Түркештің Қытаймен, Арабтармен қатынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 12:24, реферат

Описание работы

Түркеш қағанатының тарихы әлі де жүйелі түрде зерттеле қойған жоқ. Кезінде академик Әлкей Марғұлан мен Мұсатай Ақынжанов бастаған атақты ғалымдардың көз майын тауысып, зерделеуге үңіле түскен қадамдары өз жалғасын таба қоймады. Өткен ғасырдың 80-жылдарыңда Қытайдағы Нығмет Мыңжан, Жақып Мырзахан бастаған қазақ тарихшылары түркештер туралы көлемді зерттеулер жүргізіп, қазақ халқын құраған ру-ұлыстарға ұйытқы болған алғашқы, дербес этностық одақ ретінде қарастыра бастады

Содержание работы

Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------3-6


І.Тарау. Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны

а) Түркеш қағанатының құрылу тарихы-------------------------------------7-14
б) Түркештің этникалық территориялық бөліністері---------------------15-25

ІІ.Тарау. Түркештің Қытаймен, Арабтармен қатынасы

а) Түркеш тарихындағы Атлах шайқасының рөлі------------------------26-31
б) Түркеш қағанатында исламның таралуы -------------------------------32-38


Қорытынды ----------------------------------------------------------------------39-41

Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер және деректер тізімі------42-46

Файлы: 1 файл

Түркеш-қағанаты.doc

— 284.00 Кб (Скачать файл)

Тарихи дерек көздеріне жүгінер болсақ, :түркештер VI ғасырдан бастап Батыс Түрік қағанаты құрамында Іле өзені мен шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі аса құнарлы, байтақ өлкеде өмір сүрген. Олар мал шаруашылығын негіз ете отырып егіншілікпен де, қалалық өмірге бейімделіп, сауда-саттықпен де, қолөнерімен де молынан айналысқан. Ең бастысы – Шығыс пен Батысты жалғап  жатқан сауда, керуен жолының басым бөлігі түркештер бақылауындағы қалаларды басып өткен. Осындай қолайлы жағдайлар түркештердің тез арада еңсе тіктеп, қуатты мемлекет ретінде бой көрсетуіне аса күрделі саяси, экономикалық және әскери мүдделер тоқайласар алаңға айналуына себепші болады.

Түркештер тарих сахнасына шығар қарсаңда қазіргі Қазақстан аумағындағы саяси, әскери жағдай өте шиеленісі болып еді. 651 жылы іргесі шайқалған Батыс Түрік қағанатын қалпына келтіру үшін Таң империясының обзырлығына қарсы көтерілген Шбара Хилаш қаған алты жылдан кейін, яғни 657 жылы жеңіліп, қолға түседі. 659 жылы отаршыл империя астанасында құсалықтан өледі.

Батыс түрік тайпалары бас иесіз қалады. Ел батыраңқылыққа ұшырайды. Осы орайды пайдаланған Таң империясы 658 жылы бұл тайпаларды басқаратын екі үлкен әскери аймақ құрған болатын. Оның біріншісі Іле өзенінің орта және төменгі сағасына орналасқан Суого Мохә (Сақал Баға) тайпасын тізгіндсу тапсырылған Вен Лу Уәли мекемесі, екіншісі – осы уәлиліктің батыс жағындағы Алаш (Алишә) тайпасын тізгіндсу міндеттелген Жие сан Уәли мекемесі.

Түрік-қытай қатынастарын жақсы білетін академик Ә.Марғұлан сол дәуір шындығын талдай келе «Бұл көзде Шығыс ТүркісТаң мен Жетісу өлкесінде екі түрлі саяси бағыт болды, бірі Таң мемлекетін жақтайтын «Табғаш хандар» сойы, екіншісі жергілікті халықтың мүддесін жақтайтын патриоттық күштер»7 деп жазған еді. Соның  жарқын бір мысалы 685 жылы Таң империясының  жесір патшайымы У Зытян шығарған жарлықтан көрінеді. Ол жарлықта «Табғаш хандар сойынан» шыққан Асана Низухтың (Ашина Мишы) баласы, аты да қытайшы Ашина Юаншиді бес Дулат тайпасына қаған әрі Кун Лун Тұтық мекемесіне бастық етіп тағайындайды. Бес Нүшбені оқшаулап, оған да «Табғаш хандары сойынан» Асана Баянның (Ашина Буженнің) баласы Асана Хусараны (Ашина Хусело) қаған әрі Мың Ше аймағы уәлиі етіп белгілеп, қалың қолмен батысқа жәнелтеді. «Табғаш хандар» жартыкеш билік үшін жанын сала кірісіп, өз халқына құтырған қасқырша шабады.

