Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 19:59, реферат
Бір кезде Қазақстанның отаршылдықтан ең көп зардап шегуіне мәжбүр еткен де оның осы геосаяси орналасуы еді. «Бұл қонысқа қондырған ата – бабам оңбасын таңда сират басында», - деп Махамбет ақын күйінгеніндей, ашынса ашынатын – ақ жағыдай. Тап сол жағыдай Қазақстанды батыс отаршылдығының алғашқы құрбандығына айналдырады. Тап осы жағдай бүгінгі Қазақстанға төніп тұрған жаңа отаршылдық қаупінің былайғы мемлекеттердің қай – қайсына қарағанда да мейлінше зор екендігін көрсетеді. Тап осы жағдай қазақ ұлтының болмысына да ауыр зардаптарын тигізді. Тап осы жағдай қазір саяси прогматизм былайға мемлекеттерге жүз есе болса, Қазақстанға мың есе керек екендігін түсіндіреді.
Кіріспе
Жалпы, мемлекетті тарихи қалыптасқан ұлттық-аумақтық сипаттар түзейтін – ежелден белгілі қағида. Территориясы жоқ немесе территориясынан көшіп кеткен халық аспан мен жердің арасындағы ауадан мемлекет жасақтай алмайтыны даусыз. Тек белгілі бір ұлттың белгілі бір бөлігінің бір кезде үдере көшіп кеткен жерінен жер даулай алмауы, үдере көшіп келген елінен – мемлекет даулай алмайтыны, тек өзінің ұлт болып қалыптасқан тарихи отанында ғана мемлекет талап ете алатыны – көптен бері талассыз қағидаға айналады.
Бір кезде Қазақстанның отаршылдықтан ең көп зардап шегуіне мәжбүр еткен де оның осы геосаяси орналасуы еді. «Бұл қонысқа қондырған ата – бабам оңбасын таңда сират басында», - деп Махамбет ақын күйінгеніндей, ашынса ашынатын – ақ жағыдай. Тап сол жағыдай Қазақстанды батыс отаршылдығының алғашқы құрбандығына айналдырады. Тап осы жағдай бүгінгі Қазақстанға төніп тұрған жаңа отаршылдық қаупінің былайғы мемлекеттердің қай – қайсына қарағанда да мейлінше зор екендігін көрсетеді. Тап осы жағдай қазақ ұлтының болмысына да ауыр зардаптарын тигізді. Тап осы жағдай қазір саяси прогматизм былайға мемлекеттерге жүз есе болса, Қазақстанға мың есе керек екендігін түсіндіреді.[1]
Десе де, «азамат, сені сақтадым бір мүддама керек деп», Махамбет айтқанындай осы бір қазақтың жерін бабаларымыз бүгінгі күні өз ұрпағының қолына ұстатты да. Оған куә, оған дәлел - Қазақстан Республикасының барша әлемге өзін тәуелсіз мемлекет етіп жариялауы.
Өткен кеңес үкіметі тұсында Махамбет есімі аракідік аталып тұрса да, онша өз дәрежесінде ілтипат жасалмағаны белгілі. Өйткені, «артымыздан біздердің ақырып теңдік сұрарға» дейтін ұрпақтың үні бәсең естіліп жатты. Оның өзінің есептері бар еді.
Кейбіреулер Исатай мен Махамбеттің патшаның отарлаушылық
[1] – Кекілбайұлы Ә. Азаттықтың ақ таңы. «Қазақстан, Алматы-1996ж 286 бет.
саясатына қарсы бастаған шаруалар көтерілісінің тарихи маңыздылығына
онша мән
бере қоймай, оны қара халықтың қамы
үшін емес, үстемтап өкілдерімен тайталас,
қарапайым күрес ретінде
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: қай дау – дамайға қарасақта, Махамбеттің аты – Махамбет. Оның ірі кесек бейнесін қай заманның кіреукесі шапса да барған сайын жарқырай беретін жан шырайына қылдай қылау түспейді. Әлем тарихында, әдебиетінде дәл Махамбеттей азаттық пен бостандықты жан – тәнімен, жанқиярлықпен жырлаған жан жүрек ақын кеде – кем, жалынды жауынгер, намыс наркескені, сөз семсері, ұлы ұраншы, ақиық ақын, жауынгер, жыршы – адамға қонатын сирек қасиеттердің бәрін – іздегенде Махамбеттің бір басынан табылуы ғажайып құбылыс. Оның жасындай жарқыраған рухқа толы әлемін әр ұрпақ әрқалай ашады, әрқалай қабылдайды.
