Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 13:06, научная работа
Ұлттық санамыз оянып, тарихымыздың тамыры тереңде жатқанын сезініп, халқымыз бастан өткізген белгілі кезеңдерде жаңа көзқараспен қарауға кез келді. Ал ұлттық сана ұлттық тұрмыстың көрінісі. Бұлайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халақтың өз әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін, әдебиетімен мәдениетін тұрмыс тіршілігін білуі тиіс. Ұйқы басқан сананың оянуына өмірдегі белгілі бір ірі оқиғалар себепші болады десек қателеспейміз. Ресей империясының бірнеше ғасыр бойы жүргізіп келген отарлық саясатын жалғастырушы қызыл империяның орталық басшылығы халық еркіндігіне қиянат жасап отырғандығын түсінген саналы жастарымыз наразылық білдіргенді.
Кіріспе. ХІХ ғасырдың басындағы Кіші жүздегі саяси жағдай шиеленістері .
1. Бөкей хандығының құрылуы.
2. ХІХ ғасырдың басындағы патшалық Ресейдің Кіші жүздегі саясаты.
3. Жәңгір хан саясаткер.
4. Жәңгір ханның ішкі саясаты.
5. Жәңір ханның сыртқы саясаты.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымша.
Жәңгірханның ішкі және сыртқы саясаты.
Кіріспе. ХІХ ғасырдың басындағы Кіші жүздегі саяси жағдай шиеленістері .
1. Бөкей хандығының құрылуы.
2. ХІХ ғасырдың басындағы патшалық Ресейдің Кіші жүздегі саясаты.
3. Жәңгір хан саясаткер.
4. Жәңгір ханның ішкі саясаты.
5. Жәңір ханның сыртқы саясаты.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымша.
Өзектілігі:
Ұлттық санамыз оянып, тарихымыздың тамыры тереңде жатқанын сезініп, халқымыз бастан өткізген белгілі кезеңдерде жаңа көзқараспен қарауға кез келді. Ал ұлттық сана ұлттық тұрмыстың көрінісі. Бұлайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халақтың өз әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін, әдебиетімен мәдениетін тұрмыс тіршілігін білуі тиіс. Ұйқы басқан сананың оянуына өмірдегі белгілі бір ірі оқиғалар себепші болады десек қателеспейміз. Ресей империясының бірнеше ғасыр бойы жүргізіп келген отарлық саясатын жалғастырушы қызыл империяның орталық басшылығы халық еркіндігіне қиянат жасап отырғандығын түсінген саналы жастарымыз наразылық білдіргенді.
ХVІІІ ғасырдың ортасынан қазақ тарихында отаршылдықтың дәуірі басталды. Қуатты екі елмен іргелес жатқан халық бұл жолға соқпай өтуі мүмкін де емес еді. Қытай мен Ресейдің ең алдымен қазақ жерін өздерін сырт жаудан қолдамайтын аралық аймақ деп қараса, келе-келе тойымсыз Ресейдің өзгенікін иемденгісі келіп тұратын имеприялық пиғылы басым түсті.
Патша өкіметінің отарлау саясатының негізгі мақсаты қазақ даласын түпкілікті билеу еді. Осы ойын жүзеге асыру үшін бірнеше реформа жасап әуелі елдік ұйытқымызды жойып, этникалық бірлігімізден, содан кейін ұлысымызды бөлшектеп, жеке-жеке губернияға бөліп жер тұтастығымыздан айырды. Ресей бұл ойын асықпай өте сақ жүргізді.
