Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 12:24, реферат
Түркеш қағанатының тарихы әлі де жүйелі түрде зерттеле қойған жоқ. Кезінде академик Әлкей Марғұлан мен Мұсатай Ақынжанов бастаған атақты ғалымдардың көз майын тауысып, зерделеуге үңіле түскен қадамдары өз жалғасын таба қоймады. Өткен ғасырдың 80-жылдарыңда Қытайдағы Нығмет Мыңжан, Жақып Мырзахан бастаған қазақ тарихшылары түркештер туралы көлемді зерттеулер жүргізіп, қазақ халқын құраған ру-ұлыстарға ұйытқы болған алғашқы, дербес этностық одақ ретінде қарастыра бастады
Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------3-6
І.Тарау. Түркештің түркі әлеміндегі тарихи орны
а) Түркеш қағанатының құрылу тарихы-------------------------------------7-14
б) Түркештің этникалық территориялық бөліністері---------------------15-25
ІІ.Тарау. Түркештің Қытаймен, Арабтармен қатынасы
а) Түркеш тарихындағы Атлах шайқасының рөлі------------------------26-31
б) Түркеш қағанатында исламның таралуы -------------------------------32-38
Қорытынды ----------------------------------------------------------------------39-41
Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер және деректер тізімі------42-46
«Түріктер Исламға кіргеннен соң, олар осы діннің арқасында жап-жаңа бір тұлғаға ие болды және де олар өздерінің өткен тарихтағы қылықтарынан тез алшақтап кетті, тіпті ұмытып кеткен деуге болады»82.
Ислам түріктердің жүрегіне соншалықты орналасқан, оны қияметке шейін ешкім орнынан қозғалта алмақ емес. Тарихта болған көптеген тырыпспалардың нәтиже бермегенін көкірегі ояу ағайын өте жақсы біледі.
Түріктердің Ислам тарихында жасаған еңбегі мен қызметінің көлемін осы шағын мақалада айтып жеткізу мүмкін емес. Аллаһ Тағала Кәрімнің Маида сүресінің 54-аятында мұсылман үмбетіне былай бұйырған:
«5/54: Ей имандылар! Сендерден кім діннен қайтса, ол білсін-кім, шүбәсіз Аллаһ Өзі сүйетін һәм олар да Оны сүйетін, мүминдерге дегенде өте кішібейілді, кәпірлерге дегенде абыройлы уә паң бір қауымды әкеледі! Олар Аллаһ жолында күреседі және ешкімнің сөгуінен, жазғыруынан тайсалмайды. Бұл, Аллаһ тарапынан бір абырой және мейірім, оны кімге қаласа соған береді! Аллаһ, ихсаны мол, ең көп білімді!».
Тарих беттерін ашқанымызда Аллаһ Тағаланың Құранында баяндалған осы уағдасын орындағанын көреміз, Ислам нұрымен абыройланған түркілердің алдында, ендеше, аса ұлық мақсаттар пайда болған-ды: Аллаһ ризалығы үшін өмір кешу. Оның Баянын жан-жаққа тарату, Исламның хақ туын шартарапта желбірету! 623 жыл құдіреттілікпен, абыройлылықпен билік жүргізген Осман патшалығы осының нағыз айғағы. Түркілер өздерінің кеңбейілділік, мәрттік, жомарттық, батырлық сықылды қасиеттерін одан ары дамытқан хақ діннің жолында бір сәт ойланбай жанын пида ететұғын, сондай шәһидтер қиыр шығыстан батысқа дейінгі топырақтарда, өздерінің мәңгілік мекенінде жатыр, оларды өліктер деуге болмайды, үйткені, олар шәһидтер!