Л.Н.Гумилев әділ айтқандай «VIII ғасырдың орта шенінен былай қарай әулетті  (Таң әулеті - Ә.Д.) қолдап тұрған Ашин тұқымына деген дәстүрлі сый-құрмет сейіліп, соңғы хандар өздерін қытайлықтардың сенімді малайы және өз халқының жаулары ретінде танытқандықтан, оларды бүтіндей сыйламайтын болды»8.

Жағдай-күрт өзгерді. Кезінде Асана Хусараның қол астында баға Тархан болып жүрген Үгіл (Өгелі) он оқ халқының осындай көңіл-күйін дәл басқан ақылды, көсем ретінде мойындалып, көптің қолдауына ие болады. Асана Хусара өзіне берілген 60-70 мың адамдық халқын бастап Таң империясын паналайды. Оған қараған ел мен жер Үгіл басқарған түркештерге өтеді.                                                                                                                                                                 

Үгіл ұлан-байтақ қағанат аумағын басқарудың жаңа жүйесін жасауға кіріседі. Бүкіл елді ру-ұлыстың қоныстану жағдайына қарай 20  әкімшілік аймаққа бөледі. Әр аймақты басқаратын 20 бақылаушы өкіл әкім белгілейді де, олардың қолына 7000-нан әскер беріп, 140 мыңдық сайлауыт армия жасақтайды. Бүкіл елді түріктердің ел билсу дәстүрі бойынша он және сол қанат болып екі үлкен ұлысқа бөледі. Өзіне-өзі әбден сенген Үгіл қалың қолды бастап Батыс Түрікқағанатының бұрынғы астанасы Суяпқа шабуылдап, басып алады да, Шу өзенінің батысындағы уақытша ордасын көшіріп, осында әкеледі. Суяп – ұлы астана, ал Іле өзені бойындағы Қойлық (Күнгіт) қаласы кіші астана болып белгіленеді.

Түркеш қағанаты күн сайын қанатын кең жайып, бүкіл Батыс Түрік қағандығының елі мен жеріне иелік етеді. Қытай деректеріне қарағанда, 704 жылдары Түркеш қағандығының аумағы мынадай болған: «Шығыс Солтүстікте (шығыс) Түрік қағандығымен, Батыс Оңтүстікте соғдылармен ал Шығыс Оңтүстікте Шитин аймағымен шекараласқан»9. Ал осы ұлан-байтақ таулы, далалы шекара аса шиеленісті жанжалдарға толы еді. Қайта қалпына келген Шығыс Түрік қағанаты айнала көршілеріне қарсы үздіксіз жорықтар жасап жатқан, оңтүстіктен Тобандар (Тибет) да бой көрсетіп Тәңіртаудың түстігіндегі иеліктеріне басып кіріуін жиелете түскен. Осындай қауіпті жағдайдан шығар жолды іздеген Таң империясы ежелгі зұлым тәсілге басып, түркештерді барынша қолдағансып, Үгілге алдымен (699ж.) уәлилік, соңынан (705ж.) «игі хан» (хуайди жүн уаң) атаған беріп, шырғалайды. Өз қағанатын нығайту жолында арпалысқан Үгілге де керегі осындай сыртқы қолдау еді.

706ж. қыста Үгіл кенеттен  ауырып, қайтыс болады да, оның орнын үлкен ұлы Сақал10 (Саға-Суого) басады. Сақалға Таң ордасы бірден уәлилік, «игі хан (хуайди жүн уаң) және сол қанат әскерлерінің қолбасшысы» деген атақ-дәрежелерді үйіп төгеді. Бұл кезде Сақалдың қарамағында 200 мыңдай сайлауыт әскері бар болатын.