Бөкей хандығының құрылуы: 1801 жылы Кіші жүз қазақ тарихындағы рулар Бөкей сұлтанның басшылығымен Жайық өзенінің оң жағасына өтуге арнаулы рұқсат алғаннан соң, екі өзен Жайық және Еділ аралығында Ішкі ордада Бөкей хандығы құрылды. 1812 жылы Ішкі орда ханы болып Бөкей тағайындалды. Бөкей хандығы 1812 жылдан 1845 жылға дейін Ресейдің қарамағындағы монархиялық мемлекет болды. 1815 жылы мамырдың 21 күні Бөкей хан өлді. Оның баласы тым жас болғанына басшылықты оның інісі Шығай Нұралы ұлы хан атанған. 1824 жылы Жәңгір ержеткеннен кейін Орынбор шекара әкімшілігінің қолдауымен Бөкей ханы ордасының ханы болады. Жәңгір хан Бөкей ордасында көптеген әлеуметтік-экономикалық шаралар жүргізіп Ресей мен Бөкей хандығы арасындағы қатынасты дамытады. Жәңгір қазақ балаларының білім алуына көп көңіл бөлген адам. Хан даласының жері экономикалық еркін аудан болғанын білеміз. Сондықтан Жәңгір хан жүргізіп отырған саясаты Астрахань және Орынбор Шекара комиссияларының әкімшілігі сырттай ғана бақылап, ханға толық билік берген. Жәңгір хан патшаға толық арқа сүйеген.
Жәңгір хан елді бір орталықтан қатал, әскери күш арқылы басқарып отырғандығын білеміз. Хан жеке монархиялық билік жүргізген. Еділ-Жайық арасындағы жерді мекендеген халықтың тұрмысымен оның тіршілігі жанында жәнеде ханның билік еткенін, оның еңгізген реформаларын, оның жүргізген саясатымен қазақ хандығының тағдыры жайында баяндалады.
Жұмыстың мақсаты.
Менің мақсатым Жәңгір ханның ішкі және сыртқы саясатына сипаттам беру және оның мәнін ашу. Сонымен қатар сол замандағы қазақ халқының басына түскен аласапыранмен Ресей отарлау саясатын баяндау.
Жұмыстың мақсатына қарай төмендегідей міндеттер алға қойылады:
-Бөкей хандығының құрылуын баяндау.
-Жәңгір ханның таққа келуін, оның саясатын басқару жүйесіне талдау жасау.
-Сол кездегі Ресей патшалығының жүргізген саясатына сипаттама беру.
-Жәңгір ханның және Орыстардың саясатынан нәтижемен қорытындыларына зерттеу жүргізу.
Түйін
Айтылған мәліметермен деректерді тұжырымдай келе біз Жәңгір ханның құрған мемлекеті Ресей патшалығында өзіндік монархиялық сипатта болғанын білеміз және де бұл хандықтың өзіндік басқару жүйесі болғанын білеміз. Хан ордасының жері экономикалық еркін ауданда болғанын жәнеде олар орыстармен еркін сауда-саттық қарым-қатынаста болғанын білеміз. Сонымен қатар онда салық түрі де болған. Жәңгір хан елді бір орталықтан қатал әскери күш арқалы басқарып отырғанын көреміз.
Жұмыстың құрылмы: кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, қосымшадан тұрады.
Тарихнама.
Халқымыздың оянған санасы енді бүгін өткен жолымызды шынайы көрсетуді талап етеді. Авторлар осынау талап-тілекке елгезектікпен үн қоса отырып қазақ халқының өткен тарихын ғылымми тұрғыдан объективті зерттеуге тырысты. Бұл халқымыздығ шын мәніндегі тарихын қайта жасау және оның әсемдік өркениеттегі орнын, рөлін айқындап ашу жолындағы үлкен істің бастамасы етіп Серік Мәшімбаев өзінің «Патшалық Ресейдің отарлық саясаты» деген еңбегінде баяндалады. Ол Ресей империясының Кіші жүз жерінде жүргізген отарлық саясатын жаңа көзқарас тұрғысында баяндайды. Ол орталық басқару жүйеснің құрлымы, оның қызметі ақша-қаражат, сондай-ақ қазақ жеріндегі әміршіл-әкімшіл басқару жүйелерінің ерекшеліктері, экономикалық, шаруашылық жақтан отарлаудың зардаптары айтылады.
