Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 19:59, реферат
Бір кезде Қазақстанның отаршылдықтан ең көп зардап шегуіне мәжбүр еткен де оның осы геосаяси орналасуы еді. «Бұл қонысқа қондырған ата – бабам оңбасын таңда сират басында», - деп Махамбет ақын күйінгеніндей, ашынса ашынатын – ақ жағыдай. Тап сол жағыдай Қазақстанды батыс отаршылдығының алғашқы құрбандығына айналдырады. Тап осы жағдай бүгінгі Қазақстанға төніп тұрған жаңа отаршылдық қаупінің былайғы мемлекеттердің қай – қайсына қарағанда да мейлінше зор екендігін көрсетеді. Тап осы жағдай қазақ ұлтының болмысына да ауыр зардаптарын тигізді. Тап осы жағдай қазір саяси прогматизм былайға мемлекеттерге жүз есе болса, Қазақстанға мың есе керек екендігін түсіндіреді.
Жоламан батыр жерсіз қалған руларды төңірегіне жинап, мықты қол жасақтап, тағы да амалсыздан атқа қонды. Бекіністерді, қазақ – орыс ауылдарын күйрете шапты. 30-шы жылдардың ортасында ол Торғай өзеніне қарай жылжып барып, ақыры Кенесары дүрбелеңіне қосылды.
Міне, Исатайлар Тайсойғанға келген 1837 жылдың аяғы, 1838 жылдың басында Кіші Жүздегі ахуал осындай еді.
2.1. Махамбеттің хан Ордасына шақырылуы
1829 жылдың дүрбелеңі Жәңгірдің есін кіргізді. Ол қарамағындағы елден көз жазып, ұрмай-соқпай тағынан айырылып қала жаздады. Билейтін елі болмаса, кімге хан болмақ? Жәңгір елмен қарым-қатынас саясатын шұғыл өзгертуге кірісті. Ол енді ықпалды азаматтарды қолтығына тартып, арқадан қағып алдау тәсіліне көшті. Тіпті, қозғалысқа дем берген Шөке Нұралыханұлы, Шыман Орманұлдарының қылмысын көрсе де, көрмеген боп көзін жұмып, оларды жазалаудан арашалап, алап қалда. Сөйтіп, жауларын тілеулес достарына айналдырды.
1831 – 1832 жылдары
шамасында Бекмағамбетті старшы
Жәңгірдің өз сөзінен Махамбет ханның тұңғышы Зұлқарнайын Орынборда оқығанда жанында тәрбиеші болғанын білеміз. Пайымдауымызша: Махамбет Орынборда 1832 – 1834 жылдарда болды. Жәңгір таласып, айтысып жүріп Орынбор Неплюев атындағы әскери училищесінен қазақ балаларына деп 10 орын алып еді. Зұлқарнайында соған оқытуды арман етті. Әлгі орындар үшін жыл сайын хан қазынасынан қаражат аударылып отырды. Зұлқарнайынды оқытпақ болған Жәңгір арманы 1833 жылы 14 мамырда орындалды. Орал қазақ-орыс атаманы баланы Орынборға оқуға аттандыруға бұйрық шығарып, рұқсат етті. Бірақ дала баласының әскери училищеге түсіп, орысша оқып кетуі қиын еді. Сондықтан Жәңгір Зұлқарнайынды әуелі өз Ордасындағы, сосын Орынбордағы мектепте дайындықтан өткізді. Ол әуелі Орынбор керуен-сарайы мешітінің имамы Дүйсәлінің үйінде, кейін өлкетанушы Карелиннің пәтерінде жатып оқыды. Міне, Махамбет осы кезде Зұлқарнайының жанында тәрбиеші болды. Бала әскери училищеге түскен соң да, ол бір жылдай сол қалада Зұлқарнайынға бас-көз боп жүрген.[1]
[1]- Сарай. Ә. Исатай мен Махамбет. Зерттеу «Өлке», Алматы-1997ж 103 бет
1832 жылдан бастап
Махамбет Орынборда
