Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 13:06, научная работа
Ұлттық санамыз оянып, тарихымыздың тамыры тереңде жатқанын сезініп, халқымыз бастан өткізген белгілі кезеңдерде жаңа көзқараспен қарауға кез келді. Ал ұлттық сана ұлттық тұрмыстың көрінісі. Бұлайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халақтың өз әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін, әдебиетімен мәдениетін тұрмыс тіршілігін білуі тиіс. Ұйқы басқан сананың оянуына өмірдегі белгілі бір ірі оқиғалар себепші болады десек қателеспейміз. Ресей империясының бірнеше ғасыр бойы жүргізіп келген отарлық саясатын жалғастырушы қызыл империяның орталық басшылығы халық еркіндігіне қиянат жасап отырғандығын түсінген саналы жастарымыз наразылық білдіргенді.
Кіріспе. ХІХ ғасырдың басындағы Кіші жүздегі саяси жағдай шиеленістері .
1. Бөкей хандығының құрылуы.
2. ХІХ ғасырдың басындағы патшалық Ресейдің Кіші жүздегі саясаты.
3. Жәңгір хан саясаткер.
4. Жәңгір ханның ішкі саясаты.
5. Жәңір ханның сыртқы саясаты.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымша.
Қалмақтар Еділдің ар жағына көшкеннен кейін 1771 жылы Жайық пен Еділ аралығы бос жатты. Бірақ осы бос жатқан жерлер Каспий теңізінің жағасы
22
Нарын құм, кіші және үлкен өзен жайылымдарынан казақтар пайдаланды. Бұл өңірге баруға Ресей патшасы және оның Орынбор әкімшілігі рұқсат бермей қойды.
3.Жәңгір хан - саясаткер.
Жәңгір 1824 жылы әкесі Бөкейдің орнын басып, арнайы указбен хан атағын алды. Арға 1 жыл салып Орал қаласының жанындағы тоғайда осы мәртебелі атақтың құрметіне ұлан-асыр той берді. Оған Орынбор шекара комиссиясының шенеуліктері, Орал, Астрахан казачествосының иығы зерлі әкімдері шақырылған. Бұл жер әлә күнге дейін «Хан тоғай » деп аталады.
Иә, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі, Бөкейдің бел баласы Жәңгір қазақ тархындағы хан. Бұл Россия императорының екі басты самұрық бейнелі мөрімен расталған шындық. Бірақ соңғы хан Кіші жүзді басы бүтін билей алмады. Сондықтан да қүдіреті аға сұлтандықтың о жақ, бұ жағында болды. Ақ сөйлеу парыз. Осындай әре-сәре күйде әкесі Бөкейден бастап кешкен-тін.
Төренің Арқар деген ұраны еді.
Хан ұлын Сырым батыр шабарын да,
Ақылды Алдар биден сұрап еді,
деп Мұрат Мөнкеұлы жырлайтын. Нұралы кіші жүзді бөлмей-жармай билеген, шын мәнінде құхы толық хан болатын.
Жәңгір хан көтеріліп, ақ киізі тәберікке, мал талапайға түскен түста кіші жүз төртке бөлініп кеткекн-ді.17
Жайықтың шығыс жақ Бұқар бетімен Ойыл, Елек бойын Баймағанбет сұлтан Айшуақов басқарпды. Ырғыз, Темір жерін Ақмет Жантөрин биледі.
Маңғыстаумен Үстірт маңындағы ел Сүйінқар Үргенішбайұлы мен шекті
Жанқожа Нұрмағанбетұлының иелігінде болды. Соңғы бөлік патша үкіметімен Хиуа ханы Аллақұлдың қыспағын қатар көрді тірісінде көрді. Тірісінде басы
17С.Байжанов «Архив-айғақ».Алматы 1999ж.240 б.
