Ең алдымен басын аша айтарымыз:
қазақ халқының этникалық төркінін
туыстас түрік халықтарынан оқшаулап,
бөлшектеуде ешбір ғылымилық жоқ, керісінше
саясиланған қитұрқылық пиғылы жатыр.
І-ХІҮ ғасыр аралығында қазақ
атымен шаңырақ көтерген дербес мемлекеттілік
болмағаны, ділдес, салттас, туыстас, көп
тармақты түрік халықтары құрған қуатты
мемлекеттер болғаны рас. Ол бірде үйсін,
қаңлы, бірде көктүрік, бірде ұйғыр, қырғыз,
бірде қарлұқ-қараханит, бірде қима-қыпшақ,
оғыз т.б. болып атала жүріп, XIII ғасырдың
екінші жартысынан былай қарай Жошы
ұлысын негіз еткен Қазақ хандығы шаңырақ
көтерді.
Түркеш қағанатын құрысқан
"он оқ халқы" "он төрт тайпа халқы"
кейінірек 21 тайпалы Түркеш қағанаты құрамында
басқа да түрік халықтарымен араласып,
сіңісіп кеткен моңғол текті, тұңғұс-авар,
қарақытайлар, мұқры-бәкіріңдер болмаған
еді деп ешкім де кесіп айта алмайды. Алайда,
түрік халықтары шоғыр отырған Батыс-Түрік
қағанаты орнында шаңырақ көтеру тегі
жат, өзі кірме мұқыры-аварлардың қолынан
келмейтіні тарихшыларға түсінікті болса
керек еді.
Түркеш қағанатын Батыс-Түрік
қағанатын құраған он оқ халқынан да, Шығыс-Түрік
қағанатынан да оқшаулауға, ыңғай білдіретін
тарихшыларды сынаған хұн-түрік дәуірінің
білгірі Лин Ганды тыңдап көрелік. Ол айтқан
"Батыс түрік пен шығыс түріктің ата-бабасы
әуелден бір болатын. Шығыс түріктің бөлшектенуі
— түркілік саяси күштердің шығыстан
батысқа қарай кеңеюіне орай, билеуші
топтардың ішкі қырқылысуларының
тікелей нәтижесі. Әсте түріктердің ұлттық
құрамының өзгеріп, бөтенденіп кетуінен
болған нәрсе емес" дейтін қаныққан
ойға біздің де алып-қосарымыз жоқ.
Түркешті айбынды Сұлұқ қаған билегенде, қытайлар оны
"он төрт тайпа" қағаны, Қара
Білте қаған деп мойындаған еді. Он немесе он төрт, тіпті
21 тайпадан құралды делінген. Түркеш
қағандығының халқы тегі жағынан түрік,
тілі жағынан алтай-түрік тілі тобында
сөйлеген, кейінгі қазақ хандығын құраған
ру-ұлыстарды негіз еткен түріктер екендігін
дәлелдеуге керекті тарихи деректер қолымызда
баршылық.
Тарихтан белгілі болғанындай,
түркештер қағанат құрып, өз алдына ел
болуға қанша талпынғанымен, ҮІІ-ҮШ ғасырдағы
қалыптасқан әскери-геосаяси жағдай мүмкіндік
бермеді. Солай болса да қағандыққа тірек
болған "он оқ бұдун" елі мен жерінің
тәуелсіздігі үшін қан кеше арпалысып
жүріп, даңқты Сұлұқ қаған тұсыңда төрт
тарапына сыйлы, айбарлы қағанат ретінде
мойындалғаны да шындық. Дәл осы дәуірде,
кейінгі Қарлұқ-Қарақан мемлекетін дүниеге
келтірген күллі этникалық заттық, мәдени,
тіпті аумақтық тұтастық алғы шарттары
жасалды деуге болады.
Қорытып айтқанда, сонау ҮІІ-ҮІІІ
ғасырларда "он оқ еліне" ұйытқы болып,
айбынды қағанат құрған түркештер XIV ғасырда
қасиетті қазақ жерінде қазақ хандығын
құрған ұлыстардың бірі ретінде қарастырылып,
тарих оқулықтарынан кеңінен орын алса
игілікті іс болар еді демекшіміз.
