Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2014 в 14:00, курсовая работа
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Оқушылардың сөздік қорының лингвистикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттер арқылы анықтау;
2. Сөздік қордың өсуіне негіз болатын лексикалық нормаларды және оған қойылатын талаптарды белгілеу.
Кіріспе......................................................................................................................3
1-тарау. Лексика және оның қатысымда қолданылуының ғылыми-теориялық негіздері.
1.1. Тіл және сөйлеу, сөз қолдану мәдениеті........................................................5
1.2. Лексикалық норма және оның қолданылу аясы..........................................25
2-тарау. Сөз қолдану мәдениеті.
2.1. Сөздің қолданылу ерекшеліктері.................................................................33
2.2. Тілдің лексика-фразеологиялық тіркестердің сөйлеудегі (жазудағы қолданысы)............................................................................................................41
2.3. Сөйлеуде көркемдегіш және бейнелегіш құралдарды пайдалану............46
2.4. Сөздердің сөз тіркесі мен сөйлемдерде қолданылу ерекшеліктері, грамматикалық норма..........................................................................................49
2.5. Жазба жұмыстарда болатын қателер және олардың жіктелуі..................77
Қорытынды...........................................................................................................86
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі..................................................................90
Әр
түрлі дәуірдің сөздерін
Сөздерді, не түбірлес сөздерді, не тұтас ұғымдарды орынсыз қайталау. Жеке оқушылардың жазба жұмыстарында 15-20 реттен сөз қайталану фактісі кездеседі. Кейбір оқушылар бір жарым бет мазмұндамада («Арланмен айқас») «Қайролла» деген жалқы есімді 14-15 рет қайталайды. Сондай-ақ «Алтын күз» деген шығармада «алтын күз» деген сөз әрбір оқушының жазба жұмысында 8-9 рет қайталанып келеді. Ал бір сөйлемнің ішінде қайта-қайта келіп отыратын сөздер де көп кездеседі. Мысалы: «Қайролла қасқыр түскен апанға барса, қасқыр Қайролланы көре салып, Қайроллаға қарай жақындай бергенде, Қайролла қасқырдың алқымынан алып, екінші қолымен қасқырдың жүрегіне бәкіні сүңгітіп алды». Осы мәтінде «Қайролла» сөзін 4 рет, «қасқыр» сөзін 4 рет келтіріп, сөйлемді шұбалтып, ойды қиындатып, шашыратып жіберген. Мұндай бір сөзді қайталай беру барлық сынып оқушыларында кездесетін қателердің бір сипаты. Сөйлем шұбатылып жатқан соң, бала жеке сөздерге ие бола алмай, қайталауға ұрынатын шығар деп ойлауға болар еді. Бірақ мұндай кемшілік қысқа сөйлемдерде де кездеседі. Мысалы: Орыс баласының ішінен оның дос баласының аты Потанин еді. Көктемнің жылы күні басталып, күннен-күнге қыстың суық күні көктемге қарай жылына бастады. Менің болам деген арманым – дәрігер болу. Егер өмір болмаса, тіршілік болмайды. Егер заманды бұл заманмен салыстырсақ, бұл заман ол заманнан әлдеқайда артық. Ер Төстік жоғалып кеткен сегіз ағасын іздеп шығып, ағаларын тауып алып, еліне алып қайтпақшы болды.
Бұл
қателердің негізі оқушылардың
тіл байлығы мен ойлау
Мақсатты
ойға қатысы жоқ артық сөз
қолдану. Бұл көркемдік емес, қайта
сөйлемді олпы-солпы етіп
Кейбір
термин мәндес кітаби
Орыс сөздерін орынсыз қолдану. Оқушылардың біразы ауызекі тілде ғана емес, жазба тілде де орыс сөздерін бей-берекет, орынсыз қолданады.. оқушылар мынадай сөйлемдер жазады: Жыртылған кітаптарды библиотекада клейттейміз. Самоподготовкада болмадым, подъемнан кеш қалдық, отбой болды. Дежурный тақтаны сулы тряпкамен сүртті т.б.
Жасыратыны
жоқ, бізде жемістің, овощтың қазақша
аттарын балалар түгіл
Бейнелі сөздерге икемсіздік. Оқушылар байланыстырып сөйлеуде тілдің табиғи мүмкіншіліктерін: сөздердің тура мағынасын, контекстегі қосымша мағыналарын, синонимдік, антонимдік т.б. ерекшеліктерін сөз қолдану заңына лайықтап қолдануды біле бермейді. Ал сөздердің ауыспалы мағынасы мен фразеологиялық тіркестер оқушылардың өздігінен істеген жұмыстарында тіпті кездеспейді. Сондай-ақ, тілдің суреттеме және көркемдегіш құралдарын қатыстыра құраған сөйлемдері қиюласпай, олпы-солпы тұрады. Мысалы: Арлан қасқыр артына қараудан көз алған жоқ. Қызыл, сары жапырақтар жерде мұңайып жатыр. Аспандағы жарық жұлдыздай жарқылдап еске аламыз. Майда миуа ағашына гауһар тамады. Күзде ағаштың жапырағы түсіп, ағаш кәрі кемпір боп қалады. Күзде бұлт қабағын түйіп тұрады. Көктем лебі көз ұшынан еседі.