Бір ғажабы – хан орданың марапатына бөленген, Жәңгірмен табақтас болып, сұлтандар, билер қолпашына кенелген Махамбеттің сонау ілтипатқа масттанып, бір ауық болсада өзінің ақындық табиғатынан жансақ басып жаңылған жері жоқ. Ол елбасшыларын көтермелеп, бір ауыз мадақ айтпаған. Бұл өте сирек құбылыс. Махамбеттің оқшаулығы да, өзге жыраулардан өзгешелігі де осында, Ол екіге жарылу, күні үшін көлгірсу дегенді білмеген, іші-сырты бірдей, тұп-тұтас қалпы туыла салынған сирек дарын еді. Ол кірістен кеткен жебедей, қайыра сілтеген қылыштай, жай оғындай жұп-жұмыр, көлденең қойған қабырғаны бұзып жаруға жаралғандай жан.[2]
1834 жылғы аты шулы әйгілі би, старшын сайлауында Махамбет
[2]- Сабыров С. Жәңгір хан Ордасы: кеше және бүгін // Зерде – 1996ж №10 14-15 бет
старшын боп бекітілді. Ол 1836 жылғы 8 қарашадағы Новопорховинск
жерінде, «Жәңгір ханның № 572 жарлығына сәйкес 9 маусым 1834 жылдан старшынмын. Бірақ та Шекара комиссиясының бұйрығы шыққан жоқ» деген. Ол, асылы, хан кеңесінің жанандағы 12 старшынның бірі болған. 1834 жылғы маусым айындағы би старшын сайлау съезінде Исатайдың сағы сынды. Хан жақтауымен, қарауылдың қолдауымен осы жолы қалайда биліктен кетерміз деп келген Балқы қайтадан сайланып, Исатай мен Жәңгір алқа топтың алдында қатты сілкініп, бір-біріне әдептен асқан сөз айтып, ақыры күзет әскерге Исатайды тұтқындатып тастады. Жаңа ғана старшын болып, санатқа ілігіп осының бәрін көзімен көрген Махамбеттің қуанышы қайғыға айналды. Айғайға басып, кінәласқан алқа топқа кімнің кім екеніне оның көзі жетті. Хан, сұлтандар, билер тобымен жалғыз айқасқан Исатайды көріп, оның ержүрек қайсарлығына, тайсалмас айбатына таң болып, «Исекем арыстан екен-ау» деп қалып еді, сол теңеуді өле-өлгенше қайталаумен өтті. Ол әділет іздеп, халық мұнын жоқтап сөйлеген, хан әулетінің аярлығын беттеріне аяусыз басып еді. Махамбет бұрын-соңды ханмен, хан тобымен тап бұлай тайсалмай салғыласқан жан баласын көрген жоқты. Исатайға өкпелі еді, енді әділет үшін хан тобы мен айқасқан ерді көріп өкпесін ұмытты. Ақын жаны әділетпен бірге тұтанатын, оған әділеттен басқа қымбат қазына жоқ екенін көрсетті. Ақырында Махамбет Жәңгірден кетті. Сонда Махамбеттің Жәңгірмен кетіскендегі сөзі екеуінің арасындағы ренжісу ақынның ханның бетіне арамдығын айтумен тынып еді:
Достырың келіп табалап,
2.2. Махамбеттің көтеріліске қатысуы
Махамбет хан ордасынан шығып, Мыңтөбегедегі
Исатайға тартты. Ханмен аңдысып отырған
Исатай оны құшақ жая қарсы алды. Махамбет
хан Орданың жайын баян қылды. Исатайдың
бұл кезде Жәңгірге хат жазып, соның жауабын
күтіп, екі ойлы боп жүрген кезі еді. Махамбет:
ханнан жақсылық күтпе, оның ойы – сенің
түбіңе жету – деп әділін айтып, Жәнгірдің
енді түзелмейтінін, оған атасы Нұралының
кебін кегізбей болмайтынын айтып, батырға
ұғындырып бақты. Махамбет өзінің
ниетін, адалдығын дәлелдеу үшін, ағасы
Бекмағанбет пен арыстай інілерінің ауылын
қыс кезі қырауға қарамай түгелдей
Исатай жанына көшіріп әкелді. Бірақ
үй ішін, әйелін алдыра алмады. Хан
оларға Махамбеттің соңынан кетуге қатаң
тыйым салып, кейін төркініне көшіріп
жіберді. Ақынның «Атама меннен салем
айт» деп басталатын өлең- хаты осы шындыққа
сауле түсіргендей.