Сақал уәилікке тағайындалған Вен Лу аймағы Іле аңғары болатын. Стратегиялық орны аса маңызды аймақ. Қытай деректеріне қарағанда, 708 жылы түркештердің басшысы Сақал (Саға) өзін қаған деп жариялайды. «...Таң патшалығы Сақалды он төрт тайпа қағаны деп мойындайды»11 деп жазылған. әйтсе де түркештер өз мүмкіндіктеріне және өзгермелі шекаралық оқиғалардың беталысына қарай Таң патшалығынан тәуелсіз, дербес жолмен жүріп отырады. Таң патшалығына тегеурінді соққылар беріп жатқан Шығыс Түрік қағандығымен құдандалық байланыс орнатып, тату-тәтті тұруға талпынады. Тобан (Тибет) патшалығымен де бейбіт қатар өмір сүреді. Сондықтан да Сақал басқарған Түркеш қағанаты барлық көршілермен тең, пайдалы  мәмілегерлік қатынас орната алды.

Таң патшалығының бас уәзірі Зұң Чуке қытайшыл Ашина Кул Чор Жүнжені қолдап, Сақалға қарсы арандату сосын бастамақшы болғанда Сақал бірден әскери жорыққа аттанып, Таң патшалығының құзырындағы төрт қалаға12 шабуыл жасайды.

Сақал – аса өжет, білгір қолбасы. Ол еліне төнген қатердің алдын алу үшін батыл қадам жасап, «Бес мың қолды Әншиге, бес мың қолды Ферғанаға, бес мың қолды Қашқарға, бес мың қолды Қарашәрге шабуыл жасауға аттандырады»13.

Түркеш қағанатының тәуелсіздігі мен мемлекеттік мәртебесін қорғауға деген құлшынысын, күш-қуатын айғақтар мұндай деректер Таң патшалығы Орда жазбаларында ішінара болса да кездесіп қалады. Қытайлық бастаухаттардың бәріне дерлік ортаң кінәрат – түріктің ұлы қағандары мен үлкенді-кішілі елбасыларын ылғи да қытайға бағынышты немесе бағынғысы келіп, жағынып өткендей қылып жазатындығы. Мемлекеттер арасында болып тұратын табиғи, әрі шартты қарым-қатынастардың  мәмілегерлік мән-мыңызы дегендер көбінесе есепке алынбай жатады.

Сақал билік құрған заманда Түркеш қағанаты мен Шығыс Түрік қағанаты арасындағы байланыстар бір қалыпты болған жоқ. Олардың арасын ашып, бір-біріне айдап салуда мемлекеттік саясат деңгейіне жеткізген Таң патшалығы түркештердің тегсурінді күшін Шығыс Түрік қағанатына  қарсы жұмсауға барын салады. Ақыр соңында олар дегеніне жетеді. Нәтижеде түркештер арандап қалады. Бұл жағдай бізге 716 жылы жазылған Тоныкөк тас жазуынан белгілі. Онда: «Түркеш қағанынан хабаршы келді, сөзі мынадай: Шығыстан қағанға (Шығыс қағанына) әскер аттандырмақ болды....Түркеш қағаны жиналды, он оқ халқы қалмай жиналды. Табғаш (Таң патшасының) әскери бар деді».  Одан әрі нақтылап: «Үш хабаршы келді, сөзі бір: қаған әскері аттанды, он оқ әскері қалмай аттанды. Жарыс жазығында біргеміз деді»14.

Мұндай нақты мәлімет қытай жылнамаларында кездеспейді. Әйтсе де «Билік ғибратнамасы» атты жазбада «Таң патшасы, Шуан Зұң Кай иуан 2 жылы (714 ж) желтоқсанда түркеш қағаны  Шоу Жұңның (қытайлардың Сақалға берген құрметті атағы - адал, инавати дегені - Ә.Д.). інісі  Жену үлесіне тиген елді азырқанып, ағасына өкпелеп, түріктерге бет бұрып кетті.  Солардан әскер бастап келіп, Шоу Жұңды жазаламақ болады, Бөгу қаған өзі 20 мыңдық қол бастап келіп Шоу Жұңға  соққы береді де, оны тұтқындап алып қайтады. Бөгу  қаған  Женуға: «Сен туған ағаңмен рақайласа алмағанда, маған қалай адалдық көрсете аласың» деп басын кесіп алады»15  деп жазады.       

Жоғарыдағы екі деректің айтылуы әрқалай болғанымен аталмыш бір  оқиғаны баяндап тұрғаны анық. Түркеш қағандығының негізін қалаған  Үгіл (Өгелі) таң мұрагері Сақалға, Л.Н. Гумилевтің сөзімен айтқанда, «Жақсы жабдықталған Ордасын, 300 мың (?!) әскерін, қытаймен одақтастығын және арабтармен соғысын қалдырып кеткен 708 жылмен салыстырғанда, Сақал 715 жылы өлгенде артына шашырап, тозғындаған елін, мұрагерсіз тағын ғана тастап кетті»16 Күлтегін. Үлкен жазуда атап көрсеткендей «Түркеш ханы түркіміз, өз халқымнан еді» бола тұра білместігі үшін, бізге жауыздығы үшін қағаны өлді, он оқ халқы азап көрді», солай бола тұра «Атамыз, бабамыз ұстаған жер-су иесіз болмасын деп... Елін қайта бердік»17 дейді.       

Қытай жылнамаларында «... Шоу Жұнның (Сақалдың лауазым аты- Ә.Д.) елін Сұлұқ (Сулу деп те жазылған — Ә.Д.) жинап бастарын құрады да оларға өзі бас болды. Сұлұқ  қоластындағыларға ерекше қайырымды болды, елдің жағдайын жасады. Он Арыс елдің ру-тайпалары біртіндеп оған бағынды. Сөйтіп оның халқы 200 мыңға жетті. Байтақ далаға жайыла қоныстанды»18 деп жазылған. Мұның Тоныкөк пен Күлтегіннің «Ата-бабамыздан қалған жер-су иесіз болмасын» деп, елін қайта бергендіктен болған қолайлы жағдайдан туындап жатқанын Қытай жылнамалары елегісі келмейді. Сондықтан да жоғарыдағы мәтіннің аяғын ала «... Сол жылы Сұлұқ Зуо йүй Лин Да Жияң жүн, Жин фаң дау жиң Луеда Шы болып тағайындалды»19 деген жолдарды қыстырады.      

716 жылы Түркеш билсушісі  Сұлұқ өзін қаған деп жариялауда ешкімге  жалтақтамаған еді. Өйткені қағандық атақты Сақалға бергеніндей Сұлұққа да Шығыс Түрік қағаны берген болатын. Ол тұста дүниенің төрт бұрышына созса қолы жетіп, «бастыны идіріп, тізеліні бүктіріп» тұрған Шығыс Түрік қағанаты шарасыз емес еді. Ал Таң патшасы «718 жылы  мамырда, түркештің өкіл әкімі  Сұлұқ Сол қанат жасауылдарының бас сардары, елдескен төре, Алтай бағытындағы жолдың Басқақ бегі»20 атағын үйіп-төгеді. Оның үстіне 722 жылы қытайланған «Табғаш хандары сойындағы» Асана Хидаяттың (Ашина Хуайдау) қызын Жияу Хе ханшасы дәрежесімен Слұлұқ қағанға ұзатаңы. Дәл осыдан бұрынырақ Тобандар (Тибет) патшалығы да бір ханшасын Сұлұққа әйелдікке беріп, Қытайға қарсы одақ құруға әрекеттеніп жатқан болатын. Түріктің Білге қағаны да (716-734) «Мен өз қызымды сән-салтанатымен түркеш қағанына ұзаттым. Мен (Әрі) сән-салтанатпен оның қызын өзімнің ұлыма үйлендірдім»21 деп мәлімдеген болатын.

Сонымен түркештің Сұлұқ қағаны үш бірдей ұлы көршісіне күйсу-болып, елінің мәртебесін асырады. Бұл құдалықтың бәрі де алысты көздеген саяси құдалық екені анық. Түркештердің үш көршісі де Батыстан төніп келе жатқан Араб халифатының жойқын тасқынын түркештің күші тасыған атты сарбаз-сардарларының қолымен тостыру болатын.

Араб тарихшылары «Мұзаххам – Сүзеген»  деп ат берген Сұлұқ қаған өзі билік құрған көзеңде, негізінен, Батыстағы араб қолымен алпарысумен болады. Араб әскерінің Әмудариядан бері өтуіне жол бермейді.

Сұлұқ қаған елдің тәуелсіздігі мен елдің мәртебесін қорғау жолында ештеңеден тайынбаған. Таң патшалығының державалық өктемдігіне де жол бермеуге тырысады.