Мен ғылыми жобаны жазу барысында алдыма мынадай мақсат қойдым:
Мынадай міндеттер бар:
1. Махамбеттің рулық шежіресіне үңіліп, оның қоғамдық – саяси көзқарасының қалыптасуына тоқталу;
2. ХIХ-ғасырдың 30-40 жылдардағы Кіші Жүздегі саяси ахуалға тоқталып, Махамбеттің хан Ордасына кетіп, көтеріліске қатысу себептерін ашып айту;
3. Махамбеттің жеке басының тағдыры және оның туған – туыстарының бауырларының, көтерілісшілердің тағдыры немен аяқталады? Және Махамбеттің тағылымы қалай еді? - деген т.б. сауалдарға жауап іздеу;
1-тарау. Махамбеттің рулық шежіресі және оның қоғамдық- саяси көзқарасының қалыптасуы
Махамбеттің бабалары он екі ата Байұлының Жайық Берішіне жатып, Жайықтан – Дәулет, Дәулет-Түмаш, Түмаштан – Жаубасар, Ерназар болып келеді де, Ерназардан Құлмәлі бұтағы боп бөлінеді. Құлмәлі әулетінің шежіресі әрі қысқа, әрі ешқандай күдік – күмән туғысбастай басы ашық.
Құлмәлінің екі әйелі болған. Бәйбішесінен Шыбынтай, Өтеміс, тоқалынан Қобдабай, Айтай туған. Өтеміс болмағанмен, тарихи зерттеулерде Шыбынтайдың туған жылы белгілі, демек, сол арқылы Өтемістің де жас шамасын болжауға мүмкіндік бар. 1838 жылы істі болған Шыбынтай «79 жастамын» деген.Осыдан шығарып, Шыбынтай 1759 жылы дүниеге келген деп айта аламыз. Ал Өтеміс осыдан бір – екі жас кіші болғанда 1760 – 1761 жылдары туған боп шығады.
Шыбынтай қыдыр дарыған бай адам болған. Ал Өтеміс болса жасынан-ақ Беріш руының азулы билерінің бірі Қобдабай шаруа баққан адам болған да, Айтай жасында ерте өлген.
Өтеміс төрт әйел алған адам бірінші әйелінен Тоқтамыс, екінші әйелінен Бекмағамбет, Махамбет, Қожахмет, Ыбырайым, Әйіп, Хасан, үшінші әйелінен Ысмайыл, Сүлеймен, төртінші әйелінен Досмайыл.
Алайда соңы кезде Өтемісұлдарының шығу тегі туралы әртүрлі әңгімелер етек ала бастады. Махамбет тарихын көп зерттеген белгілі жазушы Берқайыр Аманшин Құлманиязды парсы Нәдір шахтың ұрпағы не оның әскербасшыларының бірінің баласы деп біледі.
Мұның бірі шежіре де, екіншісі сол шежірені шындыққа жақындату амалы. Бірақ екеуі де ақиқаттың жанаспайды.
Тарихқа тереңірек үңілсек,бұл күрмеудің жауабын табу қиын емес.
1630 жылдары Торғауыттар Ырғыз, Мұғалджар, Жем, Жайық арқылы Еділге беттеді. Еділ – Жайық арасына қоныстанған олар кейбірде Жемнен өтіп, Кіші Жүзді жайылымнан тарықтырды. Наурыз, Бақалай, Тілеуке батырлардың өмірі осы Торғауыттармен күнде шабыс, қиын – кескі соғыспен өтті. Бірде жеңіліп, бірде жеңген батырлар шепті азар ұстап тұрды. Терістік батыста пайда болған жаңа жаудан ығысқан Кіші Жүз қазақтары түстік тарапқа қарай жылжыды. Ол маңда Алшын ұрпағы, әсіресе Тама, Шектілер Мұхаммед Шайбани заманынан бар еді. Самарқанд билеушісі Жалаңтөсті арқа тұтқан Алшындар ХVII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік өлкелерге бауыр басып, Самарқанд, Хиуа, Хорезм, Бұхар төңірегіне тұрақтай бастағанына да екі ғасырға жуықтаған. «Ақтабан - шұбырындыданда» бұл үрдіс тіпті жаппай етек алды. ХVII ғасырдың басында Жайық Беріштің атасы Хорезмге ауды, әлі күнге дейін сол Хорезм төңірегінде отыр.
