История земли Торгай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2014 в 09:36, реферат

Описание работы

Бүгінгі таңда егемендігімізді алып, тәуелсіз елге айналған шағымызда өз билігіміз өзімізге дара тиіп, төл тарихымызға деп қойылып, ақтаңдықтар ашылуда, жаңа тарихтар жазылуда. Сол жаңа тарих ортамызға қазақ халқының Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, сынды азаттық үшін күрескен кемеңгер азаматтарын қайта оралып, елімен қауыштырды. Тарихшылар көтерер жүк өте ауыр. Олардың алдынан құм жұтқан қазақтың қалаларының тарихын зерттеу міндеті түскен жоқ. Қалалардың тарихы тұтас елдің тарихымен сабақтас, өз кезегінде жеке адамдардыңда тарихынан бөліп алып қарауға болмайды. Тарихтағы жеке тұлғалар сияқты әр қаланың да қалыптасуы, даму немесе құлдырау кезеңдері бар. Талай кезеңдерді жас болса да басынан өткізіп отырған қаланың бірі – Арқалық.

Содержание работы

І-тарау. Торғай өңірінің қысқаша тарихы.
І.1. Жер асты байлығы- қала орынығу себепшісі.
І.2. Торғай облысының ашылды. Арқалық- облыс орталығы.
ІІ-тарау. Арқалық қаласының әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуы.
ІІ.1. Арқалық қаласының әлеуметтік экономикалық дамуы.
ІІ.2. Қаланың мәдени дамуы.
ІІІ-тарау. Арқалық қаласының бүгіні мен болашағы.
І.Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

торгай онири.doc

— 247.00 Кб (Скачать файл)

1972 жылдың 12 қаңтарында қала  тарихына тағы бір жарқын күн  қосылды. Қазақ ССР-і Денсаулық  сақтау Министрлігінің шешімімен 230 орындық облыстың аурухана  және 60 орындық туберкулезге қарсы диспансер пайдалануға берілді. 

Онда 36 дәрігер маман бар, бас дәрігер Қуанбай Сыздықов еді. Емхана да ауру қабылдау мүмкіндігі бар 39 кабинет болды. 1973 ж тамыз айында №1 орталық аптека өз елігін ашты.

Әлеуметтік жағдайларды жақсартумен қатар мәдениет жағы да қоса қабат жүріп жатты. 1977 жылы қазан төңкерісінің 60 жылдығына орай Арқалыққа 600 көрермен сиятын: «Қазақстан» кинотеатры пайдалануға берілді. Кинотеатр қазақ демалыс орнына лайық болып салынған еді, онда тамақтанатын орын, түрлі ойындар ойнайтын үлкен зал бар еді. Бұл орын қала халқының демалыс орнына айналды.

Қаланың экономикалық және рухани дамуына өт салысқан және саяси зор мәні бар жағдайларды қалыптастыруға ықпал еткен құрлысшы, жұмыскер, рухани саладағы қызметкерлердің еңбектерін бағалап, қала тарихына жасаған жақсы істері үшін 1970 жылдың 30 қаңтарында Арқалық қалалық атқару комитеті «Арқалық қаласының құрметті азаматы» атағын беруге шешім қабылдады. Бұл атаққа ие болғандарға куәлік берілетін болды.

Қазіргі таңда 90 адам, оның ішінде 51-і ғарышкерлер, осы атақтың иегерлері. Бұл атақ алғаш рет 1971 жылдың ғарышкер В.В.Горбаткаға берілді.

Обылыс  орталығы  болғанға  дейін  Арқалықта  ұлттық  жағдайға  жетті.

Себебі,  көшелерде  жолаушыларға  арналған  8такси,  10 бағыттағы  көптеген  автокөліктер  тынбай  қатынай  бастады.  Бұл  жағдай  қысы  қатал,

Көктемі  мен  күзі  жайсан  қалада  халыққа  көп  көмек  еді.

    Өндіріс  орындары  да  осы  жылдары  көптеп  салынып, қала  халқының

өсіуіне,  экономикасының  арттуына  ықпал  етті.1971жылы  ПМК-201  мекемесі  Арқалық  элеваторын  салып  бітті.

