Фармацияның Ресейдегі және I Петрдің реформалары кезеңіндегі дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2015 в 12:48, реферат

Описание работы

Фармацияның Ресейде дамуы I Петрдің кезінде қарқынды дамыды. Оның билігінің тұсында күшті әскер құрылды, мемлекеттік аппарат қайта құрылды, ақша жүйесі жаңартылды, теңіз флоты құрылды. Солтүстік соғыста Швецияны жеңіп Балтық теңізіне шығуды басып алуы, І Пётрдің жетістіктерінің бірі болды. 1703 жылы Ресейдің жаңа астанасы- Санкт Петербургтың құрылысы басталды. І Пётрдің өзгертулері елдің мемлекеттік, экономикалық және мәдени өмірімен қоса, медицина мен фармациялық ғылым мен тәжірибеге де қатысты болды.
Медицина саласындағы негізгі реформаларға госпитальдардың, емшілер мен дәріханашыларды дайындайтын госпиталдық мектептердің ашылуын атауға болады.

Содержание работы

I. Кіріспе .
II. Негізгі бөлім.
А) Дәріханалық бұйрық, оның міндеттері
В) Тұрғындарға арналған алғашқы дәріханаларды ашу. Ерікті дәріханаларды ашу.
С) Дәріханалық бақшалар мен бақтарды ашу. Химия өндірісінің қалыптасуы
Д) Ғылми зерттеулердің дамуы

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер .

Файлы: 1 файл

Реферат-9.docx

— 43.79 Кб (Скачать файл)

Демек, XVIII ғасырда Ресей ғалымдары, Ресей фармациясының негізін дайындап берген.

Ресей фармакопеяларының құрылуы  XVIII ғасырдың екінші жартысына дейін, Ресейдің дәрігерлері мен дәріханашылары, отандық фармакопеяның жоқ болуының себебінен, Еуропа елдерінің фармакопеясын пайдаланған.

1763 жылы II Екатеринаның үкімі бойынша  медициналық кеңсенің орнына  медициналық коллегия ашылды. Оның  алдында отандық дәрігерлер мен  дәріханашылардың кадрларын дайындап  қана қоймай, Ресей фармакопеясын  құру мақсаты тұрды.

Коллегия ережелерінде «мұндай кітап баспаға шығарылмас бұрын, ол туралы барлық Ресей докторларына хабарлау керек. Олардың әрқайсысы өз тәжірибелері бойынша ескертулер жасап, коллегия талқыға салып, өз апробациясында бүкіл Ресейге тарайды» деп жазылған. Медициналық коллегия, фармакопеяға материалдар жинай отырып, әр медикке «Ресейдің табиғаттың үш патшалығында әлі белгісіз, жаңа, сирек кездесетін заттар бар. Олар туралы коллегияға хабарлау керек. Коллегия барлығын ескереді. Қабылдаған ескертулер әдістемелік жаңалықтарға енгізіліп, басылады» делінген.

Осы нұсқаулықта жақсы еңбектері үшін, медиктер мен емшілер «Ресейде бар заттардан жаңа дәрілерді ойлап шығарып, сенімді тәжірибелермен олардың пайдалануға күмән келтірмеуі» үлкен үлес болып саналады.

Орыс армиясының күшейіп, көбеюіне байланысты медициналық коллегия өз қызметін полктік дәріханаларға арнаған әскери фармакопеяны құрудан бастады. Ол 1765 жылы латын тілінде шықты. Ол «Pharmacopoea Castrensis continens tiiulos et clescriptiones medica mentorum in cistis chirurgoram» (хирург жәшіктеріндегі дәрілердің атауы мен сипаттамасы бар, әскери фармакопея).

Фармакопеяны құрау кезінде, медициналық коллегия дәрілік заттардың орналасуының алфавиттік жүйесін қабылдаған. Емдік тәжірибеде өзін-өзі ақтаған заттар ғана алынған. Бірінші бөлімде 191 дәрілік заттар енген, олардың 82-і өсімдіктерден алынған шикізаттар, 88-і гален препараты, қалғандары химиялық препараттар.

Химиялық препараттар дәріханаларда дайындалған. Олардың ішінде сынап және сурьме препараты айтарлықтай орын алған. Өсімдік шикізаттарынан каталогқа: миндаль, жалбыз шөбі, мелисса, шалфей, анис тұқымы, түймедақ гүлі т.б. енгізілген. Гален препараттарынан хин тұнбасы, жусан, горечявка т.б. тұнбалары енгізілген. Шетелдік дәрі-дәрмектердің жалпы санының 15 % құраған, олардың арасында түрлі шайырлар, апиын, копай және перувиан  бальзамдары.