Ал Торғайыттардың тегеуіріні күшейген ХVII ғасырдың 50 – 60 жылдарында Кіші Жүз қазақтарының, Таз, Тана, руларының бір бөлігін, ал Жайық Беріштердің Түмаш ауылын Маңғыстау түрікмендері өздеріне қосып алды.
Түрікменденген Түмаштардың қайсыбір ауылдары тіпті беріге дейін өздерінің қазақ, қазақ арасында Жайық Беріш екендерін ұмытпай, басқа Түмаштардан бөлініп, түрікмен мен қазақ арасында көшіп – қонып жүрді. 1838 жылы 12 наурызда подполковник Даниленский Орынборға: «Тайманұлы Үстірттің арғы бетінде отырған қандас ағайыны Исатай Кәріпұлының ауылынан басқа жерде болуы мүмкін емес» деп жазды. Бұл Исатай Кәріпұлы түрікменнен ірге айырған Жайық Береш Түмаш ауылының бірі екені даусыз. Өтеміс старшин әрі би болғанмен, қазақ тірлігімен онша үйлесе бермейтін Орынбор – Хиуа аралығында керуенбасы қызметін де атқарған. Сол сапарларында ол ағайын туғандарына қонып, түстеніп жүрген. Бесқала да Өтеміс те,Махамбет те, Қожахмет те, Ымайыл да, Хасен де жиі болған. Тіпті, Қожахмет Хорезмге барғанда 9 жасынын бастап қасында жүріп соғысқа қатысқан Мұса дүрбелең біткеннен кейін ғана қазақ арасына оралып, дәулет бітіп, бай атанды.
Әр рудың шығу тегі туралы бір құйтырқы жоқ емес «Түрікмен, құл» Құлмәлі ұрпағына жабысқан жабысқақ. Өтеміс Жайық Беріш атақты Жүзбатыр Сартұлы ауылымен ірге ажыраспай бірге көшіп – қонып жүрген. Ал Жүзбатыр Исатайдың бесінші атасы Ағатаймен бірге туған Есіркептің шөбере – шөпшегі еді. Олар 1801 жылдың манында Калмыкова тұсынан Ішкі Ордаға өтіп, Самар көлі Жайық өзені аралығын жайлаған. Сол жерде ұзындығы 80-100 шақырымдай Бекетай құмы бар. /Қазіргі Жаңақаладан тура оңтүстікке 70-80, ал Ордаға 230 шақырымдай жер/. Өтеміс, Жүзбатыр ауылының жаз жайлауы осы Бекетай болған 1803 жылы Өтеміс ауылы Самар маңындағы қыс қыстаудан жаз жайлауға көшіп шығып, Бекетайға кеп қонғанда /сәуір-мамыр/ Махамбет дүниеге келген. Бұған дейін әдебиетте Махамбет 1841 жылғы наурызда берген жауабындағы дерек бойынша алынып жүр еді. Тарихшы И.Кенжеәліұлы Махамбеттің 1836 жылы 8 қарашада, 10 желтоқсанда берген жауаптарының ақынның өзі жазып, қолын қойып, мөрін басқан нұсқаларын тауып, сол дерекке сүйеніп Махамбет 1803 жылы туды деген қорытындыға келген. Заман ағымына құлағы түрік , өзінің де көзі ашық, алымды, шалымды Өтеміс балаларын жастайынан-ақ оқытып, жақсы тәрбие берген. Өтеміс ұлдарының арасында айырықша сауатты болған Бекмағамбет, Махамбет, Ыбырайым.