 

Өскемендік құрлысшылар, 6 шағын ауданындағы 70 пәтерлік үйлерді салған «Соколо кен құрлыс» (Рудный қаласына) мекемесі бар еді. Арқалық Тұрғындарының оларға ризашылығы мол болды. 1973 жылдың қаңтарында қала халқына өте қажет «Береке», «Ювелирный», «Березка», «Бакалел» сияқты дүкендерді пайдалануға берілді, әрине, олардың үстінгі қабаттары тұрғын үй болатын. Сондықтанда халық қуанышы екі есе болатын, 1972 жылдың қараша айында «Мебель» дүкені мен «Ұлттық тағамдар кафесі» құрлысы сақталды. 1973 жылы 5 қараша айында 510 орындық орысша қазақша Б.Майлин атындағы орта мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға беріліп, оқушылар алғысында шек болмады.

Қала құрылысымен қатар көгалдандыру да қабаттас жүргізілуші еді. Тұрғын үйді немесе ғимаратты пайдалануға беруші мекеме оның жан-жағындағы гүлдер, қанаттер отырғызу және балалар алаңымен қоса тапсыратын.

Бұл жақсы дәстүр қаланың тез арада жасыл желекке орнауына ықпал етті, 1971 жылы көше мен алаңдарды қаланың 8240 тұрғыны қатысып, 75 мың түр ағаш көшеттерін отырғызды. Отырғызған ағаштар жақсы күтімге алынып суарылғандықтан көп арада қаулап өсіп, қала көркіне бітіріп тұрды.

1971 жылы 5 қаңтарда облыстық  ражио, ол 1972 жыл 28 желтоқсан күні  саға 18.30 да көгілдір экраннан Арқалық тұрғындары Мәскеу хабарларын көрді. Халықтың болашақ өмірге деген ұмтылысы артты, әл ауқаты нығайды. 1971 жылдың 1 мамырда қаланы жер-жер мен байланыстыратын телефон арқылы сөйлесу пункті ашылды. Көшелерге жан бітіп қала халқы қалаған жерлеріне қиналмай жететіндей болды.

Арқалық облыс орталығы болып жарияланғаннан кейін Қазақстанның сол кездегі партия жетекшісі Д.А.Қонаев жолдас қарашаның аяғына таман ұйымдастыру бюросының Мәскеуден бекіп келген мүшелерін Арқалыққа алып келіп, активтерге таныстырды.

Алғашқы актив жиналысында Д.А.Қонаев жолдас Торғайдың тарихын айта келіп, «Торғай облысы, Жоғарғы механикаландырған ауылшаруашылықты өлке. Мұнда 110 кеңшар, 2 ұжымдар және ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы жұмыс істейтін болды, облыс аймағына 2 млн гектар дейін дәнді дақылдар егіледі. Егіншілік мал шаруашылығымен ұштастыра жүргізіледі.

Облыстың жер қойнауы пайдалы қазбаларға – бокситке, темір рудасына, мысқа, қоңыр көімрге бай, мұның өзі болашақта тау-кен өнеркәсібін кеңінен дамытуға мүмкіндік берді. Облыс орталығы Арқалық әсем сәулет ансамбльдері, кен және түзу даңғылдары, демалыс аймақтары бар көрікті қалаға ойналды ...» деген болатын. Солай болады да Арқалық 10-15 жылда дүркіреп көтеріліп, 17 мыңнан 70 мың тұрғыны бар әсем қалаға айналды.

Осылайша 1970-90 жылдары арасындағы қала тарихында көрсетілген мекеме, тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, қаланың экономикасы мен мәдениеті дүркірей өскен болатын.

Алайда 1988 ж нарықтың қыспасына шыдамаған Торғай облысы жабылып, Арқалықтың гүлдену шоғы тоқтап қалды. Алайда 2 жыл есеңгірген қала 1990 жылы қайта құрылып елдің еңсесі біршама көтерілді. Халыққа әртүрлі сала бойынша қызмет көрсететін өнеркәсіп орындары мен дүкендер қайтадан жұмыс жасай бастады. Атап айтар болсақ қала халқына өте қажет «Береке», «Ювелирный» сияқты дүкендер пайдалануға берілді.