Ислам дінінің түркілердің ұлттық қасиеттерін қорғап қана қалмай, одан ары дамытқанын жоғарыда атап өттік. Бұл шындық тек қана түркілер үшін емес, Исламиятты қабылдаған басқа ұлттардың барлығына бірдей. Ислам дінін қабылдаған түркі халықтарының ешқайсысы да араб болған жоқ. Керісінше, арабтар, парсылар және мұңғұлдар түріктеніп кетті. Бұл Исламның бір ұлтқа ғана тән дін емес, күллі адамзаттың діні екенін дәлелдейді. Мұсылмандық дәуірде Жүсіп Хас Хажибтің «Құтты Білік» (1069-70), Қашғарлық Махмұдтың «Түрік Лұғатының Диуани» (1072-74), Әбіл Қасым Махмұд Омарұлы әз-Замахшаридің (1075-1144) «Мұқаддимат-ұл-Әбед», Сүлеймен Бақырғанидың (1104-1186) «Бақырғани Кітабы» (ХГГғ.), Ахмед Йүгнекидің «Һибат-ұл Хақайық» (ХІІ-ХІІІғ.), «Қорқыт Ата Кәтабы» (.), Ахмед Иассауидің «Хикмет Диуани», «Огузнама» (ХІV-ХVғғ), Насреддин Рабғұзидің «Қисса әл-Әнбия» (1310), Құтыбтың «Хүсрау уә Ширин» (1341-1342), Хорезмидің «Мұхаббат-нама» (1353), Хұсам Кәтібтің «Жұм-жұма Сұлтан» (1370) нәсірі, Сәйфи Сарайи (1320-1396) «Гулистан би-т Түрки», Сәййід Ахмедтің «Тағашшұқ-нама» (1435-36) сынды еңбектері жазылады, яғни түрік әдебиетінің алтын дәуірі Исламнан кейін ғана басталады. Исламнан бұрынғы тарих пен әдебиет шағын мөлшерде ғана (тас жазулар, ыдыстар) материал болғанымен, Ислам дәуірінен қалған әдебиет пен өнер туындылары бүгінде мұсылман елдерінің мұражайлары мен мұрағаттарын толтырып, бұған қоса Лондон, С.Петірбор, Мәскеу, Парис, Рис, Нью-Йорк, Пекин, Киото, Ватикан, т.б. қалалардағы кітапханалар мен мұражайлардың ең бағалы экспонаттары қатарында аталуда. Ислам дәуіріндегі әдебиет шығармаларымыз 100 мыңдық, миллиондық цифрлармен ғана айтуға болады.
Исламият дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуіне, үйретілуіне, жоғары оқу орындарында (медреселер) сабақ ретінде оқытылуына мүмкіндік жасалған. Мәселен, Мұхтар Махмұдұлы әз-Закиди, Махмұд Мұсаұлы сықылды мәшһүр араб ғалымдары Сарай қаласында ғылыми жұмыстармен шұғылданған. Осы кезде, мұсылманқыншақ ғалымдар махмұд Фатшаһұлы әс-Сарайи, Шаһабұддин әс-сарайи, Махмұд Абдұллаһұлы әс-Сарайи Ислам әлемінің мәшһүр орталықтарынан Қаһирада сабақ алған. Түрік тілінің грамматикасы, сөз байлығы туралы мұсылман авторлар тарапынан жазылған еңбектерден бірнешеуін атайық: Әбу Хайан жазған «Китаб әл-Идрак ли лисан әл-Әтрак» (Түрік тілінің түсіндірме кітабы), жазушысы беймәлім «Китаб әт-Тұхфат әз-Зәкия фи лүгат әт-Түркиййа» (Түрік тілі туралы ерекше зерделі кітап), «әл-Қауа-а-нийн әл-Құллия ли-забт әл-Түркиййа» (Түрік тіліне толық ие болдыратын құрал). Мұның бәрі де мұсылмандардың түрік тілін зерттеуге һәм үйретуге қатты назар бөлгенін дәлелдейді.
Керісінше басқа дінге енген түркі тектес халықтар тілінен, ұлттық қаситеттерінен айырылған. Мәселен, бұлғарлар (Дұнайлық) мен мажарлар осының дәлелі. Африкадағы көптеген тайпалардың христиан болғаннан кейін туған тілінен айырылып қалғаны баршаға мәлім. Олардың көбісі не фырансызша не ағылшынша сөйлейді, есімдері де не ағылшынша, не фырансызша. Мұсылманшылық кісі аттарын ғұрыптық нәрсе деп бағалайды да бұған араласпайды. Мәселен, Түркияда бүгінгі күннің өзінде түркілер арасында Исламнан бұрынғы дәуірдің яки Исламнан кейінгі ғайримұслим адамдардың аттары кездесе береді. Олар Ескендір, Мете (Мөде), Истеми, Билге, Аттила (Еділ), Шығыс, Ильхан, Құбылай. Орталық Азияда Шыңғыс есімі, көбінесе, қазақ-қырғыздарда кезігеді. Бұған мұсылманшылықтың кедергі жасамағаны анық.
Ислам – біріктіруші, бірлестіруші дін. Өзінің аясына барлық халықтарды, ұлттар мен ұлыстарды өңіне, санына, байлығына қарамастан біріктірген, бір күмбездің астында араластырған ұлық дін. Балқан елдеріндегі түркі халықтары мен қазақстардың яки ойғырлардың тәржімәшісіз сөйлесіп, бірін-бірі ұғынысып жатқаны, әрине, Исламның берекешілдігі, ұйымшылдығы. Ал, жағырапия жағынан түбімізде тұрған, бірақ басқа діндерге ауып кеткен хатқас, тува, саха сықылды түркі тілді халықтармен не орысша немесе аудармашы арқылы сөйлесе аламыз. Олар сіздің бісмілләңізді, ассалаумағалайкіміңізді, жәрекемаллаңызды, бәрекелдіңізді, жарапазаңызды, құрбан айтыңызды, қажылығыңызды, ылайымыңызды (Иләһым), сүндет тойыңызды, ауызшаларыңызды, карилыығыңызды, дұғай сәлеміңізді т.т. әрине білмейді. Демек, Ислам иманының дәмін татқан түркілер ғана емес, барлық мұсылмандардың жалпы ортақ дәстүрге, сезімге, түсінікке ие екені хақ.
Ислам тарихының алуан түрлілігі, орасан зор байлығы және жан-жақтылығы тікелей Орталық Азияға қатысты. Орталық азияда Ислам тарихының ең мәшһүр тұлғалары, Құран мен Хадис ғалымдары өмір сүрген, шаирлар, қаламгерлер, даналар, өнерпаздар керемет туындылары арқылы Исламдық мұрағаттарға өз үлесін қосқан. Самарқан, Бұхара, Хорасан, Мәру, Йесе, Тараз, Отырар, Исфиджаб секілді Түркістан қалалары ғасырлар бойы Ислам мәдениеті мен өркениетінің ең беделді орталықтары болған. Мұсылмандардың ғылымдағы, өнердегі жетістіктерге күллі адамзаттың игілігіне ұсынылады.
Түркілер Исламиятты қабылдаған соң Ислам әлемінде өздеріне тән ерекше мәртебелі орында иемденеді. Алғашында арабтардың хакімиятында болған олар кейінірек саяси һәм әскери салада аса маңызды күшке айналады. Жазба құжаттарда арабтардың түркілерді Исламнан бұрынырақ аз да болса білетіні туралы мәліметтер келтіріледі. Екі халықтың тығыз қарым-қатынасы халифа Әділетті Омар кезінде Иран мен Хорасан өлкелерінің мұсылман билігіне енуінен кейін басталады. Деректер халифа әл-Мансүр дәуірін (754-775) түркілердің Ислам әлеміне терең үстем күш бола бастаған кезең деп белгілейді. Халифа әл-Мағмұн билеген 813-833жж. Орта Азия аймақтарының маңыздылығы арта түседі. Өйткені, әл-Мағмұнның әкесі Һарұн әр-Рәшид (786-809) өз кезінде Иран мен Тұран аймақтарының әміршісі еді. Ол 813ж. бауыры әл-Әмиді жеңіп, халифа болғанымен Мәру қаласынан кетпейді, оның мақсаты Мәруді Аббаси әулетінің орталық қаласы жасау еді. Бірақ орталық болып қалыптасып қалған Бағдадтағы кейбір қарсылас күштер Ибраһим әл-Мәһдиұлын халифа етіп жариялайды. Сондықтан әл-Мағмұн Бағдадқа баруға мәжбүр болады. Әл-Мағмұнның билігінде халифалықта түркілердің күш-қуаты мейлінше артады.
Атақты халифа Һарүн әр-Рәшид (786-809) арнайы сақшыларының (мұхафыздар) айтарлықтай бөлігін түрік жауынгерлерінен құраған. Әл-Жәһиз (776?-869) «Түркілердің үстемдіктері» еңбегінде Ибн Абди Раббиһтің осы мәселесі туралы былай дегенін нақыл етеді: «Халифа Һарүн әр-Рәшидке Үндістаннан елшілер тарту-таралғыларын алып келгенде халифа түрік әскерлеріне салтанатты түрде сапқа түруды бұйырды. Олар елшілер жүретін жол бойынша екі сап түзді. Түркі жауынгерлер сауыттарын кигені соншалық, олардың көзінен басқа еш жері көрінбеуші еді. Һарүн әр-Рәшидтің (786-809) ең беделді сардарлары түрік-соғдылардан еді». Мысалы, һижраның 170ж. Е.Ф. әт-Түрки есімді қолбасы халифаның бұйырығымен осы күшті Түркиядағы Тарсұс қаласын орнатады және сонда Хорасаннан және басқа өңірлерден көшіп келген мұсылмандарды орналастырады.
Халифалар әл-Мағмұн (813-833) мен әл-Мұғтасым (833-842) дәуірінде болса түркілердің халифат әскериесіндегі маңызды одан ары атын, әскериенің басым көпшілігі тек түркілерден ғана құралатын болады. Сол түркілердің ішінен көптеген мемлекет қайраткерлері мен қолбасылар шыққан. Түркілерден құралған түмендердің қаһармандығы мен соғыс өнері мұсылман елдерінде ғана емес, сонымен қатар басқа да мемлекеттерде аңызға айналады. Бартольдтың пікірінше, мұсылмандардың Бизантияны (395-1453) түбегейлі жеңіліске ұшыратуы халифалықта түрік билігі орнағаннан кейін ғана мүмкін болған.
Сонымен қатар мұсылман түркілер тарапынан құрылған керемет мемлекеттердің, патшалықтардың жалпы тарихтағы орасан маңызды, айрықша орнын күллі жиһан мойындайды. Ғазналық махмұд сонау Х ғасырда осы күнгі Иран, Ауғаныстан, Пәкістан және Үндістанның аумағында мемлекет құрады. Ол басқарған мемлекеттің (999-1031) қүдіреттілігі соншалық, оның беделін Рим, Қытай сықылды сол заманның алыптары мойындайды.
Алман ғалым Хаұссиг
түркілердің Исамды
Әлемнің ең беделді энциклопедиясы «Британникада» былай деп жазылған: «Орталық Азия Ресей патшалығының ішқалына (оккупация), яғни 1870 жылға дейін Ислам мағарифітінің ең маңызды орталығының бірі болды. Осы аймақтың адамдары арабша классикалық әдебиет жасады. Ислам әлемінің тарихындағы ең мәшһүр ғалымдар мен шаирлар, араб немесе парсы тілінде жазғанына қарамастан, осы территорияның өкілі болды. Демек, Тұран халықтары араб және парсы тілдерінің өсуіне, дамуына кем дегенде арабтардай еңбек етіп, үлес қосқан.
Қорыта айтқанда, Ислам үмметінің ішінде мұсылман түркілердің орны ерекше. Ислам дінінің шартарапқа жайылуында, мешіттер мен медреселердің ашылуында, ғылыми еңбектердің дүниеге келуінде, мұсылман үмметінің әскери үстемдігінде мұсылман түркілердің орасан маңызды орнын мысалдармен атап көрсеттік. Ендігі міндет, жас ұрпақтарымызға осы сара жолды лайығынша түсіндіруде, тарихтағы жетекші орынды қайта жаңғыртуда.
Қорытынды
Ал тарихи шындық қандай болған еді? "Күлтегін" (үлкен жазуда) "Түркеш қағаны түркіміз, өз халқымнан еді. Білместігі үшін, бізге жауыздығы үшін қағаны өлді, әміршілері, бектері және өлді, он оқ халқы азап көрді",— деп жазылған. Ал, "Тоныкөк" ескерткішінде Жарыс даласында түркештер Тоныкөк әскеріне қарсы "...Өртше жанып келді, соғыстық, Бізден екі-үш есе артық еді. Тәңірі жарылқағандықтан, көп деп біз қорықпадық. Соғыстық... Жендік. Қағанын тұтқындадық. Жабғысын, Шадын сонда өлтірдік", — деп анық жазылған. Осында жазылған Жабғу мен Шад дегендер кімдер болуы мүмкін?
Түркеш қағандығы 708 жыддан былай қарай үлкен, кіші хандық жүйесімен басқарыла бастады. Ежелгі түріктерде қалыптасқан ел билеу дәстүрі бойынша қағанның ұлы немесе інісі кіші қаған болатыны белгілі. Түркештің кіші қағаны Жену екені даусыз. Түркештерде жабғу, шад деген лауазымдар болмаған. Он оқ елін құраған бес дулатта бес шор мен бес нүшбе де бес еркін дегендер болған. Ал, бағынышты иеліктерді билеуге жіберілген Тудұндар болған. Тоныкөк жазбасындағы жабғу деп отырғаны кіші хан — Жену болар деп шамалаймыз.
Женуді ағасына сонша өшігіп, бет бұрып кетті дерлік айғақты деректерді кездестіре алмадық Керісінше, ағасы Сақалдың ең сенімді адамы ретінде 699 жылы Тан ордасына елшілікке барған да Жену еді. 708 жылы Таң патшалығының қастандығына қарсы соғысқа аттанғанда қытайдың "Төрт қала бекінісіне" шабуылға шыққан түркеш қолына басшылық жасаған, сөйтіп, Әнши өкіл әкімі Ню Шы Жиянды өлтірген де Жену. 711 жылғы түркеш пен Шығыс Түрік соғысында алдыңғы аламан қосынды бастап барған да Жену болатын.
Таң патшалығының төрт қала бекінісіне берілген осы реткі сұрапыл соққы Таң ордасын түркештермен есептесуге мәжбүр еткені анық 709 жылы 7 айда Таң патшалығы ресми түрде Түркеш қағанатын мойындап, Сақалдың алып, Білге қаған деген кағандық атағын орда хаттамасына енгізді. Оған қытайша Шоу Жүн (адал, тәртіпті) деген ат берді. Ал, інісі Женуте Шоу Жие (арлы, намыскер) дейтін құрметті ат қойды. Демек, 709 жылдың өзінде аға-інілер арасында ешқаңдай араздық болған жоқ дей аламыз.
Зерттеушілер назарында болуға тиісті тағы бір өзекті мәселе "қара түркеш, сары түркеш" атауының мән-мағынасын түсіндірудегі жаңсақтық деп білеміз. Л.Н.Гумилев қатарлы әр ел тарихшы, түркологтарының біразы "қараны" төмен жік, кірме, бөгде, тіпті таптықта талдауға салып, "езілген еңбекші бүкара" деп ұғындырып келді. Бұл мүлде жаңсақ ұғым. Түрік халықтарының қара, сары түстер жөнінде қалыптасқан тарихи, этникалық, дүние танымдық ұғым-түсініктерін жете білмеуден пайда болған қорытынды деуге болады. Бұл арнаулы зерттелуге тиісті үлкен тақырып.
Орхон-Енисей тас жазуларында кездесетін "қара түркеш" тіркесі қытайшада (путұн) көпшілік, жәй халық, бұқара деген мағынамен аударылған. Білге қаған тас жазуындағы Кеңгерес жаққа қашып кетіп, Күлтегінмен соғысқан "қара түркеш" халқы да түрікше мен қытайшаға бұқара, жай халық мағынасында аударылған. Меніңше, мұндағы "қара түркеш"— қағаны тұтқындалып өлтірілген, барлық жабғы, шадтары, бектері (шор-еркіндері) түгел қырылған түркештердің бас иесіз қалған күллі ақсүйек, қара сүйектерін меңзеп айтылған сөз болуға тиіс. Тас жазулар мәтініндегі "каrа turgis bodun" тіркесінен қайдағы бір мұқыры — бөкірін, авар текті кірме,моңғол тайпаларын іздеп әуреленудің жөні жоқ сияқты.
1999 жылы Бішкектен шыққан тарих ғылымы кандидаты Нусуповтың "Қырғыздар" атты кітабында Еуразияны жайлаған қаптаған қырғыздардың бір тармағы ретінде түркештер де аталады. Онда: ҮІІ ғасырда Тянь-Шаңда қырғыз тайпаларының түргеш тобы күшейе бастады, оның ішінде Іле, Жетісу, Шуды мекендеген тұқси, аздардың рулық бірлестіктері батыс қырғыздардың уақытша тайпалық одағы — түркеш мемлекетін құрды" деп жазылған. Сонымен бізге түркештер жөнінде, оның этникалық құрамы жөнінде бір-біріне бүтіндей қарама-қарсы төрт-бес түрлі көзқараспен бетпе-бет кездесіп, пікір таластыруға тура келіп отыр.