Әсіресе, Махамбет қазақша қатты сауатты болған, орысша да әжептәуір сөйлеп, жаза білген. Оны мұрағат деректері құптап отыр. Сол кездегі үрдіс бойынша Махамбет ауыл мектебінде оқып, білім алған. Билер, старшындар, ауыл ағалары мектеп ашып, молдалар ұстаған. Қайсыбір ауылдарда мектеп мұғалімдері болып, әскерден қашқан татарлар істеген. Сұлтан Сүйіншіғали Жанаәліұлының Өтемісті «қашқын жасырады» деп шапқанда, оның балаларын оқытытын татар молдаларын ұстап отырғанын меңзеуі де ғажап емес. Қалай дегенмен де, Махамбет қазақша терең сауатты болған, Махамбеттің ақын бала атанып, өз жанынан сөз шығарып, ауызға іліге бастағаны да осы шама.
Міне, Махамбет тағдыр жазып, осы құнарлы топыраққа дер кезінде бусанған дән боп түсті. Ол қаршадайынан-ақ оларды жаттап өсіп, жыраулық өнердің қыр-сырына қанығып, тұнығынан жүзіп ішті.
2-тарау. ХIХ – ғ. 30-40 ж.ж Кіші Жүздегі саяси жағдай
ХVIII ғ. аяғында Кіші Жүз екіге бөлініп, екі ел билеушіге қарады. Жем, Сағыз өзендерінен бастап, Жайықтың төменгі және Орта бөліктері Кіші Жүз хан кеңесінің төрағасы Бөкей Нұралыханұлына бағынды да, ал қалғанын Айшуақтың баласы Жантөре сұлтан биледі. Ол екеуі де Айшуақ ханға бағынды. Бұл кезде Айшуақ жасы жетіп, қартайып қалып еді, әрі ыңқыл-сыңқыл науқасты да болатын. 1805 жылы оны орнынан ығыстырып, баласы Жантөре сұлтан хан болды. Бұл кезде Кіші Жүзде хан тағынан дәмелі боп жүргендердің бірі де бірегейі Нұралы баласы Қаратай. Ол өзі жігерлі, іскер, ел ауызын алған саясатшыл еді. Жантөре хан боп кеткен соң, Қаратай оған қарсы білек сабанып ереуілге шықты.
1806 жылы старшындар кеңесі «пайдасыз хан Жантөреден бас тартамыз» деген шешім қабылдап, Қаратайды хан көтереді. Шындап келгенде оны таққа отырғызған алты Шектінің атақты батыры Көтібар. Алайда, патша Қаратайдың хандығын мойындамады. Қаратай Жантөрені өлтіретінін жалпақ елге жарсалды. Жантөре орыс қамалдарының іргесіне көшіп, сол маңайдан шырмалап шыға алмады.
1807 жылы патша үкіметі Қаратайға қарсы екі рет жасақ аттандырады. Одан тек қара халық запа шекті. Қаратайдың мұрты да сынбады.
Патшаның бұл әрекетіне қасарысқан Қаратай 1809 жылы Жантөрені өлтіріп тынды. Жантөренің өлімінен қорқып, көптеген билер мен батырлар одан енді іргесін аулақ салды. Қаратай Хиуа хандығына қарай жылжыды.
1812 жылы Ішкі Ордаға Нұралы баласы Бөкейді, Кіші Жүзге Айшуақ баласы Шерғазыны хан сайлады. Қаратай елді көтеріліске шақырып, тағы да екі жыл қыр даланы дүбірге кенелтті. Патша әскерлері Қаратайға қосылған ауылдарды іздеп барып шабатын тактика қолданды. Сөйтіп, Қаратайдың күші сарқылды. Ол 1814 жылы Орынбор генерал-губернаторымен жүздесіп, күрестен бас тартты да, патша әкімшілігінің қызметіне араласты. Ол Шерғазыны жайына қалдырды.
1824 жылы Қаратайды
Кіші Жүздің батыс бөлімінің
билеуші сұлтаны етіп
Өзін хан деп тану мәселесі жөнінде Арынғазы патша өкіметімен келіссөз жүргізді. Бұл кездегі патша әкімдерінің ойы хандықты жою еді, сондықтан Арынғазыға аңық – қанық жауап бермей, сөз бұлтаққа салумен болды. 1820 жылы Арынғазы Шерғазы ауылын шапты.