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер
және деректер тізімі:
- . Сы Магуаң Билік ғибратнамасы. Қытай
тарихшысы 1066 жылы қолға алып, 1084 жылы
аяқталған, 294 томнан құралған әйгілі топтама.
Ол кейде «Ел басқару жылнамасы» деп аталған.
- Түркештер жөніндегі естелік. 206-том.
- Күлтегін (Үлкен жазу). 18-жыр. Аударма
М.Жолдасбековтің «Асыл арналар» атты
кітабынан алынды. Ал Қытай тарихшысы
Лин ган «Тужуе Шы» кітабында профессор
гең шеминің аудармасын пайдаланған.
Онда жоғарыдағы сөздер былай аударылған:
«Түркеш қағаны түргіміз, өз халқымнан
еді».
- Күні бүгінге дейін жалпы тарихи атауларды,
сол сияқты түркештерге тайпа, адам аттары,
мансап, лауазым атауларын әр елдің зерттеушілері
әр түрлі жазып келгендіктен оқырмандарды
шатыстыруымен болды. Соларды бірлікке
келтіру мақсатымен түрліше жазылған
нұсқаларды сарапқа салып, ең қонымдылау
келгенін қолдануға ұмтылдым. Мыс, «Үгіл»
қағанның аты Л.Н. Гумилевте (Көне түріктер)
«Үш желе», 1986 жылғы «Қазақстан тарихы»
1- томында «Үшлік» Ә.Хасеновтың «Он оқ
будун» еңбегінде «Үшіргелі», Н.Мыңжанның
«Қазақтың қысқаша тарихында» Өжелі-Әйгілі,
ұйғыр басылымдарында «Үжіл», т.б. түрінде
жазылған. Мен қытай тарихшысы Шуе Зұңжыңның
«Тужуе Шы» (Түрік тарихы) кітабындағы
«Үгіл» нұсқасы түркілікке ең жақыны деп
қабылдадым.
- «Билік ғибратнамасы» Түркештер туралы
естелік бөлімі.
- Күлтегін. 1-жыр, 4-тармақ. Жолдасбеков
М. Асыл арналар. 50-б. Мұнан былайға Орхон-Енесай
тас жазуларынан алынған үзінділердің
қазақшасы, негізінен, осы кітаптан алынды.
- Ә.Марғұлан. Ежелгі жыр-аңыздар, 1985. 98-б.
- Гумилев Н. Көне түріктен. 1992. 250-б.
- Таң патшалығы көне тарихы. Батыс түрік
шежіресі.
- Сақал-қытайша Суо ге таңбасын тарихшы
Шуе Зұңжың «Түжүе Шы кітабында
деп жазыпты. Ежелгі түрік тілі мен
жауын жетік білетін маманның тоқтағанды
жөн санап, Суо Ге Мохәні Сақал Баға түрінде
жаздық. Бұған дейін Гумилевте Сога, Н.Мыңжанда
Саға, «Қазақстан тарихында» Сөге (Сақал)
түрінде жызылып келген болатын.
- Таң патшалығының «Жаңа Таңнама», «Көне
таңнама», «Түрік баянында» және «Билік
ғибратнамасының» 209-томында Сақалға бекітіп
берілді деген 14 тайпа қағаны дегендегі
он тайпа, бұрынғы он оқ тайпасы, ал кейін
қосылған төрт тайпа – қарлұқ (Ге Лолу),
Яғма (Ян миян), Баға тархан (Мохэ даган),
Допшы (Ду мо жы) болатын. Мұндағы төрт
тайпаның алдыңғы екеуі тайпаның атымен
жазылса, соңғы екеуі сол тайпаны билеуші
адамның лауазым атымен жазылып тұр деп
қараймыз.