Достыны досым демесін,
Ата – ана қарыма!
/1835, күз/
Махамбеттің
жанашыр көңілдес достарына
Кешікпей
Махамбет артынып – тартынып
жүздеген түйе керуенімен
Орынбор әскери губернаторы Хиуа жорығын белгілі бір кезеңдерге дейін жасырын ұстаудың бар амал айласын істеп бақты. Сарала жаздың ортасында «биыл қазақ даласында зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатымен үлкен экспедиция шығады» деп жар салды. Кіші жүздің тізгініндегі сұлтандар, билер, старшындар ел ішінде түсінік жұмыстарын жүргізуге міндетті болды.
«Ел болса, ер тудырмай тұра алмайды» деген халық философиясының өміршеңдігіне тәнті болмасқа лажы жоқ. Үстіртің жиегіне дейін, әскер сабылып, зерттеу экспедициясының атын жамылып жүрген әскери топтардан қаймығып, ел ұстаған белгілі азаматтар тырып ете алмағанмен, шыбын жанын шүберекке түйген өжеттер мен тентектер табылмай қалмады.Тамыздың 22 – не қараған түні Шөмішті, Табын мен Алаш руларының жігіттері Ембідегі башқұрт солдаттарының 398 атын айдап әкетіп, горнизонды жаяу қалдырды. 29-қыркүйекте Ақбұлақ қамалының іргесіне біреулер 32 әскер атын алды.17 қазанда Ембі – Ақбұлақ керуен жолында көпес Зайчиковтың 180 өгізі жерге сіңгендей жоқ болды. Перовскийдің Хиуа жорығына қазақтардың қарсылығы анық партизандық белгі алды. Тарихи деректерден бұл кезде Махамбеттің салынып жатқан Ембі қамалын көбірек төңіректегенін байқаймыз. Жоғарыда патша әскерін атсыз, көліксіз қалдыру әрекетіне Махамбет тобының да ат салысқанында дау жоқ.
1839 жылы - ақ патша отаршыларының Хиуаға әскери жорығы кезінде Махамбеттің Орынбор Хиуа керуен жолында болып, қолынан келгенше қарсылық көрсеткенін байқаймыз. Бұл жайт ақын өмірбаянына тың беттер қосады.
3 – тарау. Махамбеттің тағдыры мен тағлымы
Батырды жатпай – тұрмай іздеушілердің бірі 1839 жылы 23-ші шілдеде Махамбет, Досмағанбеттер ауылын шапқанда іннен інге тығылып, Беріш ақсақалдарының ара түсуімен ғана басы аман қалған 1-ші дистанцияның билеушісі Мұрзағали Өзбекқалиұлы сұлтан. Оның негізгі қонысы Троиск қамалына қарама-қарсы Жайықтың сол қапталындағы Қаракөл, Қарабау, Сарыкөл өңірлері еді. Өзіне қарасты ауылдардан Махамбетті іздеп таппағанын қанағат қылмай, Жайық пен Жем аралығындағы ел ішін шарлап жүрген.