Сонымен қатар қазақтың соңғы ханы Жәңгір Бөкейұлы туралы Мереке Құлкенов пен Рахымжан Отарбаев өз еңбектерінде баяндайды. Ол «Жәңгір хан» деп аталатын еді. Олар өз еңбектерінде Жәңгірдің тұңғыш мектеп ашуы, жәрменке ұйымдастыруы, Орда қаласының негізін қалауы, генерал-майор атағын алуы т.б. баяндалады. Сонымен бірге авторлар Еділ-Жайық арасыын мекен еткен жеті жұрттың тарихынан оқырманды кең хабардар етеді.
Қазақ топырағындағы соңғы хан, тұңғыш генерал-майор Жәңгірді 1830 жылы бір санында «Сын Отечества» журналы былай деп сипаттайды. «Челеовек образованныи, говорит и пишет кроме татарского, хорошо по русский и знает несколько по немецкий ... Одевается по своему, в атласные и бархатные, белого и зеленного и оранжевого цвета кафтанчик, и такие же синего и черного цвета обланенное иногда золатым и серебрянным позументом, шаравары: Шапку носит киргизского покроя, валянную из козь его пуху, покрытную малиновым бархатом и вышитую золотым. Жангерхан имеет орден Светые Анна І-ой степени, украшенный императорскогою короною, -такою Манаршею милостиюни один из киргизских ханов до него удосоен не был».
1841 жылы Санкт-Петербургта шыққан « журнал Министерства государственного Имущества» А.Е.Алекторов«Охаш Жангире и егоФатима » деген мақала жариялап онда «Джангер имел чин генерала и был почетным членом Казакского Университета» деп атап көрсетті. «Тургайская газетада» П. Стольпянскийдің « Қазақ үйі жоғары мәртебелі Николай І ағзам сарайында» деген мақалсында Жәңгір «еруілге-қарулы» деп императорға тарту-таралғы әзірлеуді көздегенін айтады.
3
Кіріспе. ХІХ ғасырдың басындағы Кіші жүздегі саяси жағдайдың шиеленісуі.
Кіші жүздің билік құрылымдарындағы
қайшылықтарда ұлт-азаттық қозғалысының
күрделігі де Ішкі Орданы (Бөкей ордасы)
Ресей әкімшілігінің қайта бағындыруы
да міне осыдан. ХVІІғасырдың екінші жартысында
қазақ қоғамында біртұтас және орталықтандырылған
билікпен мемлекет проблемасы өткір қойылды.
Кіші жүздің өзінде де билік таласы асқына
түсті. 1748 жылы қазан айында Орынбор әкімшілігінің
жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына
сайлау өткізілді. Сонымен бірге 1748 жылыдың
аяғында Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде
мемлекеттік аймақ тағайындалды. Нұралы
Кіші жүздің өзінде әкесінің барлық иеліктерін
сақтап қала алмады. Нұралы ханның ішкі
жағдайы да тұрақты болмады.1 Нұралының билігімен иелігі Жем
мен Жайық арасында көшіп жүретін қазақтармен,
байұлы және жетіру руларымен ғана шектелді.
Бұл Кіші жүздің әр түрлі рулары арасында
ашынған наразылық туғызды, соның өзіне
Орынбордағы губернатор ауыстырылды.
