7].

 

Бұл Ақмола лагерінде одан әрі жүзеге асты.

Ақмола  лагері күннен күнге тола бастады, әйелдер бос жерлердің бәріне, еденге лық толды. Сондықтан арнайы бөлім ашуға жол ашылады. КАРЛАГ басшысы Лениннің сілтемесімен Москваға бірнеше жеделхаттар жөнелтілді [2].

«Москва ІІХК Жуковскийге: 

Спасск  колониясын салу басталды, негізгі қажетті құралдар Ташкентке жөнелтілді, Спасск колониясына 30 000 аса ауыр қылмыстыларды орналастырмақпыз.19.10.1938 жыл. Ленин».

«Москва ГУЛАГ Плинерге:

Электростанцияның    жұмысын    тоқтатуды    сұраймын, КАРЛАГ машинасын, қажетті құралдарды тасымалдауға керек,   19.09. 1938жыл. Ленин».

Алғашқы этап Спасскке Иркутскіден келді.

Отанын  сатқан жанұя мүшелері бабымен тұтқындалғандар өз жазаларын арнайы бөлімдерде ерекше тәртіпте өтеуге тиісті болды.Егер ауыр халдегілерге шұғыл көмек қажет болса, онда оған медициналық көмек керек болмайтын, ауруханаға апару еш қаралмаған. Тұтқындар ішінде жүйке ауруына ұшырағандар өте көп еді.

  Әрбір жыл сайын КАРЛАГ  бөліміндегі әскериленген күзет  штаты тұтқындалғандардың санына байланысты жасақталатын. Олардың саны Ақмолада -4200, Спасскте – 3000 адам еді.

Лагерьдегі  жағдайдың нашарлығы, тамақ,тұрмыстық  заттардың жетіспеушілігін кестеден байқауға болады.

 

Атауы

Тағамның атауы

Қажет азық-түліктер

1

Таңғы ас

 

Түскі ас

Соус  қосылған ботқа және сәбіз, ет қосылған сорпа

Ет  қосылған сорпа, өсімдік майы мен  суға пісірілген сәбіз қосылған тары ботқасы

Жарма, ет мөлшері 50%

Тары, балықтың орнына

-50%

Сәбіз -100%, 

Қызылша - 100%, 

Орамжапырақ -50%,

Картоп  –мөлшермен,

Иленген ұн

Мөлшермен,

Өсімдік майы – 50%, 

Ірімшік - 50%, 

Тұздалған пияз

Мөлшермен

2

Таңғы ас

 

 

Түскі ас

Бұқтырылған орамжапырақ пен өсімдік майы қосылған тарыдан жасалған ботқа. 

Суға  пісірілген балық, картоп пюресі және соус, сәбіз қосылған ботқа.

Тары  – мөлшермен, жаңа піскен орамжапырақ -50%, қышқыл -50%,

Балық - 50%,

Балықтың  орнына тары - 50%,

Картоп  –мөлшермен, ірімшік - 50%,

Өсімдік майы - 50%,

Сәбіз мөлшермен, қызылша-100%,

Иленген ұн мөлшермен, пияз 100%.

3

Таңғы ас

 

 

Түскі ас

Картоп  пюресі, орамжапырақ

 

 

Орамжапырақтан       жасалған көже, тарыдан жасалған ботқа

Тары мөлшермен, балық-50%, сәбіз-50%, қызылша-100%, ірімшік, иленген ұн, қызанақ,     тұздалған қияр, тұздалған пияз, жасыл  бұрыш,   лавр жапырағы

4

Таңғы ас

 

Түскі ас

Тұздалған   орамжапырақ   пен арпадан жасалған ботқа

Картоптан    жасалған    көже, палау

Тары  -мөлшермен, ет-50%, арпа-50%, сәбіз-100%, қызылша-100%, иленген ұн, картоп-100%, мұздалған картоп-50%, ірімшік, пияз-100%

5

Таңғы ас

 

 

Түскі ас

Балық     гарнирмен,     картоп, орамжапырақ, сәбіз

Галушки,       өсімдік       майы қосылған   тарыдан    жасалған ботқа

Балық-50%, жаңа піскен            картоп, орамжапырақ-50%, тұздалған

орамжапырақ-50%,   сәбіз және қызылша. Иленген              үн-мөлшермен,      тары-мөлшермен- 50%, балық, өсімдік майы, пияз

6

Таңғы ас

 

 

Түскі ас

Бұқтырылған   орампырақ   пен арпадан жасалған ботқа

Бүршақтан    жасалған    көже, көкіністерден  жасалған қоспа

Арпа жармасы-100%, жаңа              піскен орамжапырақ Картоп, сәбіз-мөлшермен        және қызылша үшін, өсімдік майы, тұздалған          пияз, қызанақ, қияр,