Арқалық қаласының 1990 жылғы экономикалық көрсеткіштеріне қарасақ барлық саладағы көрсеткіш жоғары деңгейді көрсетті. Экономикалық нарықтың қатынастарға көшірулуі республика мен облыста экономиканың қаржы жағдайының нашарлауы, мемлекеттік бюджет тапшылығының өсуі қолма-қол ақшаның өте –мөте жетімсіздігі өндіріс көлемінің құлдырауы және ақыр соңында халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі сияқты теріс көріністермен қоса қабат жүрді. Осылардың барлығы экономикалық реформаларды тереңдету, облыс экономикасының тұрақтандыру жөнінде алдын-ала шараларын жасауды және жүзеге асыруды талап етті. Әсіресе бұл талаптардың қаржы-несие санатына және ақша айналысына тікелей қатысы бар. Бюджет санаты сол жылдары ең алдымен салық реформасы жүйесін жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаның бөлімдерінде 1993-1995 ж арналған дағдарысқа қарсы және әлеуметтік –экономикалық реформаларды тереңдету жөнінде бағыттар жүргізілді. Осы мақсатта қаланың 10-нан астам транспорт, құрылыс, байланыс және халық шаруашылығының басқа да халыққа ақылы қызмет көрсетуді ұлғайтуға міндеттелген. Бұл кәсіпорындар есебінен өткен кезең ішінде ғана тұрғындарға 512,3 мың сомның қызметі көрсетілген.

Халыққа ақылы қызмет көрсетуде «Грант» өндірістік бірлестігі жоспарларын 126%, аурухана 2 есеге, байланыс торабы 124% орындады. Өнеркәсіп кәсіпорындарының коллективтері товарлы өнімдерді шығару жоспарын асыра орындады. Жоспардан тыс 4 млн сомның халық тұтынатын товарлар өндірісінен мемлекеттік және кооперативтік сауданың бөлшек товар айналым жоспары 101, 2% орындалды және қаралған жоспардан тыс 1,2 млн сомның өнімі таратылды. Жалпы қала бойынша өткен кезең ішінде тұрғандарға 6950,9 мың сомның ақылы қызметі шығарылды. Жоспар 102,2% асыра орындалды. Бұл орайда ет комбинаты өнімдерін шығаруды 102,7% орындаған. Ол сүт зауыты мен кондитерлік тағамдар шығару йехтарының жекелеген өнім түрлері бойынша көріне білді.

Ең бастысы нарық қатынастарына көшкен жағдайда еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға айрықша көңіл аударған. Халыққа тұрмыстың және сауда қызметінің көлемін кеңейтіп, түр – түсін молайту, тұрғын үй, коммуналдық қызмет транспорт мәселелерін шешуге бағытталған нақтылы шаралар жасалды. Облыс қаржы қорының өткір тапшылығына қарамастан әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға 108 млн сомдай немесе қаржы қорының 53,1% жұмсалған «Торғай боксит кен басқармасы», «Арқалық элеваторы», «Тепло энергия» кәсіпорындары, «Железнодорожный» т.б. әлеуметтік қорғау құқыларын жүзеге асырудағы бастамалары облыста кең қолдау тапты. Сондықтан халық экономикасындағы нарықтың қатынастарға көшу кезеңінде, әсіресе соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді, көп балалы семьяларды әлеуметтік жағынан сенімді қорғаудың нақтылы бағдарламасын жүзеге асырады.

Қаланың әлеуметтік – экономкалық дамуы жөніндегі келесі міндеттердің нәтижелі шешілуі ең алдымен түбегейлі экономикалық шешілуі ең алдымен түбегейлі экономикалық мөлшердің өмірде қаншалықты дәрежеде терең қолданылуына байланысты.

 

Өнеркәсіп кәсіпорындарының ұжымдары товарлы өнімдерді шығару жоспарын асыра орындады. Жоспардан тыс 4 млн сомның халық тұтынатын тауарлар өндірілген. Жалпы жыл басынан бері қаржыландырудың барлық көзі негізінен 16 мың 156 шаршы метр пайдалы тұрғын үй алаңы қосылды

Қала  бйынша  келісімді  міндеттемелер.