1821 жылы Арынғазы, келіссөзге деп, Петербургке шақыртылды. Арынғазы хан болам деп дәмеленіп еді, ол үміті ақталмады. Оны тұтқынға алып, біршама уақыт Петербургте ұстады да, Калугаға жер аударып жіберді. 1833 жылы Петербургке Арынғазыны іздеп әйелі келді. Оны патша сарайында қабыл алды. Николай I патша Арынғазыға Мәскуеде тұруға рұқсат етті. Бірақ ол Мәскеуді көре алмай, сол 1833 жылы Калугада жантәсілім етті.
1822 жылы Сібір
губернаторының басшылығымен «
Ауылды старшын, болысты сұлтандар, округті аға сұлтандар билейтін болды. Округ басшылары – округтік приказ аталды. Аға сұлтан сол приказдықтың төрағасы болды. Оның жанында тағайындалған екі орыс чиновнигі, сұлтандар мен билер мәжілісінде сайланатын екі қазақ кеңесшісі болды.
1822 жылы «Орынбор қырғыздары туралы» ереже жобасы жасалды. Оны жасаған генерал-губернатор Эссен еді.[1] Мұнда Кіші Жүз үш бөлікке бөлініп, үшеуін үш хан билейді деп жобаланды. Ханның бірі Арынғазы болады деп ұйғарды. Себебі: шын мәнінде Кіші Жүзде билік жүргізіп тұрған Шерғазы емес, Арынғазы еді. Бұл жоба тек 1824 жылы ғана жүзеге асты. Шерғазы 150 сом жалақысы бар, Шекара комиссиясының қызметіне бекітіліп, Орынборға көшті. Сонымен Кіші Жүз үшке бөлінді. Батыс бөлікке Қаратай, Ортаға-Темір Ералыұлы, Шығыс бөлікке – Жұма Құдаймендеұлы
[1]- Қасымбаев Ж. Сырына терең үнілсек: И.Тайманов бастаған шаруалар көтерілісі туралы деректер // Қазақ әдебиеті 1966ж 15 шілде. 12 бет
хан емес, билеуші сұлтан болып сайланды. Бұлардың үшеуі де Әбілқайыр
ұрпақтары еді.
Әрбір билеуші сұлтанның
Патша әкімшілігі Кіші Жүзге өзінің басқару жүйесін батыл енгізу жолына кірісті. 1831 жылы Кіші Жүздің жерін дистанцияларға, яғни бекініс аралығындағы учаскелерге бөліп, 32 дистанция құрды. Осы жылдардан бастап Кіші Жүздің батыс бөлімінің билеушісі боп Баймағамбет Айшуақұлы, Ортаны – Жүсіп Нұралыұлы, Шығыс бөлімді Қаратайдан жазым болған Жантөре сұлтанның баласы Ахмет Жантөреұлы биледі. 30-жылдары Кіші Жүзге наразылық көбейіп ереуілшілер бой көрсете бастады. Әсіресе, 1831 жылы енгізген басқарудың дистанциялық әдісі бұрыңғы рулық құрылымдарға соққы болды. Ел ғасырлар бойы қалыптасқан ата жолынан көз жазғысы келмеді. Территориялық негізде құрылған басқарудың дистанциялық әдісіне қарсы болған Табын Жоламан Тілекшіұлы мен Шәмішті. Табын атақты Асау Барақұлы батырлар. 1832 жылы өзінің жарлығын құлаққа ілмеген оларды Баймағамбет 400 адаммен қуып, не жете алмай, не ала алмай, жолдағы бейбіт елді талан-таражға салып, қайтып оралды. Жоламан мен Асау Барақ Оңтүстікке қарай көшіп, шебтен көп ұзап кетті.
1835 жылы патша әкімшілігі үйі, Тобыл өзендерінің бойын жоғарғы үй, Төменгі үй шебін салуға кірісті. Орск, Троицк бекіністерінің іргетасын қалап, осы екі өзеннің аралығынан тағы да ең құнарлы деген 1 миллион гектар жерді кесіп алды .
Информация о работе Махамбет Өтемісұлының қоғамдық - саяси көзқарасы