23
бірікпеген ағалары Сауқым, Ермұханбет Қасымұлы (Елекей сұлтан), Жанғазы Шерғазыұлы, Қайыпқали Есімұлы, (Қайболджы сұлтан) Аллақұлды жағалап,
осы өңірді мекендеген Адай, Бестаңбалы, Шөмекей, Қара Кете, Қара сақал, Төртқара, Кішкене Шекті, Керейіт Мөнке, табын руларын, Жаппас пен
Таманың бір бөлігін алып кетуге күш салды. Хиуа ханы әлсін-әлсін жазалаушы әскер аттандарып, орысқа бағынғалы жүрсіңдер деп бас көтерген елді жазалаудан таңбады. Бұған Сүйінқара батыр қол жинап қарсы тұрып, аяспаз майдан ашқан. 1832 жылы Аллақұлдың 3000 қолы бейқам жатқан ауылда шауып, Сүйінқара деп шатыстырып Құлбарақ батырдың басын кесіп әкеткені де осы тұс. Құлбарақтың (1756-1832 жж) нағашысы түркімен Сүйін батыр. Басты көрген Аллақұл,-Бұл Сүйінқараның кәлләсі емес, һәм тегін кәллә да емес. Бұл мен білсем бізге жиен Құлбарақтың кәлләсі болмасын,-депті. Сонда бас жымиып күлген екен. Мұны көрген Жендет :-Танымай жиеннің басын алдым, құдайдың алдында күнәға қалдым,- деп өз-өзіне қанжар сұғып өлтірген.
Бөкейұлы Жәңгір хан (1801-1845) Кіші жүздің Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан. Бөкей ордасның соңғы ханы Әбілхайырдың шебересі, Нұралының немересі. Оның шын аты-Жиһангер. Әкесі Бөкей-Еділ мен Жайықтың арасындағы елін әуелі сұлтандық дәрежеде басқарды да кейін орыстың қазақ хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай 1812 жылы хан атағын алады. Бірак хандықтың қызығын көп көре алмай,1815 жылы қайтыс болады. Хан тағы мұрагерлік жолмен Бөкейдің артында қалған үш баласының үлкені –Жәңгірге бұйырады. Алайда Жәңгірдің жас болуына, әрі сыртта Астрахань губернаторы Андреевсийдің үйінде оқып жүруіне байланысты, ол ер жетіп, оң -солын жете танығанша билікті Бөкейдің інісі Шығай сұлтан қолға алады.
Еуропалық білім алып, орысша тәриленіп, хандықты әкімшілік жағынан басқару жағынан тәсілдерін үйреніп келген жас жігіт 1823 жылдан бастап билік тізгінін өз қолына алғаннан кейін, патша өкіметінің саясатын бұлжытпай орындап, Батыс Қазақстанда жүзеге асырушы қуыршақ ханның бірі болды.
24
4. Жәңгір ханның ішкі саясаты.
Хан иелігінде – 6, сұлтандарда-4, Орынборлық мұсылман ченовниктерде – 4, орыстарда – 10, Қазандық татарларда – 13, армияндарда – 2, Астрахандық мещандарда – 5, қазақтарда – 41 ұй болған. Ұзын саны 89. орда тұрғындарына, маңайындағы елге қызмет көрсеткен 49 ләпке қысы-жазы сауда-саттықты қыздырған. Бұдан отаршылдықты қол көріп там салып, бақша егіп, бақаушы болам деген қарамағындығылардың әр талаптысына Жәңгірдің қазымырлық жасамағанын көреміз.
Орданың құрлысымен қатар Торғын өзеніннің бойындағы хан өзіне жаз жайлауы тоғыз ағаш ұйден тұратын саяжай салдыраыды. Асты жер, үсті 7 бөлмеден тұратын екі қабатты үйді Жәңгір өзі, әйелдері, бала-шағасы иеленген. Қалған ұйлерге күзетшілері, күтушілері, аңшы-атқосшылары, бағбандары орналасқан. «При этом разведен сад, в котором можно встретит яблоки, вишневые и другие фругтовые деревьия» дейді орыс баспа сөзі.18
Ханнан бастап қарашасына дейін ит мініп, ирек қамшылап жүргендей, көшпенділер, адам жанынан көрі мал жанын күйіттеп кеткен нәумез шалыс деп біріңғай кереңкей бағалайтын сол кездегі отаршыл көз қарастағы деректі намалардың Хан ордасындағы салтанатты тірлікті қызыға, тамсана жазып қалатын тұстары да жоқ емес. Десе дегендей, қала тәрі мен тәртібін ерте сіңірген, Еуропаның қай бикешімен терезесі тең тілдескен, музыка, би өнеріне құлықты Патима Тоташ киізден құтылып, хан сарайына бардыңі бабын тауып ұқсата білуге ерекше күш салған. өзіде губернатордың үйінде жатып оқып, Астрахань, Орынбор, Петербург, Париж сыңды шақарларды арлап, заманның озық үлгілі адамдарымен пікірлес, дәмдес болып қалған Жәңгір де , осылайша тұрмыс түзегенді мақұл санаған. Аспаздыққа таңдап төрт орыс қызын алған. Небір жаныңды сергітіп, қаныңды ерітіп бойында балқытатын ішімдік, шәрбәт сусын үзілмейтін буфет ұстаған, орыстың шетелдік классиктердің түбін алтынмен қаптап, күміспен күптеген сыйын сүйем, жырта қарыз әдеби
18Б.Ермұқанов «Қазақстан тарихы».Алматы 2000ж.248 б.