Кейін Махамбет 1847 жылы 7-ші күні Дуанбасы деген жерде тұтқындалады. Оны ағайынды Тілекейұлдары мен бірге аяқ-қолдарын матап, Гурьевке алып келеді. Арбаға шынжырлап, Оралға, одан Орынборға алып жүрді. 17 наурыз күні Орынбордың Ордонокгауз түрмесіне табыс етіледі. Онда Махамбеттің бойын өлшеп түр-түсін, ерекше белгілерін хатқа түсіреді. «37 жаста, бойы 2 аршы 53/4 вершок /168,7 см/ шашы, қасы, мұрты сақалы қара, беті аузы таза, түсі қараторы, қой көзді /желто-серые/. Шындығында патша өкметінің Махамбет жөнінде тарих алдында сіңірген еңбегі осы ғана: түр-түсі, сырт кейпін хатқа түсірген».[1]
24 маусымда әскери сот төмендегідей шешім шығарады: «қылмысты деп табылған Өтемісұлын Жайық сыртындағы Ордада жүрген кезінде үкіметке көрсеткен дұрыс ниеттері үшін, жаза тартудан құтқарылсын да, шеп сыртында тұрыуына рұқсат етілсін, ал әскери шепке жақындаса не ішкі тарапқа өтсе, аяушылық болмайды. Тұтқынмен бірге қолға түскен екі түйе, бір ат, мылтық пен пышақты Өтемісұлы қандай жолмен тапқаны туралы сенімді дәлел келтіре алмағандықтан, аукцион арқылы сатылсын...». Сөйтіп Махамбетті жер аударады.
1842 жылы Орынбор басшылары өзгереді. Хан, төрелер өз жауларын бір жолата женген жоқ. Махамбеттің тірі жүруі Жәңгірді алаңдатты. Шекара комиссиясынан Махамбеттің ісін қайта қарауды өтінеді, бірақ одан түк
[1]- Сарай Ә. Исатай мен Махамбет. Зерттеу «Өлке», Алматы-1997ж., 349 бет.
шықпады. Кейін бұл істі Баймағамбет қолға алады. Махамбетті оңайлықпен
қолға түсіре алмайтынына көзі жетті. Сосын оны сотсыз өлтіруге шекара комиссиясын үгіттеп көндірді. 1846 жылы қазан айының 19-ы күні түс шамасында Махамбет Баймағамбет арнайы жұмсаған жаналғыштардың қолынан қаза табады. Махамбеттің қазасы Баймағамбеттің 5-ші қараша 1846 жылы шекара комиссиясына берген №1355 рапортында көрсетілді. 1846 жылдың 21-22 қарашасында шекара комиссиясында Махамбеттің өлімі туралы іс қаралды. Бірақ, Махамбеттің өлімі үшін ешкім жауап бермеді.
Сөйтіп, елім деп еңіреген есіл ер жауыздардың қолынан жазым болып, Қаройда бір үйім топырақ болып, ескерусіз жатты. Халық үшін еткен еңбек зая кетпейді екен, Махамбет тағдыры соның куәсі. Батыр Мылқым, Несібелі атты екі әйелден алты ұл, бір қыз сүйді. Олар – Жақия, Ақай, Досмағамбет, Оспан, Дүйімбаян, Дүлзада. Ақай мен Оспаннан ұрпақ жоқ. Тастөбе соғысында /15-ші қараша 1936/ 20 жасар Ақай шешесі Мылқым және жас келіншегімен оққа ұшты. Оспан, Ақбұлақ /12-ші шілде 1938/ соғысынан кейін көп ұзамай ауыр жарақттан өліп, әкесінің жанынан топырақ бұйырды.
Шыныда,
бас-басты жұтты, есепсіз,
______________________________
[2]- Сарай Ә. Исатай мен Махамбет. Зерттеу «Өлке», Алматы-1997ж., 349 бет.
Қорытынды
Махамбет тарихы – шын мәнінде Кіші жүздің жарты ғасырлық тарихы. Исатай-Махамбет оқиғаларын алыпбастаған боласқ Бөкей Ордасында көңіл қоярлық тарих та қалмайды. Исатай – Махамбет көтерілісі әрі ұлт-азаттық көтеріліс, әрі ішкі майдан көтерілісі.
Информация о работе Махамбет Өтемісұлының қоғамдық - саяси көзқарасы