Сонымен қатар күрделі құрлыста 7508 мың санның негізгі қоры игерілсе, оның 3362 мың саласы өндірістік объектілерге жұмсалып, осы тұрғыда жылдық тапсырма тисінше 16% - ке орындалды. Осы мақсатта қаланың 10-нан астам транспорт, құрылыс байланыс және халық шаруашылығының басқа да халыққа ақылы қызмет көрсетуді ұлғайтуға міндеттенген бұл кәсіпорындар ішінде 1990 жылы 512,3 мың сомның қызметі жасалып, әр адамға орташа есеппен 23,5 сомның қызметі көрсетілген. Бағаның өсу динакасын және ақшаның құнсыздану процесін талдау үшін сауданың барлық буындары бойынша халыққа сатылатын тұтыну тауарларынан нақты бағаларының индекстерін тіркеу және есептеу жұмыстары жүргізілді.

Қаланың экономикалық тұрғыдан нығаюна өнеркәсіп орындарының қосқан үлесі мол, мемлекеттік тапсырыспен тұтынушыларымен тікелей келсім бойынша өкім беру жөніндегі кесілген міндеттеменің бір жылдық жоспары 9618%-ке орындалды. Осылайша алғанда 1990 жыл ішінде әрине бірқатар салаларда табыссыз болған жоқ. 1991 жыл Қазақстандықтар үшін қаншама жеке егемендігін аңсаған, азаттық, теңдік деп аңсаған арманға жеткен жыл болатын. Алайда егемендік алғанна кейін елдің жағдайы бірден жақсарды деп айта қою қиын. Осы кезде нарықтың қысып, қиыншылықтың туып тұрған кері болатын нарықтың ауыр қыстағы Арқалыққа да жетіп халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп, кәсіпорындардың біразын туралатып тастаған еді. Алайда басшылардың еңбегінің нәтижесінде, қазіргідей қоғамымыз қайта құруға осы бұрыс жасап, экономикалық өркендеудің күрделі кезеңін бастап кешіп отырған шақта өз қаламыздың өнеркәсіьімен экономикасында, әлеуметтік дамуында өз да болса ілгерлмеушілік болды.

Қаланың экономикалық тұрғыдан өнеркәсіп орындарының қосқан үлесі мол. Өнеркәсіп орындарының өнім беру жоспары 96,8% -ке ғана орындалады. Төрт кәсіпорынның келісім шарт тәртібін беру салдарынан тұтынушыларға 1353 сомның өнімдері жеткізілмеген болатын. Осындай кәсіпорындар қатарына, Торғай боксит кен басқармасы, «Исать заводын, мотор құрылысын және алькоголсіз сусындар зауыттарын жатқызуға болады. Сол кездері қалада 99 кәсіпорын мен ұйым өзін-өзі қаржылаундыру жағдайында жұмыс атқарды.

Қала бойынша келісімді міндеттемелердің орындалуы 99,2%-ке жетті. Көптеген өнімдердің сапасы анағұрлым жақсыра түскен.

Қоғамдық құрылыс пен әлеуметтік – экономикалық салада нарық механизмнің енгізілуіне байланысты, халық шаруашылығының барлық түрінде жеке меншіктің бірнеше тәсілдері пайда болады, адамдарды еңбекпен қамтудың өзіндік проблмаларын алға тартты.

Тұрғындарды еңбекпен қамту жөнінде 1991 жылы Арқалық қаласында және оның жергілікті жерлеріндегі құрылымдарында еңбекке орнластыру жөніндегі бірнеше арнайы жүйе жұмыс істеген. Олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 378 мың тенге жұмсалды, құрылымдар автокөлікпен, қажетті кабинеттік мебелдермен, компьютер техникаларымен қамтамасыз етіледі.

Енді бір айта кететін жай, әлеуметтік – экономикалық жағдайдың қиындауына, өндірістік көрсеткіштердің құлдырауына байланысты көпшілік жерде еңбектегі қауіп қатерден қорғаудың шарттары мен талаптары сақтала бермейдіктен 1991 жылдан бері тікелей өндіріске 40 рет қауіп-қатерден қорғау тәртібі бұзылды. Соның салдарынан 44 адам жарақат алып, көптеген кәсіпорындарда түрлі бұзақылықтар болған.

Енді бірер сөз облысымыздағы еңбекке жарамды жастардың тұрмысқа қатысы туралы. Сол кездері қалада 16-дан 30 жасқа дейін жас мөлшерінде 81,4% мың адам болды. Сөзіміз халық болмауы үшін мына бір деректі айта кеткен жөн. Мысалы, «Арна» зауытында және көптеген кәсіпорындарда мамандығы бойынша 73 адам оқу бітіріп шықты. Өкінішке орай олардың ешқайсысы жұмысқа орналасқон жоқ.

Сол тоңдарда орын алып отырған әртүрлі проблемалық мәселелерді талдай келгенде, ең бірінші кезекте «Тұрғындарды еңбекпен қамту» жөніндегі заңға сәйкес ұлт-насихат жұмысын жандардыру басты міндет болып табылады. 1992 жылы облыс экономиканы тұрақтандыру өндірістің құлдырауына жол бермеуі жөнінде бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Бүтіндей алғанда облыстың халық шаруашылығы жалдық қорытындысы 9 млн сом? Оның ішінде ауыл шаруашылығы 6,6 млд сом пайдамен аяқталды. Сонымен бірге кемшіліктер мен алқылықтардың салдарынан облыстың Халық шаруашылығы өткенде өз мүмкіндігінен төмен жұмыс істеді..

Өнеркәсіп өкілдерінің көлемі бағаны 1991 ж деңгейімен салыстырғанда 15%-ке қысқарды. Көлік байланыс энергетика кәсіпорын қорының қызметкерлері қанағаттанғысыз күйнде қалды.

Ауыл шаруашылығы да үлкен кемшіліктерге жол берілді, қоғамдық мал басының өнімінің негізгі түрлерін көлемінің қысқаруына жол берді. Облыс бойынша ірі қара, 4,6 мың қой, 65,7 мың басқа кеміді.

Халыққа коммуналды, тұрмыстық, медициналық сауда қызметтерін көрсету, білім беру мен мәдениет халықтық қаражаты өз топтарының әлеуметтік қорғау мәселелерінде елеулі кемшіліктер орын алды.

Экономиканы тұрақтандыру өз тұрмысындағы шаруашылықтардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің ырғақты жұмыстарын жалға қоюды қамтамасыз етудегі көптеген міндеттер алға қойды.

1991-1992 жылдары экономикалық  әлеуметтік жағдайы қоғамда әлеуметтік  экономикалық тығырыққа тіркелген  көпшіліктің көкейіне қана қоймаған  нарық болашаққа деген үміт  пен күдікті қатар тудырды. Қоғамдағы  қайта құруды жеделденудің басты факторларының бірі-аздан да, көптен де үкемдеу қаржы қайтарымын үспеу.

Жалпы қана бойынша 1990-1992 ж өткен кезең ішінде ақылы қызмет көрсету жоспары 102,9% асыра орындалды. Түрлі зат айналым жоспарлы – 1347,9% сомға, күрделі құрлыс 16%-ке орындалды.  Бұл көрсеткіштер қаланың конференциясының нұсқауларына сәйкес шаруашылық құрылымында, экономикада болған өзгерістер қала экономикасын және әлеуметтік салаларын дамытуға оң ықпал тигізгендерін атап көрсетті. Қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуы жөніндегі келсі міндеттердің нәтижелі шешілуі ең алдымен түбегейлі экономикалық норманың өмірде қаншалықты дәрежеде терең қолдануына байланысты. Осы жылдар аралығында қала бойынша келісімді міндеттердің орындалуы 99,2%-ке жетті. Бұл көрсеткіш жоғары дәрежені көрсетті. Алайда қаланың 1993 жыл мен 1995 жыл аралығын айтар болсақ ем сын көтермейді. 1993 жылы барлық жағынан да өте қиын кезеңді басынан кешіп отыр. Нарықтың экономикаға көшу кезеңіндегі басты міндеттердің бірі аз қамтылған зейнеткерлерді, соғыс және еңбек ардагерлерін, өкп балалы отбасыларын, өзін күн көріспен қамтамасыз ете алмайтын барлық азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау болып табылады.

Информация о работе История земли Торгай