Полктық жинақтың екінші бөліміне күрделі дәрілік заттардың (жапсырмалар, жақпа майлар, сіркесу балы) 47 жазбасы енгізілген. Бұл фармакопеяның екінші баспасы 1779 жылы шықты.

Отандық дәрілік флораны және халықтық медицина құралдарын зерттеу нәтижесі, емдеуші дәрігерлер мен дәріханашылардың бақылауы мен тәжірибесі, жалпы мемлекеттік бірінші орыс фармакопеясын латын тілінде дайындап шығаруға мүмкіндік берді.

Фармакопеяның енгізуінде М.В. Ломоносовтың Ресейдің зор табиғи байлығын пайдалану туралы ойы оның негізі болып табылатындығы айтылған. Фармакопеяны құруға Х.Пекин, И.И.Лепехин және медицина коллегиясының басқа да мүшелері қатысты. Фармакопеяда 770 дәрілік заттың атауы бар, оның ішінде: өсімдік – 316, жануарлық – 29, химиялық – 147 және әр түрлі қиын қоспалар -278. 1782 жылы фармакопея қайта басылды, ал 1788-1830 жылдары ол Копенгаген мен Лейпцигте шықты.

1793 жылы  мед-коллегияның төрағасы болып II Екатеринаның кезіндегі көрнекті  сановник – А.И. Васильев тағайындалды. (1742-1807) Соның кезінде 1798 жылы латын  тіліндегі екінші орыс фармакопеясы  «Pharma – Copoea Rossica» шықты. Фармакопея  авторы – анатомия мен физиология  профессоры Никон Карпович Карпинский (1745-1810). Ресей фармакопеясында дәрілік  заттардың мақалалары бірінші  рет алфавиттік ретте орналасты. Жаңа отандық шикізат ретінде: пеон тамыры, наперстянка, ақ қына  дәні, су қымыздығы, лаврине жапырағы  т.б. енгізілді. Жануарлардан алынған  өнімдерден екінші фармакопеяға: өгіз майы, жұмыртқа ақуызы, құмырсқалар  т.б. енді. Фармакопеяда келесі майлар: жусан, түймедақ, аскөк, лаванда, вазелеин, мускат, скипидар т.б. майлары қарастырылған.

1798 жылы  фармакопеяға алғаш рет  «эмульсия»  енгізілген., экстрактарды, шырындарды, кисельдерді, жапсырмаларды, бальзамдарды, майларды, балауызды, спиртті дайындау  әдістері енгізілген.

  XVIII ғасырда жасалған және 1798 жылғы фармакопеяға енгізілген дәрілік заттардың тізімі кейіннен XIX, XX ғасырлар фармакопеясын дайындау материалы болды. 1798 жылы фармакопея 1799 жылы Ресейде қайта шықты. 1825 жылы Италияда шығарса, 1830 жылы неміс тіліне аударылды. 1802 жылы екінші Ресей фармакопеясы орыс тілінде шығып, Ресей дәрігерлері мен дәріханашыларына үлкен роль атқарды.

 

Дәріханалық жарғы және дәріханалық құн

Ресей фармациясының тарихындағы жаңалық 1789 жылдың 20- қыркүйегінде шыққан «Дәрімен бағалау, оның ішінде: дәріханалық жарғы. Медицина шендеріне лайықты төлем туралы жарғы»  дәріханалық жарғысы пен дәріханалық құн шықты. 

Оның көп бөлігі (23 параграфтан 8-і) дәрілер сапасын жақсарту мәселееріне арналған.

Жарғыда: «Дәріханашы жаңа, пайдалануға болатын қор жинау керек және қажетті дәрілерді қажетті мөлшерде  ғана дайындау керек» деп жазылған (§3). Жарғы дәрілік заттарды  сату ережесін бекіткен.

1807 жылы 20 маусымында жыл сайын сыртқы  істер министрлігімен қаралып  отыратын, пайдалануға рұқсат етілген  дәрілік заттардың бірінші реестрі бекітілді.

Дәріханалық жарғы аздаған өзгерістермен өз қызметін 1857 жылға дейін сақтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

I Петр  реформаларынан бастап және II Екатерина  патшалығымен аяқталған 100 жыл ішінде  Ресей мықты Еуропа елдерінің  біріне айналды. Ресей ғылымының  дамуының ірі жетістігі -1725 жылы  Петербор ғылым академиясының  ашылуы болды. Академиядан орыс  жастарынан ғылыми кадрларды  дайындауға бастау болған университет  құрылды. Типографияда оқу және  медицина әдебиеттері басылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Фармацияның Ресейдегі және I Петрдің реформалары кезеңіндегі дамуы