25
шығамаралырының басын қосқан кітапқана ұстаған. Жәңгір билік еткен кезде
Еділ, Жайық өзендерімен Каспий теңізінің жағалауындағы жерлерді қазақ шаруаларының пайдалануына тиым салынады. Бұлардың бұл өңірлерге мал жаюға , балық аулауға қақылары болмайды. Бұған салықтаң көбеюімен жер бөлінісінде шаруалар үлесінің кемуі келіп қосылды да, осының бәрі жиылып келіп, Бөкей ордасында Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерлісінің тууына әкеп соғады.
Жәңгір хан өзі билік құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру , мектеп ашып балаларды оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі .Ол ашқан мектептен білім алған алғашқалардың бірі-белгілі қазақ этногарфы, Орыс география қоғамының қызметкер мүшесі Мұхаммед-Салық Бабажанов бұл ретте: « ... ханның ықпалымен және жанашырлығымен Ордадағылар білімінің қажеттілігін сезіне бастады. Шәкірттермен мұғалімдерді ынталандару үшін марқұм хан ақшасын да, өзінің ынтасыымен ордалықтарға оқу-білімнің пайдасы жөнінде түсіндірмек болған ынтасында аямады. Өзінің сарайында мектеп ашып, онда 60 адам Мұхаммед діні,орыс жазуы және тіл жөнінде дәріс алды. Бұл мектеп сарай маңында осы күнге дейін «Жәңгір мектебі» деп аталып келеді. Ондағы 30 бала Орданың шаруашылық қаржысы есебінен білім алуда » - деп жазады.
Жәңгір хан-бойында жақсылғы мен жамандығы жарыса өріліп, атқарған ісінен орайына қарай осының екеуіде көрініс беріп тұратын күрделі тұлға. Жақсысын көріп, жатқа санап , жарға итермей адамгершілікті биік парасаттылықпен тарихи бағасын берер кез енді келді деп білеміз. Қалайда Жәңгір ханның халқымыздың тариханда өзіндік орны бар екені ешқандай дау тудырмаса керек. Батыс Қазақстан жерінде Бөкейдің баласы Жәңгір 1823 жылы хан тағына отырған соң патша әкімшілігінің қолдауымен халықтың қоғамдық өмірі мен тұрмысының жекелеген жақтарын, сондай-ақ жергілікті басқарудың дәстүрлі жүйесін қайта құруға белсене кірісті. Ол көшпелілердің
26
отырықшылануын, олардың орыс хуторлары сияқты мекендер салуын , қырда пішен шауып, ағаш өсіруді, малдың тұғымын асылдандыруын және ауыл
шаруашылығы құрал-саймандарының жаңа түрлерін алдыруын, мектептер училищелер, мешіттер ашуын және ауылдарда мал санының артуын, сауданың және басқарудың жаңа формаларына көшуді көтермеледі. Ол патша өкімет орындарымен шонжарларының мүдделерін жаңа әдіспен ұштастыруға күш салды.