Жаңа губернатор О.В.Волков билігі әлсіз
ханды қолдау қажет деп санады. Мұның өзі
қазақ даласын, бейбіт отарлауға жәрдемдесетін
еді. Кіші жүз үшін маңыздымәселелердің
бірі ішкі жаққа, яғни Жайық пен Еділдің
төменгі ағыстары аралығындағы кеңістікке
көшіп бару туралы мәселе болды. 1756 жылы
патша жарлығы шығып ол бойынша қазақтардың
қыс кезінде өз малын Жайықтың батыс жағына
айдап апаруына тиым салынды.патша әкімшілігін
жеңілдіктер жасауға мәжбүр етуге басқа
да әрекеттер жасалды. Мысал, Ералы сұлтан
Бұхара мен Хиуадан Орынборға бара жатқан
керуендерді ұстап алды. Алай бұл сауда
байланыстарын тоқтатып ғана қоймай, Орталық
Азияның Ресеймен қарым-қатынасын да тоқтатып
тастады. Сөйтіп келгенде патша әкімшілігінің
Кіші жүз билеушілерімен қатынастары
шиеленісті. Жайылымның тапшылығы кіші
жүз қазақ руларының бір бөлігін Жайық,
Сағыз өңірінен Жем жағасына, Сырдарияның
төменгі ағысына көшіп баруға мәжбүр етті.
1Қазақстан тарихы ІІІ-том «Атамұра».Алматы 2002ж. 174 бет.
4
Нұралының ойлағаны кіші жүздің көшіп жүру үшін жер іздеу болды. Осыған
байланысты алдын алаудаластық бойынша императрица Елизавета Петровна арнайы грамота арқылы Кіші жүздің ханы мен сұлтандарына 300 мың әскермен Жоңғария шегіне кіруге әзір түруды ұсынды.
Қазақ пен қарақалпақ халақтарының этникалық және мәдени орталығына қарамастан Кіші жүздің қазақ руларының жекелеген қауымдары мен Оңтүстіктегі көршілері арасында шиеленістер т.б. 1766 жылы Кіші жүз қазақтары бір бөлігінің сол түрікмен – жәуміттермен қатынастары шиеленісті, әскери қақтығыстарға нұралы, Есім, Ералы,Айшуақ хандар араласты. Кіші жүз қазақтары мен башқұрттар арасындағы қатынастар күрделі болды. Башқұрттардың Батырша басшылық еткен көтерілісі кезеңінде патша әкімшілігі бір халықты екіншісіне айдап салуды қолдады. Алайда Кіші жүзде ералы, Айшуақ Нұралы және олардың төңірегіндегілер башқұрттарға кысым көрсете бастады, қолға түкен басқұрттардың көбі байлармен сұлтандарға бөліп берді. Кіші жүздегі саяси билік дағдарысы айқын брлды.2 Нұралының жағдайы жөнінде губернатор О.А. Игельстром 1785 жылы хабарламалары-ның бірінде қазақ ақсақалдарының ой-ниеттерін туралы былыай деп жазды.Олардың бірден-бір тілегі қазір өздерінің жалпы халықтың игілігі мен тыныштығы үшін Нұралы ханның олардың халқын басқарудан тайдыру болып отыр. Қазақстанның Е.И. Пугачев көтерлісіне үн қосуына қазақ жүздеріндегі ішкі саяси жағдайда себеп болды. Нұралы хан тұсында кіші жүздегі қайшылықтар шиеленісе түсті. Қазақ жасақтарының үй шебіне шабуыл жасауы сирек кездеспейтін. 1774 жылдың жазындағы кіші жүз қазақтарының шабуылдары неғұрлым белсенді болды. 1775 жылдың жазынан бастап кіші жүздің қоныстарында көзге көрінбейтін адам немесе Көктемірдің пайда болуы туралы қауесет тарала бастады.
2Ғ.Маймақов. «Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы».
Алматы 1999ж. 336 бет.
5
1. Бөкей хандығының құрылуы.
Кіші жүздегі ХVІІІ ғасырдың соңындағы шаруашылық-саяси дағдарысқа,
жайылым мәселелерінің күрделеніп кетуіне байланысты қазақтардың үлкен
тобы Орал мен Жайық аралығының төменгі бойына көшіп барып 1801 жылы Бөкей хандығын құрды. Оған император Павел І келісім берді.