  үн-мөлшермен, жаңа піскен және  тұздалған орамжапырақ-50%

7

Таңғы ас

 

 

Түскі ас

Өсімдік майы қосылған тарыдан жасалған ботқа

 

Балық сорпасы, бұқтырылған  сәбіз

Тары, өсімдік  майы және ірімшік – 50%

Балықтың  толық мөлшері (көксерке немесе ақбалық) Картоп – мөлшермен, ұн, пияз


 

Ақшаның арнайы бөліміндегі әйелдердің өлімі жайлы әңгімелер айтылатын. Олардың өлімінің көп болғаны жөнінде бүгінде айтыла бастады. Бұл жөнінде 1947-1953 жылдар арасында лагерьдің мәдени-тәрбие бөлімінде инспектор болып қызмет еткен К.В.Шубриков былай деп жазады: «Әрбір таң сайын арнайы жалданған шал бірнеше жалаңаш өлген денелерді алып шығатын. 100 адамды бірден көметін бейітке аппарып, оларды қоя салатын» [9].

Кейінірек Малиновкіде тауық фабрикасы  салына бастаған кезде қамалғандардың көптеген денесі табылды, бірден ОСЖМ-не жататынын түсіндік. 1947 жылы Ақмола бөлімшесінде жоғарыда айтылған баппен бірде бір тұтқын қалмады, сондықтан да лагерь бұрынғы қалпында қалмады. АЛЖИР тұтқындарымен болған уақытта да нақты өлім санын бере алмады.

Санақ карточкаларының зерттеу қорытындысымен ОСЖМ тұтқындары арасында өлім жалпы санына шаққанда 0,2 % құрады. ГУЛАГ-тағы көрсеткіштермен салыстырғанда бұл әлдеқайда төмен сан еді. 1939 жылы өлім екі есе төмен болды, бұл 1937-1938 жылдармен салыстырғанда жақсы көрсеткіш еді. ГУЛАГ-тың мэліметтеріне сүйенсек, бұл көрсеткіштердің төмендеуіне медициналық көмектің жақсаруымен, эпидемияға қарсы тазалық жұмыстарының жақсаруы болды.

Осылайша, Ақмола арнайы бөлімі КАРЛАГ-тың ең қатаң режимдегі түрмесіне айналды. Мұнда тек жергілікті түрғындармен ғана қарым-қатынас емес, тіпті бір-бірімен де қарым-қатынас болған жоқ.

Тұтқындарды ұстаудың тәртібін нақтылау үшін, 1939 жылы 11 маусымда ГУЛАГ-тың қаулысы шықты. Бұл барлық лагерь басшыларына бағытталды, оның мазмүны: «Үш айда 1 рет лагерьдің жағдайы туралы мәліметті ГУЛАГ-тың күзет басқармасына тапсырып тұру. Лагерьд қатаң тәртіп, бақылау болуы керек. Кездесулер, сыйлықтар, жазбалар, ақшаны жұмсау, қашу, әртүрлі өтініш, арыздардың барлыгы тексеріліп тұруы керек« [10].

Аталмыш   құжат   басшылықтың   лагерь   тәртібін   сақтап қалуға ұмтылысын көрсетті.

ГУЛАГ-тың  №00577 бұйрығына сай ОСЖМ-нің тұтқындары жалпы режимге көшуі тиіс еді. Алайда Ақмола бөлімшелерінде қару қолданукездеспеген.

40-жылдардың  басында Ақмола бөлімшесі КАРЛАГ-тың  басқа да бөлімшелеріне ұқсас болды. 1943 жылдың қарашасында тұтқындардың саны 3341-ге жетті, олардың 2108-і әйелдер, 1233-і ерлер, контрреволюциялық қылмыстарға -2271, қылмыстылар -1013, ал үшінші бөлік саяси тұтқындар болды. Соғыс жылдарында бұл сан өзгеріссіз болды. Әкелінгендердің көбі өлгенімен, қайта әкелінгендердің санымен орын толып отырды. 1944 жьлдың 1 маусымындағы санақпен Ақмола бөлімшесіндегі тұтқындардың жалпы саны   3562-ге жетті, 7 айда саны 221 адамға өсті [2].

Көптеген  әйелдер тұрмыстың нашарлығынан соғысқа сұранды, бірақ қылмыстарының ауырлығына байланысты оларды алмады. 1946 жылдың 27 қаңтары мен 3 ақпанында жүргізілген тексеру нәтижесінде САНО басқармасының басқарма орынбасары Дьяченко мына жайттарды баяндады: барактағы төмен температура, жататын орын мен киім жетіспеушіл жуынатын орындардың аздығы, қайнаған судың жоқтығы, ас үйлердің, ластығы т.б. бұл лагерь басшылығының өз жұмысына жауапкершілікпен қарамайтынын байқатты [2].

Информация о работе Қазақстандық Алжир