 Таң патшалығының  «Жияу Хе ханшасы» (Едиқұт ханшасы) мәртебесімен Сұлұқ қағанға ұзатылған  әйелі, ханшалық мәртебесімен Ән  Шидің өкіл әкімі Ду Шиянге  «Тәлімхат»22 жолдайды. Өзінің арнайы жіберген Орда ұлығын Ду Шиян дүрелеп, саудаға жіберген мың жылқысының қарлы боранда үсіп өлгенін естіген Сұлұқ қаған каһарланып, арабтармен айқасын доғарып, қалын қол аттандырып, империяның «Төрт қаласын» талқандап, мал-мүлкін тонап алады.

Түркеш қағанатының көршілерімен жасаған мәмілегерлік саясаты осындай аса нәзік, әрі аса қатал болған еді. Қатал заман, қатал саясат туғызары анық.   

Таң империясы мұндай жағдайларға төзбесі, қайткенде өзіне қолайлы қуыршақ хандарды таққа отырғызуға барын салары белгілі. Көп ұзамай оның орайы да келді.

737 жылғы түркештердің  соғдылармен бірлесіп арабтарға  қарсы жасаған жорығы Әмудария  бойында сәтсіздікке ұшырап, соғдылық  шаруалар мен саудагер, қолөнершілер  жаппай Түркеш қағандығы жеріне  босып, қым-қуыт аласапыран басталады, шаруашылық күйзеледі.

Түркеш қағанаты арқылы өтетін керуен жолы кесіліп, осындай бұлғақ заманның келуін аңди күтіп отырған Таң патшалығы кәнігі арандату саясатын жүргізуге кіріседі. Ол саясат - «біртіндеп бағындыру үшін астыртын айла-шарғыға бару». Мәселен, қытайдың әйгілі уәзірі Шаң Шүн Шиң былай деген: «...Сырттай қарағанда олар тату-тәтті  ағайындай болып көрінгенмен, іштей бір-біріне кектеніп, жауласуын қоймайды. Осындай осал тусын дәл басып, дұшпандығын создыра алсаң, көп кешікпей-ақ аяспас айқасқа шыға салуы түк емес. Ең ұтымдысы — күштілерінің арасына іріткі салып, ала көздендіру, әлсіздерінің басын біріктіріп, күштіге айдап салу болмақ»23.

Таң империясы еккен зәһарлы ұрық 738 жылы өнім бере бастайды. Сұлұқ қаған сал ауруына шалдығып, жатып қалады. Сұлұқтың қол астында, жүрген Баға Тархан мен Домжы астыртын тіл табысып, орайлы бетті пайдаланады. Олар түнделете қаған ордасына басып кіріп, Сұлұқты өлтіріп тастайды. Сол аралықта Домжы Баға Тарханға білдірмей Сұлұқтың баласы, Тоқсан Күлчорды Суяп қаласына алғызып, қаған тағына отырғызады.

 Қытайдың «Жаңа  Таңнама»  және «Көне Таңнама» кітаптарының  түрік тарауында атап көрсетілгеніндей, Домжы мен Тоқсан Күлчор Талас  қаласында тұратын қара түркеш  ханы Науа тегінмен (Ерой тегін) тізе қоса отырып, қытайшыл Баға  Тарханға, ол бастап әкелген Таң империясы әскерлеріне қарсы аттанады. Бірақ, кескілескен шайқастар барысында көтерілісшілер жеңіліп қалады. Империя армиясы Түркеш қағандығының астанасы Суяп пен Талас қаласын қиратып, қара түркеш ханы Науа Тегінді өлгіреді де, Тоқсан қағанды тұтқындап әкетеді.

Түркеш қағандығы тағынан үміткер Баға Тархан империяға қанша жағынғанымен, Таң ордасы 742 жылы қытайшыл Асана Шин дегенді «он оқ қағаны» етіп тағайындай салады. Таң империясының қалың қолымен түркеш тағына отыруға келе жатқан Асана Шинді Баға Тархан Суяптың батысындағы Құлан қаласында өлтіріп тастайды. Қытай әскері 744 жылы Баға Тарханға қарсы жорық жасап, оны өлтіреді.

Осынау қанды қырғындардан әбден іргесі шайқалып, әлсіреген Түркеш қағандығының тағына жігерсіз, қуыршақ қағандар тағайындала бастайды. 747-753 жылдары Ел Етміш Құтлық Білгі қаған, 756-766 жылдары Ата Бойла қаған билік жүргізеді.                                                                       

Информация о работе Түркештің Қытаймен, Арабтармен қатынасы