1827 жылы Жәңгір хан Нарын құмындағы Жасқұс мекенінде тұрақты хан ордасын орнатып, елді осы орталықтан басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесі құрылып, оған 12 ата Байұлы руларынан бір-бір биден кірді. Ханға оның тапсырмаларын орындайтын 12 страшын соедай-ақ бірнеше сұлтан қызмет етті. Оның татар бөлігі және жалпы бөлімнен тұратын өз кеңесі болды. Кеңсе жанында арнаулы тергеуші штатта тұрды. Жәңгі хан 1845 жылы өлді. Бұған дейін Қазақстанның барлық бөліктерінде хандық жойылған болатын. Үкімет топтар ішкі Ордада халақты жоюды ұйғарды хан билігі орыс шенеулісі басқарған. Уақытша кеңестің қолына көшті,. Осындай кеңес құру арқылы патша өкіметі Кіші жүз бен ота жүз хандықтарының саяси дербестігін түпкілікті жою мақсатын көздеді. Патша өкіметі бұл мақсатты іске асырудыОрта жүз хандығынан бастаған болатын. Орта жүздің ханы Уәли хан қайтыс болған соң патша өкіметі жаңа хан сайлатпай, Орта жүзді бірнеше әкімшілікке бөліп, оларды басқарып-бақылауға патша әкімдерін қойды.
1822 жылы орыстың белгілі мемлекет қайраткері М.М. Сперанский басшылығымен «сібір қырғыздары туралы жарғы» деген атап жасалған құжат негізінде заң шығарды. Ол заң бойынша Орта жүз хандығы жойылып, «аға сұлтан» деген басқаруды қызмет енгізілді. Орта жүз жекелеген әкімшіліктерге бөлініп, Омбы облысының ішкі округтері деп санады. Округтер болыстарға, облыстарға аудандарғабөлінді. Болысқа бөлудің негізгі рулық прицип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен, мысал, Кенжеғали, Қаржас және т.б. деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықты іргесі сөгіліп, қайта
27
қаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуышектеліп, бұрынға көшіп-
қонудың рулық тәртібі бұзылды. Ауыл старшындары қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар, тағайындалып, бұл қызмет шын мәнісінде атдан балаға мирас болып қалып отырған. Полициямен сот өкіметі оргондарын округтік приказ басқарды, ал оны сұлтандардың үш жылға сайланаған ғағ сұлтандар басқаратын. Оның патша әкімшілігі белгілеген екі орыс заседатель отырды. «Сібір қыздарының туралы жарғы» бойынша осы кезге дейін жүргізіліп келген қазақ билерінің билік айту құқығын патшаның отаршылдық саясатын жүргізушілер өз қолдарына алып алды.
Сонымен патша өкіметінің жергілікті феодалдар мен шонжарларға сүйене отырып, барынша күш сала жүргізген саясаты отарлық өзгінің күшеюіне қазақтардың шаруа бұқарасының наразылғына әкелді.
5.Жәңгір ханның сыртқы саясаты.
1831 жылы Кіші жүз қазақтарын басқарудың екі түрлі әдісі болды: шекарадан алыста тұратындар үшін ішкі басқару жүйесі және шекара маңындағы, одан әр кеткенде 100 шақырым қазақтарды басшылығын бағынған. Малдарын бекіністерге жақын жерге баққаны үшін қазақтар бекініс әкімшілігіне салық төлеп тұрған.19 Бұдан Ресейдің отарлау әкімшілігі көп пайда тапқан. Мысалы, Жаңа – Александров бекуінісінің маңынан 1837 жылы 12425 үйлі жан мекендеген. Малдары: жылқы-37654,түйе-15416, ірі қара мал-26461, қой мен ешкі-195476 бас. Осыған малдардың бекініс жайылғаны үшін қазақтар төлеген ақшаның мөлшері: 1837 жылы-80621 сом, 26 тиын, 1838 жылы-59655 сом, 62 тиын, 1839 жылы- 47471 сом, 86 тиын, үш жылды қосқанда 218048 сом, 45 тиын. Осы ақшаның 194013 сом, 64 тины мемелекеттік банкке аударылған, яғни Петербургтегі Азия департаметіне, қалғаны Орынбор Шекара Комиссиясының жұмсалуына қалдырылған.
Қай жылы, қай жерде туылғаны туралы анық мәлімет жоқ. Есім ханның
19Г.Көкебаева «Қазіргі заман тарихы».Алматы 2004ж.101 б.
28
баласы, ХVІІ ғасырдың І-жартысында ел билеушісі болғанын білеміз. ХВІІ ғасырдың он жыл бойы қазақ жеріне жоңғарлар қайта-қайта шапқыншылық жасап, мал-жанын тона, жаугершіліктен көз аштырмады. Қанды шайқастар толастамады. 1635 жылы сондай шайқастың бірінде Жәңгір хан жау қолында қалып, тұтқынға түседі. Сонда ержүректігі мен айласын асырып, тұтқыннан қашып шығып, аман-есен елге оралады. Содан кейін нәлет жаудан өш алу үшін әскер жасақтап, жоңғарлардың өзіне шабуыл жасайды.
Жәңгірдің жоңғарларға атой салып, шапқан шайқасы Алтын Емелде өтті. Осы ұрыста жауын жайратып жеңіске жетеді. 1643-1644 жылғы Жәңгір жасақтаған әскердің саны не бәрі 300 атты сарбаз болатын. Ал, жоңғарлардың қарулы жасақтары бірнеше мыңнан асып түсетін. Әрине, Жәңгірдің әлгіндей 300 атты әскері мен жеңіске жетуі мүмкін емес еді. Оған Самарқанның қала биі Жаңалтөс батыр сүйеу болып, қол ұшын берді. Жәңгір ханның өмір жасыда қысқа, 1652 жылғы Жоңғарлар шапқыншылығында шейіт болды. Шапша тұлпардың тұяғы күйетін, ұшса қыранның қанаты талатын, ұшықиыры жоқ ұлан-байтақ қазақ даласында билік еткен хандар көп болды ғой. Олардың қайсы бірінің есімі халық есінде қала берген дейсіз. Сондықтан бұл хикаяттарда мен ұлы Тұранның тұтастығымен тәуелсіздігі жолында ерлігімен елеулі болған ерлерді еске алуды мақсат тұттым. Ал, Жәңігір хан туралы сөз еткенде ең әуелі оның халаққа деген адалдық анттын ауызға аламыз. Алтын тақта отырсада антқа қонып, атойлап қол астап, ата жолымен қоян-қолтық шайқаста ханның мерт болуы сирек оғиға.
29
Қорытынды.
Қорыта келе, 1801 жылы Жайық және Еділ аралығына көшіп барған халық Бөкей хандығын құрады, 1812 жылы онда Бөкей хан болып тағайындалады. Ол монархилық мемлекет болып табылады, 1815 жылы Бөкей хан өледі, оның орнына Бөкейдің інісі Шығай Нұралыұлы келеді. 1824 жылы Жәңгір ер жеткеннен кейін Орынбор шекара әкімшілігінің қолдауымен Бөкей ордасының ханы болып тағайындалады. Жәңгір хан Бөкей ордасында көптеген әлеуметтік-экономикалық шаралар жүргізіп Ресеймен Бөкей ордасы арасындағы қатынасты дамытады. Бөкей ордасындағы жергілікті басқару жүйесі сұлтанның беделі күшті болды. Хан ордасының жері ең төменгі басқару жүйесі ру тармақтарын басқару болып табылады. Ру тармақтары ауылдарға бөлген. 1862 жылы Бөкей ордасында 178 старшын болды, олардың басында меншікті жері болды. Бөкей ордасында салықтың бірнеше түрі болған, салықты халақтың өзі белгіліейтін болған. Бөкей ордасының ханы Жәңгір елді билеген кезде хан ордасында арнайы әкімшілік мекемесін құрған. Хан ордасының әкімшілігі-Орда селосында орналасқан . Хан ордасы 1826 жылы салынды. Орданы басқару үшін хан арнаулы кеңес ұстаған. Жәңгір хан өз кезінде басқару жүйесін жетілдіре отырып, патша өкіметінің мүддесіне сәйкес саясат жүргізуі үшін, қосымша салықтар арқылы басқару мекемесін құрған. Бөкей хандығында тұңғыш дінді уағыздау үшін, діннен салтты тергеу ісін жүргізу үшін ахуан тағайындалаған. Ол 20 жыл бойы ахуан ұстанған.20
Жәңгір хан елді бір орталықтан қатал әскери күш арқылы басқарып отырған, хан жеке монархиялық билік жүргізген.
Жәңгір хан бойында