- Төрт қала – таң патшалығы Шығыс Түркістан
мен Жетісу Орта Азияны отарлау мақсатымен
құрған әскери бекіністі қалалардың ортақ
аты. Ол қалалар бұл өңірдегі әскери, саяси
жағдайлардың өзгеруіне қарай әр кезде
әр түрлі аталып келді. Түркеш қағаны құрылар
алдында төрт қалаға Күшар, Қашқар, хотан,
Қарашар кірсе, 692 жылы қайта құрылған
«Әнши төрт қала Тұтық мекемесіндегі»
Қара шәрдің орнына Сұып қаласы енгізілгені
жазылған, «Төрт қапталды, он екі қақпалы
Суяп дегеніміз осы». VIII ғасырдың ортасынан
(751 жылдан) былай қарай Әншиге қарасты
«төрт қала тұтық мекемесін» күшін жойды.
Таң әскері шегініп кетті.
- Билік Ғибратнамасы. 209-том.
- Бұл жазуларды әр елдің туркологтары
мен тарихшылары азды-көпті өзгерістермен
әрқалай аударып келгені белгілі. Мен
солардың
Жолдасбеков М., Айдаров Ғ., Мұсабаев Ғ.
Аудармаларын қытай ғалымы Шуе Зұңжаңның
аудармасымен салыстыра келе профессор
Шуе мырзаның аудармасына тоқтадым.
- Билік ғибратнамасы. 211-том.
- Гумилев Л. Көне түріктер. 294-б.
- Күлтегін. Үлкен жазуы. 18-қатар М.Жалдасбеков
аудармасы.
- Билік ғибратнамасы. 211-том.
- Билік ғибратнамасы. 211-том. Мұндағы біріншісі
әскери шеннің мазмұны – сол қанат жасауылдардың
бас сардары, ал екіншісі-Алтын (Алтай)
бағытының Басқақ бегі болып шығады.
- Билік ғибратнамасы. 212-том.
- Білге қаған мәңгі тасы. Қытай тіліндегі
тастың теріскей беті. 9-10 қатарынан алынды.
- «Тәлім» - Таң патшалығы белгіленген
тәртіп бойынша ханшалық мәртебемен ұзатылған
Орда ханымдары патшалық аумағындағы
әрқандай лауазым иелеріне хат жазар болса,
оны «Тәлімхат» деп атап, нұсқау, бұйыру
мазмұнында жазуға хақылы болушы еді.
Сұлұқтың «алтын ханшысы» Асана тұқымы
болғандықтан өркөкірек Таң мәнсаптысының
кемсітуіне ұшырап отыр. Оның аяғы еларалық,
ірі қанды соғысқа ұласқанына куә болдық.
- Бұл үзінділер Түркияның «
»журналынан (№118. 1999) алынды.
- Гау Шан жы (703-755) Таң патшалығы генералы,
тегі корейлік. Талас қаласы маңындағы
Атлах бекінісі түбінде араб, қарлұқ, түркеш
біріккен шабуылы барысында тас-талқан
болып жеңілген.
- Аз ғана әскермен қоршаудан қашып шығып,
еліне аман жетеді.
- Мыңжани Н. Қазақтың қысқаша тарихы. 159-бет
- Гумилев Н. Көне түріктер. – 355-356-б.б.
- Шин Жияң шуе Шуе бау (Шыңжаң университеті
ғылыми журналы), №3, 1987.
- Еверхард В. Қытайдың солтүстігіндегі
көршілері (түрік тілінде). Анкара, 1996.
6-б.
- Гумилев Н. Хұндар. Алматы, 70-71-б.б.
- Лин Ган. Ту жуешы, 1988. 120-б.
- Гумилев Н. Көне түріктер. 355-б.
- Лин Ган. Ту жуе шы. 21-б.
- Гумилев Н. Көне түріктер. 358-б.
- Көне Таңнама. Түркештер баяны. 7-бап.
194-том
- Гумилев Л. Көне түріктер. 292-бет.
- Жоу нама, Түрік баяны, «Суйнама», «Бейнама»,
«Тұңдян» (Билік ғибратнамасы). Көне таңнама.
Жаңа таңнама, «Се фу йуангуй» қатарлы
тарихи жазба деректерінде түрік халықтарының
ертедегі мансап, лауазым аттарының этнимологиясы
мен қолданысы жөнінде мол мағлұмат бар.
- Билік ғибратнамасы. 197-томының «Түріктер»
тарауы, жоғарғы бөлігінде солай жазылған.
- Л.Н.Гумилев. көне түріктер. 335-356-бет.
- Шуе Зұң жың. «Шинжияң Ли шы Сыдян». Үрімжі,
1993. 505-бет.
- М.Қашқари. түрік сөздігі. ІІІ том. 301-бет.
- Шуе Зұң жың. «Шинжияң Ли шы Сыдян». Үрімжі,
632-бет
- Х.Короғлы. Огузский георический эпос.
133-бет.
- Уаң Митң жы. Уаң Биңхуа. «Үйсін туралы
зерттеу». Нәбижан Мұхаметхан аударған.
Үрімжі. 1989. 99-бет.
- Ханнама. Үйсін тарауы. Ханнама. Хұндар
тарауы. Жинама. Винама. Сұңнамалардың
Батыс өңір тараулары.
- Әлкей Марғұлан. Ежелгі жыр-аңыздар.
Алматы, 1985. 202-б.
- Қаз. Сов. Энциклопедиясы. 1-том. Алматы.
1972. 551-б.
- Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі. 1-том.
Алматы 1997. 128-б.
- Материалы и исследования по археологии
(СССР. Т. Под. ред. А.Н.Бернштам. М.Л. 1650).
- «Тәңірі қаған – Тян қағанның Батыс
қақпасы» дегендегі Тәңірі қаған – түріктің
tangrida buimis gahan деген сөзінен алынған. Бірақ
бұл арадағы Тәңірі қаған атауы Таң
патшасы Тайғұңға қаратыла айтылып
тұр. қытай тарихшылары Әмударияны аталмыш
«Тәңірі қаған иелігінің Баыс қақапасы»
деп әдейі жазып отыр.
- Шуе Зұң жың. Ту Жуе шы. Бейжан. 1892. 693-б.
- Гау Шиян жы. Тегі көрейлік. Таң империясының
генералы. Төбет. Шаш. Түркеш қалаларын
талқандаған басқыншы генерал. Туған жылы
белгісіз. 756 жылы әйгілі Ән Лушан көтерілісі
кезінде Таң армиясы ішіндегі бақталастары
өлтірген.
- Көне таңнама. 138-орам. Ли Сы ие баяны.
- Ән Ши. Таң империясы түріктерді тізгіндеу
үшін 640 жылы құрған шағын әскери әкімшілік
мекеме орналасқан бекіністің аты. 709 жылы
оны үлкейтіп Ән Ши Да духу фу (Ән Ши Бас
тұтұқ мекемесі) деп атады. Аса көп мөлшерде
әскер ұстаған. Генералы Гау Шиян жы да
осында Бас тұтық блып тұрған. 751 жылғы
Атлах-Талас шайқасындағы ұлы жеңістен
кейін Ән Ши тұтық мекемесі біржола жойылды.
- Большаков О.Г. К истории Таласской битвы
751 (страны и народы Востока. Под.ред. Д.А.Ольдероге)
Вып. 22. Средняя и Центральная Азия, география
и история. Кн. 2. Москва «Наука». 1980. 132-133-беттер.
- Мандельштам А.М. ІІІ-VII ғ.ғ. аралығындағы
Орта Азия. Москва. 1958. 358-бет.
- «Зы жы Тұң Жиян» (Билік гибратнамасы)
216-орам. Тян-Баудың оныншы жылы. Ту Жуе
Шы бойынша 695-бет.
- Көне Таңнама. 109-орам. Ли Сы ие баяны
(Ту Жуе шы бойынша 695-бет).
- Шуе Зұңжаң. Ту Жуе шы. Бейжин. 1992. 695-б.
- Бұл үзінділер Талас шайқасын арнайы
зерттеген О.Г.Большаковтың «К истории
Таласской битвы» деген еңбегінен алынды.
- Малявкин А.Г. История Восточного Туркестана
в VII-Х в.в. /Восточный Туркестан в древности
и раннем средневековье. Москва. «Наука».
1988. 297-351-б.б.
- Большаков О.Г. Жоғарыда аталған еңбек.
136-бет.
- Шуан Заң. «Да Таң Ши йүй жи». 1-орам. Лин
Ган. «Ту Жуешы». 12-б.
- Бартольд В.В. Сочинение Т. 2. Москва. 244-бет.
- Ибни Кәсір. Әл-Бидәя. 9-том, 172-бет
- Сонда 167 бет
- Ибн-әл-Әсір. Әл-Кәміл. 8-том, 532-бет
- Ғалым Бартольд бұл туралы былай
деп жазған: «Турки на востоке, как берберы
западе, вообще выступали в роли защитников
религии в тех странах, где представители
религии вели борьбу с правительством,
Махмуд Кашгарский приводит хадис, в котором,
слов пророка, самому Аллаху приписаны
слова: «У меня есть на востоке войско,
котором называют турками; когда я разгневаюсь
на какой-нибудь народ, я посылаю их на
его». Қараңыз: Бартольд В.В., Тюрки-Двенадцать
лекций . . . , 65-бет».
- Әбу Дәуіт. Сұнен-и Әбу Дәуіт. Мысыр баспасы,
4-том, 112-бет, ьелгілі араб тарихшысы әл-Жәһиздың
1964ж. Қаһирада басылған «Ресаил-ұл Жәһиз»
деген кітабының 1-томының 76-бетінде де
осы хадис келтірілген.
69. Философтарымыз бұл жөнінде:
«Тарихшы, антропологтардың көрсетуі
бойынша халқымыздың ең арғы ата-бабалары
– түп түркі, түп мұңғұл және түп тұңғыстардың
этник бірлестіктері – неолит (жаңа тас)
дәуірі кезінде қалыптасып болды» дейді.
Қараңыз: Қасабеков Аманжол., Алтаев Жақып.
Қазақ философиясының тарихына кіріспе.
Алматы, Ер-Дәулет, 1994, 38-бет.
70.Құран Кәрім, маида сүресі
(5), 54-аят.
71 еrгіп 5-6
бет
72 кіtарсі
73 ваrtgjld
74 uevis
Қорқыт Ата Кітабының
араб хәріптерімен жазылған екі нұсқасы
Ватика және Дрезденде сақтаулы. Қазақшаға
алғаш аударған - Ә.Қоңыратбаев (1986).
75 «Оғыз-нама» жырының ойғыр
және араб хәріптерімен жазылған екі нұсқасы
сақталған. Қараңыз: Шербак А.М. Огуз-нама.
Москва, 1959, 22-42 беттер.
76 Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы.
1 том, Алматы, 1998, 317-бет.
77 Көрнекі ғалым Рахманқұл
Бердібай мұның себебін былайша түсіндіреді.
«Әсіресе, сахалардың
ғ. соңы мен
ғ. басында жаппай шоқындырылуы, аты-жөндерінің
орысша жазылуы, елдің дағдысына христиан
салттарының ене бастауы оларды түрік,
мұсылман әлемінен тіпті алыстатып
жіберген. Оның үстіне сахалардың ғасырлар
бойында мұңғұл, бұрят, эвен, венкі,
чукчи, юкагир секілді халықтармен аралас-құралас
өмір кешкендігі сөздік құрамының
күшті өзгеруіне әсер еткен». Қараңыз:
Бердібек Рахманқұл. Байқалдан Бақанға
дейін. «Қазақстан» баспасы. Алматы, 1996.
3-бет.
78 Бартольд В.В. Тбрки
– Двенадцать лекций . . . , 83-бет.
79 Dilorat 3- бет
80 Kaikan 110 -бет
81 Caniz
82 Cahiz 29-бет