Бөкей ордасы шығыстан батысқа 300 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке 200 аумақты алып жатқан шағын хандық болды.
1812 жылы Бөкей сұлтан орданың ханы болып көтерілді. Бөкей қайтыс болған соң (1815) уақытша регент Шығай болып, 1823 жылы патша Жәңгірді хан етіп бекітті. Жәңгірден соң мұнда хан тағйындалмады.
Бөкей хандығы патша өкіметінің әкімшілік бірлігі болып саналды. Хан ішкі мәселелерді Орынбор әкімшілігімен келісіп шешті. Ханның біршама ішкі дербестігі болды. Бұл дербестік қаржы-салық, жер бөлу, рулық-территортялық басқару, халықты шаруашылық жағынан орналастыру түрінде жүзеге асты.Ордадағы билік негізінен ханның қолына шоғырланды. Ханның жанында 12 биден тұратын хан кеңесі құрылды. Хан кеңесі мүшелері хан ордасында тұрақты тұрып, хан аппаратының шылауына айналды.3
Ханның арнаулы тапсырмаларын орындайтын 12 жасаулы болды. Баж салғын, сауда мәселелерімен «базар сұлтандары» айналысты. Хандықта ескі сұлтандар, билер басқару жүйесі тұрақты мемлекеттік аппаратпен ауыстырылды. Ханның қолында мемлекеттік істермен шұғылданатын арнайы кеңес құрылды.
Жергілікті басшылық ру басы, старшындардың қолына өтті. Старшындарды хан және Орынбор әкімшілігі тағайындады. 1827 жыл Үш: байбақты, ноғай және беріш руларында 34 старшынның тек үшеуін хан өкіметі тағайындаса, 1845 жылы осы рулардың барлық дерлік бөлімдерін «указды» старшындар басқарды. Ру басы, сұлтандар мен старшындардың есеп беріп отыру тәртібі енгізілді. Олар салық жинау, тәртіп мәселесіменде айналысты.
3Н.Мыңжан «Қазақтың қысқаша тарихы».Алматы 1994ж. 10-11 бет.
6
Олардың жанында есепші және тұрақты молда қызмет етті. Сот билігі ханның жерігілікті билернің хан депутаттарының қолына шоғырландырылды. Жергілікті жерде ұсақ істер қаралды. Бірақ ханның заңды құқықтары орыс заңдарымен шектелген болатын. Үкіметтік сенаттың 1837 жылы 15-қаңтардағы жарлығы бойынша ханға ордадағы азаматтық істер ондада 30 сомнан аспайтын істер қалдырылды. Барлық саяси және қылмыстық істер Ресей заңдарымен қаралатын болды. И.Таймановпен М.Өтемісов бастаған көтерліс кезінде Жәңгір хан көтерілісшілерді жазалау үшін қосымша құқықтар сұрады. ХVІІІ ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Кіші жүздегі қазақ халқының едәуір топтары Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағыстарының аралығына көшіп барып, 1801 жылы Кіші, яғни Бөкей (алғашқы ханы Бөкейдің есімімен) қандығын құрды. Бастапқыда Жайықтың оң жағасына бес мыңдай қазақ өтті. Одан кейінгі жылдарда хандық халқы Жайықтың арғы бетінен ағылып көшу есебінен өсе берді. Орынбор шекарлық комиссиясының есептеуі бойынша, 1828 жылы Бөкей хандығының халқы 10225 шаңырақ болған. Деректемелер бойынша, 1845 жылы мұнда 30 мыңнан астам шаңыраққа жеткен, 1860 жылы оның 26209 шаңырақтан тұрған.4
Ішкі орда қазақтары өмірінің жекеленген жақтарын суреттеген революцияға дейінгі тарихшылардың көпшілігі оның пайда болуын Бөкей ханның жеке басымен, Кіші жүзде болған өзара қырқыстармен және «аласапыранмен» байланыстырған.