Оқушылардың бірқатары мақал, мәтелдегі, фразеологиялық тіркестердегі астарлы ойды түсінбей, олардың тура мағынасын ғана алады.
Сөздік
қор тапшы болғандықтан, балалар
өздерінің ой жұмыстарында
Біздің байқауымызша, оқушылардың жазба жұмыстарында кездесетін лексикалық-стилистикалық қателердің түрлері осындай.
2. Орфоэпиялық
және орфографиялық қателер. Сөздердің
әдеби тілдегі дұрыс айтылу
және жазылу нормасын
Төменгі
сыныпта орфоэпиялық және
3. Грамматикалық-стилистикалық
қателер. Ойды білдіруде тілдік
материалдар мен грамматикалық
тәсілдерді дұрыс пайдалана
Морфологиялық
тұлғаларды дұрыс қолданбау. Тіліміздегі
қосымшалардың жалпыға бірдей
қалыптасқан заңы бар. Оларды
кез келген сөзге жалғай
а) Зат
есім мен сын есімнің кейбір
қосымшалары өнімді қосымша
ә) Көптік
жалғауын сөздерге бей-берекет
б) Септік жалғауларының бір түрін сөйлемде басы артық қолданушылық. Септік жалғауларының сөздерге дұрыс жалғанбауы (Қарағай, арша, қайыңның, ағаштары жапыраққа бөленген) да оқушылардың көп жіберетін қатесі.
в) Мағынасы жуық есімдіктерді талғаусыз қолдана беру. Адамдардың бүкілінің досы бар. Шоқан барлығы 30 жыл өмір сүрді. Осы соңғы сөйлемдегі негізгі ой өз реңуімен жеткізілмей тұр. Мысалы, «небары» деген сөз қолданса, азсыну, көңіл толмау ұғымын береді. Егер «барлығы 30 жыл ғана» десе, онда да сөйлемге басқаша өң бітіп, өкініш пайда болар еді. Оқушылар, көбінесе, мәтіндегі ойдың ұзын-ырғасын сақтап, әрбір сөздің мәнін, стильдік бояуын ескермейді.
Сөйлемдегі
синтаксистік байланыстың
Септік
жалғаулары арқылы
Бірыңғай мүшелерді, мағынасы жуыспаса да, бір баяндауышқа бағындыру (Малдар, қаздар, қойлар қоздап жатыр. Костер жағып, өлең, тақпақ, сырнай тартады).
Диалогты
сөйлемдерде байланыс үшін
Синтаксистік
синонимдердің қажетті жерінде
мағыналық реңктерін айырып
Оқушылар
сөзді дұрыс таңдап тіркестіру
арқылы берілетін мағыналық
Мұндай
фактілерден оқушылардың
4. Логикалық
қателер. Оқушылардың жоғарыда
Мұндай
жағдайда бала бір ойды қайта-
Ойдың берекесін алып, қаншама сөзді артық қолдану, бір басқан ізін қайта басып, айналшықтап шыға алмау – оқушылардың көбіндегі көпке дейін қол үзе алмайтын кемшіліктің бірі.
Оқушылардың біразы өз топшылауын, өз пікірін айтып, өзіндік жиған-тергенін сарқа пайдалануға әуестенбей, дайын тұрған жаттанды бір сөйлемдерді, ойдан жаза салуға үйір келеді. Өйткені өз көңіл-күйін, сезімін ашық айтуға бара алмайды да, салқын, сырттай баяндауға бейім тұрады.
Бұлармен
қатар оқушылардың жұмысында
мәтіндегі идеяға түсінбеу, тақырыпты
толық аша алмау, мазмұндаудың
негізгі фактілермен сәйкес
Жалпы
оқушылардың жазбаша
Жаңа
бағдарлама бойынша тіл
Ауызекі және жазбаша сөз қолданудағы қателіктер. Бір-бірімен қарым-қатынас барысында адамдардың тілінде көптеген қателерді кездестіруге болады. Тілдерінде икемсіз, орашолақ құрылған сөйлемдер, бір-бірімен байланыспайтын ұғымдар кездеседі. Белгілі бір ұғымды аша алмайтын сөздер пайдаланады. Сондықтан айтылмақшы пікір түсініксіз шығады. Бұл олардың орфоэпиялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларды білумен қатар стилистикалық талаптарды сақтамайтындығын аңғартады.
Адамдардың ауызша және ауызша тілдеріндегі стильдік қателерді анықтауда, топтастыру мен жіктеуде қазақ тілінің маман ғалымдары мен әдіскерлері әр түрлі пікірлер айтқан.
Балақаев
М. жазбаша және ауызекі сөйлеу
мәдениеті жайында күрделі
Информация о работе Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы